Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


§ 3. Ерлi-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен



бет114/141
Дата21.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#35238
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   141

§ 3. Ерлi-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен
бала арасындағы құқықтық қатынастар

ҚР-ның «Неке және отбасы туралы» Кодесінің 29-бабына сәйкес ерлi-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегiн таңдау құқығы, қызмет түрiн, мамандығын, тұрғылықты жердi таңдау құқықтары, отбасы өмiрiнiң мәселелерiн бiрiгiп шешу құқығы.


Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтiн заңнамалар бойынша ерлi-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және отбасы өмiрiнiң барлық жалпы мәселелерiн олардың бiрлесiп және өзара келiсе отырып шешуiнен көрiнедi. Алайда, ерлi-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру кезiнде артықшылық пайдалануға тиiс емес.
Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ерлi-за-йыптылардың арасындағы мүлiктiк және жеке қатынастарына бiздiң мемлекетiмiздiң заңнамасы қолданылуға жатады. Конс-титуцияда бекiтiлген ер адамдар мен әйел адамдар арасындағы теңдiк ерлi-зайыптылардың арасындағы көптеген қатынастарды реттейдi: әйел адам некеге отырғаннан кейiн өзiнiң некеге дейiнгi фамилиясын сақтап қалуға құқылы, ол өз азаматтығын сақтап қалады, кәсiп пен қызмет аясын таңдауда еркiн болып табылады, өзiнiң мүлiктiк қатынастарын толықтай сақтап қалады және некеге тұрғаннан кейiн табылған мүлiкке ортақ меншiкте үлесiн сақтайды және т. б. Бiздiң заңның талабы бо-йынша ортақ шаруашылықты жүргiзу ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi негiзiнде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы шетелдiк күйеу отбасылық шаруашылықты жүргiзуге байланысты басшы орынды иелене алмайды. Бiздiң құқыққа сәйкес, ерлi-зайыптылар тұрғылықты жердi таңдауда да ерiктi болып табылады. Сонымен қатар, ерлi-зайыптылар бiрге де, бөлек те тұруға құқылы. Бiр тұлғаның өзiнiң тұрғылықты жерiн ауыстыру екiншi тұлғаға соның артынан iлесудi талап етпейдi. Ерлi-зайыптылар бiр-бiрiне материалдық көмек көрсетiп тұруға мiндеттi. Егер ерлi-зайыптылардың бiрi еңбекке жарамсыз болып қалатын болса, онда бiздiң заңнама бойынша оның екiншiсi оған материалдық көмек көрсетуге мiндеттi болып табылады. Қолданып жүрген заңда және халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтiн заңнамалар бойынша тектi таңдаудың екi жолы ұсынылған. Некеге тұру кезiнде ерлi-зайыптылардың қай-қайсысы да өздерiнiң некеге отырғанға дейiнгi тегiн қалдыра алады. Сонымен бiрге, ерлi-зайыптылар өз қалаулары бойынша ортақ бiр тек таңдауға құқылы. Ондай тек күйеуінің болмаса жұбайының де болуы мүмкiн. Тәжiрибеде ерлi-зайыптылар ортақ бiр тектi (әдетте ерiнiң тегiн) таңдайды.
Кейбiр елдердiң, оның iшiнде ТМД құрамына кiретiн елдер-дiң заңы ерлi-зайыптылардың екi тектi де алуына мүмкiндiк жасайды, яғни өзiнiң тегiне жұбайының тегiн қосуына жағдай жасайды. Қазақ КСР-ның Неке және отбасы туралы Кодексi бұған жол берген жоқ едi. Ал ендi «Қазақстан Республикасының Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 31-бабы жұбайлардың бiреуiнiң некеге тұрғанға дейiнгi тегi қосарлас болған болмаса, басқа жағдайда екi тектi де алып жүруге рұқсат етедi.
Қызмет пен мамандықты еркiн таңдау құқығы ерлi-зайыптылардың оқу орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс орнын табу жөнiндегi мәсе-лелердi жеке өздерiнiң шешулерiне болатындығын көрсетедi. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлi-зайыптылардың екi жақты келiсiмдерi бойынша отбасы мүддесiн ойластыра отырып, жүзеге асыратын iс.
Тұрғылықты жердi таңдау еркi дегенiмiз: ерлi-зайыптылардың жеке тұруларына болады немесе әр түрлi тұрғын үйлердi иемденуге құқылы. Бірақ, неке құру мақсаты еркек пен әйел байланысын біріктіру, отбасын құру және оны нығайту болғандықтан олардың бұл құқықты қолдануы жоғарыда көрсетілген мақсаттарға пайда тигізбейді. Кодексте көрсетiлген тұрғылықты жердi таңдау еркiне ие болу құқығының мәнi ерлi-зайыптылардың ешқайсысы да бiр-бiрiн белгiлi бiр жерде тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екi жақтың өзара келiсiмiмен жүзеге асырылуы керек.
Кодекс ерлi-зайыптылардың бiрге тұруына жағдайлар жасайды және бiрiнiң басқа бiр тұрақты мекенге көшуi жағдайында екiншiсiнiң де сонда баруына мүмкiндiк туғызады (қоныс аударушының жұбайына және отбасының басқа мүшелерiне көтерме ақы жәрдемiн төлеу, жас мамандарды бөлу кезiнде отбасының мүддесi ескерiледi т.б.).
Отбасының өмiрлiк мәселелерiн бiрлесiп шешу құқығы дегеніміз: отбасының бюджетiн бөлiсу, балалар тәрбиесi, үй шаруашылығын жүргiзуi, туған-туысқандарымен бiрге немесе бөлек тұру мәселелерін шешу болып табылады. Ерлi-зайыптылардың ешқайсысы да өзiнiң еркiн екiншiсiне таңуға құқылы емес. Егер ерлi-зайыптылар кейбiр меселеде келiсiмге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшiн заңда көрсетiлген органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен, ерлi-зайыптылар арасында балалар тәрбиесi мен тек таңдауда келiсiм болмаса, бұл мәселенi қорғаншы және қамқоршы органдары шеше алады.
Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастары оларға тиесiлi болған мүлiктi меншiктеу және бiр-бiрлерiне өзара материалдық қолдау көрсету мiндеттерiнен туындайды. Құқықтық қатынастардың бiрiншi түрi Кодекстың «Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк құқықтықтары мен мiндеттерi» деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екiншiсi – Кодексінің «Ерлi-зайыптылардың және бұрынғы ерлi-зайыптылардың алименттiк мiндеттемелерi» деп аталатын 18-тарауындағы нормаларымен реттеледi.
Ерлi-зайыптылардың меншiк құқығының регламентациясы немесе басқаша айтқанда олардың мүлiктiк режимi жаңа заңда елеулi кездейсоқтыққа ұшырады. Бұрынғы заңдарда тек бiр ғана режим қарастырылған едi. Жаңа заңда ерлi-зайыптылардың заңды мүлiктiк режимi де, ерлi-зайыптылар мүлкiнiң неке шартымен бекiтiлген шарттық режимi де көзделiнедi.
Дегенмен, некеге тiркеу кезiнде неке шарты жиi қолданып жүрсе де, көп жағдайда ерлi-зайыптылар мүлкiнiң заңды режимi олардың бiрлескен меншiк режимi қолданылады.
Бұған дейiн де аталғандай, «Неке және отбасы туралы» Кодекстың 2-бабы, халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтiн заңнамалар ерлi-зайыптылар құқығының тең болу қағидалары айқындайды. Осы ортақ қағиданың пайда болуына ерлi-зайыптылардың некелескеннен кейiнгi бiрге тұрған ғұмырында жинаған мүлiкке тең құқығы ықпал етедi. «Қазақстан Республикасының Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі 33-бабына сәйкес ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады. Ерлi-зайыптылар мұндай меншiкке тең құқықпен билiк етедi және пайдаланады, екiншi бiр затты – тұтынады, үшiншi бiр затты олардың екеуi де пайдаланады. Бiрақ сырт көзге олардың ортақ мүлкiне жататын заттардың барлығы да ерлi-зайыптылардың екеуiне де бiрдей болып саналады.
