Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т



бет25/141
Дата21.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#35238
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   141
Байланысты:
Халықаралық жеке құқық лекция

Пысықтау сауалдары:


1. Қолданылатын құқықты анықтау барысында пайда болған мәселелерді қалай шешуге болады ?
2. Заң ұғымдарын саралаудың (құқықтық саралау) түсінігі, түрлері және мақсаты.
3.Қазақстан Республикасында және шет мемлекеттерде заңды айналып өтудің салдары қандай ?
4.ҚР АК-ға сәйкес қандай жағдайларда коллизиялық нормаларға, ал қандай жағдайларда материалдық нормаларға кері сілтеме жасалады?
5.Жария тәртіп туралы ескертпені қолдану себептері және оны қолдануды шектейтін факторлар.
6.ҚР заңнамасындағы кез келген императивті нормалар шетел құқығын қолдануды шектей ала ма?
7.Өзара түсіністіктің формальді және материалды түрлері заңнамада бекітілген бе?
4-тарау.


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ


§ 1. Халықаралық-құқықтық реттеудегі «жеке тұлға» түсінігі
Жеке тұлға ұғымын қарастырар алдында алғаш рет Рим құқығында пайда болған «тұлға» терминін талдап көрейік. Тұлға деп Рим құқығында жеке адамдар мен топтар, басқаша айтқанда заңды тұлғалар танылды.
Техникалық термин «тұлға» яғни persona (латын тілінен аударғанда-маска) құқық қабілеттілікті ерекшелендіру кезінде қолданылатын абсрактілі термин.
Тұлға және меншік-азаматтық құқықтағы белсенді және бәсең бастаулар.
Шынымен, сонау Рим заңгерлері біз қолданып жүрген барлық құқықтар тұлғаға қатысты ие болмаса меншікке қатысты пайда болады деп айтқан. Рим тұлғаны мәртебесіне сәйкес құқықтық жағдайын үшке бөліп қарастырады. Олар status liberitas адамның еркін болуы , status familiae басқа тұлғаның билігіне бағынбауы деген мәртебеге сәйкес тұлғаның құқықтық жағдайын анықтаған.
Рим құқығында да, феодализм кезіндегі цивилистикалық доктриналарда да, «құқық субъектісі» және «тұлға» терминдері сәйкес келмеген, себебі құлдар құқық субъектілігіне ие болмаған және jus civile құқығының да, jus gentium құқығының да субъектісі болып саналмады, ол жай ғана меншік ретінде қарастырылды.
Қазіргі азаматтық құқық адам құқықтарының теңдігін негізге ала отырып, мұндай айырымдарды білмейді бірақ тұлғаның азаматтығына, жасына, отбасылық жағдайына қарап ерекшелейді.
Жеке тұлғалардың құқықтық жағдайын, олардың нақты бір мемлекеттегі құқықтары мен міндеттерін анықтау үшін сол мемлекеттің ұлттық заңнамасы қолданылады. Мысалы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 12-бабына сәйкес жеке тұлға ұғымына Қазақстан Республикасы азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар жатады. Ал халықаралық жеке құқықта шетелдік азаматтарының азаматтық-құқықтық жағдайына (себебі олар біздің еліміздегі заңмен қатар, өз еліндегі құқықтары мен міндеттерін сақтайды), сонымен қатар азаматтығы жоқ және босқындарға басты назар аударылады. Ары қарай тұлғалардың нақты осы категорияларын шетелдіктер немесе шетелдік азаматтар деп қарастырамыз.
Халықаралық құқық ғылымында шетелдіктердің құқықтық жағдайын «шетелдіктер» категориясына қай тұлғалар кіретіні, «шетелдіктердің құқықтық режимінің» құрамын анықтау арқылы зерттейміз. Күнделікті өмірде шетелдік дегенде ойымызға басқа елден келген адам келеді, бірақ мұндай анықтама бұл терминнің заңды мағынасын ашпайды. Әр мемлекетте шетелдіктерді атауда әртүрлі термин қолданылады. Мысалы, «шетелдік», «шетел азаматы», «азаматтығы жоқ тұлға», «шетелдік тұлға». Осы терминдердің барлығы нақты сол мемлекеттің азаматығына ие емес тұлғаларға қолданылады.
«Шетелдіктер» термині заңнамаларда жеке тұлға категориясын анықтайтын термин, сондықтан бұл категорияға заңды тұлғалар кірмейді. Ұзақ уақыт бойы халықаралық-құқық құжаттарында жеке тұлғаның құқықтық жағдайына тікелей немесе жанама қатысы бар құжаттарда «шетелдік» терминіне ешқандай анықтама берілмеген еді. Тек 1972 жылы қабылдаушы мемлекетінің азаматы болып табылмайтын тұлғалардың құқықтық жағдайы туралы Декларациясының жобасында «азаматы емес» деген терминді енгізуге талпыныс жасалды, нәтижесінде «шетелдіктер» терминімен ауыстырылды. Соңғы ресми басылымда бұл терминге мынадай анықтама берілді. «Шетелдік» – бұл өзі тұрып жатқан мемлекет азаматы болып табылмайтын тұлғалардың барлығы «шетелдіктер» деп аталады. Бұл анықтамаға сәйкес «шетелдіктер» категориясына басқа елдің азаматтары да, азаматтығы жоқ тұлғалар да, босқындар, саяси эмигранттар да кіреді.
Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы адам құқықтары жөніндегі Декларациясында «азаматы емес» деген термин ұсынылды. Бірақ бұл термин көп сынға алынып «шетелдік» термині қолданылды. Себебі осы термин бүкіл ішкі заңнамалардың талабына сай келеді.
Алайда Испанияда «азаматы емес» деген термин барлық шетелдік тұлғаларға, азаматтығы жоқтарға қолданылады.
Қазақстанда 1977 жылға дейін «шетелдіктер» термині қолданылмаған. Енді бұл термин ішіне шетел азаматтары да, азаматтығы жоқ тұлғалар да кіретін болды, бірақ бұл нақтылық азаматтардың құқықтық мәртебесін теңестіру үшін қолданылмайды. Егер 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясымен Заңды күші бар «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы» туралы Президенттің I Жарлығына анализ беретін болсақ (2007ж.кейіннен Заң), Конституцияда «шетелдік» және «азаматтығы жоқ тұлға» термині қолданылған, бұл шетелдік термині шетелдік азамат терминімен бір, ал I Жарлыққа сәйкес «шетелдік азаматтар» және «азаматтығы жоқ тұлғалар» терминдері қолданылған. Бәлкім бұл азаматтығы жоқ тұлғалардың мәртебесінің ерекше болуынан шығар, бірақ Конституция мен I Жарғы сәйкес келмеді. Кейіннен «шетел азаматтары» термині басқа «шетелдіктер» терминге ауысты.Сонымен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайыда осы нормалар қолданылады. Заңның 3 бабы Қазақстан Республикасы шетелдіктердің құқықтық жағдайының қағидаларын бекітеді. Олардың біреуі Конституцияның 12 бабында көрсетілген ұлттық режим қағидасы. «Шетелдіктер» мен «азаматтығы жоқ адамдар» Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады. Ал жарғыда шетелдіктер құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматтарының құқытарымен салыстырмағандықтан жарғының 3 бабы мағынасын жоғалтады. Екінші қағида – ешқандай дискриминациясыз шетелдіктердің заң алдында теңдігі. Бұл жерде дискриминация жасалудың тізімі берілген, тізімге кірмейтін себептер болса дискриминация жасалына алады деген мағына ма, белгісіз. Үшінші қағида-құқықтар мен міндеттердің бөлінбеуі, тұтастығы. Міндеттердің орындалмауы адамның құқықтарынан айырмайды. Сонымен қатар жарғыда шетелдіктердің халықаралық құқықпен қорғалатын ерекше құқықтары аталмай кеткен. Мысалы, ана тілін сақтау, кез-келген уақытта дипломатиялық өкілдермен байланысу құқытары айтылмаған.
Азаматтығы жоқ тұлғалар бір ғана мемлекет заңына бағынады, оларға реторсия қолданылмайды. Себебі реторсия жауапты шара ретінде белгілі бір мемлекет азаматтарына қолданылады. Азаматтығы жоқ тұлғаның азаматтық әрекет қабілеттілігі оның жеке заңымен анықталады. Азаматтығы жоқ тұлғаларға қарағанда, шетелдік азаматтар өз елінің тарапынан дипломитиялық қорғау құқығы болады, олар екі заңға бағынады. Олардың әрекет қабілеттілігі қай елдің азаматы болса сол елдің заңымен анықталады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шетелдік азаматтар келесі белгілері бойынша бөлінеді.
1. Қазақстан Республикасының «шетелдіктердің құқықтық жағдайы» туралы Заңында шетелдіктердің 2 категориясы анықталған: Қазақстан Республикасына тұрақты және уақытша келгендер. Бұл байланыс уақытпен анықталмайды, біздің елмен шетел арасындағы құқықтық байланыстың тығыздылығымен анықталады. Осыған орай Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүретін шетелдік азамат, уақытша келген азаматқа қарағанда көбірек құқықтар мен міндеттерге ие болады. Олар тұрғын үй, баспана иемденуге құқылы.
2. Қазақстан Республикасының юрисдикциясына бағыну дәрежесіне сәйкес барлық шетелдіктерді 2 топқа бөлуге болады:
а. Қазақстан Республикасының юрисдикциясына толық немесе жартылай бағынатын шетелдіктер (жұмысшылар, туристтер, студенттер).
ә. Қазақстан Республикасының юрисдикциясынан босатылған шетелдіктер (дипломаттар, мемлекет басшылары, т.б.)
Басқа елдерде шетелдіктер сол мемлекетте тұрған уақытына қарай, келу мақсатына қарай топтарға бөлінеді. Мысалы, Эстонияда 1993 жылы «Шетелдіктер» туралы заңына сәйкес «құқық мирасқор азаматтар», «натурализацияланған азаматтар», «азаматтар емес», «Эстонияда тұратын басқа елдің азаматтары» деп категорияларға бөлінеді.
Осы, мысалда байқалғандай шетелдіктердің құқықтық жағдайын мемлекеттің ішкі (ұлттық) заңымен бекітеді. Мемлекет шетелдіктердің құқықтары мен міндеттерінің көлемін өзі шешеді, бірақ мұны осы салада мемлекеттің шексіз билігі бар деп түсінуге болмайды. Шетелдіктердің құқықтық жағдайын бекіткенде мемлекет халықаралық негізгі қағидаларын, өзі мүшесі болып табылатын халықаралық шарттарын ұстануы керек.
Біздің ойымызша «шетелдік» ол кез-келген қабылдаушы мемлеттің азаматы болып табылмайтын басқа елдің азаматы, жергілікті юрисдикциядан иммунитеті бар азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет