Алматы 2011 Мұхитдин исаұлы мәҢгі мұҒжиза ислам мәдениеті мен білімін



Pdf көрінісі
бет28/29
Дата07.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#3609
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Тәпсірі

«Ықылас»  сүресі:  «Аллаһ  –  Жалғыз.  Аллаһ  –  Са-



мад  (Ол  ешкімге  мұқтаж  емес,  керісінше,  барлық 

жаратылыс  атаулы  Оған  мұқтаж,  тәуелді).  Ол 

тумаған.  Ол  туылмаған.  Оның  теңдесі  жоқ»,  деген 

алты сөйлемнен тұрады.  Осы алты сөйлем тәухидтің, 

яғни, Ұлы Жаратушының жалғыздығы мен даралығын 

дәлелдеумен  бірге,  Оған  ортақ  қосудың  алты  түрін 

жоққа  шығарады.  Осы  алты  сөйлем  аса  маңызды 

ақиқаттарға толы тәухид ілімінің шексіз қазынасы. Бұл 

сүредегі әрбір сөйлем қалған сөйлемдерге әрі дәлел, әрі 

соның нәтижесі болмақ. Неге десеңіз, әрбір сөйлемнің 

476

 Тирмизи. Тәфсиру сурә, 112.



477

 Нәсәи. Истиазә 1.



445

Құран бақтары

екі  мағынасы  бар.  Бір  мағынасы  арқылы  нәтиже,  ке-

лесі  мағынасы  арқылы  дәлел  көрсетілген.  Осылай-

ша  «Ықылас»  сүресінде  отыз  «Ықылас»  сүресіндей 

ғажайып, бір-бірін айқындайтын дәлелдерден тұратын 

сүрелер тоғысқан. 

Мысалы

مل هنلأ ،دلوي مل هنلأ ،دلي مل هنلأ ،دمص هنلأ ،دحا هنلأ ُ َّللا َوُه  ْلُق 



هنلأ ،دلي مل هنلأ    ،دلوي مل هنلأ ،د َحَأ ًاوُفُك ُهَّل ن ُكَي ْمَلَو ،دحا اوفك هل نكي 

ًاذاف دلي مل ًاذاف ،دمص وهف ،دحا وهف ،للا وه ،للا وه هنلأ ،دحا هنلأ ،دمص 

دحا اوفك نكي مل ًذاف دلوي مل

Яғни,  «Айт!  Ол  –  Аллаһ,  өйткені,  Ол  –  Жалғыз,  



өйткені, Ол – Самад,  өйткені, Ол – тумаған, өйткені, 

Ол  –  туылмаған,  өйткені,  Оның  ешбір  теңдесі  жоқ. 

Оның  ешбір  теңдесі  жоқ,  өйткені,  Ол  –  туылмаған, 

өйткені, Ол – тумаған, өйткені, Ол – Самад, өйткені, 

Ол – Жалғыз, өйткені, Ол – Аллаһ. Ол – Аллаһ, демек 

Ол – Жалғыз, демек, Ол – Самад, ендеше Ол – тумаған, 

ендеше, Ол – туылмаған, ендеше Оның ешбір теңдесі 

жоқ». Осылайша тізбектеп отызға дейін жалғастыруға 

болады


478

. Міне, әрбір аят бір-біріне дәлел әрі нәтиже 

арқылы  байланысқан.  Түсінікті  болу  үшін  кеңірек 

баяндайық. Мысалы, «Ол – Аллаһ». Осы сөйлем бей-

не бір күн секілді қалған сөйлемдермен тығыз байла-

нысып, айналдыра тартып, өзіне әрі дәлел, әрі нәтиже 

етіп  тұр.  Әуелі,  осы  «Ол  –  Аллаһ»  сөйлеміндегі  Ұлы 

Жаратушының  Аллаһ  екендігін  қалған  сөйлемдер 

дәлелдеуде.  «Аллаһ»  күллі  жаратылысты  жоқтан 

жаратқан Ұлы Жаратушының есімі. Оның Жаратушы 

екендігін келесі «Ол – Жалғыз» сөйлемі айқындап тұр. 

478


 Жалғасын қараңыз; Меһмет Килежи. Куран Мужизесі, 149-

бет.