Кодесте ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлiктерiнiң жалпы тiзiмi берiлген. Бұған ерлi-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнетақысы, материалдық көмек, кәсiпкерлiк қызметтен тапқан табыстары, т.б.), осы табыстардың негiзiнде жиналған мүлiктер (ортақ мүлiк, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi) т.б. жатады.
Жалпы тәртiп бойынша және халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтiн заңнамалар бойынша ерлi-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуiне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кiмнiң атына жазылғанына байланысты емес. Ерлi-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Кодекс (33-бап, 3-тармақ) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiкке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған немесе басқа да тиесiлi дәлелдi себептермен жеке кiрiсi болмаған жұбайға да тиесiлi екендiгiн арнайы ескертедi.
Бiрге тұрған кезде жинаған ортақ мүлiктен басқа, ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi жеке мүлкi болады және оған өздерi дара билiк етедi. Мұндай неке дара мүлiктерге ерi мен әйелдiң некеге тұрғанға дейiнгi немесе ерлi-зайыптылардың некеге отырғаннан соңғы жеке мiндеттемелерi бойынша алған заттары, ерi мен әйелiнiң сый ретiнде алған немесе мұрагерлiк жолымен иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киiм, аяқ- киiм т.б.) ерлi-зайыптылардың некеге тұру кезiнде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқасының бәрi жатады. Мысалы, әйелiнiң құндыз пальтосы, ерiнiң алтын сағаты т.б. ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып саналады.
Некенiң iс жүзiнде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлi-зайыптылар өзара келiсiм бойынша мүлiктi иелiк ете алады. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысы жалпы мүлiкке байланысты өз бетiнше келiсiм жасай алады. Бұл жерде жаңа Кодекстің талап етуi бойынша басқа жұбайдың келiсiмiн алуы қажет. Ортақ мүлiкке байланысты нотариалды рәсiмдеудi талап ететiн мәмiле жасау үшiн (мәселен, тұрғын үйдi сату кезiнде) екiншi жұбайдың жазбаша келiсiмi қажет.
Ерлi-зайыптылардың әрқайсысы некенi тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде тұрған кезiнде де жалпы ортақ мүлiктi бөлiсудi талап етуге құқылы. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлiске салғанда, олардың үлестерi тең болуы тиiс. Жоғарыда көрсетiлгендей, отбасының жалпы табысына ерлi-зайыптылардың әрқайсысының қосқан үлесiнiң көлемi жалпы ереже бойынша ескерiлмейдi. Сонымен бiрге жекелеген жағдайларда сотқа кәмелеттiк жасқа толмаған балалардың мүдделерiн немесе ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн ескере отырып, ерлi-зайыптылардың үлестерiнiң теңдiгi негiзiн ескермеу құқығы берiлген («Қазақстан Республикасының Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 38-бабы).
Ерлi-зайыптылардың талап етуiнен басқа ортақ мүлiктi бөлу несие берушi ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы кредит берушiнiң талабын мәлiмдеуi жағдайында да жүргiзiлуi мүмкiн.
Ортақ мүлiктi бөлген кезде ерлi-зайыптылардың әрқайсысына қандай заттың берiлетiнiн сот айқындауы керек. Егер ерлi-зайыптылардың бiрiне беретiн зат құны жағынан оның үлесiнен артып кетiп жатса, онда екiншiсiне бұл үшiн тиiстi өтемақы төлейдi.
Ерлi-зайыптылардың заң бойынша жеке құқықтары мен мүлiктiк құқықтары болады. Осы жерде осы құқықтарының туындау негiзi болып, олардың үйi болып некеге тiркелген күнi саналады. Ол неке мiндеттi түрде жергiлiктi Азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдарында жүргiзiледi.
Ерлi-зайыптыларды тiркеу күнiнен соң отбасындағы тең-дiгiне негiзделген неке қатынастары басталады. Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтiн заңнамалар бойынша ерлi-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең мiндеттер атқарады. Ал қазақтың әдет-ғұрып, салт дәстүрiнде де, мұсылмандық шариғат заңында да ер адамдарға басымдылық берген. Адамдар қауымдасып жасайтын қоғамдар күштi әрi берiк болуы үшiн әйел мен еркектiң өзара қарым-қатынасын неке арқылы шариғат тәртiпке келтiрдi, қажеттiлiктерiнiң қамтамасыз етiлуiне осы үлгiде рұқсат бередi.
Қазақстанның заңнамасы бойынша да және халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтiн заңнамалар бойынша да бiрлескен өмiр кезiнде жиналған мүлiк ортақ меншiк болып табылады. Әдетте, отбасындағы мүлiк ерлi-зайыптылардың екеуiнiң еңбегiнiң нәтижесiнен жиналады. Кейде зайыбы жұмыс iстемеуi, үй шаруасында және бала тәрбие-сiмен айналысуы мүмкiн. Әрине, егер отбасында мүлiктiң кiмдiкi екендiгi туралы дау туған жағдайда, олар мүлiктiң тағдырын шешу жөнiндегi өтiнiшпен сотқа жүгiне алады. Сот мүлiктiң пайда болуына қатысты барлық мән-жайды ескере отырып, мәселенi әдiлеттi шешуi тиiс. Сот ерлi-зайыптылардың тәртiп жағдайын (екеуi де өмiр салтын ұстана ма немесе бiр жағымсыз қылықтарға бой ұрған ба, iшiмдiкке салынған емес пе т.б.), бiр-бiрiне деген, балаларына деген қатынасын ескередi. Ортақ мүлiктегi кейбiр заттар (пәтер, машина т.б.) ерлi-зайыптылардың бiрiнiң атына жазылады. Тiптi осындай жағдайдың өзiнде де ол ортақ мүлiк болып табылады. Сондықтан ерлi-зайыптылардың бiрi екiншiсiнiң келiсiмiнсiз ол заттарды сатуға, алмастыруға, сыйлауға және мұраға қалдыруға құқығы жоқ. Ерлi-за-йыптылар ортақ мүлiк тағдырын өзара келiсiп шешуi тиiс.
Өз мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзi жеке жауап бередi. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi қылмыс жасаудың нәтижесiнде басқаның мүлкiн бүлдiрсе, ол өзiнiң жеке мүлкiмен жауап бередi, ал егер ол жетпесе, онда ортақ мүлiктегi аз үлесiнен төлейдi. Егер жалпы ортақ мүлiк жасалған қылмыстың нәтижесiнде пайда болса немесе көбейсе, онда екiншiсiне келтiрiлген зиянның орны жалпы мүлiк есебiнен толтырылады. Әрине бұл мәселелердiң бәрi осы iске қатысты барлық деректер жан-жақты тексерiлуi негiзiнде сот арқылы шешiледi.
Айтылғандардан көргендей, ерлi-зайыптылар арасындағы қатынас жалпыға мәлiм моральдық нормаларға ғана емес, заң нормаларына да орай құрылады. Дау туған жағдайда, мүлiктiң тағдырын сот шешедi, сот алдында олардың құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ жауаптылығы да бiрдей болады.
Жалпы, бұл мәселе бойынша арнайы ережелер құқықтық көмек туралы арнайы келiсiмдерде болуы мүмкiн. Мысалы, Венгрия, Болгария және Польшамен жасалған келiсiмдерге сәйкес егер ерлi-зайыптылар бiр мемлекет азаматы бола тұрып, басқа мемлекеттiң аумағында тұрып жататын болса, онда ол қатынастарда олардың тұрып жатқан мемлекетiнiң заңы қолданылады. Мұндай шарттар, сонымен қатар, мұндай азаматтардың бөлек мемлекеттерде тұратын кездегi қатынастарын да реттейдi. Егер, Қазақстан Республикасы азаматы – Ресейде тұрып, ал оның зайыбы – Польшада тұратын болса, онда олардың арасындағы некелiк қатынастар олардың азаматтығына сәйкес шешiледi.
Бiрақ, сонымен қатар некедегiлер бiрдей азаматтықта да болмауы мүмкiн. Мысалы, Қазақстан Республикасындағы тұрып жатқан азамат Қазақстан Республикасы азаматы болып, оның зайыбы Ресейдiң азаматы бола отырып, Ресей Федерациясында тұрып жататын болса, онда бұл жағдайды өзара келiсiм реттеп отыр. Оған сәйкес, олардың қатынастары олар соңғы тұрған жердiң заңымен анықталуға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет