Қазақстан Республикасының АК 1091-бабында императивтік нормалардың қолдану шегі көрсетіп өтілген. Онда норманың өзінде көрсетілуі салдарынан немесе азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүделерін қамтамасыз ету үшін олардың ерекше маңызы болуына байланысты, қолданылуға тиісті құқыққа қарамастан, Қазақстан Республикасы заңдарының тиісті қатынастарды реттейтін императивтік нормалардың қолданылуына бұл бөлім ережелерінің қатысы болмайды делінген.
Осы бөлімнің ережелеріне сәйкес, қандай да болсын бір елдің құқығын қолданған кезде сот, егер сол басқа елдің құқығына сәйкес мұндай нормалар, қолданылуға тиісті құқыққа қарамастан, тиісті қатынастарды реттеуге тиіс болса, басқа ел құқықтарының қатынаспен тығыз байланысы бар императивтік нормаларын қолдана алады. Бұл орайда сот мұндай нормалардың мақсаты мен сипатын, сондай-ақ оларды қолданудың салдарын назарға алуы тиіс.
Императивтік нормалардың міндетті жүктемелі күші болғандықтан ол әр түрлі тәсілдермен және де түрлі жолдармен қолданылады, сол үшін ол көптеген қарама қайшылықтар туғызады. Бір жағдайларда ол коллизиялық ережелердің мазмұнын анықтауға қызмет етеді, ал басқа жағдайларда ол оның толық және дәл қолданылуына бағытталған, ондай жағдайларда ол оның іс-әрекетін болғызбайды немесе шектейді. Императивтік нормалардың қандай жағдайларда қолданылатын мысалдар келтірейік:
Материалды құқықты тәжірибелі қолдану қарама-қайшылықтар туғызатын жағдайларға соқпас үшін шетелдік тәсілдерді мүлдем пайдаланбай сот кері сілтемені жасап өзіміздің отандық материалды құқықты қолдану керек.
Тараптардың бастама бостандығы міндетті түрде шектеледі. Мысалы: тараптардың жеке заңдарының келісімшарт нысанының мәселесі басқа да коллизиялық ережелердің іс-әрекетіне бағынады.
Жария тәртіп туралы ескерту шетел құқығын қолдануды жоққа шығарады егер оның қолдануы Қазақстан құқығының негіздеріне қайшы келсе.
Егер мемлекеттің құқығына сілтеме жасарда Қазақстан құқықтық субъектілеріне, қазақстан заттарына қатысты дискриминациялық шаралар енгізілсе, жауапты шектеулер (реторсия) отандық коллизиялық нормалардың қолданылуына шектеулер болуы мүмкін.
Осы жоғарыда келтірілген коллизиялық нормалардың іс-әрекетін шектеу тәсілдері өзінің қолдану шегі бар. Осы әдістерден тыс сот елінің құқығының «императивтан тыс» деп аталатын әдіс бар, өйткені ол қазақстан заңнамаларының «құқықтық негіз» ретінде жария тәртіп түсінігіне сәйкес келмейді. Сонымен қатар осындай нормалар тараптардың автономиялық еркіндігінің бастамасын және басқа да коллизиялық ережелердің іс-әрекетін шектеуге мүмкіндігі бар.
Соңғы он жылдықта материалдық құқықтағы императивті норманың және коллизияның әрекеттестігі туралы мәселелер теориялық іздеулер аумағынан практикалық аумаққа өтті. Материалды құқықтық белгілерінің императивке қатысты коллизиялық нормалардың приоритеті бар ма? Көптеген елдердің докторинасы да, практикасы да «императивтан тыс» норманың бар екендігіне ортақ бір ойға келді.
Өз-өзінен коллизиялық нормалар және материалды құқықтың императивті нормасы жаңа болмағандықтан проблема болып отыр, егер коллизиялық ережелердің функциясын шектемейтін ішкі азаматтық құқықтың аманаты болып түсіндірілсе.
Л. А. Лунцтың белгілеуі бойынша «коллизиялық норманың шетел құқығына сілтеме жасалған. Әдетте осы қатынасты қолданудың тек қана диспозитивті нормасын диспозитивті емес сонымен қатар» отандық құқықтың аманаты нормасын жоққа шығарады делінген. Сонымен қатар көптеген материалды нормалардың реттері бар. Яғни олардың осы шетел құқықтық қатынастарына коллизиялық жалғаулар шектелмейді немесе алынып тасталуы мүмкін емес. Л. А. Лунцтың ойынша жария тәртіптегі норма сияқты осы норманың квалификациясы бір ортақ іс – әрекетке әкеледі және осы екі көзқарас бірдей.
Халықаралық құқықтың өрістегі «императивте тыс» норма мәселесінің нормативті шешімдеріне қызығушылық 1985 жылы Гааго конвенциясының құқық туралы яғни жеке меншікке сенімге қатысты қолданылатын және оны мойындау өз жолын тапты.
Халықаралық келісімшартта қолданылатын заттарды сату және сатып алу құқық туралы Гаага конвенциясына сәйкес 1986 ж. оның нормасы келісімшартпен реттелетін құқыққа тәуелсіз қолданылуға тиіс сот елінің заңының қолданылуына кедергі жасалмайды.
Келісімшарт міндеттемелерінің коллизиялық мәселелерін шешу барысындағы императивті нормалардың қолдануға байланысты ережелер сонымен қатар 1994 жылы Халықаралық шарттарда қолданылатын құқық туралы Американаралық конвенцияда көрсетілген.
Шетел құқықтық нормасына қатысты императивті норманың ұлттық құқыққа приоритеті ГФР және Швейцарияның халықаралық жеке құқық заңдарында көрсетілген. Егер ГФР-дің заңы 1980 жылғы. конвенцияға сәйкес келісімшарт құқығы нормасымен шектесе онда Швейцария заңдарында императивті норма туралы ережелерінде заңның жалпы бөлімінде енгізілген сонымен қатар оның қолданылуы өте кең.
Квебек провинциясының Азаматтық кодексінің 3076 бабына сәйкес халықаралық жеке құқық мәселелеріне қатысты 10 кітаптың мазмұнындағы норманың қолданылуы осы провинцияның территориясында іс-әрекет ететін құқықтық нормаға қайшы келмеуі тиіс.
Отандық доктринадағы халықаралық жеке құқықтың императивтік норманың мағынасын терең зерттегендердің бірі ол Садиков О. Н. Оның айтуынша ұлттық норманың қатаң міндетті түрде топқа бөлінуі өзінің жақсы жақтары да бар делінген. Ол ұлттық мүденің елеулі әлеуметті қорғалуы және тараптардың келісім шарттағы әлсіздерді қорғауға күшін салу керектігін көрсетті. Осы іс-әрекеттің әлсіз жақтарын О. Н. Садиков автономиялық еркіндік шегінің шектеулігін және көптеген халықаралық шаруашылық байланыстың режимінің қиындылығын кінәлайды.
ТМД елдеріне арналған азаматтық кодекстің моделінің VII бөлігіндегі императивті нормаларды қолдану туралы ережелер көбінесе Рим конвенциясының 7-бабының жағдайына негізделіп келеді. Бірақ та осы ережелерде көрсетілген кодекстің 1201-бабында келісім шарт қатынастарын қолдану өрісі мен шектеліп қоймайды:
Осы бөлімнің негізгі ережелерінде қолдануға жататын құқыққа тәуелсіз белгілі бір қатынастарды реттеуге императивті норма құқығының іс-әрекеті қозғалмайды.
Осы бөлімнің ережелеріне сәйкес кез-келген бір елдің қолданар кезде сот осы қатынастармен тығыз байланысы бар басқа елдің императивті нормасын пайдалануы мүмкін, егер ол осы елдің құқығына сәйкес осы құқықтың қолдануының жатуына тәуелсіз осы қатынастың белгілі бір нормаларымен реттелуі тиіс. Сонымен қатар сот осы нормалардың бағытын және характерін сонымен қатар олардың қолдану шегін басшылыққа алу керек.
Ресей құқығындағы отандық коллизиялық норманың іс-әрекетін жоққа шығарушы және де соның негізіндегі шетел құқығының қолдануы жайлы «императивтан тыс» норма мәселесі дискуссионды болып қалып отыр. Халықаралық қарым-қатынастың бастамасы болып жеке құқықтағы кез-келген норманы талқылаушылық «өз құқығы» императивті нормасының іс-әрекетін шектеуші ретінде қарама-қайшы болып келетін еді. Осындай бастама шетел құқығының әркетінен пайда болатын субъективті құқықты қорғау мүмкіндігін жоққа шығарар еді.
Барлығы болмаса да императивті нормалардың қайсысы шетел құқығын айналып өтуге мүмкіндігі бар ма? және коллизиялық нормаға негізделген ба? Бұл мәселені императивті норманы жалпы азаматтық құқық пен бөліп қарастыру оңай іс емес екендігіне қиындалып отыр. Диспозивті және императивті норманы жария нормасының енгізілуін шектеу осы нормалар қолданылады, егер басқа да келісім шарттарда өзгеше нәрсе көрсетілмесе. С. А. Хахловтың ойынша диспозивті норманы бөлу техникасын қабылдау ол императивті презумпциясына негізделеді. Егер ол диспозивті презумпциясына қайшы келмесе. Ал императивті презумпциясы автоматты түрде келісім шарт қатынастарының регламентациясын күшейтуде туғызса, егер ол арнайы қабылданған азаматтық заңнамасында көрсетілсе.
«Императивте тыс нормаға» қысқаша мінездемені келесі мәліметтер толықтыруы мүмкін:
Норманың қайнар көзі – Lex fori, lex causae немесе үшінші елдің құқығы;
Құқықтық табиғат – жеке және жария құқықтың «шекарасы»; жеке құқықтың нормасы жария құқықтық бастаманың жалғастырушысы болып табылады; жария құқықтың нормасы жеке құқықтық қатынастың ықпал етушісі;
«Императивте тыс норманы» қолдану коллизиялық норманы қолдануға әкеп соғады.