Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет157/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
6. Төрт рәкатты парыз намаздардың соңғы 
рәкатынан кейін отырмай шатасып, дереу бесінші рәкатқа 
тұрған жағдайда, егер әлі бесінші рәкаттың сәждесін 
жасамаған болса, дереу соңғы отырысқа отырады. «Әт-
тахият» дұғасын оқығаннан кейін сәлем беріп, сәһу 
сәждесін жасайды. Өйткені парыз болған соңғы отырыс 
кешіктірілді. Ал егер бесінші рәкаттың сәждесін жасап 
қойған болса, тағы бір рәкат қосып, алты рәкат қылып 
тамамдайды. Бұл алты рәкаттық намазы парыз емес, 
нәпіл намазға айналып кеткендіктен парызды қайтадан 
оқиды.
7. Төрт рәкатты парыз намаздардың соңғы 
рәкатынан кейін отырып «әт-тахият» дұғасын оқығаннан 
кейін немесе оқитындай уақыт отырғаннан кейін шата-
сып, бесінші рәкатқа тұрған жағдайда, егер әлі бесінші 
рәкаттың сәждесін жасамаған болса, дереу отырып, «әт-
тахият» дұғасын оқығаннан кейін сәһу сәждесін жасап, 
намазын тәмамдайды. Ал егер бесінші рәкаттың сәждесін 
жасап қойған болса, тағы бір рәкат қосып оқиды. Бұл 
алты рәкаттық намаздың төрті парыз ретінде екеуі нәпіл 
ретінде жүреді. Намаздың соңында сәһу сәждесі жасала-
ды. Парызды қайтадан оқу қажет емес. Өйткені, төртінші 
рәкаттан кейін «әт-тахият» дұғасы оқылғандықтан, яки 
оқылатындай уақыт отырғандықтан парыз болған соңғы 
отырыс орындалып отыр. Уәжіп болған сәлем беру 
кешіктірілгендіктен алтыншы рәкаттың соңында сәһу 
сәждесі жасалады.
8. Жария оқылатын намаздарды құпия, ал құпия 
оқылатын намаздарды жария оқу. Мысалы, бесін на-
мазында «Фатиха» сүресі мен қосымша сүрені дауы-
стап оқып, ақшам намазында құпия оқу сияқты. Бұлай 


267
Намаз
оқылған намазда сәһу сәждесі жасалады. Намаздағы 
тәсбих, тәкбірлерді жария айту сәһу сәждесін қажет 
етпейді.
9. Намазда бір рүкін яғни, намаздың ішіндегі бір 
парыз орындалатындай уақыт ойлану. Мысалға, үш рәкат 
оқыдым ба, жоқ әлде төрт рәкат оқыдым ба деп, бір рүкін 
орындалатындай уақыт ойлануы немесе «Фатихадан» 
кейін қай сүрені оқитынын бір рүкін орындалатындай 
уақыт ойлану сәһу сәждесін қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет