Алматы 2015 Almaty



Pdf көрінісі
бет13/130
Дата01.02.2017
өлшемі20,3 Mb.
#3199
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   130

 

Программа  расчета  оптимального  управления[5]  асинхронным  электроприводом  насосной 

станции приведена на рисунке 1. 

 


93 

 

 



Рисунок 1 -  Программа расчета оптимального управления 

замкнутым асинхронным электроприводом 

 

График оптимального управления показан на рисунке 2. 



 

 

 



Рисунок 2. Кривая переходного процесса управляющего 

воздействия на замкнутую систему ТПН - АД 

 

Выводы 

1.  Получено  математическое  описание  замкнутого  частотно – регулируемого  асинхронного 

электропривода. 

2. Разработана программа расчета оптимального управления на алгоритмическом языке системы 

MATLAB. 

3.  Определен  оптимальный  закон  управления  с  помощью  принципа  максимума  по 

квадратичному критерию качества. 

 


94 

ЛИТЕРАТУРА 

1.  Браславский  И.Я., Ишматов  З.Ш., Поляков  В.  Н.  Энергосберегающий  асинхронныйэлектропривод. – 

М.: ACADEMA,2004. 

2.  Герман-Галкин С.Г. Matlab & Simulink. Проектирование мехатронных систем на ПК. – СПб.: КОРОНА 

– ВЕК, 2008. 

3.  Фельдбаум А.А., Бутковский А.Г. Методы теории автоматического управления.-М.: Наука. 1971. 

4.  Олейников В.А., Зотов Н.С., Пришвин А.М. Основы оптимального и экстремального управления. –М.: 

Высшая школа ,1969. 

5.  Ануфриев И.Е., Смирнов А.Б., Смирнова Е.Н.-MATLAB.-СПб.: БХВ – Петербург,2005.   

 

REFERENS 



1. Braslavsky, I. J., Ishmatov Z. S., Polyakov V. N. Energy saving asynchronisation. - M.: ACADEMA,2004. 

2. Herman-Galkin S. G. Matlab & Simulink. The design of mechatronic systems on the PC. - SPb.: CROWN - 

CENTURY, 2008. 

3. Feldbaum A. A., about A. G. Methods of the theory of automatic control.-Moscow: Nauka. 1971. 

4. Oleinikov, V. A., Zotov N. With., A. M. Prishvin basis of the optimum and extreme control. -M.: Higher school 

,1969. 


5. Anufriev I. E., Smirnov, A. B., Smirnova, E. N.-MATLAB.-SPb.: BHV - Petersburg,2005. 

 

                     Байкенова Г.М. Джулаева Ж.Т.Касымова А.Е. Садвокасова Ж.Д 



Сорғы агрегатының асинхронды электр жетегісінің оптималды басқаруын анықтау 

Түйіндеме.  Берілген  мақалада  сорғы  агрегатының  КТТ-АҚ  асинхронды  электр  жетегісін  оптималды 

басқару сұрақтары қарастырылған.   

Тұйықталған  КТТ-АҚ  басқару  жүйесінің  математикалық  сипаттамасы  жəне  тұйықталған  асинхронды 

қозғалтқышты оптималды басқару жүйесін есептеу бағдарламасы берілген. 



Негізгі сөздер: Сызықталған жүйе, оптималды басқару, жиілікті түрлендіргіш, асинхронды қозғалтқыш.  

 

Bikanova G.M. Zhulaevа  Zh.T. Kasymovа  A. E. Sadycasova  Zh.D 



The definition of the optimal control asynchronous   electric pump unit 

Summary: this article discusses the issues of optimal control of an asynchronous electric drive of the pump unit 

TPH - AD. A mathematical description of the closed-loop control systems WBC-AD, and program for calculating the 

optimal control reserved asynchronous motor. 

Key words: Linearized system, optimal control, frequency Converter, induction motor

 

 

 

УДК 004. 



Баймуратова М.Ж. 

«Қайнар» Академиясы, Алматы қ.,Республика Қазақстан 

maxa.7305@mail.ru 

 

ОҚЫТУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ 

АЛҒЫШАРТТАРЫ 

 

Аңдатпа. Білім беруді ақпараттандыру – оқыту мен тəрбиелеудің психолого-педагогикалық мақсаттарына 

жету үшін білім беру саласында жаңа білімді қалыптастыру мен жүйелендіруді қамтамасыз ететін, ақпаратты 

таратуға, өңдеуге, жасауға, жинауға технологиялар мен құралдарды пайдалануға бағытталған адамның ғылыми-

практикалық іс-əрекеті.  



Негізгі сөздер: Ақпараттанугипер – сілтемелер, ақпараттық технолония. 

 

Қазіргі  заман  талабына  сай  адамдардың  мəлімет  алмасуына,  қарым-қатынасына  ақпараттық-



коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде 

ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері 

–  жастардың  бойында  ақпараттық  мəдениетті  қалыптастыру  қоғамның  алдында  тұрған  ең  басты 

міндет. 


Қоғамды  ақпараттандыру – экономиканың,  ғылымның,  мəдениеттің  дамуының  негізгі 

шарттарының  бірі.  Ғылым  ғасырының  табалдырығынан  аттағалы  тұрған  қазіргі  таңда  компьютер 

өмірдің  барлық  саласына  кеңінен  енуде.  Қазіргі  таңда  жас  ұрпаққа  білім  беру  жолында  ақпараттық 

технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. 



95 

Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру – жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы 

дамыта  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу – тəрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің 

тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.  

Ақпараттық  технология – қазіргі  компьютерлік  техника  негізінде  ақпаратты  жинау,  сақтау, 

өндеу жəне тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық жəне кибернетикалық тəсілдер мен 

қазіргі техникалық құралдар жиыны.  

Ақпараттық мəдениет дегенiмiз – адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa жəне ол 

кeңicтіктe epкін  бағдарлай  алуға,  ақпараттық  өзара ic-əрекетке  түсуге  мүмкiндiк  беретiн  бiлiм 

деңгейi. 

Ақпараттық технология уақытпен жарысып, қарқынды дамуымен қатар, адамзат үшін күнделікті 

қажеттілікке  де  айналып  отыр.  Ақпараттық  технологиянының  негізгі  мақсаты – қолданушыны 

керекті  мəліметті  өздігінен  іздеп  табуға  талпындыру,  яғни  ізденімпаздыққа  үйрету.  Сондықтан, 

бүгінгі  компьютерлендірілген  ғасырда  есептеу  техникасының  өте  жылдам  дамып,  оны  ғылымның 

кез-келген  салаларына  қолданып,  одан  нақтылы  нəтижелер  алуымызға  байланысты  ғылым  мен 

білімді одан əрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды. 

Еліміздегі білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 

ерекшелігі – білім  саласындағы  жаңашылдығы  жəне  саланың  таяу  он  жылдығы  болашағын  жүйелі 

түрде  жоспарлағандығы  болып  табылады.  Бағдарлама  əлемдегі  озық  тəжірибелерге  сүйене  жəне 

еліміздің  ішкі  ерекшеліктері  мен  мүмкіндігі  ескеріле  отырылып  жасалынған.  Бағдарламаның  басты 

жаңалықтарының  бірі – электронды  оқытуды  толығымен  меңгеру  барысында  мамандардың 

біліктілігін  көтеру  үшін  ақпараттық  технологияны  өз  қызметтеріне  пайдалану  саласы  бойынша 

тұжырымдама,  модулдік  жұмыс  бағдарламалары  жасақталған.  Сонымен  бірге  білім  беруді 

ақпараттандыру  жағдайында  мамандардың  ақпараттық  сауаттылығын,  ақпараттық  мəдениетін  жəне 

ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мəселесіне айналып отыр [1].  

Жаңа 


ақпараттық 

технология 

құралдарын 

пайдалану 

студенттің 

шығармашылық, 

интеллектуалдық  қабілетінің  дамуына,  өз  білімін  өмірде  пайдалана  білу  дағдыларының 

қалыптасуына  əкеледі.  Компьютерлік  техниканың  дидактикалық  мүмкіндіктерін  өз  мақсатымызға 

қолдану  білім  мазмұнын  анықтауда,  оқыту  формалары  мен  əдістерін  жетілдіруде  жақсы  əсерін 

тигізеді.  Есептеу  техникасымен  жұмыс  жасау  студенттердің  алгоритимдік  диниетанымын 

қалыптастырады:  

- өз əрекетін саналы түрде жоспарлайды; 

- құбылыстарға моделдер құра біледі.  

Бағдарламалауды  оқыту  студенттердің  логикалық  қабілетін  дамытады,  бақылау  мен  өзін-өзі 

бақылауын  қалыптастырады,  оқушылардың  еңбек  ету  мен  дағдысының  жинақтылығын  қамтамасыз 

етеді, жалпы мəдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.  

Мұндағы мақсат мыналарды көздейді:  

ақпараттық-коммуникациялық 



технологияны 

оқу 


үрдісіне 

енгізу 


жағдайында 

тұжырымдамалық негізін жасақтау жəне оны жүйелеу;  

-  мазмұндық,  процессуалдық  жəне  бағалау  бөліктері  негізінде  мазмұны  мен  оған  сəйкес 

таңдалынатын мамандардың категорияларын таңдауды болжау;  

- білім беруді ақпараттандыру жағдайына педагог мамандардың біліктілігін көтеру; 

Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттер қарастырылады:  

-  білім  беруді  ақпараттандыруды  дамыту  тенденцияларын  зерттеу  жəне  оған  сəйкес  мақмұнын 

анықтау; 

- мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер 

мен  көрсеткіштерді  жасақтау  жəне  олардың  ақпараттық  құзырлығын  қплыптастыру  мүмкіндіктерін 

зерттеу; 

-  мамандарды  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  өз  қызметтеріне  енгізуге 

байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.  

Қазақстан 

Республикасының 

Білім 


беру 

жүйесін 


ақпараттандырудың 

мемлекеттік 

бағдарламаларының негізгі міндеттерінің бірі – мамандардың осы сала бойынша біліктілігін көтеру 

жəне қайта даярлау. Аталған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында мамандардың біліктілігін көтеру 

жəне  қайта  даярлау  бойынша  əр  пəндердегі  курс  талаптарының  мазмұны  өзгертіліп,  жаңаланды. 

Оның негізгі мазмұны білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің кəсіби шеберлігін жаңа ақпараттық 

технологияны пайдалану бойынша жетілдіруге, басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыруға сай 

мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.  



96 

Тəжірибе  жүзінде  дəлелденгендей,  кез  келген  оқытушы  мен  білім  саласы  қызметкерлерінің  өз 

қызметтеріне  компьютерді  пайдалануы  олардың  əлемдік  ақпараттық  кеңістікке  енуде  ақпараттық 

мəдениетінің қалыптасатынымен өлшенеді. Сонымен бірге, бұл жағдайда, инновациялық əдістер мен 

құралдарды  оқу  үрдісіне  пайдалану  студенттердің  кəсіби  пəндерін  игеруде  тқызығушылықтарын 

арттырады.  Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  оқу-тəрбие  үрдісіне  пайдалану  мынадай 

мүмкіндіктерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:  

-  студенттің  дайындық  деңгейін,  ынтасын  жəне  қабылдау  жылдамдыған  ескеру  арқылы  жаңа 

материалды  меңгертуге  байланысты  оқытуды  ұйымдастыру  жəне  оқыту  үрдісіне  жаңа  ақпараттық 

технологияның мүмкіндіктерін пайдалану;  

- оқытудың жаңа əдістері мен формаларын қолдану;  

-  проблемалық  зерттеу,  аналитикалық  жəне  моделдеу  əдістерін  қолдану  арқылы  классикалық 

əдістерді жетілдіру; 

-  жаңа  ақпараттық  технология  құралдарын  (жаңа  типті  компьютерлер,  телекоммуникация, 

вертуалды  орта  жəне  мультимедия-технология)  пайдалану  арқылы  оқу  үрдісінің  материалдық-

техникалық базасын жетілдіру. 

Мамандардың  біліктілігін  көтеру  міндеттерін  шешуде  оқу  үрдісінде  ақпараттық  жəне 

коммуникациялақ технологияларды пайдаланудың келесі мүмкіндктерін ұсынуға болады. 

-  Ақпараттық  мəдениет  элементтерін  қалыптастыруда  білім  мекемелері  мамандарының 

қажеттілігін қанағаттандыру (информатика, ақпараттық жəне желілік технологиялар саласы бойынша 

жаңа білімдер алу); 

- Білім беру жүйесін басқару мамандарын жəне пəн мұғалімдерін жаңа ақпараттық технологияны 

өз қызметтеріне еркін пайдалана білуге үйрету; 

-  Оқу  үрдісі  мен  ғылыми – əдістемелік  жұмыстарға  жаңа  ақпараттық  технологияны  қолдану 

негізінде олардың озық тəжірибелерін тарату.  

Ақпараттық  мəдениетті  дамыту  ақпараттық  құзырлылығына  қойылатын  талаптарына  сай 

анықталады. 

1. Қазіргі ақпараттық кеңістік туралы біртұтас түсінікті қалыптастыру. 

2.  Ақпараттық  сауаттылық,  яғни  оқу-əдістемелік,  озық  тəжірибелерді  зерттеу,  ғылыми-зерттеу 

нəтижелерін  түрлендіру  мен  технологияларды  қолдану  əдістерін  меңгерту,  қолданбалы 

бағдарламалық құралдар мен жаңа бағдарламалық құралдарды игерту. 

3. Өз қызметтеріне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану (жаңа ақпараттық 

технолонияның  мүмкіндіктері  туралы  білім,  коммуникациялық  қызметтерді  пайдалану  дағдысы, 

білім  беру  үрдісінің  ерекшеліктерін  ескере  отырып  педагогикалық  бағдарламалық  құралдарды 

қолдану 

жəне 


оларды 

өз 


қызметтеріне 

сəйкес 


бейімдеп 

пайдалану).  

        Оқу  үрдісінде  пайдаланылатын  мультимедиялық  үйретуші  бағдарламалардың,  тексеру 

бағдарламаларының,  электрондық  оқулықтардың  өзкелең  өмір  талаптарына  сай  дайындалып, 

компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалана алатындай деңгейге жеткізуіміз керек. Бұл мəселе – өз 

алдына үлкен ғылыми ізденістерді талап ететін мəселе, сондықтан осы мəселе жөніндегі зерттеулер 

одан əрі жалғасын таба беретіні даусыз. 

Білім  беруді  ақпараттандыру  жағдайында  мамандардың  біліктілігін  көтеру – бүгінгі  күннің 

негізгі  міндеттерінің  бірі.  Сондықтан  мамандардың  біліктілігін  көтеруді  ақпараттандыру  туралы 

тұжырымдама, стандарт жəне оқу – тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. 

Білімді  оқыту  үдерісінде  алдыңғы  қатарлы  ақпараттық  қатынастың  технологияларын 

пайдалануға  жастарды  кеңінен  тарту  жолымен  ақпараттандыру  жоғарғы  оқу  орындарын 

компьютерлендіру  жəне  интернеттендіру,  электронды  оқулықтар  мен  оқытудың  электрондық – 

коммуникативтілік əдістерін қолдану, білімдік веб – порталдарды жəне артықшылықтарын оқытуды 

дамытуды құру есебімен іске асырылатын болады. Осы бастама еліміздің жас азаматтарының сапалы 

жаңа  деңгейін  құруға,  кəсіби  дайындалған  мамандарды  тəрбиелеуге  мүмкіндік  береді.  Осы  орайда, 

интерактивті  құралдар  оқытушының,  студенттің  шығармашылықпен  жұмыс  жасауына  жол  ашып 

отыр.  Интерактивті  тақта - бұл  компьютердің  қосымша  құрылғыларының  бірі  жəне  дəріс  берушіге 

немесе  баяндамашыға  ақпараттың  кескіні  мен  қарапайым  маркер  тақтасын  біріктіретін  құрал. 

Интерактивті  құралдарды  сабақта  пайдалану  дидактикалық  бірнеше  мəселелерді  шешуге 

көмектеседі:  

- Пəн бойынша базалық білімді меңгеру; 

- Алған білімді жүйелеу; 

- Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; 

- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру [2]. 


97 

Бұл  технологияны  оқу  материалын  хабарлау  жəне  студенттердің  ақпаратты  меңгеруін  тексеру 

мақсатында  қолдану  өте  тиімді.  Себебі,  студенттердің  көпшілігі  естігеннің 5 пайызын  жəне 

көргенінің 20 пайызын  ғана  есте  сақтайтыны  белгілі.  Аудио  жəне  видео  ақпаратты  бір  мезгілде 

қолдану  есте  сақтауды 40-50 пайызға  дейін  арттырады.  Интерактивті  тақтамен  жұмыс  жасаудың 

тиімділігі  сол – сабаққа  дайындалу  барысында  оқытушы  сабақ  мазмұны  студенттер  үшін 

танымдылығы  жағынан  қызықты  əрі  жаңаша  өтуі  үшін  өзінің  бағалы  уақытын  қажетті  материалды 

іздеу  мен  жүйелеуге  жұмсай  отырып,  нəтижеге  бағытталған  мақсаттар  мен  міндеттеріне  жете 

алуында.  Оқытушы  сабақ  материалын Power Point презентациясы  немесе  мəтіндік  ақпарат  түрінде 

береді.  Сонымен  қатар,  материалдың  құрамына  кесте,  диаграмма,  сурет,  басқарушы  батырмалар, 

гипер – сілтемелер, графиктер қоса алады. Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның алдында тұрып 

жасырулы ақпаратты жəне объектілерді көрсете жəне өзгерте алады. Сабақтың соңында қолданылған 

материалды  есте  сақтап,  қажет  жағдайда  қайталап  қолдана  алады.  Интерактивтік  тақтамен  жұмыс 

істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады. Сонымен қатар, ақпаратты PDF 

форматында  да  сақтап,  оқушылар  мен  студентттерге  электронды  пошта  арқылы  арқылы  жіберуге 

болады.  Оқытушы  алдын – ала  дайындалған  сабақты  оқушылардың,  студенттердің  білімін, 

біліктілігін,  дағдысын  бақылауға  бағытталған  тапсырмаларды  орындауға  береді.  Сабақтың 

барысында  тапсырманы  орындау  бойынша  ауызша  түсіндіру  жүргізіледі,  интерактивтік  тақтаны 

пайдалану арқылы теориялық материл қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы жаңа 

тақырыпқа қатысты мысалдарды көрсетіп түсіндіреді. 

Оқытушы  студентті  тақтаға  шығарып,  оларға  жеке  тапсырма  беріп,  қалған  студенттерге  көңіл 

бөлу үшін  бағыт  береді  жəне  бақылап  отырады.  Оқытушы  алдыңғы  сабақта  өтілген  материалдарды 

ашып, өткен сабақтарды қайталай алады. Мұндай əдістеме сабақты белсенді түрде өткізуге мүмкіндік 

береді. Тақтада жұмыс істеген оқытушы мен оқушының орындаған іс – əректтерін есте сақтап келесі 

сабақта қолдануына болады [3].  

Компьютер  жəне  ақпараттық  технологиялар  арқылы  жасалып  жатқан  оқыту  үрдісі  студенттің 

жаңаша  ойлау  қабілетін  қалыптастырып,  оларды  жүйелік  байланыстар  мен  заңдылықтарды  табуға 

итеріп, нəтижесінде - өздерінің кəсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.  



   

ƏДЕБИЕТ 


1.  Қазақстан  Республикасының 2015 жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасы //Қазақстан 

мектебі. 2004. №2. -4-16 бб. 

2.  Нұрғалиева  Г.К.  Электронды  оқулықтар – мұғалім  мен  оқушының  қызметін  ізгілендіру  құралы. 

Компьтер əлемі. Республикалық журнал, № 2, 2002. 

3.  Сарсимбаева  С.М.,  Каипова  А.Д,.  Амиргалиева  Т.А. «Интерактивті  тақтамен  жұмыс  жасау  негіздері» 

курсы бойынша əдістемелік нұсқаулар. Ақтөбе, Қ. Жұбанов атындағы АМУ, 2008. 

 

 REFERENCES 



1. Kazakhstan Respublikasinin 2015 zhilga deingi bilim berudi damitu tuzhirimdamasi// Kazakhstan mektebi. 

2004. №2 – 4 – 16 66.   

2 Nurgalieva G.K. Elektrondi okuliktar – mugalim men okushinin kizmetin izgilendiru kurali. Computer alemi. 

Respublikalik zhurnal, №2, 2002.   

3 Sarsimbaeba S.M., Kaipova A.D., Amirgalieva T.A. «Interaktivti takatamen zhumis zhasau negizderi» kursi 

boinsha adistemelik nuskaular. Aktobe, K. Zhubanov atindagi AMU, 2008.  

 

Баймуратова М. 



Основные теоретические условия организации информационной системы обучения 

Резюме. Информатизация образования   согласно современным  требованиям образования и  воспитания 

позволяют сформировать, систематизировать  информацию и использовать информационные  технологии  для 

деятельности человека в целом. 

Ключевые слова: информационные системы, информатизация образования. 

 

Baimyratova M. 



Basic theoretical terms of organization of the informative departmental teaching 

Summary. Informatization of education   in obedience to the modern  requirements of education and  education 

allow to form, systematize  information and use information  technologies  for activity of man on the whole. 



Key word: informative systems, informatization of education 

 

 



 

 


98 

УДК  004.42 

 

Бекенай С. бакалавр, Төлегенова Б.А., Наурызбаева А.І. 

 Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті 

 Алматы қ., Қазақстан Республикасы 

seku_777@mail.ru 



 

АНДРОЙД ОЖ АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ БАНК ҚОСЫМШАСЫН ҚҰРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

Андатпа.  Бұл  мақалада  қазіргі  таңда  жаңа  технологиялардың  дамуына  байланысты  Андройд  ОЖ 

қолданушылары Банкте жүргізілетін барлық қызмет түрін  ұялы телефон арқылы басқару қарастырылады, бұл 

қосымша  қолданушыларға  ғана  емес  сонымен  қатар  Банктегі  қызметкерлерге  де  уақыттың  тиімділігін 

қамтамасыз етеді. 



Түйін сөздер. Андройд ОЖ, мобильді банк online, мобильді банк қосымшалар. 

 

Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру – жаңа  ақпараттық  технологияларды    пайдалану  арқылы 



дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тəрбие үрдісінің 

барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын  жоғарлатуды  көздейді.  Біріккен  ұлттар  ұйымының 

(БҰҰ) шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталатыны бəрімізге белгілі [1].  

Қазіргі  кезде  біздің  қоғамымыз  дамудың  жаңа  кезеңіне  көшіп  келеді,  бұл  кезең  ақпараттық 

кезең,  яғни  компьютерлік  техника  мен  оған  байланысты  барлық  ақпараттық  коммуникациялық 

технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына еніп, оның табиғи ортасына айналып отыр. 

Қазіргі  таңда  қоғамның  электрондық  бизнестен  мобильге  ауысып  жатқаны  байқалады.  Егер 

электрондық  технологиялар  арқасында  ақпараттар  толықтай  қол  жетімді  болса,  мобильді 

технологиялар  өз  кезегінде  ақпараттардың  уақыттылығы  мен  релеванттығын  қамтамасыз  етуді  өз 

міндетіне алады. Қазіргі күнде мобильді технологиялар қарқынды дамуда. 

2009  жылдың  маусым  айында Android-тың NDK (NativeDevelopmentKit) бірінші  ресми 

шығармалары жарық көрді.  

Мобильді  құрылғылардың  байланыстың  сымсыз  технологиялардың  қарқынды  дамуы 

тұтынушыларға  ақпараттың  жəне  есептеу  қызметтерді  қалаған  жерде  жəне  қалаған  уақытта    қол 

жетімді етеді.  

Заман  көшінен  қалыспай,  қазіргі  күні  əр  адамның  мобильді  болып,  əрдайым  байланыста  болу 

мүмкіндігі  бар,  ақпарат  алып,  оны  қоршаған  адамдармен  бөлісе  алады.  Əңгіме  тұрмысымыздан  өз 

орындарын  тауып  үлгерген  коммуникацияның  заманауи  мобильді  құрылғылары  турасында  болып 

отыр[2].  

Мəселен,  смартфондар  арқылы  бұрын  тек  дербес  компьютерлерде  атқара  алатын  қызметтердің 

басым  бөлігін  орындауға  болады.  Мұның  барлығы – бұл  құрылғылардың  техникалық  қамтамасыз 

етілуінің  жетілгенінің,  қолжетімді  интернеттің  жəне,  əрине,  мобильді  операциялық  жүйелер  мен 

оларға арналған сан алуан қосымшалардың нəтижесі. 

Қолжетімді  қосымшалардың  сан  алуан  түрлерінің  санымен  қатар,  олар  қамтыған  қызмет 

салаларының  ауқымдылығы  таң  қалдырады.  Кеңсе  жұмысы,  əлеуметтік  желілерде  қарым-қатынас, 

ойындар,  спорт,  мультимедия,  бизнеске  арналған  БЖ,  кітаптар,  анықтамалар  жəне  т.б. – осының 

барлығын  мобильді  құрылғылар  арқылы  пайдалануға  болады.  Мобильді  мүмкіндіктерге  оң  бағасын 

берушілердің саны күн санап артып келеді [3].  

Мобильді  Банк  қызметінің  көмегімен  сіз  өз  картаңызда  жүріп  жатқан  барлық  іс-əрекеттерден 

хабардар  бола  аласыз,  интернеттің,  ұялы  байланыстың  жəне  ТҮКШ  (тұрғын-үй  коммуналдық 

шаруашылығы)-қызметтері  үшін    төлем  жасай  аласыз.  Сіздің  өз  шотыңыздың  мөлшері,  картаңызда 

қалған қаржы, орындалған операциялар туралы ақпараттар қол жетімді болады. 



Bank” - қызметі  қашықтықтан  банктік  қызмет  көрсетудің  аппараттық-бағдарламалық  кешені, 

банк клиенттеріне “жаңаруға” өзінің қаржысымен есепші жəне карталар басқаруды іске асыру жəне 

қазіргі  уақыт  режимінде  интернет  желісі  (онлайн)  жəне  мобильдік  телефон  арқылы  қаржы 

операцияларын іске асыруға мүмкіндік береді.  

Атап айтқанда: 

жеке шоттарыңыздың арасында ішкі аударымдар; 



банк клиенттерінің шоттарының арасында ішкі аударымдар; 



99 

алушының Қазақстандағы басқа банктегі шотына теңгемен аударымдар; 



шетел валютасындағы халықаралық аударымдар; 

коммуналдық  қызметтердің,  интернет  қызметтерінің,  сондай-ақ  мобильді  жəне  қала 



байланысы  қызметтерінің,  кабельді  жəне  цифрлық  теледидар  қызметтерінің  жəне  басқа  қызмет 

ақысын төлеу; 

бюджеттік төлемдер, салықтарды төлеу; 



төлемдер мен аударымдар бойынша күрделі операцияларды құру, өзгерту, жою; 

ЖҚЕ  бұзғаны  үшін  айыппұлдар  төлеу  (көлік  жəне  техникалық  паспорт  нөмірі  бойынша, 



жүргізуші куəлігі нөмірі бойынша, хаттама бойынша); 

жаңа айыппұлдардың болуы/пайда болуы туралы push-хабарламалар алу; 



жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеу; 

елді мекендік жерге жеке тұлғалардың жер салығын төлеуі; 



жеке тұлғалардың салықтары үшін өсім, айыппұл, берешектерді төлеу; 

жүргізуші куəлігін алу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу; 



паспорт жəне жеке куəлік алу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу; 

тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу;  



дəрілік  құралдар  немесе  МТБ  бойынша  жақын  дəріханаларды  іздеу,  тапсырыс  беру  жəне 

есеп айырысу; 

жеке кабинеттегі пайдаланушы профилінің мəліметтерін редакциялау жəне т.б.  