446

Мәңгі мұғжиза

Өйткені, Жаратушы екеу болмақ емес. Бір қаланы екі 

әкім,  бір  елді  екі  елбасы  басқаруы  ақылға  қисынсыз. 

Ендеше,  ғаламды  екі  құдай  қалайша  басқара  алмақ. 

Әрі екі құдайдың болуы  құдайлық сипатқа теріс ұғым. 

Өйткені,  құдай  деп  құдіреті  шексіз,  әлсіздіктен  ада, 

пәк,  ұқсасы  болмаған,  жаратылмағанды  айтамыз.  Өзі 

сықылды  теңдесі  болған,  құдіреті  өзгемен  тең,  енде-

ше  әлсіздігі  бар,  әлсіздігі  болу  жаратылғанға  ұқсас, 

демек  жаратылған  деген  ұғымға  сай  келгендік  құдай 

болмақ емес. Құранда: 

َنا َحْب ُسَف اَتَد َسَفَل َُّللا  َّلاِإ ٌةَهِلآ اَمِهيِف َناَك ْوَل 

َنوُف ِصَي اَّمَع  ِشْرَعْلا  ِّبَر ِ َّللا

 – «Егер жер мен көкте Аллаһтан 



басқа тәңірлер болғанда екеуі де жермен-жексен бо-

лар еді»

479


, – дейді. Әрі өзі тәрізді екінші құдайдың бо-

луы – ғаламзатты ақылдасып жаратып, бірге басқаруда 

деген  ұғым.  Патша  уәзірдің  кеңесіне  мұқтаж  болуы 

әбден мүмкін, бірақ, біреудің ақылына мұқтаждық ет-

кен құдай болмақ емес. Өйткені, бөгдеден ақыл сұрау 

–  нұқсандықты,  жарымдылықты  көрсетеді.  Кемшілігі 

бар  құдай  болмақ  емес.  Әлем  нұқсан  жаратылса,  әп-

сәтте  күл  болмақ.  «Тәбәрак»  сүресінде 

َعْب َس   َقَل َخ  يِذَّلا 

ْلَه َر َصَبْلا ْع ِجْراَف  ٍتُواَفَت  ْنِم ِناَم ْحَّرلا ِقْل َخ يِف ىَرَت اَم اًقاَبِط  ٍتاَواَم َس 

 ٍرو ُطُف  ْنِم ىَرَت

 – «Бірінің үстіне бірін көтеріп, Аллаһ жеті 



қат  аспанды  жаратты.  Рахманның  жаратуынан 

ешқандай  ақау  таба  алмайсың.  Сен  аспанға  қайта-

қайта қара көз таста. Бір сызат көрер ме екенсің?»

480


 

аяты  ғаламның  ақаусыз  жаратылғанын,  әрі  күн  сай-

ын,  сәт  сайын  ақаусыз  жаратылуы  Жаратушының 

нұқсандықтан  пәк  болуының  айғағы.  Ол  пәктік  Хақ 

479

 «Әнбиә» сүресі, 22.



480

 «Тәбәрәк» сүресі, 3.



447

Құран бақтары

тағаланың  жалғыздығының  куәсі.  «Жалғыздық  – 

Құдайға ғана жарасқан». Ендеше, жалғыздық сипатқа 

иелік  еткен  біреу  ғана  әлемнің  Жаратушысы  болмақ. 

Ол – Аллаһ. Оның құдайлығына дәлелдік еткен келесі 

сөйлем «Өйткені, Ол – Самад». Самад – ешкімге һәм 

ешнәрсеге мұқтаж болмау, кіріптарлық, тәуелділіктен 

ада, керісінше барлық нәрсе өзіне мұқтаж болу, тәуелді 

болу. Осы сипат Аллаһтың ұлылығына дәлел болмақ. Иә, 

қоректену, мекен ету, заманға тәуелді болу, біреуге тіз-

гінін ұстату, әлсіздік таныту құдай сипатына теріс нәрсе. 

Керісінше,  күллі  заман  мен  мекеннің  тізгінін  тартып, 

жаратылғанды  өзіне  шексіз  тәуелді  еткен,  жәрдеміне 

барлығын  мұқтаж  қылған  біреу  ғана  Құдай  Тағала 

болмақ. Аллаһ – жаратылмаған. Жаратылған қашанда 

мұқтаждықпен бірге. Самад мұқтаждықтан ада, керісін-

ше өзгені мұқтаж еткен сипатына көз салсақ, Аллаһтың 

жаратылмағандығын, яғни, құдайлығын айқындап тұр. 

Әрі  Аллаһтың  мекен-тұрағы,  заман  өлшемі,  көлемі 

жоқ, шектеусіз. Мекен мен заманы, көлемі мен шекте-

улі  болуы  –  мұқтаждықты  көрсетеді.  Әрі  өзгені  өзіне 

мұқтаж қылып, самәд сипатына лайық болу – бұл Құдай 

тағаланың күллі жаратылысты өзіне мұқтаж еткендігін 

айқындап  тұр.  Ендеше,  «Ол  –  Самад»  сөйлемі  Оның 

құдайлығына анық дәлел болады. Әрі Аллаһ Тағаланың 

жалғыздығына да дәлел болуда. Өзгеге мұқтаж болмай, 

өзгені  мұқтаж  еткен  Құдай  қашанда  жалғыз  болмақ. 

Ендеше,  Ол  –  Самад.  «Өйткені,  Ол  –  тумаған».  Туу 

–  біреуге  мұқтаж  болу,  бір  нәрседен  құралу,  жаралу 

һәм жалғыз емес, туған нәрсесі өзіне ұқсау әрі өзгені 

туғандығына қарағанда, оның да әуелі, басы болу де-

ген  сөз.  Бұл  –  аталмыш  сипаттардың  бәріне  де  теріс, 

қарама-қарсы, жат ұғым. Бұл барлық ортақ қосушыларға 


448

Мәңгі мұғжиза

айтылған  нақты  жауап.  Туған  ешқашан  жаратушы 

болмақ  емес.  Ендеше,  тумаған,  жаратылмаған  біреу 

ғана Самад, Жалғыз, Құдай болмақ. Аллаһ – тумаған. 

«Өйткені, – туылмаған». Туылу – туу, тууға себепкер 

болу,  біреуден  туылғандықтан  өзгеге  мұқтаж  қалу, 

ұқсасы көп болу, әлсіз болу деген ұғымдарды қамтиды. 

Бұл – бір тұрғыдан алғанда христиандарға берілген жа-

уап.  Хазіреті  Иса  анадан  туылған.  Ол  туылғандықтан 

оның ұқсастары өте көп. Өзгелерге мұқтаж. Әу баста 

анасының  ақ  сүтіне  мұқтаж.  Одан  әрі  ауаға,  мекенге, 

жылуға,  т.б.  толып  жатқан  нәрселерге  мұқтаж.  Оның 

рухы да мейірім-шапағатқа, қала берді денесіне мұқтаж. 

Ал  туылмау  –  бастауы  болмау,  тумау,  жаратылмау, 

мұқтаж болмау, жалғыз болу, құдай болу деген ұғымға 

иелік еткендіктен өзінен алдыңғы барлық сөйлемдерді 

айқындап тұр. Ендеше, Ол – туылмаған. «Өйткені, Оның 

ешбір теңдесі жоқ». Тендесі болу – туылу, бастау болу, 

ұқсасы болу, өзгеге мұқтаж қалу деген ұғымды білдір-

гендіктен, мұндай сипатқа ие құдай болмақ емес. Өзгеге 

ұқсамаған теңдессіз дара біреу ғана құдай болмақ. Осы 

ақырғы сөйлем өзінен бұрынғы сөйлемдерге дәлел бо-

лумен  қатар,  екінші  сөйлемдей  әуелгі  «Ол  –  Аллаһ» 

сөйлеміндегі  Ұлы  Жаратушының  құдайлығына  дәлел 

болып тұр. Ал енді осы сүренің ақырғы «Оның ешбір 

теңдесі  жоқ»  сөйлемінен  басталық.  Осы  кезде  оның 

дәлелі  өзінен  алдыңғы  сөйлем  болып  тұр.  «Өйткені, 

Ол – туылмаған». Туылғанның қашанда теңдесі, өзіне 

ұқсасы  бар.  Туылмаған,  жаратылмаған  біреудің  ғана 

теңдесі болмайды. «Өйткені, Ол – тумаған, өйткені, Ол 

– Самад, өйткені, Ол – Жалғыз, өйткені, Ол – Аллаһ». 

Ал енді сөйлемдердің алдыңғы сөйлемге нәтиже болу 

тұрғысынан қарап көрелік. «Ол – Аллаһ». Аллаһ – күллі 


449

Құран бақтары

әлемдердің Раббы. Ол жаратылысты жоқтан жаратқан. 

Әрбір атом жаратылған. Жаратылғандығына қарағанда, 

оның жаратушысы да бар болуы ләзім. Салынған нәрсе 

болса,  оның  салушысы,  жасалған  нәрсе  болса,  оның 

жасаушысы, өнердің ұстасы, суреттің суретшісі де бар 

деген сөз. Ендеше, әлем жаратылған. Жаратылғанның, 

әлбетте  жаратушы  Құдайы  да  болмақ.  Яғни,  Аллаһ  – 

Хақ. Демек бұдан Ол – Жалғыз деген нәтиже шығады. 

Ғаламды жоқтан жаратқан құдіретті Құдай Тағала ғана 

– жалғыз болмақ. Оның осы жалғыздығынан «Ол – Са-

мад» деген нәтиже тумақ. Самад, алдыңғы сөйлемге де, 

екінші сөйлемге де нәтижелік міндет атқаруда. Аллаһ 

Тағала – ұлы, құдыретті! Ендеше, Ол – Самад! Самад 

ешкімге  мұқтаж  емес,  қайта  күллі  жаратылыс  Оған 

мұқтаж. Ендеше, Ол тумаған, жаратылғанға ұқсамаған 

деген нәтижені береді. Демек, Ол – тумаған!

481


 

«фАЛАҚ» СүРЕСІ

 قلفلا ةروس

ِمي ِحَّرلا  ِنم ْحَّرلا ِللا ِم ْسِب

 اَذِإ  ٍق ِساَغ ِّرَش نِمَو }2{ َقَل َخ اَم ِّرَش نِم }1{ ِقَلَفْلا  ِّبَرِب ُذوُعَأ  ْلُق

 اَذِإ ٍد ِسا َح ِّرَش نِمَو }4{ ِدَقُعْلا يِف  ِتاَثاَّفَّنلا ِّرَش نِمَو }3{  َبَقَو

}5{ َد َس َح

“Жаратқан  нәрселердің  кесірінен,  қараңғылық 

басқан сәтте түннің кесірінен, түйіншектерге дем салып, 

дуалаушылардың  кесірінен  және  қызғаныштан  тұла 

481


 Құран  кімнің  сөз.  Мұхитдин  Исаұлы,  Алматы.  2005,  90-93 

беттер.


450

Мәңгі мұғжиза

бoйы өрт бoлып жанған көре алмаушылардың күндеген 

сәттегі кесірінен таңның Раббына сиынамын”, – де.”

“Таңның Раббына сиынамын. Жаратқан нәрселердің 

кесірінен. Қараңғылық басқан сәтте, түннің кесірінен, 

түйіншектерге  дем  салып,  дуалаушылардың  кесірінен 

және  қызғаныштан  тұла  бoйы  өрт  бoп  жанған  көре 

алмаушылардың күндеген сәтте кесірінен”, – де”.

Бұл сүренің аты осы сүренің алғашқы аятындағы 

«фалақ» сөзінен алынған. Сүре бес аяттан тұрады. Бұл 

сүреде адамдардың барлық жамандық пен пәлекеттерден 

Аллаһ Тағалаға қалай сиынып, қалай Оның қорғанына 

кіру жолдары айтылады. 

1. 


ِقَلَفْلا   ِّبَرِب  ُذوُعَأ   ْلُق

    –  «Айт:  Таңның  Раббысына 



сиынамын».  Сиыну мақсаты – қорыққан кісі сақтану 

үшін өзге біреуді арқа сүйеп, паналайды. Сиынған адам 

бір нәрседен қорқып, оған шамасы жетпейтінін сезген 

кезде, қуатты біреуге сиыну қажеттілігін сезінеді. Һәм 

сиынушы өзінің паналағаны, қорыққан нәрселерге күші 

жетіп, оны қорғай алатынына бек сенеді

482



Сүренің басындағы 



ْلُق

 – «айт» сөзі – уахидың бір 

бөлігі. Аллаһ Елшісінің пайғамбарлық хабарының бір 

бөлігі.  Бұл  жарлық  әуелі  Пайғамбарға  айтылғанмен 

бұдан басқа да әрбір мұсылманға айтылған жарлық. 

ِقَلَفْلا  ِّبَرِب

  –  «Фәлақтың Раббысына». Жарып  ж -

ратушы,  өліден  тіріні  тіріден  өлі  шығарушы  және 

қараңғылықты  жарып,  таңды  ашушы.  Бұл  аяттағы 

«Фәлақ»  сөзі  –  қазақ  тілінде  «жарып  шығару» 

мағынасына  саяды.  Бұл  жерде  шамасы  «фәлақ» 

қараңғылықтың жарылуынан пайда болған таң уақыты, 

482

 Уәһбә Зухәйли. әт-Тәфсирул-мунир, 15-том, 877-бет. 



451

Құран бақтары

яғни,  таң  құланиектеніп  айналаға  сәулесін  шашқан 

жарық,  яки,  таң  бозарып  атқан  сәттегі,  шапақты 

меңзейді. Бұл қазақ тіліндегі «таң» деген сөз. Көптеген 

тәпсіршілер  бұл  аятты  жалпыға  танымал  «таң» 

мағынасымен  тәпсір  етуді  жөн  көрген.  Ендеше,  осы 

мағынаға сай «Раббул-Фәлақ» «Таңның Раббысы» деп 

тәпсір еткен. Яғни, «таңды атырушы, шығарушы» де-

ген сөз. Түн жамылып, қараңғылықта қалған пенденің 

қалай таңның атуын күтсе, қорқыныштың қараңғылық 

қапасында  қалған  адам  баласы  да,  азаттық  пен 

қуаныш нұрының атуын қалайды. Түн өзінің қараңғы 

жамылғысын  түрген  кезде,  таң  бозарып  атып,  жарық 

келеді.  Бұл  мағынасында  біз  қиыншылықтан  кейін 

жеңілдік  пен  кеңшіліктің  келетінін  ұғамыз.  Бірақ, 

бұдан басқа да Аллаһ Тағала жарыққа жарып шығарған 

барлық нәрселерді де меңзеген болуы ықтимал. Жердің 

жарылуы арқылы дүниеге шыққан күллі өсімдіктер мен 

жасыл  желектер,  таулардың  арасынан  тасты  жарып 

шығып,  сарқырап  аққан  сулар  мен  сылдырап    күнге 

шағылысқан бұлақтар, жөңкіле көшкен бұлттардан сір-

кіреген жауындар, құрсақтан босап, дүниеге  шыққан 

нәресте,  дақылдардан  шыққан  бүршіктер.  т.б.  барлық 

жаратылыстар осы «фәлақ» сөзінің аясына саяды. 

Кейбір 

тәпсіршілер 



«Раббул-иншиқақ» 

«жарылғандардың  Раббы»  деуге  әлдеқайда  лайық 

деп  өз  жорамалдарын  айтқан.  Бұл  мағына  – 

адамдардың  жүрегінің  елжіреп,  жүрегінде  мағрипат 

тағылымдарының 

бүршік 


жаруынан 

бастап, 


ғаламзаттағы күллі жарылыстарға дейін қамтиды. Шы-

нында да, ұшы-қиыры жоқ шексіз әлемді біртұтас бо-

лып тұрған шағында, оны қазіргі түріне әкеліп, арнайы 

бір  жүйе  құрған  Хақ  Тағаланың  ұлылық  тұрғысынан 



452

Мәңгі мұғжиза

сөз етілуі 

ِقَلَفْلا  ِّبَرِب ُذوُعَأ  ْلُق

  –  «Қул аузу би Раббил-фәләқ» 

(Айт: күллі жаратылыстың Раббысына сиынамын) де-

уге әлдеқайда лайық. Сондықтан бұл аят ғаламзаттың 

жоқтан  бар,  жарылысынан  бастап,  күннің  Аллаһ 

Тағаланың  жаратуымен  бар  болғанына  дейін  барлық 

жарылыстарды қамтиды. 

Бұл  жерде  Аллаһтың  зат  есімінің  орнына  сипат 

есімі  болған  «Раббтың»  қойылуының  хикметі  мынау: 

Рабб, яғни, «тәрбиелеуші», «өсіруші» сипатының сиы-

ну халіне әлде қайда лайық келуі. Яғни, 

ِقَلَفْلا  ِّبَرِب

«би-

Раббил-фәлақты» (жаратылыстың Раббы) «Таңды ат-

тырып, жаратқан Рабб» деп түсінсек аяттың мағынасы: 

«Түн  қараңғылығынан  күндіздің  жарығына  шығарған 

Раббқа  сыйынамын.  Ол  Рабб  түннің  кесапатынан 

шығарып, күндіздің амандығына жеткізген».

2. 


َقَل َخ اَم ِّر َش نِم

 – «Жаратқан нәрселердің кесірінен»

Яғни,  Рабб  заттық  және  рухани,  дүние  мен  ақыретке 

қатысты  барлық  жамандығы  мен  кесапаты  тиетін 

жаратылғанды  қамтиды.  Адам  мен  жын  және  барлық 

шайтандардың жамандығынан бастап, жыртқыш аңдар, 

жәндіктер, микробтар жамандығына, һәм у мен оттың 

жамандығынан,  күнәлар  мен  нәпсінің  жамандығынан 

һәм амалдардың жамандығына дейін, жаратылғанның 

кез  келген  зияны  тиетін  нәрселердің  жамандығынан 

Раббысына сиыну.

3. 


َبَقَو  اَذِإ   ٍق ِساَغ  ِّر َش   ْنِمَو

  –  «Қараңғылық  басқан 



сәтте,  түннің  кесірінен»

ٍق ِساَغ


  –  «Ғасиқ»  сөзі  –  бір-

неше  мағынамен  тәпсір  етілген.  «Фәләқ»  сөзін  таң 

деп тәпсірлеген ғалымдар бұл сөзді – «түн» мен «тас 

қараңғылық»  деп,  ал, 

َبَقَو

  –  «уақаба»  сөзін  –  «түн 



453

Құран бақтары

қараңғылығының  басқан  кезеңі»  деп  тәпсір  еткен. 

Қараңғылық  –  жаманшылық  пен  кесапаттың  жайыла 

бастауы. Жалпы қылмыстар түн қараңғылығында жаса-

лады. Зиянды жәндіктер мен жыртқыш аңдар да түнде 

шығады. Айналаны қараңғылық баспай, жаманшылық 

шықпай  тұрып,  Аллаһ  Тағалаға  сиынып  сақтану 

ең  қажетті  нәрсе.  Аятта,  әсіресе,  түн  қараңғылығы 

басқан  шақта  шығатын  барлық  жаманшылықтардан 

Аллаһ  Тағалаға  сиынуды  танытқан.  Бұл  жерде  түн 

қараңғылығының  жаманшылығынан  таңды  әкелген 

Аллаһқа сиынудағы тереңдік аса маңызды.

Кейбір  тәпсіршілер  «Ғасиқты»  –  ай  деп, 

«Уақабаны»  (түн  қараңғылығын)  да  айдың  тұтылуы, 

яки, ай соңындағы үш күн деп тәпсірлеген. Һәм бұған 

қатысты  бір  хадис  те  айтылған.  Хазіреті  Айша:  «Бір 

күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) айға қарады да: «Ей, Айша! 

Мынаның кесапатынан Аллаһ Тағалаға сиын. Өйткені, 

бұл қараңғылық түскен кездегі түн», – деді

483


4. ِ


دَقُعْلا يِف  ِتاَثاَّفَّنلا ِّرَش  ْنِمَو

 – «Түйіншектерге дем салып, 



дуалаушылардың кесірінен»

تاَثاَّفَّنلا

 – «Нәффәсәәти» – 

жіптерге,  түйген  түйіндерге,  жүректердегі  сенімдерге 

үпірген  дуалаушылар,  үпіріп  оқитын  әйелдер  немесе 

қоғамдардың  жаманшылығынан  Аллаһ  Тағалаға  сиы-

намын. 

Оқып дем салу Ислам дінінде дұрыс па?

Сиқырлық 

іс-әрекет 

араласпаған, 

яғни, 

жаманшылық  пен  шайтандық  үшін  емес,  қайта  одан 



қорғану мақсатымен және бір ауруға қарсы Аллаһтан 

483


 Тирмизи.Тәфсиру сурә 113, 114-1.

454

Мәңгі мұғжиза

шипа  тілеп  өзіне,  өзгеге  таза  жүрек  пен  түзу  ниет 

арқылы бір дұға, аятты оқып үпіру дінде рұқсат етіл-

ген.  Ешкімге  зияндық  тигізу  не  болмаса  жолдан  тай-

дыру,  яАллаһтан  басқаға  сиыну  мағынасы  жоқ.  Осы 

сүрелерде  «Сиынамын  де!»  әмірі  де  әрбір  нәрседен 

Аллаһ  Тағалаға  сиыну  қажеттілігін  айтады.  Аллаһ 

елшісінің өзі мен өзгеге осылайша оқып үпіргені және 

осылайша жақсылық үшін оқып, дем салуға рұқсат етіл-

гені шындық. Осылай оқу арқылы мейлі рухани, мейлі 

тәндік қаншама науқастар шипа тапқаны белгілі. Бұлай 

оқу  Ислам  дінінде  айтылып  қана  қоймаған,  сонымен 

қатар, әмір етілген. 

Афу ибн Мәлик Әшжәи былай дейді. «Біз Ислам-

нан бұрын оқып, дем салатын едік. Аллаһ елшісінен осы 

хақында не дейтінін сұрағанда ол: «Оқып, дем салған 



дұғаларыңды  маған  айтыңдар.  Оқуда  ширк  болмаса, 

ешқандай қауіп жоқ», – деді»

484


.

Пайғамбарымыз:  «Әрбір  аурудың  бір  шипасы 



бар»

485


 деген хадисінде тәндік ауруға тәндік себептер 

арқылы емдегені тәрізді, рухани науқастарға да рухани 

емдеу дұрыс. Бірақ, бұл жерде шипа өзгеден, дәріден, 

оқығаннан  емес,  шипа  Аллаһ  Тағаладан  болмақ.  Ем-

деген кезде де алдаудан, дуалаудан, зияндықтан аулақ 

тұруы тиіс. 

Түзу ниет арқылы Аллаһ Тағалаға сиынып, Одан 

шипа тілеп оқып, дем салу сөзсіз дуалаушылықпен ешбір 

қатысы жоқ. Оқып үпірудің дұрыстығын ғалымдар са-

хих хадис кітаптарынан дәлел алып көрсеткен. 

1.  Аллаһ  елшісі  (с.а.с.)  аздап  мазасызданған  еді. 

Жәбірейіл оған оқып дем салды да: «Саған жапа шек-

484

 Муслим. Сәләм, 64.



485

 Бухари. Тыбб.



455

Құран бақтары

тірген әр нәрседен Аллаһтың есімімен саған оқып, дем 

саламын. Аллаһ саған шипа берсін»

486


, – дейді.

2.  Хазіреті  Айша:  «Аллаһ  елшісі  (с.а.с.) 



мазасызданған науқастың жанына барған кезде, оны 

оң  қолымен  сипап  былай  дейтін:  «Адамдардың  Раб-

бы Аллаһым! Осы ауыртпалықты кетіріп, шипа бер. 

Сен шипа берушісің. Сенің шипаңнан басқа ешбір шипа 

жоқ. Сенің шипаң ешбір дерт қалдырмайды»,  дегенін 

жеткізген

487

.

5. 



َد َس َح  اَذِإ  ٍد ِسا َح  ِّر َش   ْنِمَو

  –  «Қызғаныштан  тұла 



бoйы өрт бoп жанған көре алмаушылардың күндеген 

сәттегі  кесірінен».  Бұл  аяттың  басынан  бері  жа-

ман  нәрселердің  кесірлері  жеке-жеке  айтылып,  со-

лардан  Аллаһ  Тағалаға  сиыну  қажеттілігі  айтылған. 

Ақырғысында  қызғанып,  көре  алмаушыдан  сиын  деп 

айтылуы, көре алмаушылықтың алдыңғылардан да ең 

жаман  екендігінің  белгісі.  Өйткені,  қызғаныш  көкте 

де,  жер  бетінде  де  алғаш  рет  Аллаһ  Тағалаға  қарсы 

шығуға  себеп  болған  ауыр  күнә.  Алғашқысы  көкте 

болған еді. Хақ Тағала Адам атаны жаратқанда, Ібіліс 

қызғаныштан от болып жанған. Өйткені, адам жарал-

май тұрғанда ол ғаламзат ішінде жалғыз еркі бар сана-

лы жан еді. Яғни, адамнан бұрын жындар жаратылған. 

Жындардың ішінде ібіліс ең ардақтысы болғандықтан 

дәрежесі жоғарылап, көкке шыққан. Бірақ, көп ұзамай 

Адам  ата  жаратылды.  Ол  жер  бетінің  халифасы  әрі 

күллі ғалам адамзатқа бағындырылатын болды. Жын-

дар  да  адамға  бағынуы  тиіс.  Өзінен  үстем  біреудің 

шыққандығын көрген Ібіліс қызғанышын ішіне сыйды-

ра алмай Хақ Тағалаға қарсы шығып, Оның рақымынан 

486


 Бухари. Тыбб, 38; Муслим, Сәләм, 40.

487


 Бухари. Мәрдә, 20, Тыбб, 38, 40.

456

Мәңгі мұғжиза

мәңгілікке қуылды. Екіншісі – жер бетінде болған. Адам 

Ата жер бетіне түскен соң көп ұзамай ұрпағы көбейді. 

Сонда Қабылдың егіз қарындасын Абылға бермек бо-

лады.  Қабыл  қарындасын  қызғанып,  Абылды  өлтіріп, 

жер  бетінде  алғаш  рет  қан  төгіледі.  Содан  бері  кім-

де-кім жазықсыз адам өлтірсе, алдымен соның күнәсі 

Қабылға жазылуда. Міне, қияметке дейінгі кісі өлтіру 

күнәларының Қабылға жазылуына сол қызғаныш себеп 

болған еді. Көре алмаушылық Исламда үлкен күнә бо-

лып саналады. 

«НАС» СүРЕСІ

ِمي ِحَّرلا  ِنم ْحَّرلا ِللا ِم ْسِب

 ِّرَش نِم }3{  ِساَّنلا ِهَلِإ }2{  ِساَّنلا  ِكِلَم }1{  ِساَّنلا  ِّبَرِب ُذوُعَأ  ْلُق

}5{  ِساَّنلا ِروُد ُص يِف  ُسِو ْسَوُي يِذَّلا }4{  ِساَّن َخْلا  ِساَو ْسَوْلا

ِساَّنلا َو ِةَّن ِجْلا  َنِم

«Адамдардың  жүрегіне  жаман  oйлар  салып, 

азғыратын  жын  мен  адам  шайтанының  кесірінен 

адамдардың  Раббына,  адамдардың  жалғыз  Иесіне, 

адамдардың Құдайына сиынамын! – де».  

«Адамдардың Раббына, адамдардың жалғыз Иесі-

не, адамдардың Құдайына сиынамын. Сoл бір азғырушы 

шайтанның кесірінен. Oл – адамдардың жүрегіне жаман 

oй салып, азғырады. Oл шайтан жындардан да, адам-

дардан да шығады», – де».

Сүре  атауы  аят  соңдарында  қайталанған  «адам-

дар» мағынасындағы «нас» сөзінен алынып қойылған. 

Бұл сүре алты аяттан тұрады. Және «Фәләқ» сүресінің 


457

Құран бақтары

жалғасы болып, адам мен жынның азғыруынан Аллаһ 

Тағалаға сиынуды әмір еткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет