«Халықаралық заңды тұлғалар» термині халықаралық жеке құқықта біршама уақыттан бері белсенді қолданыла басталды. Бұл негізінен қаржы-өнеркәсіптік топтармен трансұлттық корпорациялардың пайда болуы мен дамуымен байланысты.
Қаржы өнеркәсіптік топтар заңи түрде бірнеше елдерде заңдастырылған, мысалы РФ 1995 ж. 30 қазандағы «Қаржы-өндірістік топтар туралы» Заңына сәйкес: Қаржы-өндірістік топтар- бәсекелестікті көбейтуге, тауарлар мен қызметтер нарығын ұлғайту, өндірістің тиімділігін көтеру, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін технологиялық және экономикалық интеграция мақсатында заңды тұлғалардың ұйымдастырушылық бірлестік нысаны (2 бап). Қаржы-өндірістік топтардың 2 түрі көрсетілген:
негізгі және туынды қауымдар ретінде әрекет ететін заңды тұлғалар жиынтығы;
қаржы-өндірістік топты құру шарты негізінде өзінің материалдық және материалдық емес активтерін толықтай немесе ішінара біріккен заңды тұлғалар жиынтығы.
Бірінші түрі- холдинг, екіншісі- біріккен қызмет туралы шарт немесе консорциум.
Қазақстан Республикасында қаржы-өндірістік топтар туралы заңнама жоқ, бірақ топтар холдинг немесе жай серіктестіктер ретінде құрылуда. Трансұлттық компаниялар капиталдың қаржы-экономикалық бірігу нысаны. Трансұлттық компанияларға байланысты туындайтын негізгі құқықтық мәселе, бұл осыған кіретін заңды тұлғалардың ұлтын анықтау проблемасы болып табылады.
Батыс доктринасында халықаралық заңды тұлғаларға жататын 4 ұйымдастырушылық-құқықтық нысанды көрсетуге болады:
шетелде көптеген филиалдары бар ұлттық қоғамдар, тресттер, компаниялар, сонымен бірге еншілес компаниялар. Яғни олар сипаты бойынша ұлттық, бірақ қызметі халықаралық монополиялар (мысалы, АҚШ-ғы «Дженерал моторс», Ұлыбританиядағы «Бритиш Петролеум», ФРК-ғы «Сименс», Швейцариядағы «Нестле».)
капиталы халықаралық, жасайтын қызметі де халықаралық болып табылатын тресттер мен концерндер (ағылшын-голланд концерні «Ройал-Датч-Шелл т.б.)
заңды тұлға болып саналмайтын ғылыми-техникалық және өндірістік сипаттағы картельдер, синдикаттар, консорциумдар т.б. (консорциум «Казахстанкаспийшельф», КТК–Каспийский трубопроводный консорциум.)
халықаралық шарт негізінде (мысалы, МБРР, ИБР) немесе бір немесе бірнеше елдің ішкі заңнамасына сәйкес құрылған халықаралық шартқа сәйкес қабылданған (Еврофирма, БМР) заңды тұлғалар.
Алғаш екі топта қызметі немесе капиталының халықаралық болуына қарамастан, бір мемлекеттің заңды тұлғалары ретінде шығады. Бірақ бұл, егер басқа елдегі бас заңды тұлғаның бөлімшелері филиалдар мен өкілдіктер ретінде қызмет етсе. Онда басқа елдегі ұлттық заңды тұлға мен филиалдары. Бірақ егер басқа елдердегі құрылымдық бөлімшелер негізгі компанияның еншілес ұйымдары ретінде құрылса, онда олар құрылған елдегі ұлттық заңды тұлғалар ретінде қызмет етеді. Онда бір мемлекеттің бас ұйымы заңды тұлға ретінде және басқа елдердің еншілес ұйымдары заңды тұлғалар ретінде, яғни заңды тұлғалардың ұлты әр түрлі.
Үшінші топтардың бірлестіктері заңды тұлғалар болып табылмайды, өйткені олардың құрамына кіретін заңды тұлғалардың ұлты оларды құрушы елдердің заңымен анықталынады.
Халықаралық заңды тұлғалар ретінде, төртінші топтың заңды тұлғалары кіреді, бірақ олардың біріншіден ТҰК-ға ешқандай қатысы жоқ, екіншіден олар халықаралық жария құқықтың субъектілері болатын халықаралық ұйымдар ретінде қызмет етеді. Мысалы, мемлекеттер мен халықаралық банкілер арасындағы заем шарттары халықаралық шарттар ретінде ратификациялануы тиіс.
ТМД елдерінің 1994 ж. 15 сәуірдегі «Өндірістік, коммерциялық, кредитті-қаржылық, сақтандыру, аралас трансұлттық бірлестіктерді құру туралы» Келісімі бойынша трансұлттық бірлестіктер оларды тіркеген елдің заңымен анықталады. Трансұлттық бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктердің мәртебесі, осы филиалдар мен өкілдіктердің орналасқан елдің заңымен сәйкес жарғы құжаттарында көрсетіледі. Трансұлттық бірлестіктер үкіметаралық келісімдер негізінде сонымен бірге тікелей шаруашылық субъектілер арасында шарт жасасу арқылы құрыла алады.