Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


§4 Шетел инвестициясын реттеу мәселесі



бет50/141
Дата21.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#35238
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   141
Байланысты:
Халықаралық жеке құқық лекция

§4 Шетел инвестициясын реттеу мәселесі

Халықаралық жеке құқық бойынша оқу курсының шеңберінде меншік мәселесін қарастыру әрқашан шетел инвестициясын реттеуге арналған арнайы бөлімді қамтиды. Шетелдік инвестициялар меншіктің бір түрі болып табылады, яғни меншікке қатысты қарастырылған коллизиялық мәселелер осы шетелдік инвестицияларға қарасты.


Шетелдік инвестицияларды халықаралық-құқықтық реттеу ХІХ ғасырдың аяғында пайда болды. Шетелдік инвестицияларды реттеуде халықаралық сауда келісімдерінің нормалары қолданды, сәйкесінше шетел капиталын инвестілеу саласындағы мемлекетаралық қатынастарды реттеудің формасы сауда туралы екі жақты қатынас келісімдері болды. ХХ ғасырдың ортасынан бастап, АҚШ және өзге капитал экспорттаушы елдер арнайы халықаралық келісімдер жасады .
60-90 жылдары инвестициялық қатынасты екі жақты реттеудің екі негізгі бағытын бөліп айтуға болады: АҚШ инвестициялар кепілдері туралы келісім жасауы; Германия-шетелдік инвестицияларды қорғау туралы келісім.Егер бірінші аталған келісім қысқарған болса, екіншісі сөйлесу сатыларымен құжатталады. Бұл келісімдер арнайы мемлекетаралық келісімдерді білдіреді. 1980 жылдың сонында екі тарапты инвестициялық келісімдер181 болса, 1999 жылдың соңында 1856 жетті. (1998 жылы қол қойылған 170 келісімнің 40 пайызын дамыған елдердің арасындағы келісімін құрайды).
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған сәттен инвестицияларды қорғау туралы екі тарапты келісімдерді жасау процессіне кірді. Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы капиталсалымын өзара қорғау туралы келісім, Қазақстан Республикасы мен Туркия Республикасы арасындағы инвестицияны қорғау және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасында инвестицияларды өзара қорғау, Қазақстан Республикасы мен литва Республикасы Үкіметі арасында келісім-шарт жасалды. Кішігірім құлдыраудан соң халықаралық келісімдер ратификациясы 90 жылдың аяғында жанжанды. 1995 жылы Украина Үкіметімен, Испания Корольдігімен, Монголия Үкіметімен,Венгрия Республикасы Үкіметімен, Польша Республикасымен, Италия Республикасы Үкіметімен,Египет Республикасының Араб Үкіметінмен, 1996 жылы Иран Республикасының Ислам Үкіметімен, Израил Мемлекеті Үкіметімен, Румыния Үкіметімен, Ұлыбританияның Солтүстік корольдігі Үкіметімен, Корей Республикасы Үкіметімен,1997 жылы Чех Республикасымен, Малазия Үкіметімен, Қырғыз Республикасы Үкіметімен, Финляндия Республикасы Үкіметімен, Грузия Үкіметімен, 1998 жылы Индия Республикасы Үкіметімен, Швейцария Федералдық Одағымен, Ресей Федерациясы Үкіметімен, 1999 жылы Бельгия–Люксембург экономикалық Одағымен, 2000 жылы Француз Республикасы Үкіметімен және Кувейт Мемлекетімен, 2001 жылы Болгария Республикасы Үкіметімен келісімдер бекітілді. Осымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметі Өзбекстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында инвестицияларды өзара қорғау; Қазақстан Республикасы Үкіметі және Сауд Арабиясы корольдігі Үкіметі арасындағы генералды келісімді бекітті.
Д.К. Лабин екі жақты келісімдер капитал айналымын қорғау туралы екі жақты келісім-шарт болып аталды. Бірінші орынға инвестицияларды қолдау, кейін оны қорғау қойылды. М.Богусловский кез–келген келісімнің мақсаты- қолайлы инвестициялық климат құру жолымен өзара капитал айналымын жүргізуді қолдау.
Қазақстан Республикасының инвестицияларды қолдау және қорғау туралы келісімдерінде екі режим: қолайлы немесе ұлттық режим жүргізіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының ҚР инвестициялық заңдылығын дамытудың үшінші сатысының басты ерекшелігі инвестциялық заңдылық арнаулы заң актілерінің негізгі блогына енгізілгені шетелдік инвестициялар туралы заңнама тікелей инвестициялар және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнама.
Қазақстан Республикасының «Шетелдік инвестициялар туралы» Заңының жобасы ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы №1322 қаулысымен ҚР Парламенті мәжілісінің 2003 жылғы 8 қаңтардағы «Инвестициялар туралы» Заңына сәйкес шетел инвестицияларын құқықтық реттеу ерекшеліктерін сақтап қалды. 1-бапта «шетелдік инвестор», «шетелдік заңды тұлға», «шетелдік қатысуымен ұйым» атаулары инвестциялар туралы заңда көрініс тапқан. Заң жобасының 9 бабынан шетелдік инспекторлардың ҚР Мемлекеттік органдардың арасындағы дауларға қатысу ережелері алынып тасталды. «Шетелдік инвестициялардың құқықтық режимінің ерекшеліктерін заң жобасының мәтінінен 10-бабы толық алынып тасталды. Бұл бап күшін жойған шетелдік инвестициялар туралы заңның 4-бабына сәйкес болатын. Заң жобасының 23-бабы «Өтпелі ережелер» атауы мен аталып, бірінші редакцияда 7 пунктен тұрды. «Инвестициялар туралы» Заңда ұзақ мерзімді (10 жылдан жоғары) келісімдер мен 10 жылға дейін жасалған келісімдердің айырмашылығы көрсетілмеді. Жалпы, заңның барлық мәтінінде «шетелдік инвесторлар» және «Шетелдік инвестициялар» терминдер қолданылмайды. Шетелдік және ұлттық инвестициялар құқықтық режиммен ерекшеленбеген. Күші жойылған шетелдік инвестициялар туралы заң мен инвестициялар туралы жаңа заң ережесін салыстырсақ, шетелдік инвесторлардың құқықтық мәртебесін инвесторлардың мәртебесінен ерекшелігін байқауға болады.Мысалы, мемлекеттік тексеруде жеке меншік және пайдалану кепілдерін белгілейтін амалдар толық қысқартылған.
Инвестициялар туралы заң инвестицямен байланысты қатынастарды реттейтін нормаларды біріктірді. Оның ішінде ҚР аумағында инвесторлардың қызметін құқықтық қорғау кепілдері; табыстарды қолдану кепілдері; инвесторлардың құқықтарының кепілдері. Бастапқыда заң жобасында өкілетті органдардың тексеру жүргізуіндегі кепілдер қаралды. Мемлекеттік органдар инвесторлар қызметіне бақылауды заң актілерімен жүргізеді. Коммерциялық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру қатынастары бүгінгі таңда азаматтық заңмен және арнайы нормативтік актілермен реттеледі, капиталды коммерциялық емес ұйымдарға салумен байланысты қоғамдар нақты заңды бекітіле алмады.
Екіншіден, заңда инвестицияларды белгілеу жетілдірілуі керек. Капитал құратын және интеллектуалды инвестициялар инвестциялау туралы заңның реттеу саласында кәсіпкерлік саласына қолданылатын заңды тұлғалардың жарлығыларының активтеріне енгізіледі деп айтуға болады.
Үшіншіден, заң жобасының 3 бабындағы «кәсіпкерлік қызметінің объектілері» атауы «инвестициялық қызмет объектілері» атауына өзгертілді, бірақ мазмұны бойынша бұл ереже өзгермеді. Инвестициялар туралы заңның 3-бабында инвесторлар инвестициялар кәсіпкерлік қызметтің кез келген объектілері мен түрін, жүргізуге құқын бар екені айтылған. Алайда, мұндай құрылым тура болмай бермейді, себеі кәсіпкерлік және инвестициялық қызмет азмұны жағынан сәйкес келе бермейді. Бұл баптың мазмұнын талдау кәсіпкерлік қызметтен басқа өзге қызмет түрлері жөнінде сөз болатынын білуге болады.
Төртіншіден, заңда күшін жойған шетелдік инвестициялар мен тікелей инвестициялар бойынша қалыптасатын қатынастар инвестициялық қатынастардың барлығын қамтымайды. Заңның бұл бабында инвестициялық қатынастардың қандай түрлері осы заңның актілерімен реттелетіні түсініксіз болып қалған.
Бесіншіден, инвестициялар туралы заңның 9 бабымен белгіленген инвестициялық даулардың тобы айтылған: инвестициялық даулар (инвесторлар мен инвестордың инвестициялық қызметімен байланысты мемлекеттік органдар арасындағы даулар) және инвестициялық дау санатына жатпайтын даулар. Талданған баптың мазмұнынан инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы даулар инвестициялық дауға жататынын, қалған инвестордың даулар инвестициялық болып табылмайды және ҚР заңнамасына сәйкес шешіледі. Шетелдік инвесторлардың инвестициялық дауларына қатысты ешқандай көрсетілмеген.
Қорытындысында, ұлттық инвесторлардың құқықтық мәртебесін шетелдік инвесторлар деңгейіне жеткізу үшін, шетелдік инвесторлардың құқықтық мәртебесі ұлттық инвесторлардың құқықтас мәртебесіне теңелген. Сәйкесінше, республикада инвестициялық қызмет жүргізу үшін тең жағдайлар жасауда ешкім ұтпайды. Ұлттық инвесторлар құқықтық мәртебесі өзгермегендіктен, шетелдік инвесторлар олардың құқықтық ережесі нашарлағандықтан республикада инвестициялық қызмет жүргізу үшін тең жағдай жасалмаған.
Жалпы аталған өзгерістер мен толықтырулар инвесторлар тарапынан инвестициялық преференциялар беру туралы келісімдердің шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталды. Бір жағынан, инвесторлар үшін жаңа әкімшілік тосқауылдар қойылғаны таңданыс тудырса, екінші жағынан заң шығарушының инвестициялық қатынастарды реттеуге ұмтылысын қолдамасқа болмайды. Осы заң актісінің қабылдануымен проблемалардың шағын бөлігі көтерілгенін инвестциялар туралы заң одан әрі жетілдірілуі керектігін атап айту керек.
Осы мерзімді шетелдік және ұлттық инвесторлардың тең мүмкіндіктерінің сатысы деп көрсетуге болады. Бұл жағдайда тұрақты экономикалық дамуды жалпы мемлекеттік мүдделер мен ұлттық мүдделердің оптимальді үйлесуінсіз қамтамасыз ету мүмкін еместігін ұмытпау керек. Шетелдік және ұлттық инвестициялардың құқықтық режимінің заңды бекітілуін сақтау қиын болады.
Жаңа заңнан шетелдік инвестицияларға арналған нормаларды толық алып тасталуына қарамай, оларды реттеудегі жекелеген ерекшеліктер шетелдік инвесторлармен келісім мерзімінің аяқталуына дейін қалып қояды. Шетелдік және ұлттық инвестициялардың толық теңдігі туралы әлі айтуға ерте, бірақ бірыңғай құқықтық режим үшін заң негіздері кірістірілген. Осы кезеңде инвестиция туралы заң ядро болып табылатын толық қалыптасты.
Инвестициялық заңнаманың заң саласы ретінде қалыптасуы құқық жүйесінің жағдайына сөзсіз әсер етеді. Заңнаманың жаңа саласының пайда болуы құқық жүйесінде құрылымдық қайта құруларға алып келеді. Одан әрі дамуы құқықтың жаңа институттары мен салаларының құрылуына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет