Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет277/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   309
«Олардың (құрбан 
малдарының) еттері де, қандары да Аллаһ Тағалаға 
жетпейді. Бірақ Оған сендердің тақуалықтарың ғана 
жетеді»
455

ә) Құрбан шалу – Ибраһим пайғамбарымыздан 
(а.с.) жалғасып келе жатқан сүннет. Иә, Ибраһим 
пайғамбарымыз (а.с.) Аллаһ Тағалаға берген 
сөзінде тұрып, бауыр еті баласы Исмайылды Ұлы 
Жаратушысының жолында пида ете алатындығын паш 
етіп, қиын сыннан өткен еді. Міне, құрбан шалу сол бір 
ғибратты оқиғаның ұмытылмас көрінісі.
454
Ибну Мажә, Сәуәбул-адахи, 3118.
455
Саффат, 37/107.


471
Құрбан
б) Адам баласы құрбан айтта құрбан шалу арқылы 
Ұлы Жаратушысының өзіне берген сансыз нығметтерінің 
шүкірін өтеп, күнәларына кешірім тілейді.
в) Руханияттан алшақ болған мына материалдық 
дүниенің қыспағында қалып, тарыққан ішкі дүниеміз 
бен көкірек сарайымыз құрбан айттағы шалынған 
малдардың өзендей аққан қандарын әр-әр жерден 
көрген уақытта психологиялық тұрғыдан әсерленіп, 
бойындағы ауырлықтан жеңілдеп, көкірегіндегі қайғы-
қасіретін ұмытып, адами табиғатында болатын ыза, 
кек, дұшпандық сияқты сезімдерден арылып, өне бойы 
жеңілдеп, сергіп қалады.
г) Жаратылысында өзімшілдік, сараңдық сияқты 
кейбір жаман сипаттардың дәнегі бар жалпы адам баласы 
құрбан айтта тек қана Аллаһ Тағаланың ризашылығы 
үшін кедей бауырларына жәрдем беру арқылы атал-
мыш болымсыз сипаттардың дәнегінің түбін балтамен 
шауып, оның орнына бойындағы бауырмалдық, жомарт, 
кішіпейіл сияқты кәмілдіктің белгісі саналатын сипаттар 
дәнегінің өніп-өсіп, жетілуі үшін су себеді.
д) Дүние жүзінде жылына миллиондаған мал сой-
ылуда. Бірақ бұл сойылған малдың еттерінен көптеген 
кедей-кепшік мақрұм қалуда. Міне, құрбан айтта осы 
кедей, жағдайы нашар адамдардың жүзіне күлкі кіріп, 
шаттық байрағы желбірейді. Бір адамның көңіліне 
шаттық беріп, жүзіне күлкі кіргізу қандай бақыт... Аллаһ 
Тағала ақыретте бәріміздің жүзімізді жарқын қылып, 
көңілімізді шаттандырсын! Әмин!


472


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет