Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


«Коллизия ішіндегі коллизия» –



бет37/141
Дата21.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#35238
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   141
Байланысты:
Халықаралық жеке құқық лекция

«Коллизия ішіндегі коллизия» – халықаралық жеке құқықта бірдей нақты жағдайлардың әр түрлі құқықтық жүйедегі, әр түрлі реттеу жағдайын көрсету үшін қолданылатын түсінік. Коллизия ішіндегі коллизияның болуы, әр түрлі елдердің заңдарында көлемі бірдей, бірақ әр түрлі коллизиялық байламдары бар, коллизиялық нормалардың бар болуымен байланысты. Осылайша, мысалы, заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін белгілеуге құқықты таңдауды анықтағанда қолданылатын коллизиялық нормалар, барлық құқықтық жүйелерде бар деуге болады.
Коллизия ішіндегі коллизияның жағымды және жағымсыз түрлері бар. Жағымды коллизия – заңды тұлғаның екі мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми түрде заңды тұлға болуымен байланысты. Мысалы, Қазақстанда тіркеледі, ал Италияда жұмыс жасайды.
Жағымсыз коллизия- заң жүзінде екі мемлекетте де заңды тұлға болып есептелінбейді. Мысалы, Италияда тіркеледі, ал Қазақстанда жұмыс жасайды. Коллизия ішіндегі коллизия мәселесін шешу үшін, заңды тұлға қызметін нақты құқықтық жүйеге бағындыру нормалары бар халықаралық шарттарды жасасуды (салық салу, акцияларды тіркеу т.б. мәселелер бойынша) алдын алу басты мәселе болып табылады.


§ 2. Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы

Шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы, ішкі заңнамамен бірге Қазақстан Республикасынің басқа елдермен жасасқан халықаралық шарттардың ережелерінен тұрады. Қазақстан Республикасының басқа елдермен жасалған көтермелеу және инвестицияларды өзара қорғау туралы, сауда шарттары мен келісімдерінде заңды тұлғалар үшін жалпы режим қолданылады. Осы режим жағымды режим қағидасына немесе ұлттық режим қағидасына негізделеді. Мысал ретінде, Қазақстан Республикасының АҚШ-пен жасалған инвестицияларды қорғау туралы келісімнің 2 бабында бекітілген: « Тараптардың әрқайсысы қаржы жұмсалымы мен соған байланысты қызметті (жағымды негізде, осындай жағдайда) өз азаматтары мен компанияларына немесе басқа үшінші елдердің азаматтары мен компанияларына берілетін жағдайлар жағымды негізде қарастырылуы керек». Көріп отырғанымыздай, мұнда жағымды режим қағидасы көрініс табады.


Қазақстан Республикасы-мен ФРГ арасындағы инвестицияларды қорғау туралы келісімінде, ұлттық режим қағидасы. 3 бабында көрсетілген: «Келісуші тараптардың әрқайсысы өз аумағында басқа келісуші тараптың азаматтары мен компанияларының әсері негізінде немесе меншігінде болатын қаржы жұмсалымына қатысты режимді, өз азаматтары мен компанияларының немесе үшінші елдердің компаниялары мен азаматтарының қаржы жұмсалымына қатысты қойылатын режимінен жағымды болуы тиіс»6.
Жоғарыда айтылып өткендей, Қазақстан Республикасында инкорпорация доктринасы әрекет етеді, яғни заңды тұлға құрылған елдің құқығы осы заңды тұлғаның заңы болып табылады (Қазақстан Республикасы АК-нің 1100 бабы).
Заңды тұлғаның заңымен оның азаматтық құқық қабілеттілігі анықталады (Қазақстан Республикасы АК-нің 1101 бабы).
Жеке заңнан алынған бөлек жағдайлар Қазақстан Республикасы АК-нің 1101 бабының 2 тармағында бекітілген: « Шетелдік заңды тұлға өз органының немесе өкілінің мәміле жасауға өкілеттілігін шетелдік заңды тұлғаның органы немесе өкілі мәміле жасаған елдің құқығына белгісіз шектеуге сілтеме жасай алмайды». Мысалы, Грецияның азаматтығы бар заңды тұлғаның басшысы Қазақстанда мәміле жасайды, Грецияның заңнамасында заңды тұлға органдарының өкілеттілігінің нақты шектелінуіндегі мәміле жарамсыз деп көзделген. Бірақ мұндай шектеу Қазақстанда жоқ, сондықтан мәміле жарамды болып есептелінеді.
Бір істі арбитраждық талқылау барысында, мәмілені жарамсыз деп тануға байланысты дау туды. А. азаматы Кипрде тіркелген фирманың президенті және Канадада тіркелген басқа фирманың директорлар кеңесінің мүшесі болды. Ол Қазақстанда мәміле жасайды. А. азаматтың екі заңды тұлғаға байланысты құқық өкілеттілігін анықтауда қандай құқықты пайдалану сұрағы туындады.
Тәжірибе жүзінде, Қазақстан аумағында заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйымдардың өкілдіктерін тіркеу мәселесі туындаған. Батыста мұндай құрылымдар аз емес, мысалы толық серіктестіктер (partnership), олар заңды тұлға болып табылмайды, дегенмен азаматтық айналымда құқықтың толық субъектілері болады. Осындай қайшылықтарды жою үшін Қазақстан Республикасы АК-нің 1101 бабының 3 тармағында айтылған: «Шетел құқығы бойынша заңды тұлға болып табылмайтын шетел ұйымдарының азаматтық құқық қабілеттілігі ұйым құрылған елдің құқығы бойынша анықталады. Мұндай ұйымдардың қызметіне, егер Қазақстан Республикасы-ның құқығын қолдануға болса, осы Кодекстің ережелері қолданылады, егер Қазақстан Республикасы-ның заңдарынан немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамайтын болса, олар коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін реттейді»:
Шетелдік заңды тұлғалармен мемлекет аумағындағы шаруашылық қызметтің құқықтық нысандарына:

  1. коммерциялық шарттар жасау;

  2. филиалдар мен өкілдіктер арқылы;

  3. осы мемлекет аумағында заңды тұлғалар құру арқылы.

Коммерциялық шарттарды жасау, шаруашылық қызметті жүзеге асыратын мемлекет аумағында кез келген құрылымды құруды талап етпейді және заңды тұлғаларға қатысы жоқ. Мұнда негізінен шарттық реттеу және экспорт-импорт операциялары туралы заңнама қолданылады.
Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктердің қызметі бұрын 1994 ж. 27 желтоқсандағы «шетелдік инвестициялар туралы» заңымен реттелінген. Бұл заңда да азаматтық кодекстің ережелері қолданылған.
Заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып табылады (Қазақстан Республикасы АК-нің 43 бабының 1-тармағы).
Заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын, оның атынан мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі өкілдік болып табылады (Қазақстан Республикасы АК-нің 43 бабының 2-тармағы). Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болып табылмайды. Филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген жалпы негізде жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу Жарғысына сәйкес, Қазақстан Республикасы-ның аумағында орналасқан заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлға құқығын иемденбей-ақ есептік тіркеуге тұруы тиіс (Жарғының 3 бабы). Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуде филиалдар мен өкілдіктер туралы ереже мен оларды құрған заңды тұлғалардың тіркелген жарғылық құжаттары қажет (Жарғының 6 бабы).
Салық Кодексінің 177 бабының 1-тармағына сәйкес: «Қазақстан Республикасындағы резидент емес тұрақты мекеме болып, кәсіпкерлік қызметті толықтай немесе ішінара жүзеге асыратын тұрақты қызмет ету орны, соған қоса өкілеттігі бар тұлғалар арқылы жүзеге асыратын қызметте кіреді. Сондай-ақ:

  1. өндіріс, қайта өңдеу, орама, жеткізу, тауарларды өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген орын;

  2. қызметті жүзеге асыру мерзімінен тәуелсіз басқару, филиал, өкілдік, кабинет, офис, фабрика, цех, лаборатория, дүкен т.б. кез келген орын;

  3. қызметті жүзеге асыру мерзімінен тәуелсіз, табиғи ресурстарды, сонымен бірге көмірсутегі өндіретін орындарды қоса: шахта, мұнай немесе газ құбырлары т.б. қызметті орындау орындары;

  4. Ойын автоматтарының қызметімен, компьютерлік желі мен байланыс каналдарымен, аттракциондармен, көлік немесе басқа инфрақұрылыммен байланысты қызметті жүзеге асыру орындары жатады.

Салық кодексінің 177 бабының 3-тармағы резидент емес тұрақты мекеме құрудың басқа да жағдайлары көрсетілген (сақтандыру сыйлықақыларын жинау, Қазақстан Республикасы-ның аумағында қызмет көрсету, жай серіктестікте қатысу, көрмелер өткізу т.б.).
Шетелдік инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында заңды тұлғаларды құрумен байланысты түсініктер берілген. Заңның 1 бабында Мынадай түсініктер: «шетелдік заңды тұлға» – Қазақстан Республикасынің аумағынан тыс шетелдік мемлекеттің заңнамасымен сәйкес құрылған; «Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы»- Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасынің заңдарымен сәйкес құрылған заңды тұлға (сонымен бірге шетелдіктер қатысатын өнеркәсіптер). « Шетелдіктер қатысатын өнеркәсіп».
Қазақстан Республикасынің аумағында және оның заңдарымен сәйкес құрылған және шетел өнеркәсібі немесе біріккен өнеркәсіп нысанында қызмет ететін заңды тұлға. «Шетел өнеркәсібі» – Қазақстан Республикасының аумағында және оның заңдарымен сәйкес құрылған, толықтай шетелдік инвестордың қолында болатын шетелдік тұлғалары бар өнеркәсіп. « Біріккен өнеркәсіп» – Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкес құрылған, мүліктің бір бөлігі шетелдік инвестордың қолында болатын шетелдіктер қатысатын өнеркәсіп.
Осылайша, шетелдіктер қатысатын өнеркәсіп ұлттық заңды тұлға болып табылады және шетелдік өнеркәсіп пен біріккен өнеркәсіпке тектік ұғымда болады. 2003 ж. 8 қаңтар күні шетелдік “инвестиция туралы заңның” жойылуымен бұл түсініктер алынып тасталынды.
Қазақстан Республикасы АК-нің 1114 бабында Шетелдік заңды тұлғалар туралы айтылған. 2003 ж. 8 қаңтардағы “инвестициялар туралы” жаңа заңда Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы түсінігі қалды.
1996 ж. 24 желтоқсандағы “валюталық реттеу туралы” Заңының 1 бабының 5,6-тармақтарында бекітілген: резиденттер – тұрақты тұрғылықты жері Қазақстан Республикасында болатын, сонымен бірге уақытша шетелде болатын немесе Қазақстан Республикасынің аумағынан тыс мемлекеттік қызметте жүретін жеке тұлғалар болып табылады; Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкес құрылған, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктері бар барлық заңды тұлғалар; Қазақстан Республикасының аумағынан тыс Қазақстан Республикасы-ның дипломатиялық, сауда және ресми өкілдіктері. «Резидент еместер» – «резидент» түсінігінде көрсетілмеген барлық заңды тұлғалар, олардың өкілдіктері мен филиалдары және жеке тұлғалар.
Салық кодексінде резиденттердің басқа анықтамасы берілген. Салық кодексінің 176 бап 5 тармағы бекітілген: Осы кодекстің мақсаттарына сәйкес, Қазақстан Республикасы-нің резиденттері болып Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) тиімді басқару орны (нақты басқару орны) Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар болады. Тиімді басқару орны ретінде негізгі басқаруды жүзеге асыру орны және заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін орындау үшін қажет коммерциялық шешімдер қабылдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет