Алматы 2015 Almaty


iOS -ты құрастыруға арналған болашақ тіл



Pdf көрінісі
бет104/130
Дата12.03.2017
өлшемі19,96 Mb.
#9035
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   130

iOS -ты құрастыруға арналған болашақ тіл 

Аннотация.  Бұл  мақалада  iOS  қосымшасын  құрастыру  және  оған  арналған  бағдарламалау  тілін  таңдау 

қарастырылады.  Екі  бағдарламау  тілін  салыстыру  арқылы,  Objective-C  және  Swift  тілдері  туралы  анық 

көрсетілім  беріледі.  Және  ерекше  назар  iOS  қосымшасын  құрастыруға  арналған  үздік  тілді  таңдауға  көңіл 

бөлінеді. 



Кілттік сөздер: Бағдарламалау, Swift, Objective-C, код синтаксисі, iOS. 

 

Issakhan S.D., Issakhan Zh.D., Beisembekova R.N. 



Future language development for iOS 

Abstract. This article discusses the development of applications for iOS and choice of programming language for 

it. Through the comparison of the two programming languages gives a clear idea about the Objective-C language and 

Swift. And focus on selecting the best language for developing iOS. 

Key words: Programming, Swift, Objective-C, the syntax of the code, iOS. 

 

 



ӘОЖ 004.415.2 

 

Джунусова С.М., Кадырбекова У.Т., Cұлтанбай Ж.М. студенттер 

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 

Алматы қ., Қазақстан Республикасы, 

k.ulsha_94@mail.ru

 

 



ЖЕЛІ ИГІЛІГІ РЕТІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ 

 

Аңдатпа: Бұл мақалада желі игілігі ретіндегі ақпараттық технологиялардың рөлі туралы қарастырылған. 



Түйін  сөз:  ақпарат,  ақпараттық  технологиялар,  желі,  интернет  желісі,  Электронды  почта,  инновациялық 

процестер. 

 

Қазіргі  заманда  адам  мен  оның  өмірі  жыл  сайын  ақпаратқа,  ақпараттық  технологияға,  ресурсқа 



тәуелді  болып  келеді.  Психологтардың  бағалауы  бойынша,  “ақылды  адам”  ақырындап  “ақпараттық 

адамға”  ауысады.  Компьютерлік  желілердің  пайда  болуы  мен  таралуы  ақпараттық  жүйенің  дамуына 

әкелді.  Ақпараттық  кеңістікте  Интернет  інің  өсуімен  адамның  және  қоғамның  құқықтары  мен 

бостандықтарын зорлық жасау мен қатыгездікті насихаттайтын ақпараттан, оларға өтірік және жалған 

ақпаратты  таңудан,  болашақ  ұрпақтың  мақсатты  бағытталған  теріс  дүниетанымын  қалыптастырудан 

қорғау  қажеттілігі  туындайды.  Бұрын  Интернет  файлдарды  алмастыру,  хаттар  жіберу  ретінде 

қолданылатын.  Соңғы  уақытта  қазіргі  технологиялар  ақпараттық  орталықты,  халықаралық 

кітапхананы,  құқықтық    және  ғылыми  ақпараттың  мәліметтерін,  көптеген  мемлекетті  және 

коммерциялық  ұйымдарды,  биржаларды,  банкілерді  біріктіретін  дамыған  инфрақұрылымға  айналды. 

Қазір  интернет  үлкен  нарық  ретінде  қарастырылады,  сондықтан  да  ақпараттық  және  программалық 

өнімді  өндірушілер,  саудалық  және  қаржылық  ұйымдар  интернеттегі  түрлі  әдістер  мен  тәсілдерді 

қолданып, коммерциялық істі электрондық коммерция арқылы жүргізеді. Қазіргі уақытта «электрондық 

коммерция» деп ғаламдық ақпараттық желі арқылы тауар мен төлемдік қызметтерді жасауды айтамыз. 

Сатып  алушы  мен  жабдықтаушының  арасындағы  төлем  электрондық  құжаттар  немесе  төлем 

құралдарымен жүргізіледі. Тауарды сатып алушы ретінде жеке тұлға не  ұйымдар бола алады.  

Ақпараттық  технологиялардың  қолданылуы  Қазақстан  экономикасы  үшін  маңызды  орынға  ие 

болып келе жатыр. Осыған дәлел ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 

«Жаңа кезең – жаңа экономика» лекциясынан үзінді келтіруге болады:   

«...Инновациялық  процестердің  айтарлықтай  жеделдеуінде  ақпараттық  экономика  немесе 

ақпараттық  дәуір  экономикасы  секілді  ұғымның  нақты,  катаң  мәніндегі  жаңа  экономика 

процестерінің 

интенсивті 

дамуы 

қуатты 


серпін 

болды. 


Барлық 

салаларға 

ақпараттық 

технологияларды  енгізу  көлемі  мен  қарқыны  және  олардың  экономикаға  ықпал  ету  аукымы  өте 

елеулі  болып  отыр. Нақ  ақпараттық  құрамдастық  жаңа  экономикаға  жаһандық,  барлық  жерге 

кірігушілік  сипат  бере  отырып,  оның  жеделдеткішіне  айналды.  Интернет-технологияларды  қолдану 

жетекші фактор болды. Әсіресе электрондық сауда-саттықтың өсу қарқыны айқын сезіледі. Мысалы, 

соңғы  жылдары  БСҰ-ға  мүше  елдерде  оның  көлемі  жыл  сайын  бес  есеге  ұлғайып,  327  миллиард 

доллардан асып түсті.  

Ғаламдық  желі  Интернет  электрондық  коммерцияны  әр  түрлі  масштабтағы    фирмаларға  қол 

жетімділікке  әкелді.  WWW  электрондық  сөрмесі  компанияларға  бүкіл  әлемнен  клиенттерді  тарту 

мүмкіншілігін  береді.  Осы  on-line  бизнесі  материалдық  салымдарды  қажет  етпейтін  «виртуалдық» 



739 

өткізу  каналын  қалыптастырады.  Егер  ақпарат,  өнім  немесе  қызметтер  (мысалы,  пограммалық 

жабдықтау) web арқылы жеткізілсе, онда сату үдерісі on-line режимінде жүргізілуі мүмкін. 

Ақпараттық  технологиялар  саласы 

1990  жылдар  ортасынан  қарқынды  дами  бастады.    Әр  түрлі 

ақпараттық  техника  мен  технологияның  пайда  болуы,  ақпарат  саласының,  соның  ішінде  БАҚ, 

интернет желісі, телекоммуникация және телевизия, радио т.б. құралдардың дамуы біздің қоғамның, 

соның ішінде экономика саласының дамуын да жеделдетті. Ал ғаламдық жүйелер, интернеттің пайда 

болуы  экономика,  бизнесті  ұйымдастыру  саласында  үлкен  төңкеріс  жасады  десек  артық  болмайды. 

Бизнесті  жүргізудің  жаңа  бағыттары    пайда  болып  қана  қоймай,  ескі  бағыттары  да  ақпараттық 

технологияларға  бейімделіп  өзгерді.   Соңғы  жылдары  бұл  тенденциялар  неғұрлым  басым  болуда. 

«Intel»  тәуелсіз  зерттеу  компаниясының  мамандары  жасаған  зерттеулерге  сүйенсек,  2006  жыл 

аяғының    қорытындысы  бойынша  бизнесті  ұйымдастыру    саласында    ақпараттық  технологияларды 

қолданушылар  саны  18   576 287    ірілі  -  ұсақты  компания  болған,  Әлем  бойынша  Интернет  желісін 

қолданушылар  саны  миллиардқа  жеткен,  ал  электронды  коммерцияның  қаржылық  айналымы 

триллион долларға жетті [Internet. «Level. Com» сайтынан].   

Бизнесті  жүргізуде  ақпараттық  технологияларды,  сауданың  электрондық  әдістерін,  Интернет 

желісінің  потенциалын  ескермей,  қолданбайтын  компаниялар,  керісінше,  осыларды  қолданатын  

және  жеңіл  игеретін  алдыңғы  қатарлы  компаниялардың  бәсекелік  қабілетіне  шыдамай,  нарықтың 

көптеген  позицияларында  өз  үлестерін  жоғалтуы  әбден  мүмкін.  Бірнеше  мысал  келтіріп  кетер 

болсам: ірі бизнеспен айналысатын кез-келген компанияның өзінің жеке ақпараттар базасы болуынан 

қосымша  клиенттерді  көптеп  тартуға  мүмкіндік  береді.  Желіге  кіріп  компания  тарихы,  қызметі, 

өнімдері,  сапалық  белгілері,  кәсіби  жетістіктерімен  т.б.  танысқан  кез-келген  адам  алған  ақпараты 

ұнаған  жағдайда  компанияның  болашақ  клиентіне  айналуы  мүмкін.  Ал  желіге  байланыссыз  мысал 

келтірер  болсам,  әуелі  телевизия  мен  радио,  пошта  қызметін,  яғни  БАҚ  –  ты    айтқан  жөн.  Белгілі 

болғандай,  қазіргі  кезде  көптеген  телекомпаниялардың  өз  бюджеттері  жарнама  ақысы  есебінен 

құралады, теледидарды қарау  арқылы әр түрлі тауарлар мен қызметтер, олардың сапалық қасиеттері, 

бағасы туралы, оның өндірушілері туралы көп ақпарат ала аламыз, теледидардың көмегімен қызықты 

әрі  бейнелі,  мән-мағыналы  видеороликтер  көрсету  арқылы  бизнес  иелері  бізді  біршама  ақпарат  иесі 

етеді  және  мұндай  жарнама  арзан  болмағанымен,  ол  тұтынушы  мен  өндіруші  арасындағы  берік 

ақпарат каналы болып табылады.  Радио жайлы  да осыны айта аламын. Біз теледидар мен радиодан 

алған  ақпараттың  дұрыстығына  толығымен  сенімді  бола  аламыз.  Бірақ,  менің  ойымша,  бизнесті 

ұйымдастыру  мен  жүзеге асыруда басқа ақпарат құралдарынан гөрі Интернет желісінің алатын орны 

ерекше.  Бұған  дәлел  келтірер  болсам,  біріншіден,  Интернет  желісіне  кез-келген  адам  әлемнің  әр 

аймағынан    қол  жеткізіп,  ақпаратқа ие  бола  алады,  екіншіден,  БАҚ,  теледидар,  радио,  т.с.с. ақпарат 

көздерінен  өзімізге  қажет  ақпаратты  белгілі  бір  уақыт  аралығында  ғана ала  алсақ,  Интернеттен  кез-

келген  уақытта  ала  аламыз,  үшіншіден,  жоғарыда  айтып  кеткенімдей,  Интернет  желісін 

қолданушылар уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Сол себептен, бизнестің статусын қалыптастыруда, 

компанияның  ақпараттық  ортасын  қалыптастыруда,  компания  мен  клиент  арасындағы    байланысты 

нығайтуда  Интернет  желісінің  маңызы  зор.    IBM  компаниясы  мамандарының  зерттеу  нәтижелері 

бойынша  бизнес-процестерді    Интернет  технологиялары    арқылы  ақпараттандыру    қарқыны  жыл 

сайын орташа 2-3 есеге өсіп жатады . 

Бизнесте,  яғни  іскерлік  белсенділік  танытуда  ғаламдық  технологияларды  қолдану  арқылы  ішкі 

және  сыртқы  байланыстарды  өзгерту  мен  күшейту  арқылы  компания  өз  пайдасын  бірнеше  есе 

ұлғайта  алады.  Компанияның  ішкі  ұйымдастырылуы  ортақ  ақпараттық  желі  арқылы  жүзеге 

асырылуы  компания  қызметкерлері  арасындағы  қарым-қатынасты  тиімді  етеді  және  компанияның 

ішкі  жоспарлау  және  басқару  процестерін  неғұрлым  нәтижелі  етеді.  Ал  компанияның  сыртқы 

байланыстарында  ақпараттық  желіні  қолдану  әріптестермен,  клиенттермен,  жабдықтаушылармен 

байланыс орнатуда зор қызмет атқарады.   

Ақпарат  –  басқа  ресурстармен  салыстырғанда  барлық  кедергілер  мен  бөгеттерді  оңай  жеңетін 

ресурс,  сондықтан  тап  осы  ресурсты  әлемдегі  ғаламдану  процесінің  қозғаушы  күші  десек 

қателеспейміз.  Ақпараттық  ресурстың  желі  құрылымынан  көрінуі  –  оның  іске  асуы.  Ақпарат  басқа 

ресурстар  арасындағы  өзіне  ғана  тән  ерекше  сипатқа  ие  ресурс.  Ақпараттың  іске  асуы  желі 

құрылымдары арқылы жүретіндіктен, ақпараттық ресурсқа желі игіліктерінің барлық қасиеті тән.  

Желіні  зерттеудің  методологиялық  потенциалы  анағұрлым  жоғарыда  тұр,  өйткені  ол  үй 

шаруашылығы  мен  ұйымдар  арасындағы  байланыcты  нақты  құрылымды  талдауға,  сонымен  қатар, 

алынған  мәліметтерге  сүйене  отырып  макро  және  микро  деңгейде  іс  жүргізуге  мүмкіндік  береді. 

Сондықтан  желі  бойынша  зерттеу  әлеуметтік-экономикалық  және  экономикалық  зерттеулердің 

дамуы үшін негіз болып отыр. 


740 

Желі  –  орталықтанған  децентрализациялы  басқару  жүйесі.  Желі  принципі  бойынша  фирмалар 

ішкі  және  сыртқы  қатынастарын  орнатады және  мұндай  үрдістер  барлық  жерде  жүруі  мүмкін.  Желі 

қазіргі таңда әр түрлі сала дамуына ықпал етуші институттар ретінде  қарастырылуда, ал Интернет – 

желілердің  желісі  және  дүниежүзілік  шаруашылықтың  негізі  болып  саналатын  бірыңғай 

коммуникациялық  жүйе  ретінде  қолданылып  отыр.  Егер  қарым  –  қатынас  бойынша  топтасақ,  желі 

топтардың әр түрін қамтиды. Оларға отбасылық, кәсіпкерлік, иерархиялық желілер жатады. 

Желі  экономикасы  желі  игіліктерінің  экономикасымен  сипатталады.  Қандай  игіліктер  желі 

түрінде болады? Осы сұрақтарға жауап берсек. Желі игіліктері келесі қасиеттерге ие игіліктер:  

- жинақтылық және стандарттылық; 

- өндіріс масштабындағы елеулі үнемділік; 

- жүйелі сыртқы әсерлер; 

- торға түсу әсерлері.  

Жинақтылық  –  желі  игіліктері  нарығындағы  тұтынушылар  оны  сатып  алу  кезінде  сол  желідегі 

басқа  да  игіліктерді  пайдалана  алу  мүмкіндігін  сипаттайды.  Ал  желі  игіліктері  шығындарының 

құрылымы ерекше: шығындардың негізгі бөлігі өндірістің алғашқы кезеңіне келеді, бұдан шығатыны, 

алғашқы  бірлік  өніміне  кеткен  шығындар  келесі  бірлік  өніміне  қарағанда  анағұрлым  жоғары,  сөйте 

тұра,  өндіріс  масштабындағы  үнемділік  эффектісі  нәтижесінде  шекті  шығын  көлемінің  төмендеуі 

мүмкін.  Мысалы,  кітапты  басу  және  оның  әрі  қарай  PDF  файлдары  арқылы  электронды  түрде 

тасымалдануы.  Дәстүрлі  экономикалық  теория  экономика  ғылымындағы  ойлар  мен  процестерді 

зерттеп түсіндіретін табыстың кему заңы әсерінен бастау алады. Алайда, желі экономикасы бұл заңға 

бағынбайды немесе көп жағдайда ұзақ мерзімді өспелі табыстылықты сипаттайды. Сәйкесінше, желі 

өнімдерін өндіретін сала масштаб эффектісін пайдаланудың зор мүмкіндігіне ие болады. 

Қандай  нарықты  желі  игіліктері  нарығына  жатқызамыз?  Бұл  нарықтар  барлық  жерде,  яғни 

желілер  құрылған  жерлерде  пайда  болады.  Ол:  телефон  қызметі,  интернет  қызметі,  программалық 

қамсыздандыру,  банктердің  қызметі,  әуе  тасымалдауы  және  т.б.    маркетинг  желісі,  жарнама  желісі 

таралуда. Ең маңыздысы сол игіліктердің өндірілуі емес, желінің құрылуы, сол желі экономикасының 

ерекшелігін байқаймыз [8]. 

Ғылым  мен  техниканың  жетістіктері  арқылы  өз  экономикасын  алға  жылжытып,  дүниежүзілік 

нарықта алдыңғы қатарлы елдер қатарына шыққан көптеген мемлекеттер бар екенін тарихтан жақсы 

білеміз.  Осыдан  бірнеше  онжылдықтар  бұрын  әлемдегі  кедей  мемлекеттер  қатарында  болған 

Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің тез арада дамып кетуі бұған нақты мысал бола алады. Бүгінде 

электрондық  әлемде  беделді  орын  алып  отырған    Жапония,  Корея,  Қытай  ғылыми-техникалық 

саясаттың нәтижесінде осындай жетістіктерге қол жеткізді. Сондықтан да ғылыми-техникалық саясат 

мәселесін  толыққанды  зерттеу,  бұл  саясаттың  шет  елдерде  жүзеге  асырылу  тәжірибесімен  танысу 

Қазақстан  сияқты  жас  ғылыми,  өндірістік  әлеуеті  жоғары  мемлекет  үшін  өте  өзекті  мәселе  болмақ. 

Осы  тұрғыдан  келгенде,  еліміздегі  инновациялық  саясатты  жетілдіру  Қазақстандағы  ғылымды 

дамытумен  тікелей  байланысты.  Қазақстан  Республикасында  2003  жылы  бастау  алған  1KZ.biz 

жобасы  ("Бизнес-Инфо"  анықтамалығы)  елімізде  өз  өнімдерін  өткізу  және  қызмет  көрсетумен 

айналысатын, бизнестерін ақпараттық технологиялар қолдану арқылы күшейтуге ниет білдірген ірілі-

ұсақты компанияларды, жеке кәсіпкерлерді, фирмаларды ортақ  ақпараттық кеңістікке біріктіру үшін 

жүзеге асырылуда.     

Ақпараттық  технология  саласында  сапалы  даму  ақпараттық  ресурсты  тиімді  сақтау  және  оған  қол 

жеткізудің  жеңілдетілген  жолдарын  қарастыра  бастады.  Бұндай  жолдар  «цифлік»  және  «электрондық 

библиотека» деп аталды. Дәстүрлі баспа түрінде таралатын ақпаратты электрондық формада тарату орын 

басты. Ол кез келген ақпаратпен қамтамасыз етеді, тұтынушылардың санына қарамастан тиражы шексіз, 

тұтынушының орынына және уақытынынан тәуелсіз глобалдық желіге қосылған. 

Ақпараттық  инфрақұрылымды  және  электрондық  кітапхананы  құру  барлық  елдерде  қатты 

қарқынмен жүріп жатыр.  

Электрондық  кітапхана  деп  әртүрлі  электрондық  құжатты  тиімді  жинақтау,  сақтау  және 

пайдалану, сондай-ақ тұтынушыларға жаһандық желі арқылы жеткізілетін ақпараттық жүйе.  

1997  жылы  Қазақстанның  көптеген  кітапханалары  Фонд-Сорос  Қазақстанның    «Электрондық 

почта»  бағдарламасы  арқылы  компьютер,  принтер,  модем,  Алматылық  провайдер  компания 

«Парсинг»  арқылы  интернет  желілеріне  қосылды.  Қажетті  техника,  программалармен  қамтамасыз 

етілген кітапханалар өздерінің электрондық каталогтерін жасай бастады. 

2001 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Оқу-есептеу орталығында Қазақстанның ЖОО 

кітапханаларының  ақпараттық  ресурстарына  орталықтандырылған  доступ  жасау  үшін  зерттеу 

жұмыстары жүргізілуде.  



741 

Бұл жұмыстар «ҚР ақпататтық ғылыми-техникалық жүйесін дамыту» бағдарламасы шеңберінде 

жүзеге асуда. Негізгі ұйымдастырушысы Ақпараттық ғылыми-техника саласында Қазақ мемлекеттік 

ғылыми зерттеу институты. 

Бұл жұмысты жүргізудің себептері:  

Қазіргі күнде  еліміздегі ЖОО-ның өзінің Web сервисін ұстау үшін техникалық және қаржылық 

жағдайы  жоқ.  Сондықтан  біріккен,  яғни  кітапханалардың  сервер  жүйесінде  ортақ  электрондық 

каталог  құру  тиімді.  Екінші  себеп,  әдебиеттерді  іздеуде  ыңғайлылық.  Тұтынушы  әр  ЖОО-ның 

каталогіне  интернет  арқылы  кіріп  жатпайды,  тек  бір  рет  серверге  барлық  кітапханалар  базасы 

бойынша іздейді. Электрондық кітапхана құруда сонымен қатар басқа да жобалар жүзеге асуда. Олар: 

«Еуразияшылдық.  ХХІ  ғасыр.  Батыс-Шығыс.  Кітапханалардың  электрондық  әріптестігі», 

«Шекарадағы  кездесу».  Бұл  бағдарламалардың  мақсаты  электрондық  базасы  қалыптасқан 

кітапханаларды    шетелдік  кітапханалармен  байланыстыру,  электрондық  кітапхана  құруда  тәжірибе 

алмасу  болып  табылады.  Осы  бағдарламаның  ең  алғашқы  нәтижесі  СҚО  С.Мұқанов  атындағы 

әмбебап ғылыми кітапхананың Омск мемлекеттік кітапханасымен желілік байланысы.  

Сондай-ақ  электрондық  кітапхана  бағдарламасында  жекелеген  жобалар  да  қарастырылуда. 

Мысалы:  Қостанай  мемлекеттік  университетінде  «Росток»  студентік  бағдарламасы  аясында 

электрондық  кітапхана  «п@Утина»  жобасы  дүниеге  келді.  Оның  авторы  Қадырхан  Утин.  Бұл  жоба 

Қазақстанның  барлық  ЖОО-ларының  кітапханаларын  байланыстыратын  болады.  Утиннің  айтуы 

бойынша:  «Ерте  ме,  кеш  пе  барлық  қазақстандық  ЖОО  өзінің  электрондық  кітапханасын  құрайды. 

Ол  -  уақыт  талабы.    Кітапхана  жүз  мыңдаған  кітаптарды  сканер  жасайтын  болса  жүздеген  жылдар  

кетеді;  ал  егер  барлық  ЖОО  өзара  келісе  отырып,  бір-бірінің  еңбектерін  қайталамай  бір  орталыққа  

жинайтын  болса,  бұл  мақсатқа  6  жылда  жетуге  болады».  Бұл  идеяны  ресейлік    Softinform  

компаниясы  қажетті  іздеу  программасымен  қамтамасыз  етуге  келісті.  Сондай-ақ  ЖОО-лардың  көбі 

бұл идеяны қолдауға дайын отыр.   

Ақпараттық  ресурстардың  Қазақстандық  және  шетелдік  тәжірибесін  салыстырсақ,  әрине, 

елімізде ақпараттық технологиялар саласы әлі де көп жұмысты, инновацияны, жеделдікті қажет етеді 

деп ойлаймын. Осыған қатысты негізгі мәселелер  мыналар: 

1. Бизнесті  ақпараттандырумен айналысатын арнайы бағдарламалардың аз болуы; 

2. Кейбір ақпараттық технологиялардың халықаралық стандарттарға сай болмауы;  

3. Интернет-бизнесте заңсыз, алдамшы іс-әрекеттің болуы; 

4. Елімізде бизнесті ақпараттандыруға қатысты заңнамалық негіздің әлсіздігі. 

Аталған мәселелерге қатысты келесі ұсыныстарды алға қоюға болады:  

1) ең алдымен осы салада заңдық базаны күшейту, ақпараттық технологияларды қолдану туралы 

заң қабылдау;   

2)  ақпараттық  ресурстарға  қолжетімділікті  көбейту,  мысалы,  кез  келген  ірілі-  ұсақты  фирмалар 

интернет желісінде тіркелуі тегін болса немесе бастапқы жеңілдіктер көп болса;  

3)  1KZ.biz    типтес  жобаларды  көптеп  жүзеге  асыру  (ҚР  Статистика  агенттігінің  мәліметі 

бойынша, елімізде 2005-2007 ж.ж. аралығында 3 бағдарлама ғана қарастырылған); 

4) жүзеге асырылып жатқан жобалардың ауқымын үлкейту, мысалы, Қазақстандық тауарлар мен 

қызметтерді  жарнамалаушы  сайттарды  көбейту  арқылы  еліміздің  халықаралық  нарыққа  шығуын 

жеделдету;  

5) жас фирмаларға ақпараттандыру саласында мемлекет тарапынан қайтарымсыз көмектер көрсету:  

6) желідегі заңсыз іс-әрекеттерден қорғану, ақпараттық қауіпсіздікті күшейту.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



1.  www. G:\ЭБ\Doc6.htm 

2.  www. G:\ЭБ\НАША ГАЗЕТА - костанайский областной еженедельник.htm 

3.  www. G:\ЭБ\Евразийский информационный и библиотечный конгресс.htm 

4.  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа кезең – жаңа экономика» лекциясы 

5.  www.kkb.kz 

6.  www.akorda.kz 

7.  www.datamonitor.com 

8.  Стрелец И.А.  Курс лекций, Москва – 2007 

 

REFERENCES 



1.  www. G: \ DL \ Doc6.htm 

2.  www. G: \ DL \ Our Newspaper - Kostanay regional ezhenedelnik.htm 

3.  www. G: \ DL \ Eurasian Information and Library kongress.htm 


742 

4.  ҚR Prezidentі N.Ә.Nazarbaevtyң "Zhanakezen - Zhana economy" lektsiyasy 

5. 

www.kkb.kz



 

6. 


www.akorda.kz

 

7. 


www.datamonitor.com

 

8.  Sagittarius IA A course of lectures, Moscow – 2007 



 

Кадырбекова У.Т.,Султанбай Ж.М., Джунусова С.М. 



Роль информационных технологий в интересах сети 

Аннотация: В этом статье рассматривается понятие роль информационых технологий в интересах сети. 

Ключевые  слова:Информация,  информационные  технологии,  сети,  Интернет,  электронная  почта, 

инновационные процессы. 

 

Kadirbekova U.T., Cultanbay Zh.M., Dzhunusova S. M. 



THE ROLE OF INFORMATION TECHNOLOGY FOR NETWORK 

Annatation: In this article the concept of the role of information technology for the network. 

Key words: Information, information technology, network, Internet, email, innovative processes. 

 

 



УДК  

 

Карякин В.П., Попов К.Е. 

Казахский национальный технический университет им. К.И. Сатпаева 

г. Алматы, Республика Казахстан  

 

ЯЗЫК ПРОГРАММИРОВАНИЯ PTX – АССЕМБЛЕР И  РАСШИРЕНИЕ ЯЗЫКА C++ ДЛЯ 



ТЕХНОЛОГИИ ПРОГРАММИРОВАНИЯ CUDA В GPU 

 

Аннотация 

В  работе  определяются  возможности  технологии  CUDA  корпорации  NVIDIA  для  ведения  интенсивных 

неграфических расчётов с использованием графических процессоров (GPU). Приводится формулировка этапов 

компиляции  и  машинной  реализации  программ,  составленных  с  помощью  расширенного  языка  высокого 

уровня  C++, а  также  его  функции  и,  связанные  с  графическим  процессором,  особенности  программирования. 

Описан язык низкого уровня PTX-ассемблер, который отличается от обычного Ассемблера тем, что задействует 

потоковую обработку данных, реализованную с помощью GPU. 



Основная структура CUDA–программы 

Задачи  с  интенсивным  обращением  к  памяти  или  сложной  логикой  будут  выполняться 

неэффективно, т.к. GPU обладает слабыми средствами кеширования обращения к памяти (к тому же 

их  требуется  настраивать  вручную)  и  "не  переносит"  ветвлений в  программе,  особенно  если  потоки 

одного блока расходятся по разным веткам[1].  

 Модель CUDA предполагает, что программист в начале разбивает задачу на независимые части 

(блоки),  которые  могут  выполняться  параллельно.  Затем  каждый  блок  разбивается  на  множество 

параллельно  выполняющихся  потоков  (thread),  которые  могут  зависеть  друг  от  друга.  Потоки 

объединяются в блоки (до 512 потоков), блоки объединяются в сетки (решётки, grid). Потоки внутри 

блока  запускаются  на  одном  мультипроцессоре  (MP),  имеют  общую  разделяемую  память  и  могут 

(должны) синхронизовать ход выполнения задачи.  

Порядок  выполнения  блоков  не  определён,  блоки  должны  быть  независимыми  друг  от  друга.  При 

запуске  ядра  блоки  решётки  нумеруются  и  распределяются  по  MP,  имеющим  достаточную  свободную 

ёмкость региcтров, разделяемой памяти и ресурсов планировщика команд. По завершению всех потоков 

блока ресурсы MP освобождаются и на него может быть распределён следующий блок.  

Количество потоков в блоке и количество блоков  в решётке выбирается программистом исходя 

из максимизации загрузки ресурсов MP и с учётом аппаратных ограничений.  

Ядро  выполняется  на  GPU,  в  отличие  от  остальной  части  программы,  выполняемой  на  CPU 

хостовой  системы.  Хостовая  система  имеет  свою  ОП,  обмен  с  глобальной  памятью  GPU  и  запуск 

ядра осуществляется через специальный интерфейс.  

Приложение  может  использовать  либо  низкоуровневый  интерфейс  драйвера  CUDA 

(поставляется  вместе  с  драйвером  видеокарты),  либо  высокоуровневый  API  приложений  CUDA 

(runtime,  использует  интерфейс  драйвера  CUDA).  Поверх  API  приложений  реализованы 

специализированные библиотеки CUDAPP (сортировка и псевдослучайный генератор), FFT (CUFFT, 

преобразование Фурье) и BLAS (CUBLAS, линейная алгебра).  


743 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет