Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т



бет102/141
Дата21.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#35238
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   141
Байланысты:
Халықаралық жеке құқық лекция

Пысықтау сауалдары:
1. Авторлық құқық бойынша “Ұлттық режим” принципі нені білдіреді?
2.Берн конвенциясының кері күші жоқ дегенді қалай түсінесіз?


14-т а р а у.
Патенттiк ҚҰҚыҚ жӘне ҚазаҚстан
Республикасынан тыс жерде тауар
таҢбаларын ҚорҒау


§ 1. Патент құқығының түсiнiгi мен мазмұны

Қазiргi таңда Қазақстан Республикасының экономикасы өтпелi кезеңнен ендi-ендi бас көтеруде. Мемлекетiмiздiң беделiн халықаралық сахнада көтеру және дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшiн халықтың әл-ауқатын көрсететiн оның экономикасының мықты болу қажеттiлiгi сөзсiз. Кеңес социалистiк республикалар одағының жетпiс жыл бойы құрамында болып келген Қазақстан егемендiгiн алғаннан кейiн, экономикасының даму бағытын «нарықтық» деп 1993 жылғы, одан кейiн 1995 жылғы Конституцияларында бекiттi.


Жоғары деңгейдегi шетелдiк инвестициялар мен iшкi жинақтары бар ашық нарықтық экономикаға негiзделген экономикалық өсу «Қазақстан–2030» стратегиясының маңызды ұзақ мерзiмдi басымдықтарының бiрi.
Бүгiнгi таңдағы бiлiмге негiзделген экономикада зияткерлiк активтер негiзгi валюта болып табылады. Қазақстанның экономикалық өсудiң қарқынына жетуi, оның әлемдiк нарық құрылымына толық енуi қазiргi индустриалды экономиканың мықты материалдық, техникалық және технологиялық базасын құруға ықпал ететiн зияткерлiк меншiктi қорғаудың дамуынсыз мүмкiн емес.
Бұл Елбасының кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi тапсырмалары және «Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003–2015 жылдарға арналған стратегиясын» iске асыру жөнiндегi мiндеттер аясында да өзектi мәселелердiң бiрi болып табылады.
Зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау бiздiң мемлекеттiң Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi және саудада ең қолайлы жағдайларға қол жеткiзу үшiн басты шарттардың бiрi болып табылатынын да айта кету жөн. Ал бұл бiздiң елдiң беделiн халықаралық сахнада арттыруға әсер етедi, өйткенi зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау адам мен азаматтың құқықтарын және заңи мүдделерiн сақтаудың қажеттi шарттары мен кепiл-дiктерiнiң бiрi.
Сондықтан, соңғы жылдары экономикалық және сауда аспектiлерiмен тығыз байланысы бар зияткерлiк меншiк құқық-тарын қорғау саласы саяси сипатқа ие болды. Осыған байла-нысты Республикадағы зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстың жалпы бағыттары және мемлекеттiң осы мәселе бойынша саясаты Қазақстан Үкiметi мен ДЗМҰ (ВОИС) арасындағы ынтымақтастық бағдарламасының, Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау тұжырымдамасының ережелерiнде белгiленген және анық жазылған. Зият – бұл елдiң маңызды және ешқашан таусылмайтын ресурсы. Ал осы қордың күшi өзiнiң тек қана осындай мәртебесiнде мемлекет пен қоғамның мүдделерiне қызмет ететiн қорғалатын зияткерлiк меншiкте.
Нарықтық экономикада қандай да бiр кәсiпкердiң алдында тұратын мәселе – тауарларының бәсекеге қабiлеттi болуы. Кәсiпкерлердiң қазiргi таңда «ұлттық өндiрушiнi қорғау және қолдау – өндiрушiнiң өз қолымен» деген ұранды ұстауы – маңызды. Кәсiпкерлер үшiн осындай қорғанудың бiр жолы болып кәсiпкерлердiң өз кәсiпорындарында инновациялық қызметтi дамытуы табылады.
1992 жылы 24 шiлдеде Қазақстан Республикасының алғашқы Патент Заңы қабылданды. Қазіргі таңда 1999 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының патент Заңы» қолданылады.
Өнертабыстар мен өндiрiстiк үлгiлердi патенттiк қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейiн Қазақстан Республикасын-дағы патент иеленушiлер осы объектiлердi пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттiң берген құқықтық кепiлдiгi ретiнде алды. Монополиялық құқықты иеленушi тұлғаларда үшiншi тұлғалардың құқықтарын және заңнаманың нормаларын бұзбай патенттiк құқық объектiлерiне билiк ету мүмкiндiгi пайда болды.
Құқықтық реформаларды жүргiзу барысында мемлекетiмiз 1994 жылы экономикалық құқықтық қатынастарды реттеудiң негiзi болып табылатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн бекiттi. Азаматтық заңнамадағы «интеллектуалдық меншiктi» құқықтың жеке объектiсi ретiнде қарастыру, тео-риялық жағынан осы саланың жетiлуiн қажет еттi. Кодекс ар-қылы интеллектуалдық меншiк объектiлерiнiң иелерiне «ерекше құқық» берілді.
Қазақстан Республикасының үкiметi арыз берушiге ыңғайлы, тұтынушыға қолайлы, жаңалықты дамытатындай, яғни мағынасы жағынан жай, рәсiмдеу төлемi арзан, сараптамалық және мәлiметтердi iздестiру қызметiнiң сапалы, патенттiк құқықты қорғаудың жеңiл жолдары бар, халықаралық патенттiк жүйенiң талаптарына сәйкес келетiн ұлттық патенттiк жүйесiн қалып-тастыруға мемлекетiмiздiң құрылуының алғашқы күндерiнен-ақ жағдай жасауда.
Қазiргi таңда жоғарыда көрсетiлген жағдайлардың тек кей-бiреуi ғана көрiнiс алуда. Ал, патенттiк органға түсiп жатқан арыздардың саны жылдан-жылға көбеюде. Мысалы, 1992–2001 жылдар аралығында өндiрiстiк меншiк объектiлерiне патент алу үшiн 17388 арыз берiлген. Қазiргi кезде ұлттық және шетелдiк патент иеленушiлердiң қолында 12014 өндiрiстiк меншiк объектiлерiне алдын ала патент пен патент бар. 
1. Патенттердiң саны көбейген сайын пайда табуға талпын-ған патент иеленушiлердiң де саны көбеюде. Кеңес Социалистiк Республикалар Одағы кезiнде өндiрiстiк меншiк объектiлерiнiң иесi болып көбiнесе мемлекет болып табылғандықтан авторлар мен патент иеленушiлердiң құқықтарын жетiлдiруге еш шаралар қолданылмаған.
Ендеше зияткерлік меншiк дегенiмiз не? Бұл сауалға халық-аралық, сонымен қатар, елiмiздiң заңнамаларынан да толық қамтылған жауап алуға болады. Қазақтан Республикасы қатысушы болып табылатын Бүкiлдүниежүзiлiк интеллектуалдық меншiктi қорғау ұйымы (БИМҰ) Конвециясының 2-бабында «Интеллектуалдық меншiктiң» әдеби, көркем және ғылыми шығармаларға, әртiстердiң орындаушылық қызметiне, дыбыс жазу, радио және теледидар хабарларына, адами қызметтiң барлық саласындағы өнертабыстар мен ғылыми жаңалықтарға, өнер-кәсiптiк үлгiлер, тауар таңбалары, қызмет көрсету белгiлерi, фирмалық атаулар мен коммерциялық көрсеткiштерге, қара ниеттi бәсекелестiкке қарсы қорғану, сондай-ақ өндiрiстiк, ғылыми, әдеби және көркемөнер салаларындағы интеллектуал-дық қызметке қатысты өзге де барлық құқықтарды қамтитыны туралы атап көрсетiлген. ҚР АК-нiң 961-бабында жүйелендiрiлген тiзiлiм берiлген.
Қазақстанның социалистiк жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы зияткерлік еңбек нәтижелерiн қорғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап еттi. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделiктi тұрмысқа «интеллектуалдық меншiк», «өнеркәсiптiк меншiк», «патент», «патент иеленушi», «айрықша құқық» ұғымдары ендi.
Егер өзгерiстердiң мәнiне қысқаша тоқталар болсақ, кеңестiк кезеңдегi авторлық куәлiк орнына өнеркәсiп меншiгi объектi-лерiн қорғау жөнiндегi бүкiл әлем таныған патент жүйесi келдi. Кеңестiк өнертабыс құқығының негiзгi ерекшелiгi – өнертабушы автор өз құқығын, көбiнесе, авторлық куәлiкпен ресiмдей-тiн, кейбiреулерi Мәскеуде, бүкiл Кеңес Одағы бойынша жал-ғыз Мемкомөнертабыс патент ведомствосында жарияланатын, содан кейiн кез келген адам аз сыйақы төлеу арқылы өнертабысты өз иелiгiне жаратып жататын.
Ендi құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз ешбiр жан өнертабыс-ты, пайдалы модельдi немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иеленушiнiң рұқсаты, көбiнесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасасу жолымен ғана пайдалану жолға қо-йылған. Бұл құқық «айрықша құқық» деп аталады. Және ол ҚР АК-нiң 125, 964-баптарымен бекiтiлген.
Сөйтiп, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау принциптерi түбiрiмен өзгерген, демек, жаңа қатынастар бүтiндей өзгеше құқықтық базаны қалыптастыруды талап еттi.
1992 жылы Ұлттық Патенттiк ведомство патенттеудiң бiрегей жүйесiн қалыптастырды (явочно-проверочную) және оның құқықтық реттелуiн Қазақстан Республикасының Патент Заңында бекiттi. Бұл жүйенi кейiннен Орталық Азия, Закавказьенiң көптеген тәуелсiз мемлекеттерi және Украина да қолдады. 
Бұл патенттеу жүйесi бойынша қарапайым тiркеу мен сараптама элементтерi бiрiгедi. Бiздiң жүйенiң келiмдiк және тiркелiмдiк сипаты патенттiң формалды сараптама жүргiзгеннен кейiн берiлетiндiгiнде көрiнедi. Қазақстан Республикасы 1999 жылғы «Қазақстан Республикасының патент Заңы» 22-бабы формалды сараптама кезiнде қажеттi дәлел-демелердiң болуы, оларға қойылатын негiзгi талаптардың сақталуы және өтiнiм берiлген ұсыныстың құқықтық қорғау берiле-тiн объектiлерге жататындығы тексерiлетiндiгiн бекiтедi.
Патент мәнi бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берi-ледi. Оның жүргiзiлу барысында өтiнiм берiлген шешiмнiң патентке қабiлеттiгi талаптарына сәйкестiгi анықталады.
Өнертабыс пен өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала патент пен патент және пайдалы модельге патент «қорғау құжаты» түсiнi-гiмен бiрiгедi.
Қазақстан бiр өнертабысқа екi қорғау құжаты – заңды сарап қорытындысы бойынша алдын ала патент пен өнертабыс немесе өнеркәсiптiк үлгi сараптамасы қорытындысы бойынша патент берiлуi қажет екенін бекітті.
Бұл екi қорғау құжатының аумақтық (тек Қазақстан Республикасы) және уақытша әрекет ету шегi бар. Өнертабысқа алдын ала өтiнiмнiң патент ведомствосына берiлген күннен бастап Қазақстан Республикасы аумағында бес жыл бойы, ал патент жиырма жыл бойы қолданылады.
Пайдалы модельге патент бес жыл бойы, патент иесiнiң өтi-нiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы ұзартуы мүмкiн, бiрақ үш жылдан аспауы керек. 
Өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала берiлетiн патент өтiнiмнiң патент ведомствосына берiлген күннен бастап бес жыл әрекет етедi. Өнеркәсiптiк үлгiге патент – он жыл бойы күшiн сақтайды, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы ұзартуы мүмкiн, бiрақ бес жылдан аспауы керек.
Патент – patent – мына мән-жайларды:
1) аталған техникалық шешiмнiң өнертабыс екендiгiн;
2) авторы белгiлi бiр тұлға екендiгiн;
3) аталған тұлға немесе оның мұрагерi осы өнертабысқа айрықша құқық иеленетiндiгiн куәландыратын құжат. Патент оны берген ведомство мемлекетi аумағында әрекет етедi. Шетел құқығы бойынша, лицензия немесе патент алу туралы келiсiмге қол жеткiзiлген кезде, иесiне сыйақы төлей отырып, патенттi мемлекет немесе оның еркi бойынша белгiлi бiр ұйымның қолданылуына мәжбүрлеп сатып алынуы мүмкiн. Көптеген елдерде көзделген патент иесiнiң құқықтарын қорғау шараларының бiрi ұқсас өнертабыс көрiнетiн бұйымдарды енгiзуге жаза қолдану болып табылады (өтемақы, келтiрiлген зиянды жою туралы талап арыз қою т.б.). Патент беру әр елде оның патент құқығы нормаларына сәйкес жүргiзiледi. Өнертабысқа келесi талаптар қойылады: «өнертапқыштық деңгей», «прогрессивтiлiгi», «қолданылуға жарамдылығы» және мiндеттi түрде жаңалығы. Кейбiр елдерде жаңалығын бұл жағдайлардың қайда болғанына байланыссыз мемлекет iшiнде немесе шетелдерде жариялануы мен қолданылуы бұзады, тежейдi. Екiншi рет басқа мемлекеттерде өнертабыс жаңалығын өз мемлекетiнде де, шетел елiнде де жариялау мен қолдану бұзады. Ал өзге мемлекеттерде өз мемле-кетiнiң аумақтық сипаты ғана болмау үшiн халықаралық келiсiмдер жасасу қолданылады. 
Патенттеу мақсаты – сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешiмдi жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткiзiп ашу.
Патенттiң негiзгi қызметi – жаңалықты енгiзетiн тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.
Патенттiк қорғау келесi аспектiлермен сипатталады:
– қорғалатын объектiлердiң шектеулi шеңберi;
– патенттiк құқықтар пайда болуының ерекше тәртiбi; патент иесiне құқықтар кешенiнiң және объектiнi пайдалануға айрықша құқықтың берiлуi;
– айрықша құқық (қорғау құжаты) әрекетiнiң мерзiмдiк және аумақтық сипаты;
– айрықша құқықтардың заңды шектелу мүмкiндiгi.
Аталған объектiлердiң барлығы бiздiң мемлекетiмiзде де қолданылады.
Патентке негiзделген құқықтар мемлекеттiң берген құқықтары болып есептеледi. Мұндай қатынастар өзаралықпен анықталады. Мемлекет берiп отырған құқықтарға жауап ретiнде патент иесi мемлекет пен қоғамға танылмай қалуы мүмкiн болған өнертабыс ашады. Осындай өзаралық патенттi шарт ретiнде қарастыруға мүмкiндiк бередi. Оның талаптары қорғау құжатында емес, патент заңнамасында сипатталғандай болады.
Патенттiң монополия және өнеркәсiп меншiгiнiң объектiсi ретiнде түсiнiгi аса кең тараған. Патент иеленушi өзiнiң өнертабысын пайдалануына айрықша құқықты иеленедi, аталған монополиялық ұқсастық меншiк иесiнiң өз құқықтарымен сипатталады. Құқығы жоқ тұлғаның бұл объектiнi пайдалануы заңсыз деп есептеледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет