Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


§ 2. Коллизиялық ереженiң құрылымы және оның түрлерi



бет12/141
Дата21.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#35238
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   141
Байланысты:
Халықаралық жеке құқық лекция

§ 2. Коллизиялық ереженiң құрылымы және оның түрлерi

Коллизиялық ереже халықаралық жеке құқықта қолданылатын күрделi ереже болып табылады. Оның жағдайын түсiну үшiн, бiрқатар өзiне тән ерекшелiктерi бар коллизиялық ереженiң құрылымын қарастыру қажет. Коллизиялық ереженiң ерекше табиғаты олардың құрылымының және оны қолданудың ерекшелiктерiн алдын ала айқындайды.


Әрбiр коллизиялық ереже басқа жай құқық ережелерге қарағанда екi бөлiмнен тұрады. Коллизиялық ереженiң екi элементтен құрылуы екi бөлiктен құрылатын гипотеза және диспозиция немесе гипотеза және санкция жалпы ереженiң құрылымына сәйкес келедi. Құқық теориясында әдеттегi үш элементтiк құрылым (гипотеза, диспозиция, санкция) тек әрекет ететiн құқықты логикалық тұрғыдан талдау арқылы құрылатын логикалық ереженi сипаттайды. Ал нормативтiк актiнiң мәтiнiнде көрiнiс тапқан, шын мәнiнде, нақты құқықтық ереженiң екi элементтiк құрылымы болады (гипотеза, санкция).
Сонымен, коллизиялық ереженiң құрылымын қарастырайық. Оның бiрiншi бөлiгi коллизиялық ереженiң көлемi болып табылады, ол коллизиялық ереженiң қандай құқық қатынасында қолданылатыны туралы анықтайды. Мысалы: меншiк құқығы, отбасы құқығы.
Коллизиялық ереженiң екiншi бөлiгi коллизиялық байлам (қағидат, бекiту формуласы) деп аталады. Байлам – бұл тиiстi қарым-қатынаста қолданылатын заңға не құқықтық жүйеге нұсқау, яғни қай елдiң заңын қолдану қажеттiлiгiн көрсетедi.
Коллизиялық ережелерде кездесетiн байламдардың келесi түрлерi бар:
Lex personalis – жеке тұлғаға байланысты ереже. Оның өзi екi түрде қарастырылады:
1) Lex patriae – азаматтыққа байланысты заң;
2) Lex domicilii – тұлғаның тұрақты тұру жерiне байланысты заң.
Lex societatis – бұл заңды тұлғаның ұлтына байланысты байлам. Бұл байлам, егер заңды тұлға бiр елде тiркелген болып, екiншi мемлекетте жұмыс iстеп, ал оның бас органы үшiншi мемлекетте қызмет жасаса, сонда оның ұлтын анықтау қажет. Сонымен, заңды тұлғаның ұлтын анықтау үшiн осы төрт iлiмге, қағидатқа сүйенемiз:
1) инкорпорация немесе тіркелу қағидасы – заңды тұлға қай мемлекетте тiркелсе, онда сол мемлекеттiң заңы қолданылады;
2) отырықшылық қағидасы – заңды тұлғаның бас органы қай мемлекетте орналасса, онда сол мемлекеттiң заңы қолданылады;
3) қызмет ету қағидасы – заңды тұлға қай мемлекетте нақты жұмыс iстесе, сол мемлекеттiң заңы қолданылады;
