Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


Әуе тасымалын реттейтін негізгі халықаралық конвенциялар



бет82/141
Дата21.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#35238
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   141
Байланысты:
Халықаралық жеке құқық лекция

Әуе тасымалын реттейтін негізгі халықаралық конвенциялар:

  • Халықаралық әуе тасымалдауына байланысты кейбір ережелерді унификациялау туралы Конвенция (1929 ж. Варшава ковенциясы). Бұл конвенцияға толықтырулар келесідей протоколдармен енгізілген:

1955 ж. Гаага хаттамасы – тасымалдау құжаттарын рәсімдеуге байланысты жеңідіктерді қарастырды және жолаушыларды тасымалдау кезінде тасымалдаушының шектеулі жауапкершілік мөлшерін 250000 француз алтын франкіне дейін көтеруді енгізді. Хаттамаға 112 мемлекет қатысады. 1963 ж. 1 тамызда заңды күшіне енді.
1971 ж. Гватемала хаттамасы – жолаушыларға қатысты тасымалдаушының жауапкершілігін 100000 АҚШ долларына дейін көтерді және тасымалдау құжаттарын рәсімдеуді жеңілдетуді енгізді. Яғни хаттама бойынша құжаттар электрондық нұсқадағы мәліметтермен ауыстырыла алатындығын белгіледі. Сонымен қатар ұлттық заңнама негізінде залалдың орнын қосымша толтыру туралы өзгеріс енгізді. Алайда бұл хаттама тек қана 11 мемелектпен ратификацияланып, заңды күшіне енген жоқ.
1975 ж. Монреаль хаттамасы.

  • Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенция (1944 ж. Чикаго конвенциясы) – 26 мемлекет ратификациялағаннан кейін 1947 ж. 4 сәуірде күшіне енді. Конвенция бойынша әрбір мемлекет өзінің аумағының үстіндегі әуе кеңістігіне қатысты толық және айырықша құқықты иеленеді және ешбір халықаралық тұрақты рейстер мемлекеттің алдын ала келісімінсіз оның аумағының үстіндегі әуе кеңістігінен ұшуды жүзеге асыра алмайды. Конвенцияның 96- бабында Келісуші мемлекеттердің артықшылықтары мен шектеулері көрсетілген. 44- бабына сәйкес Чикаго конвенциясының басты мақсаттары: халықаралық азаматтық авиацияның қауіпсіз және жүйелі түрде дамуын қамтамасыз ету, әуе кемелерін жүргізу және оларды бейбіт мақсатта құрастыру өнертабыстарына қолдау көрсету, әуе кемесін жүргізу кезінде қауіпсіз ұшуға ықпал ету, әуежайлардың және аэронавигация құрылғыларының дамуына ықпал ету, Келісуші мемлекеттер арасында достық қатынастар орнату және Келісуші мемлекеттерге әуе тасымалдауымен айналысу үшін әділ мүмкіндіктер ұсыну.

  • Шарт бойынша тасымалдаушы болып табылмайтын тұлғалармен жүзеге асатын халықаралық әуе тасымалына байланысты кейбір ережелерді унификациялау туралы Конвенция (Гвадалахар конвенциясы 1961 ж. қабылданды, 1964 ж. заңды күшіне енді) Осындай тасымалдауларға Варшава конвенциясында бекітілген шектеулі жауапкершілік қағидасын таратады. 72 мемлекет қатысушысы болып табылады.

  • Үшінші тұлғаларға шетелдік әуе кемелерімен әуеде келтірілген зардаптарын өтеу туралы Конвенция (1952 ж. Рим конвенциясы). Бұл конвенцияның мазмұны бойынша әуе кемесінің салмағына сәйкесінше келтірілген залалдың орнын толтыру мөлшері шектеледі. Жауапкершілікке тартылушы тұлға ретінде эксплуатант танылады (залал келтірілген сәтте кемені иеленуші тұлға). Залал дегеніміз - өлім, дене жарақаты немесе әуе кемесінің ішіндегі мүліктің бүлінуіне ықпал ету, сонымен қатар әуе кемесінен жүктің түсіп қалуы жатады. 1978 жылы Рим конвенциясын өзгерту туралы Монреал хаттамасы қабылданды. Алайда бұл хаттама заңды күшіне енген жоқ.

  • Әуе кемесінің бортында жасалған құқық бұзушылықтар және басқа да әрекеттер туралы Конвенция (1963 ж. Токио конвенциясы).20



Қазақстан Республикасының әуе тасымалын реттейтін ішкі заңнамасы:
ҚР-ның әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi
туралы 1995 ж. 20 желтоқсандағы № 2697 Қазақстан Республикасының Заңы (15 тараудан, 101 баптан тұрады)
4-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен авиация қызметiн реттейтiн заңдар ҚР-ның әуе кеңiстiгiн пайдалану мен авиация қызметi осы Заңмен, ҚР-ның өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ ҚР қатысушы болып табылатын халықаралық конвенциялармен және шарттармен реттеледi.
Eгep ҚР бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Бұл заң бойынша авиацияның 3 түрі қарастырылады:

  1. Мемлекеттік авиация

  2. Азаматтық авиация

  3. Эксперименттік авиация



12-бап. Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радио алмасуды жүргiзу тiлi

Қазақстан Республикасының аумағында аэронавигациялық ұйымдар мен Қазақстан Республикасы әуе кемелерiнiң экипаждары арасындағы радио алмасу мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс тiлiнде, ал шет мемлекеттер әуе кемелерiнiң экипаждарымен - орыс немесе ағылшын тiлiнде жүргiзiледi.


1995 жылғы ҚР Заңына сәйкес тасымалдаушының қосымша құқықтары:
Жүк жөнелтуші, жүк иесі немесе жолаушы паспорттық, кедендік, санитарлық және басқа да ҚР-ның әуе тасымалдауға байланысты Заңнамаларындағы талаптарды бұзғанда;
Жолаушының әуе тасымалы кезiндегi көңiл-күйi немесе денсаулық жай-күйi немесе мiнез-құлқы осы жолаушының өзiнiң саулығына немесе әуе кемесiнiң бортындағы адамдар мен мүлiктiң қауiпсiздiгiне қатер төндiрсе, сондай-ақ басқа жолаушыларға, ол медициналық қорытындылаумен расталуға тиiс, қолайсыз жағдай жасаса және олардың қарсылығын туғызса, тасымалдаушы жолаушыны әуеде тасымалдауды бiржақты тәртiппен тоқтатуға құқылы;
Жолаушы мен жүктің тасымалдану жағдайын төмендетпейтін ережелерді қабылдауға;
1995 жылғы ҚР Заңына сәйкес тасымалдаушының қосымша міндеттері:
Жүктi, тiркелген теңдеме жүктi және жолаушыларды тасымалдаған кезде, жiберiлген және баратын пункттерi, жiберiлген жүк салмағы, жүктi тасымалдаудың шарттары көрсетiлген жүк құжатын беруге;
Жүктің қай уақытта келетіні туралы мәлімдеуге;
Әуе тасымалдау жағдайлары өзгергені туралы жұк жөнелтушіні хабарландыруға және сол жағдайдағы жүк туралы сұрауға;21

Жалпы, тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда тіркелген әуекомпанияларының саны 1150 шамасында болды, ал қазіргі кезде Республикамызда 56 әуекомпаниясы бар:



  • 6 әуекомпания ұдайы рейстер жасайды;

  • 17 әуекомпания чартерлік ұшуларды орындайды;

  • 27 әуекомпания авиациялық-техникалық, санитарлық, ауылшаруашылық жұмыстарды орындаумен айналысады;

Осы барлық тасымалдаулардың 50%-н Эйр Астана ұлттық компаниясы жүзеге асырады.



  • Мемлекеттік тіркеудегі азаматтық әуе кемелерінің саны 647, соның ішінде 569 ұшақ,78 тікұшақ. 1-3 кластағы 163 ұшақ бар.

  • Әлемде 9439 азаматтық әуежайлар бар;

  • Қазақстанда 25 ірі әуежай бар;

Көліктік тасымалдау құжаттары:


- Авианакладная(авиажүк құжаты). Халықаралық әуе тасымалдау туралы шарт және оның талаптары мен жүкті тасымалдаушының қабылдауы авианакладноймен куәландырылады. Жүк жіберуші авианакладнойда толық мәлімет беруге және жүк қабылдап алушыға жеткізу кедендік және басқа да рәсімдеулерден өтуге қажетті қосымша құжаттарды беруге міндеттенеді.Жүк жіберуші аталған құжаттардағы мәліметтердің қателігі, жетіспеушілігі немесе мүлдем жоқтығы үшін тасымалдаушының алдында жауапты.
- Манифест.
- Билет. Жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыру кезінде қолданылатын құжат.
- Теңдеме жүк түбіртегі.
- Жүк құжаты.


ТМД елдеріндегі әуе кемесінің типіне
байланысты ақысыз тасымалдауға болатын теңдеме
жүктің мөлшері:

  • Ту-154-ң 1-і және бизнес класында – 30 кг дейін;

  • Ту-154-ң эконом. Класында – 20 кгдейін;

  • Ту-134 – 20 кг дейін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет