Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


Cауда мақсатында теңізде жүзу туралы 2002 ж. 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында



бет85/141
Дата21.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#35238
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   141
Байланысты:
Халықаралық жеке құқық лекция

Cауда мақсатында теңізде жүзу туралы 2002 ж. 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында, уақыт өту мерзіміне байланысты, 101- бапта былай делінген: Тасымалдаушыға жүктің жоғалуына байланысты талап мәләмдеуге құқығы бар тұлға, егер жүк түсіру портындағы жүкті алуға уәкілетті тұлғаға белгіленген жүкті беру мерзімі біткеннен кейін күн тізбелік 30 күн ішінде берілмесе, жүкті жоғалған деп есептей алады.
Тасымалдаушыны жауапкершiлiктен босату 102-бапта анықталған:
1. Егер жоғалу, кем шығу, зақымдану (бүлiну) немесе мерзiмiн өткiзiп алу:
1) еңсерілмейтiн күш;
2) теңiздегi және басқа да кеме жүзетiн сулардағы қауiптер немесе кездейсоқтықтар;
3) теңiзде адамдарды немесе мүлiктердi құтқару жөнiндегi шаралар;
4) тасымалдаушының кiнәсiнсiз шыққан өрт;
5) мемлекеттiк органдардың iс-әрекеттерi немесе өкiмдерi (ұстау, тұтқындау, карантин және басқалар);
6) соғыс қимылдары;
7) жөнелтушiнiң немесе алушының әрекетi (әрекетсiздiгi);
8) жүктiң, оның қасиеттерiнiң байқалмайтын кемшiлiктерi немесе табиғи кемуi;
9) жүктiң ыдыстары мен буып-түйiлуiнiң байқалмайтын кемшiлiктерi;
10) жүктi таңбалаудың жетiспеушiлiгi немесе көмескiлiгi;
11) теңiз портының жұмысын толық немесе iшiнара тоқтатуды не шектеудi туғызған ереуiлдер немесе өзге де мән-жайлар;
12) тасымалдаушының, оның қызметкерлерiнiң немесе агенттерiнiң кiнәсiнсiз туындаған өзге де мән-жайлар салдарынан болғанын дәлелдесе, тасымалдаушы жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн, сондай-ақ оның жеткiзiлу мерзiмiнiң өткiзiп алынғаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады
Заңның 104-бабында тасымалдаушының жауапкершiлiгiн шектеуі:
1. Жүктiң тегi мен түрiн, сондай-ақ құнын жүк тиелгенге дейiн жөнелтушi жарияламаған және коносаментке енгiзiлмеген жағдайда, тасымалдау үшiн қабылданған жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi, қай соманың жоғары екендiгiне қарай, орын үшiн 666,67 есептiк бiрлiктен немесе жүк түсiрудiң басқа бiрлiгiнен не жоғалған, кем шыққан немесе зақымданған жүк брутто массасының бiр килограмы үшiн екi есептiк бiрлiктен аспауға тиiс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет