Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?



Дата15.04.2023
өлшемі1,04 Mb.
#83169

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?

Абайдың өлім тақырыбындағы өзінің шындығымен, ерекше жол жағдайымен байланысты өзгеше бір ойлы мұңнан туған саналы сырдың жыр үлгісі.

  • Абайдың өлім тақырыбындағы өзінің шындығымен, ерекше жол жағдайымен байланысты өзгеше бір ойлы мұңнан туған саналы сырдың жыр үлгісі.

Қайда жазылды? Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.


Мәні: Ол мінезділіктің тірегі - болашаққа үмітпен қарауында, күдіксіз сенуінде. Осындай тереңде жатқан түйіндеріне қарап бұл өлеңді біз Абай өмірінің соңғы шағының қорытындысы дейміз. Қазақ оқушысына ең бір даңқты, қадірлі болған көркем өлеңінде әр шумақ, әр жолдың ішкі мазмұнынан көрінген түкпірлі толғау, сымбатты сырлар бар. Бұл өлең Абайдың ақын мен ақындық жөнінде және көңіл сыры жөнінде, қоғам мен өз арасын білдіру жөнінде бұл шаққа шейін айтып келген әр тақырып, сан өлеңдердің сұрыпталған асылы есепті.

Жазылу тарихы: «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..» - Абайдың 1898 ж. жазған өлеңі. Бұл жыр да өлім жайын толғайды. Бұдан бұрын да, басқа классик ақындарша, Абай да өлім жөнін ауызға оқта-текте алады. Бірақ анық өзінің шындығымен, ерекше жол жағдайымен байланысты өзгеше бір ойлы мұңнан туған саналы сырдың жыры осы өлең.

Жазылу тарихы: «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..» - Абайдың 1898 ж. жазған өлеңі. Бұл жыр да өлім жайын толғайды. Бұдан бұрын да, басқа классик ақындарша, Абай да өлім жөнін ауызға оқта-текте алады. Бірақ анық өзінің шындығымен, ерекше жол жағдайымен байланысты өзгеше бір ойлы мұңнан туған саналы сырдың жыры осы өлең.

Жанры: Өлең қара өлең үлгісімен жазылған.

Идеялық мазмұны:

Тақырыбы: Жалпы алғанда, бұл жырдың тақырыбы - ойшыл адамның, әсіресе сыршыл ақындардың анық тоқтайтын тақырыбы. Өмірдің өріне жетіп, оның ішінде талай қиыр кезең жолдарын басып өтіп, енді тірлік сапарын таусарманға келгенде айтатын шерлі сыр болады.

Негізгі тілдік құралдар

  • Кірме сөздер: ғадауатпен. Ғадауат (арабша) – дұшпандық, ашу, жек көру. Ғадауатпен сол махаббатқа қарама-қарсы - жек көру, мейірімсіздік, қаскүнемдік, дұшпандық деген ұғымдарды бейнелейді (араб), албырт (парсы) ізденімпаз өнегеге құмар адам, махаббат (көне парсы), майдан(орыс тілі) фронт деген сөзден алынған, бишара( иран, парсы) бақытсыз сияқтыларды ұғындырады, адам (араб-парсы).
  • Диалект: дүрдей – ірі, албырт – жылдам, ізденімпаз, айла – қулық.
  • Фразеология: «Етекбасты» сөзінің мағынасы көбінше үй шаруасынан аспаған, білім көкжиегі тар, санасы төмен адамдарға қарата айтылатын фразеологиялық тіркес. «Екі күймек бір жанға әділет пе?». Әділетсіздіктің жоқ тұрғысынан қолданылады, яғни ақын кезеңге күюмен күңіреніп, күн кешкенін көреміз.
  • Идиома: асау жүрек- ақын адамды бақытқа бастар жол, олардың бір-біріне деген ыстық сезімі деп түйеді. «Жаралы жан» сол тұста азап кешкен жұрт жанының айна-қатесіз бейнесі, кейпі. Өткір тіл – қатты айтылған сөз.
  • Антоним: жай-тез, келу- кету, мағаббат-ғадауат, ішім-сыртым
  • Синоним: ашу-ыза, жүрек-жаны, жер-ел. Омоним: қара. Байқап қара-қаны қара

Негізгі әдеби көркемдегіш құралдар

  • Теңеу: дүрдей. Тұрақты теңеу: жүрегімнің түбіне терең бойла: Ақын шығармаларында көңіл күйіне байланысты, адамдардың өмірі мен қылықтарындағы жағымсыз жайларға өкініш білдіргенде айтқан теңеудің басқа түрлері.
  • Гипербола(күшейту): ішім толған у мен өрт, асау жүрек,қаны қара.
  • Риторикалық сұрау (лепті сұрау) :
  • Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? Махаббат, ғадауат пен майдандасқан, Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма? Біреуге жай, біреуге тез болмай ма? 

Қайталау: Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма? Біреуге жай, біреуге тез болмай ма? Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?

  • Қайталау: Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма? Біреуге жай, біреуге тез болмай ма? Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?
  • Еспе қайталау: Біреуге жай, біреуге тез болмай ма? 

Өлеңнің қазақ, әлем әдебиетіндегі алатын орны
Бұл өлеңде көп жайдың түйіні бар. Кеше ғана көрген соққының салдары ғана емес, өмірінің ұзын бойын шолып келіп, дәл осы жылда өлімді айтып отырған Абай аса қымбат қасиет табады. Ол келешекпен тілдеседі. Өз халқының кейінгі ұзақ тарихына өлместік із қалдырып отырғанына сенім артады.

Өлеңді сатылай кешенді талдау

  • Авторы: Абай Құнанбаев — ұлы ақын, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. 
  • Тақырыбы: Өлімді шындықпен суреттеп, келешекке қандай мұра қалдырғаны туралы сөз қозғайды.
  • Жанры: қара өлең - Қара өлең - қазақтың ежелгі өлең . түрі. Қара өлең әнге салып айтуға ыңғайлы. Әннің ырғақ ерекшеліктеріне қарай өлең жолдарындағы бунақтар орнын ауыстырып отырады. Әр шумақта жеке ой жатады. Мұндай ой жеңіл әзіл-оспақтан бастап, өмірдің мәні мен сәнін, ел қамы мен халық тағдырын қамтиды. 
  • Идеясы: келешек үшін қам жеу, келешекке деген әрекет жайлы ой қозғайды.
  • Түсіндірме сөздік: Ғадауат (арабша) – дұшпандық, ашу, жек көру. Майдандасқан- шайқасу. Бишара- бақытсыз. Айла-қулық. Сандалма – керексіз іс-әрекет. Қор етті- мұқату,мазақ қылу, жәбірлеу. Өндірмей-еш нәрсе қалдырмау.
  • Шумақ саны: 7.
  • Тармақ саны: 28.
  • Буын саны: 11-12.
  • Ұйқас түрі: қара өлең А-А-Б-А.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет