Шетел элементімен күрделенген қатынастарда, бір еңбек қатынасын реттеуде екі немесе одан да көп мемлекеттердің заңдары бәсекелестікке түседі. Осындай кезде қай елдің заңын қолданылатын шешуіміз керек. Қазіргі кезде доктрина мен тәжірибе бұл жағдайларды коллизиялық нормаларды қолдану арқылы шешеді. Коллизиялық нормалар дауды шешуге қолайлы мемлекеттің заңнамаларындағы материалдық нормаларға сілтеме жасайды.
Еңбек құқығындағы коллизиялық мәселені шешу үшін дүние жүзілік тәжірибеде келесі байламдар қолданылады:
Тараптардың еркіндік заңы - lex voluntatis
Франция, Бельгия, ФРГ және т.б. елдерінде еңбек қатынастарын реттеуде азаматты құқықтық концепияларында Lex voluntatis кең таралған. Ол басым заңды таңдау құқығы еңбек шартының тараптарына берілген. Бұл байлам көптеген мемлекеттерде қолданылады, алайда кейбір мемлекеттердің заңнамалары мен сот тәжірибесінде жасырын түрде шектеулер қойылған. Халықаралық жеке құқықта lex voluntatis асыра пайдаланушылық мүмкіндігі көп байқалады.
Австрия, Испания, Швейцария, Нидерланды, Бразилия заңнамаларында lex loci laboris негізгі коллизиялық байламы ретінде ғана емес, сондай-ақ халықаралық келісімшарттарда (көбінесе 1980 шарттық міндеттемелерге қолданылатын Рим конвенциясы) бекітілген. Жұмысшының жұмыс орындалатын жерінің заңы деп lex loci laboris талқыланады. Франция, Бельгия және басқа да мемлекеттерде еңбек қатынастарын реттеу үшін азаматтық құқықтық концепциялар қолданылады. Осы салада әдеттегі институттар мен халықаралық жеке құқықтың нормалары қолданылады. Бұл ең негізінен тараптардың еркінділігін шектеу болып табылады. Ұлыбритания, Италия мемлекеттерінің сот практикасында құқық таңдау еркіндігін шектелмейді. Егер кәсіпорын бір мемлекетте, ал басқару органы басқа мемлекетте орналасса, жұмыс орнының заңы болып, кәсіпорнының орналасқан жері болып саналады. Жұмысшы бірнеше мемлекеттерде жұмыс жасаса және оның әдеттегі жұмыс орнын анықтау мүмкін болмаса, онда Австрия заңы бойынша жұмысшының тұрғылықты жері немесе өз қызметін қөбінесе жүзеге асыратын жердің заңы қолданылады. Бұл байламның бір кемшілігі жұмыс берушінің жағдайы ауқымды қорғалады және олар бұл байламды асыра пайдаланады.