Аккредитивті есеп-айырысу. 12Аккредитив – бұл бенефициарға банкке ұсынылған аккредитивте көрсетілген құжаттармен бірге тауар, қызмет жеткізу немесе жұмыс орындауға тапсырыс берушінің өтінімімен берілетін жалға алынған банк немесе растайтын банкке берілетін банктің қайтарымсыз төлем міндеттемесі. Әдетте, Халықаралық коммерциялық операциялардағы есеп-айырысуларда және мекемелер арасындағы төлемдерді жүргізу үшін қолданылады.
Аккредитивті есеп-айырысуларда банктер келесідей функцияларды жүзеге асырады:
үшінші тұлға атына төлемдерді жүзеге асыру (бенефициарға) және бенефициар бұйрығымен аудармалы вексельдерді акцепттеуге немесе төлеуге;
осындай төлемдерді жүзеге асыруды басқа банкке тапсыру;
ұсынылғанқұжаттарға қарсы аудармалы вексельдерді төлеу, акцепттеу немесе негоциациялау;
Жоғарыда айтылып кеткендей Аккредитивтер: шақырылатын және шақырылмайтын; аудармалы (трансферабельді); револьверді; жабылған және жабылмаған бола алады.
Аккредитив бекітілген негізгі ережелерге сәйкес келу керек:
аккредитивтердің барлығында олардың дер кезінде төлем, бөлшектеп төленетін төлем, акцепт немесе негоциация арқылы жүзеге асырылуын айқындап көрсету керек.
Әр аккредитивте төлемді жүзеге асыруға құқығы бар банк (атқарушы банк), акцепт тратт немесе негоциация болу керек.
Егер эмитент-банк телекоммуникациялық хабарландыру арқылы кез-келген авизалық банкке аккредитивті авизалау үшін нұсқау беретін болса, бұндай жағдайда кейіннен пошта арқылы растайтын хат жіберілуі керек.
Өз кезегінде банктер барлық құжаттарды толығымен тексеріп, олардың аккредитив шарттарына жауап беретініне көз жеткізуі тиіс.
Қазіргі таңда көп таралатын құжаттық аккредитивтік есеп-айырысуларда келесідей субъектілер бар:
Импортер – банкке аккредитив ашу өтінішімен жүгінеді.
Эмитент –банк – аккредитив ашушы банк.
Авизалық банк – экспортерге оның есебіне аккредитив ашылғаны жөнінде мәлімдеп, аккредитив мәтінінің сәйкестігін растайды.