4)бақылау теориясы – бiр мемлекетте орналасқан кәсiп-орынның құрылтайшысы қай мемлекеттiң тұлғасы болса, сол мемлекеттiң заңын негiз ретiнде алады.
Lex voluntatis – бұл байлам бойынша шарт тараптары, өз ерiктерi бойынша бiр мемлекеттiң заңнамасын таңдауға құқылы.Тараптар қай мемлекеттiң заңын қолданатын шартта нақты көрсету керек.
Lex loci contractus – бұл коллизиялық байлам шарт қай елде бекiтiлгенiн анықтау керек кезде пайда болады. Бұл байлам бо-йынша, шартқа қай мемлекетте қол қойылса, онда сол мемле-кеттiң заңы қолданылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық мәмiле бойынша шартқа қол қойған жақтардың құқықтары мен мiндеттерi қол қойыл-ған жердiң заңнамасымен анықталады. Бiрақ заң бойынша тараптарға құқық таңдау еркiндiгi берiлген.
Lex venditoris – бұл байлам бойынша сатушы тұратын мемлекеттiң заңын қолдануды қарастырады. Бұл байлам сырт-қы экономикалық мәмiлелерiне тән.
Lex rei sitae – бұл коллизиялық қағидат меншiк құқық саласында қолданылады. Бұл ереже бiр мемлекетте, белгiлi бiр затқа меншiк құқығын анықтауда көмек көрсетедi. Қазақстанның заңнамасында мүлiк қай мемлекетте орналасса, сол мемлекеттiң заңнамасымен меншiк құқығы анықталады. Бiрақ егер мүлiк мұра ретiнде қарастырылса, онда мұрагердiң соңғы тұрғылықты жерiнiң заңнамасымен реттеледi.
Lex loci delictii commissii – бұл коллизиялық байлам құқық бұзушылық жасалған жердiң заңнамасына байланысты. Яғни, сот қай мемлекетте зиян келтiрiлген болса, онда сол мемлекеттiң заңнамасымен iстi қарастырады.
Іех Іосі 1аbогis және Іех Іосі delegationis - жұмысты атқару орнының және және басқарушы ұйымның орналасқан жерінің заңытек арнайы сипатқа ие коллизиялық нормалардың бірі, көрінісі оның көбіне еңбектік қатынастарға тән. Олар еңбек қатынастарды реттеуге бағытталған.
Іех Іосі орегаtіоnіs- негізгі қызметті атқару орнының заңы - бұл қағида заңды түлғаның қызметінің атқарылу жері, яғни сол мемлекеттің заңнамасымен реттелетіндігін көрсетеді және заңды тұлғаның жеке мәртебесі қағидасымен жұмыс істейді.
Lex loci selebrationis – бұл байлам отбасы құқығында қолданылады, яғни қай мемлекетте неке қиылды сол мемлекеттiң заңы қолданылады.
Lex fori – сот заңы, яғни дау қай мемлекетте қарастырылса, онда сол мемлекеттiң заңы қолданылады. Бұл қағидатқа сәйкес сот қатынастағы шетел элементiне қарамастан, өз елiнiң заңнамасын қолданады.
Ту заңы (Іех bandeгае). Жүктерді тасымалдау мен оларды басқару қатынастарын реттегенде су немесе әуе кемелеріндегі қай мемлекеттің ту астында болуына байланысты қатынастарды реттейтін қағида.
Төлем валютасынын заңы (Іех monetae) - аталған қағида бойынша валюталық шарттық міндеттемелерде қай валютада шарт жасалса, сол мемлекеттің заңнамасы қолданылады.

Жоғарыда аталған байлам формулаларына сәйкес қарым-қатынастардың қолдануға жататын мемлекет құқығымен заңды немесе фактiлi түрде байланысын ескередi.Тәжiрибеде шетел элементiмен шиеленiскен қарым – қатынасты ұлттық құқық ережелерiне бағындыру мысалдары кездеседi. Бұл ұлттық заңның қолдану шектерiн кеңейту, өзiнiң заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау мен қызметiн жеңiлдетуге тырысуымен түсiндiрiледi.


Коллизиялық ережеде байлам өз бетiнше болуы мүмкiн емес және ол көп жағдайда көлемге байланысты болады. Бұл элементтер арасында белгiлi бiр байланыстар болады, ол қай елмен қатынас тығыз байланысты, сол елдiң құқығына сiлтеме жасайтын коллизиялық формулаға сiлтеме жасаудың мақсаттылығын танудың кең өрiс алуынан байқаймыз.
Коллизиялық байламдар қатарына кейбiр жағдайда қатынас тараптарымен таңдалған елдiң құқығына бағынатын ерiк автономиясын жатқызады. Бiрақ бұл бiр жағынан ұқсас, екiншi жағынан әр түрлi құқық институттарын теңестiру дұрыс емес болып табылады. «Ерiк автономиясы» кейбiр ғалымдардың айтуы бойынша (мысалы Л. П. Ануфриева) коллизиялық байламдардың түрi болып саналмайды, ол қолданудың өзiне тән ерекшелiктерi бар, кең мағынаға ие қолдану шарттары басқаша болатын, халықаралық жеке құқықтағы дербес құқықтық институт болып табылады. «Ерiк автономиясы» – бұл коллизиялық байламдарды анықтау және оны тiркеу тәсiлiнiң құқықтық алғышарты болып табылады.
Қазiргi халықаралық жеке құқықта коллизиялық нормалар көп түрлi және көп санды болып табылады. Оларды түрлерге бөлудiң критерийлерi көп. Бұл ерекшелiктер, халықаралық байланыстар кезiнде пайда болатын қатынастар топтардың ерек-шелiктерiн айқындайды және осы нормалардың тәжiрибеде қолдану кезiнде зор маңызға ие.
Ең бiрiншiден, халықаралық-құқықтық бірізділендірілуге бағытталған, ұлттық заңдармен бекiтiлген және халықаралық шарттармен көзделген коллизиялық нормаларды айыра бiлу қажет. Олардың арасындағы айырмашылықтар олардың әрекет ету аясымен және оларды қолдану тәртiбiнен байқалады. Халықаралық шарттармен бекiтiлген коллизиялық ереженiң әрекет ету аясы, бұл шарттар қатысушылардың барлығының қолдануына байланысты кең болады. Ал құқық қолданушы органдардың және құқық қолданушы тәжiрибенiң ерекшелiктерi екеуiнiң арасындағы айырмашылықты одан әрi нығайта түседi. Бiрақ, iшкi заң ережелерi мен халықаралық-құқықтық шарт ереже-лерiнiң болуы қайнар көздердiң, яғни осыдан туындайтын тұжырым халықаралық жеке құқық ережелерiнде де, екi жақтылық сипатына алып келмейдi, себебi бұл iшкi заң пайдасына, халық-аралық құқықтық шарт ережелерiн басшылыққа алмауға алып келедi. Көп жағдайда мемлекет өзi дербес коллизиялық ереже массивiн қалыптастырады. Бiрақ, қазiргi кезеңде, ерекше маңызға халықаралық құқықтық құралдар арқылы коллизиялық құқықтық реттеу, шарттық тәртiп арқылы реттеу дамуда. Ол мемлекеттердiң, бiртұтас халықаралық жеке құқықтағы коллизиялық және өзге де ереженiң, сәйкес халықаралық шарттарды қабылдау және дамыту, ұлттық құқықтық ереженi бірізділендіру атына ие болды.
1)Маңызды сараланудың бiрi коллизиялық байлам нысанына байланысты саралану болып табылады. Бұл белгi бойынша коллизиялық ережелердi бiр жақты және екi жақты деп екi топқа бөледi. Бiр жақты – бұл қолдануға жататын елдiң қазақстандық, немiс, ағылшын құқығын тiкелей атайтын байлам нормасы. Бiр жақты ереже әдетте өз елiнiң құқығын қолдануды белгiлейдi. Мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 1104-бабының 3-тармағында былай делiнген: «Қозғалмайтын мүлiкке қатысты мәмiленiң нысаны – осы мүлiк орналасқан жердегi елдiң құқығына, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген қозғалмайтын мүлiкке қатысты болса, Қазақстан Республикасының құқығына бағынады». Бiрақ бұған қарамастан, екi жақты ережелер кең тарал-ған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет