Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Өкілдік Әр түрлі себептерге байланысты



Pdf көрінісі
бет270/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   309
Өкілдік
Әр түрлі себептерге байланысты 
қажылыққа бара алмайтын кісі өзінің 
орнына басқа біреуді өкіл ретінде жібере 
ала ма?
Ислам дінінде ғибадаттар үш түрге бөлінеді:
1. Тек қана денемен орындалатын ғибадаттар: 
намаз оқу, ораза ұстау, Құран оқу, т.б.


457
Қажылық
2. Тек қана дүние-мүлік, байлықпен орындалатын 
ғибадаттар: зекет, пітір садақасы, құрбан шалу, т.б.
3. Әрі малмен, әрі денемен орындалатын ғибадаттар: 
қажылық ғибадаты.
Бұл ғибадаттардың кез-келгенін нәпіл ретінде 
орындап, сауабын өлі болсын, тірі болсын басқа адамға 
бағыштауға болады. Бірақ бұл ғибадаттарды мойнындағы 
парызынан құтылу үшін басқа біреуге өкіл ретінде 
орындатқызу мәселесі мүлдем бөлек екенін ескертейік.
Тек қана денемен атқарылатын намаз, ораза сияқты 
ғибадаттарда өкілдік мүлде жүрмейді. Яғни, ешкім 
басқаның орнына мойнындағы парызынан құтылдыру 
үшін намаз оқып, ораза ұстай алмайды. Ал тек қана 
малмен атқарылатын зекет беру, құрбан шалу сияқты 
ғибадаттарда өкілдік толығымен жүреді. Мысалға, 
малының зекетін басқа бір адам өкіл ретінде керекті 
орындарға беруіне болады. Ал қажылық сияқты әрі де-
немен, әрі малмен орындалатын ғибадаттарда өкілдіктің 
жүруі үшін қажылығын орындай алмай өліп кету, жазы-
луы мүмкін болмаған ауыр науқас, қатты кәрілік сияқты 
бөгеттердің болуы керек.
Қажылықта өкілдіктің кейбір жағдайларда жүре-
тіндігіне байланысты дәлел ретінде Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) бірнеше хадисі бар. Мысалы, мына екі хадис 
бұл дүниеден қажылыққа бармастан көз жұмып кеткен 
кісілердің орнына өкіл ретінде қажылыққа баруға 
болатындығын білдіреді.
Жүһәйнә тайпасынан бір әйел Пайғамбарымызға 
(с.а.у.) келіп былай деді: 
«Уа, Аллаһтың Елшісі, менің 
шешем қажылық ғибадатын жасауға уәде берген еді, 


458


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет