Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Жүніп адамға харам нәрселер



Pdf көрінісі
бет37/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Жүніп адамға харам нәрселер
1. Жүніп болған ер мен әйелдің, хайыз бен 
нифастағы әйелдің намаз оқуы харам.
2. Қағбаны тауап ете алмайды.
3. Зәру жағдай болмаса, мешітке кіруге болмай-
ды
56
.
4. Хайыз бен нифас кезінде әйел адамның ораза 
ұстауына болмайды.
5. Құранның бір аятын да оқи алмайды. Хазіреті 
Айша Пайғамбарымыздың жүніп кезінде Құран оқы-
мағанын айтады
57
. Бірақ дұға ниетімен Құрандағы
дұғаларды оқи алады. «Шәһадат» сөзін айтуға, тәкбір, са-
лауат, зікір етуге болады. Әсіресе, нифас не хайыз мерзімі 
аяқталғанға дейін әйелдер намаз оқи алмағандықтан жиі-
жиі дұға, салауат, зікір оқығаны абзал. Өйткені, жүніп, 
нифас, хайыз – адам бойындағы рухани ластық. Мұндай 
кездері адамды жындар иектегіш келеді. Әсіресе, жаңа 
босанған әйелдерге қауіпті. Жаңа туылған сәбилерге де 
54
Бухари, Ғусул; 20.
55
Әбу Дәәуд, Таһарат: 97.
56
Ибн Мажә, Таһарат: 127.
57
Әбу Дәәуд, Таһарат:97.


68
Ислам ғылымхалы
абай болған жөн. Лас жындардың жабысатын уақыттары 
осындай кезеңдер. Сол себепті, жүніп болған адамдар 
тезірек ғұсыл алуға асығуы керек.
6. Құранды ұстай алмайды. Бірақ Құранды қабымен 
яки орамамен ұстауына болады.
Әйелдердің хайыз, нифас және үзір халі 
(истихада)
Аллаһ Тағала әйел затын рухы мен тәні жағынан 
ерлерге қарағанда бөлек жаратқан. Мысалы, әйел аса 
мейірімді, рақымды, тез қамығып, тез қуанатын сезімтал 
етіп жаратылған. Осы әйел затында хайыз, нифас, үзір 
халдері бар. Әйелдің балиғат жасына жетуі де хайыздың 
алғашқы көрінуімен басталады.
Хайыз
Хайыз (етеккір) – әр айдың белгілі күндерінде 
әйел адамдарда кездесіп, кей ғибадаттарына кедергі 
келтіретін қан. Әйел хайызы, Имам Ағзам мәзһабы бой-
ынша, шамамен тоғыз жасынан елу бес жасына дейін 
жалғасады. Хайыз пайда болған әйел намазы мен ораз-
асын дереу доғарады. Бірақ оразасының кейін қазасын 
ұстайды. Хайыз күндеріндегі намаздарының қазаларын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет