Отырықшылық теориясы немесе «тиімді орналасу жері» теориясы. Осы теорияға сәйкес, заңды тұлғаның (компания, корпорация, құқықсубъектілі серіктестік) жеке статуты болып оның орталық басқаруының (директорлар кеңесі, басқару және т.б. атқару мен бұйрық беру органдары) орналасқан жері болады.
Доктринада осындай заңды тұлғаның әрекет белсенділігі жүзеге асатын жердің маңызы жоқ деген көзқарас бар. Осы критерийді қолданатын елдер қатарына Франция, Испания, Бельгия, Люксембург, ФРГ, Украина, Польша және Еуропалық одақтың басқа да елдері жатады. Аталған белгі жарғыда бекітіледі, сондықтан осыны басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның қандай құқықтық әртіпке жататындығын анықтауға болады. Бірақ дәл осыны инкорпорация критерийіне байланысты да айтуға болады, себебі заңды тұлғаларды, компанияларды, корпорацияларды мемлекеттің тізіліміне енгізгенде оларға осы мемлекеттің заңды тұлғасы деген куәлік беріледі.
Бірақ инкорпорация доктринасын қолданатын елдер, сонымен бірге заңды тұлғаның жеке заңын анықтау үшін отырықшылық доктринасын пайдаланады. Мысалы, Қазақстан Республикасының АК 39-бабының 1 тармағында бекітілген: «Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер, оның тұрған жері болып табылады». 4 Қызмет ету доктринасы. Заңды тұлғаның жеке статутын анықтаудың тағы бір критерийі ретінде, оның негізгі қызмет жүргізу белгісі жатады. Заңды тұлғаның жеке заңы болып, оның өндірістік қызметі өтетін жер болып табылады. Бұл критерийді қолдану дамушы елдердің тәжірибесінде көптеп кездеседі, себебі олар осы мемлекеттің аумағында іскерлік операцияларды жүргізетін барлық заңды тұлғаларды «өзінікі» деп санайды. Мұның саяси, құқықтық, экономикалық сипаты бар. Тек дамушы елдер ғана, ұлттық шаруашылықты дамыту үшін шетелдік капиталды тартуға мүдделі болып келеді. Сол себептен дамушы елдер ұлттық ұйымдастырушылық-құқықты нысанға айналдырады. Басқа жағынан, шетелдік контрагенттер үшін жоғары пайда табушылықтан оларың келулері түсінікті де. Осындай заңды тұлғаларға қабылдаушы мемлекетпен қадағалауды қамтамассыз етуде, олардың осы байламды пайдаланулары жатады. Осының нәтижесінде «дамушы» деп аталынатын көптеген елдер, өздерінің корпоративтік құқыққа арналған арнайы актілерінде осы қағиданы бекіткен.
Индияның 1956 жылғы компаниялар туралы заңының “шетелдік компанияларға” арналған арнайы тарауында айтылады: шетел елінің заңдарымен сәйкес бекітілген компания «Индияда бизнесті жүзеге асыратын шетелдік компания» ретінде Индия Республикасында тіркеліне алады.
Германия заңды тұлғаның жеке статутын анықтаудың «отырықшылық» критерийін қолданатын және «қызмет ету» критерийін ескермейтін ел ретінде белгілі. Осылай 1897 жылғы Герман сауда ережесінің бірінші кітабының екінші тарауының екінші параграфында:… арыздар үшін, қолтаңба үлгілері, құжат беру мен тіркеу үшін, егер шетел құқығы басқаны талап етпесе, бас бөлімнің немесе қоғамның орналасқан бөлімдеріне қатысты нұсқауларды орындайды. Сондай-ақ, Герман азаматтық ереженің бірінші кітабының бірінші тарауының 24 параграфында: «одақтың орналасу жері (азаматтар одағы – заңды тұлғалар), басқаша белгіленбесе, оның басқаруы орналасқан жері болып табылады. ФРГ-ның 1965 жылғы “Акционерлік қоғамдар” туралы заңының 5 § сәйкес: қоғамның орналасу жері оның жарғысымен анықталады. Орналасу жері ретінде, жарғыда қоғамның кәсіпорын орналасқан жері немесе қоғамның басқаруы орналасқан жері көрсетіледі.
Қоғамның орналасу жерін анықтауда, құқықтық дауларды шешкенде үлкен маңызы бар, заңи актіде немесе шартта көрсетілмегенде міндеттемені орындау жерді анықтау үшін қолданылады. Инкорпорация қағидасын ұстанатын көптеген елдер корпорацияның (компания) жарғыда көрсетілген орналасу жерін, ол заңды тұлға құрылған елдің аумағында болуын талап етеді. Осылайша, инкорпорация теориясын қолданатын Жапония елінің Сауда кодексінде бекітілген: « Серіктестіктің заңды мекен-жайы, оның бас конторасының орналасқан жері болып саналады «(54-бап). « Серіктестік, оның бас конторасының орналасқан жері бойынша тіркелген сәттен бастап, бекітілген болып табылады» (57-бап).
Осыған байланысты халықаралық жеке құқықтың ғылымы мен тәжірибесінде шетелдік заңды тұлғаларға байланысты, «орналасу жері» терминіне әр түрлі түсінік беру проблемасы туындайды. Жалпы алғанда, формальді (статутарлы)- жарғыда көрсетілген отырықшылықты және нақты (тиімді) отырықшылықты көрсетеді. Екі категория арасында айырмашылық болмайды, егер заңды тұлғаның орналасқан жері жарғы бойынша және оның басқару органдарының нақты орналасуы бір мемлекеттің ішінде болса.