Факторинг операциялары. Факторинг операциялары банктер және арнайы ұйымдары арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуға тиіс. Факторингтік операциялар түрлері 4 – ші схемада көрсетіледі.
Факторингтік операциялардың төмендегілер бойынша жасалмайтын ескере отыру қажет:
Жеке тұлғаларын қарыздық міндеттемемелері бойынша;
Бюджеттік мекемелердің қойылатын талаптары бойынша;
Банктік несиелеуден алынып тастаудан немесе төлем қабілеттіліксіз деп таныған кәсіпорындар мен ұйымдарын міндеттемелер бойынша.
Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімшелердің міндеттеме бойынша
Факторинг, негізінен, жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы қатынасты сипаттайды, себебі ол жабдықтаушының қаржылық жағдайына, сондай ақ оның сатып алушыларының төлем қабілеттеріне үздіксіз бақылауды білдіреді.
Факторингтік операциялар (Схема 4)
Ақшалай талап-тарды төлеу
Факторингктік
операциялар
несиелеу
Клиентке қызмет көрсету
Сыртқы сауда бойынша операциялар
Ішкі аядағы операциялар
Ашық және жабық факторинг
Қарызды инкассациялау
Қарыз бойынша талаптарды алдын ала төлеу
Несиелік тәуекелден сақтандыру
Жабдықтанушы-ның есебін ұйымдастыру
Факторингтің ашық және жабық түрлері болады. Ашық факторингке берешекке, мәмілеге факторинг бөлімінің қатысатындығы туралы алдын ала хабардар етеді. Жабық факторингке берешекке факторингтік келісім щарттың болуы туралы айтып жеткізеді.
Форфейтинг. Форфейтинг пен факторинг операциялары өзара ұқсас болып келеді. Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы - форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтары қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдіреді. Сондай-ақ экспортердің форфейтингтік қызметі орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиелеумен байланысты болса, ал форфейтингке несие беру мерзімі не бары 6 айды құрайды.
Форфейтинг сөзі француз тілінде “ a forfait”, аударғанда “құқықтан бас тарту” дегенді білдіреді. Форейтинг тауарды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.
Форфейтинг қызметі халықаралық сауданы орта мерзімде қаржыландырудың балама тәсілдеріне жатады.
Форфейтинг - бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.
Форфейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны импортерді іздейді. Ал импортер болса, оған жай немесе аударма векселін, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруі тиіс. Егер вексель берушінің беделді немесе қаржылық жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенменде импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны (төлеуге кепіл беруші тұлға) табады. Осы жерде басты мән берілетін мыналар: банк несиесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттігі , аваль берушінің қаржылық жағдайы.
Форфейтинг мәмілесінде 3 қатысушы болады:
Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
Форфейтор, яғни мәміле қаржыландырушы банк немесе арнай ұйым.
Форфейтор мәмілесі 5 схемада берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |