Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«Аллаһ Тағала ер мен әйел жұбын тамызылған



Pdf көрінісі
бет151/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

«Аллаһ Тағала ер мен әйел жұбын тамызылған 
бір тамшы шәуеттен жаратты»
290

Құранда баяндалған бұл деректің растығы генетика 
мен микробиология ғылымдарының дамуы нәтижесінде 
дәлелденіп отыр. Жыныс еркектен келетін аталық клетка 
тарапынан айқындалады, ал әйел ағзасы бұл жерде 
ешқандай рөл ойнамайды.
Жыныс – адам ағзасындағы хромосомаларға бай-
ланысты. Ағзадағы барлығы 46 хромосоманың екеуі – 
жыныс хромосомалары деп аталады. Бұл екі хромосома 
еркектерде ХY, әйелдерде ХХ ретінде белгіленеді. Y хро-
мосомасы еркектік, ал, Х хромосомасы әйелдік гендерді 
тасымалдайды.
Адам баласының түзілуі – жұптала жүретін осы 
хромосомалардың еркек пен әйелдің бір-бір жұптарының 
бірігуі арқылы іске асады. Әйелдегі бұл жұптың екеуі 
де Х болса, еркектерде біреуі Х, екіншісі Y болады. 
Демек, жаңа жаратылған сәбидің еркек немесе әйел 
болуы – ана ағзасындағы Х хромосомасының аталық 
клеткадағы Y немесе Х хромосомасымен бірігуіне бай-
ланысты болмақ.
290
Нәжім сүресі/45-46.


257
Намаз
Құрсаққа ілініп тұратын ет
Құран дариясына сүңги түссек, ана құрсағындағы 
сәбидің даму кезеңдері туралы да көптеген деректерге 
қанығамыз.
Аталық клетка мен аналық клетканың бірігуі арқылы 
құралатын зигота атты жалғыз клетка сол арада бөлініп, 
өсе бастайды да, бір түйір етке ұқсайды. Алайда, зиготаның 
бұлайша өсуі бос алаңда мүмкін болмағандықтан, ол ана 
құрсағына жабысып, ілініп тұрады. Осылайша өзінің өсуі 
үшін қажетті қоректі ана ағзасынан емуіне де мүмкіндік 
туады. Талайды таңғалдырған тағы бір ақиқат Құран 
аятында былайша баяндалады:
﴾ ٍقَلَع ْنِم َنا َسنِ ْلا َقَل َخ َقَل َخ يِذَّلا َكِّبَر ِم ْساِب ْأَرْقا﴿
«Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет