Теңіз арқылы жүк тасымалдау туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының 1978 жылы 31 наурызда қабылданған Конвенциясы. (Гамбург ережелері) Конвенция екі әр түрлі мемлекеттердің арасындағы барлық теңіз тасымалдау шарттарына қолданылады. Егер:
а) теңіз тасымалдау шартында көрсетілген жүкті жөнелту порты келісуші мемлекеттердің бірінде орналасқан болса;
b) Теңіз тасымалдау шартында көрсетілген жүкті қабылдап алу порты келісуші мемлекеттердің бірінде орналасқан болса;
c) Теңіз тасымалдау шартында көрсетілген жүкті қабылдап алу опционды порттардың біреуі келісуші мемлекеттің бірінде орналасқан болса;
d) Коносамент немесе теңіз тасымалдау шартын расайтын басқа құжат келісуші мемлекеттің бірінде берілген болса;
e) Коносаментте немесе теңіз тасымалдау шартын растайтын басқа құжатта шарт осы Конвенцияның нормаларымен немесе осы Конвенцияның нормаларын заңды үшіне енгізген кез келген мемлекеттің заңнамасымен реттелетіндігі қарастырылса. Осы Конвенцияның нормалары кеменің, тасымалдаушының, нақты тасымалдаушының, жүк жіберуші мен қабылдап алушының және басқа да мүдделі тұлғаның ұлттық қатысталығына тәуелсіз қолданылады.
Тасымалдау шартында әр түрлі құқықтық субъектілер қатысады.
Халықаралық тасымалдау субъектісі ереже бойынша жеке және заңды тұлға табылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі және осы тасымалдау үшін белгілі бір ақшалай сыйақыны төлеуге дайын тұлға танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік құралын иеленуші және белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы тұлға қатысады. Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы ретінде көлік ұйымы, яғни тасымалдаушы танылады, бірақ «тасымалдаушы» деген ұғымның өзі эволюцияға ұшырады. Англо-саксондық, француз, неміс құқығы бойынша тек қана тасымалдау шартын жасасқан көлік құралын меншіктеуші (Shipowner – англ; Ship Her – неміс; le bourdeois de Navire - француз).Француз және неміс құқығында «көлік иеленушімен» (armature, Reeder) қатар «фрахтователь»(freteur, Verfracher) термині пайда болады, осындай өзгерістер Солтүстік Еуропаның көптеген елдерінде және Голландияда пайда болды. АҚШ –та олар freight/ contractors деп аталады.
1921 жылы Гаага ережесінде «тасымалдаушы» термині енгізілді ( transporteur – франц., carrier – ағыл.; transportowiec – поляктық)
Халықаралық тасымалдауда тасымалдаудың бірнеше түрі бар:
Теңіз тасымалдауы.