Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуге есеп шығару.
Бөлім:
Мәтінді есептер
Педагогтің аты-жөні:
Мадияров Б.Ж
Күні:
07.02
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуге есеп шығару.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
5.1.2.28 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке
көбейтуді орындау
Сабақтың мақсаты:
оқушы үшін: Білім алушы ондық бөлшекті натурал санға көбейтуге есеп шығарумен танысады.
Білім алушы ондық бөлшекті натурал санға көбейтуге есеп шығаруды талдауды біледі.
Білім алуш ондық бөлшекті натурал санға көбейтуге есеп шығаруды сипаттап бере алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
1. Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?
2.Жай бөлшекті ондық бөлшекке қалай айналдырамыз?
3.Аралас сандарды ондық бөлшек түрінде жазу үшін не істеу керек?
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыға жетелеуші сұрақтар қойылады.