Банк операцияны жасау сəтіндегі қолданыстағы Банк тарифтері бойынша ақылы негізде жүзеге 

асырылатын, Клиентке «Мобильді Банк» АҚ-да барлық өзінің банктік шоттарына алыстан басқаруды 

жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  ««Мобильді  Банк Online»  жүйесінде  Клиентке  банктік  қызмет 

көрсетуді жүзеге асыруға міндеттенеді.  

Клиент  «Мобильді  Банк Online»  жүйесінде  банктік  қызмет  көрсету  құқығына  осы  Шартты 

жасаған  соң,  Кілттік  тасымалдаушыны  алған  соң  жəне  осы  Шарттың  ажырамас  бөлігі  болып 

табылатын  электронды  сандық  қолтаңбаны  тану  жəне  Кілттік  тасымалдаушыны  Қабылдау-беру 

туралы актіге қол қойған соң ие болады. 

Егер  Банк  тексеру  кезінде  Электронды  сандық  қолтаңба  дұрыс  деп  танылса  жəне  Электронды 

құжатты  қабылдау  сəтіне  Банк  Клиенттің  Кілтті  тасымалдаушыны  немесе  банктік  шоттарға 

қолжетімділікті  шектеу  туралы  өтінішін  бекітпесе,  Клиент  жəне  Банк  Электронды  құжаттардан 

туындайтын барлық міндеттемелерді толық көлемде өздеріне алуға міндеттенеді [4].  

Мобильді  қосымшалар айналымы төменде 1-суретте келтірілген. Мұнда мобильді қосымшалар 

мен кəсіпорындар арасындағы мəліметтер алмасуы, атқаратын платформалар қызметі көрсетілген. 

 

 

 



1-сурет. Мобильді  қосымшалар айналымы 

 

Мұнда негізгі орындалатын операциялар, олардың негізінде қажет болған кезде қарауға немесе 



шығарып алуға болатын есепшот көшірмелерін,  мобильді  банк қызметі  жайлы толық ақпарат  алуға 

болады жəне банк менеджерлеріне əртүрлі туындаған сұрақтар бойынша жауап алуға болады.  

2-суретте мобильді банк қосымшасының толық құрылымы келтірілген.  

 


100 

 

 



2-сурет. Қосымшаның құрылымы 

 

Мобильді банк қызметінің орындалу сызбасы 3-суретте қарастырылған. Мұнда қолданушы мен 



мобильді банк арасындағы мəлімет алмасу келтірілген. 

  

 



 

3-сурет. Мобильді банк қызметінің орындалу сызбасы 

 

ƏДЕБИЕТТЕР 



1.  В.В.Соколов –“Разработка Мобильных Приложений”,  2011. 

2.   Д.  Васильевна-“  Клиентское  приложение  на  базе  ОС Android для  туристической  информационной 

системы ” ,2013. 


101 

3.  Пирумян В. Платформа программирования J2ME для партативных устройств. –М.КУДИЦ-Образ, 2002. 

4.  http://kz.eubank.kz/press/clients/kurmetti_klientter_8_12_2014/. 

 

REFERENCES 



1. V.V. Sokolov -"Razrabotka mobilnyh priloshenyi", 2011 

2. D. Vasileva -"Klientskoe prilogenie na baze OS Android dlya turistisheskoi informacionnoi systemy", 2013 

3. Piruman V. Platvorma programmirovania J2ME dlya partativnyh ustroistv", 2002 

5.  4. http://kz.eubank.kz/press/clients/kurmetti_klientter_8_12_2014/. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет