Математическая модель взаимодействия двух биологических видов условиях симбиоза
Резюме. В статье посроена логическая модель роста популяции и вид логического уравнения в
дифференциальной форме и построена простая модель, показывающая возникновение устойчивости колебаний
численности хищника и жертвы. Стационарная численность жертвы в координатных осях плотности хищника и
жертвы представлена в виде выпуклой изоклины.
Ключевые слова: логическая модель, популяция, хищник, жертва, колебания, изоклина.
Sergent G., Satybaldyev O.S.
Mathematical model of interaction two species symbiosis conditions
Summary. The article is based logical model of population growth and the kind of logical equations in differential form
and build a simple model showing the emergence of resistance fluctuations in numbers of predator and prey. Stationary
number of victims in the coordinate axes of predator and prey density is represented as a convex isocline.
Key words: logic model, population, predator, victim fluctuations isocline.
ӘОЖ 004.93
Ташев А.А., Оган А., Аманкелді А.
Казахский национальный технический университет имени К. И. Сатпаева,
г. Алматы, Казахстан Республикасы
ibull.tashev@gmail.com
ARDUINO-NANO МИКРОКОНТРОЛЛЕРІМЕН БАСКАРЫЛАТЫН
4Х4Х4 ЖАРЫҚДИОДТЫ LED-КУБЫ
Аңдатпа. Жарықдиодтар технологиясы қолдануға ыңғайлы, заманауи талаптардың барлығына толықтай жауап
бере алатын бірден-бір технология болып табылады. Бұл технология негізінде жарықдиодтар қолданылады. Олар
энергоүнемді, жұмыс істеу уақыты өте үлкен, механикалық әсерлерге төзімді, экологиялық қауіпсіз, жұмыс диапазоны
кең. Алғашқы кездері диодтар тек қана индикация үшін қолданылды. Ал қазір жарықдиодтар ғылымда, өндірісте,
архитектурада, интерьерде және т.б көптеген салаларда кеңінен пайдаланылады.
Қазіргі кезде жарықдиодтарды теледидарлар мен компьютерлердің, ұялы телефодардың дисплейлерін
жасауда көп қолданады. Жарықдиодтарды органикалық байланыстардан дайындау арқылы мөлдір, жоғары
контрастты, ультражұқа иілгіш экрандар, гибридты матрицалар жасауға қол жеткізілді. Жарықдиодты панель –
әрбір нүкте, яғни пиксель жартылай өткізгішті жарық диоды болып табылатын визуалды ақпаратты беру мен
шығару құрылғысы.
Жарықдиодтары люминесцентті жарықтандырумен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие.
Диодтар 20-30% аз энергия тұтынады және олар айтарлықтай жұқа. Қазірдің өзінде ені 5.9 мм болатын
теледидар табуға болады.
Сонымен қатар жарықдиодты жарықтандыруы бар дисплейлер контрасттылықтың жақсы көрсеткіштерін
қамтамасыз етеді, себебі дисплей бірнеше үлкен лампалармен емес, бір-бірінен тәуелсіз экран облысын
көлеңкелеп немесе жарықтандырып өшіп немесе жанатын көптеген кішкентай диодтардан тұрады.
Түйін сөздер: сұлба, ардуино, резистор, светодиод, конденсатор, диод.
Arduino-NANO модельді микроконтроллерлерінің кеңейтілім модулі 8х8х8 өлшемді 5 мм немесе
3 мм жарықдиодтарынан құралған кубты құрастыруға мүмкіндік береді. Лед кубты жасау үшін 256
жарықдиоды қолданылады.
256 жарықдиоды сегіз-сегізден бөлініп, ағаш немесе басқа негіздемеге орналастырылады. Ал
лед-кубтың жұмыс істеу принципіне келсек, ол көздің көру қабілеттілігінің инерциялық эффектіне
негізделген.
Жарықдиодтар үшін қолданылатын материалдар жақын инфрақызыл, көрінетін және жақын
ультракүлгін түстерге сәйкес келетін энергиямен тікелей байланыста болады.
Жарықдиодының жарық күші, бұрыш пен сәулелену бағытының диаграммасы сияқты
параметрлері де үлкен мәнге ие.
Жарықдиодының жарық күші кеңістікте белгіленген бағыт бойымен сәулеленетін жарық
ағынының көлемі түрінде болады. Негізінен, сәулелендіргіштің жарық күші сәулелену бағытына
байланысты болады. Қысқаша айтқанда, жарық күші қарастырылып отырған бағытта жарық көзі
жарық ағынының қандай үлесін беретінін көрсетеді деп есептеуге болады.
Ал енді микроконтроллерлер туралы айтып өтсек. Микроконтроллер (MCU) – электрондық
құрылғыларды басқаруға арналған микросұлба. Типтік микроконтроллер өзінде процессор мен
614
сыртқы аймақтық құрылғылардың қызметін ұштастырады, ЖСҚ және ТСҚ-дан құрала алады. Мәні
бойынша, бұл қарапайым міндеттерді орындауға қабілетті, біркристалдық компьютер.
Дербес компьютерлерде қолданылатын кәдімгі процессорлар жағдайындағы сияқты, толық
жиынтықтың орынына бір микросұлба қолдану, микроконтроллерлер базасында құрастырылған
құрылғылардың мөлшерін, энергиятұтынуын және құнын едәуір төмендетеді.
Қазіргі кезде микроконтроллердің (МК) көптеген түрлері шығарылады. Бұл құрылғылардың
барлығын шартты түрде үш негізгі классқа бөлуге болады:
енгізілетін қосымшаларға арналған 8-разрядты МК;
16- және 32-разрядты МК;
сандық сигналды процессорлар (DSP).
Микроконтроллер буынының ең кең таралғаны болып тұрмыстық және компьютерлік техника
өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын 8-разрядты құрылғылар есептеледі.
Олар өз даму жолында салыстырмалы түрде төмен дамыған перифериялы қарапайым
құрылғыдан нақты уақыт масштабында басқарудың күрделі алгоритмдерін іске асыра алатын қазіргі
көпфункционалды контроллерге дейін дамыды. 8-разрядты микроконтроллердің көп қолданылуы
оны нақты объектілерді басқару үшін қолданылатынымен түсіндіріледі.
Негізінен ол жерде өңдеу жылдамдығы процессордың разрядтылығына байланысты болмайтын
логикалық операциялар көп қолданылатын алгоритмдер пайдаланылады.
8-разрядты микроконроллердің әйгілі болуына Motorola, Microchip, Intel, Zilog, Microchip сияқты
атақты фирмалар мен басқа көптеген фирмалар шығаратын құрылғылар санының тұрақты түрде
өсуіне байланысты. Қазіргі 8-разрядты микроконтроллердің өз ерекшеліктері бар. Олардың
кейбіреулерін атап шығайық:
бір процессорлы ядро (орталық процессор) негізінде бағдарлама жадысының көлімі мен
типімен , деректер жадысының көлемімен , перифериялық модульдер жиынтығымен, синхронизация
жиілігімен ерекшеленетін микроконтроллерлер тізбегі;
микроконтроллердің жабық архитектурасын зерттеу. Ол микроконтроллер корпусының
шығыстарында адрес және деректер магистраль сызығының болмауымен сипатталады.
микроконтроллерде әр түрлі шығарушы компаниялар құрылғыларының жұмыс алгоритмінде
айырмашылықтары болатын функциональды перифериялық модульдерін (таймерлер, жағдайлар процессоры,
тізбекті интерфейстер контроллерлері, аналогты-сандық түрлендіргіш және тағы басқа) қолдану;
микроконтроллердің арнайы функциялар регистрлерін инициализациялау процессінде
берілетін перифериялық модульдердің жұмыс режимінің санының көбеюі.
4х4х4 жарықдиодты лед-кубының жұмыс істеу принципі
Жарықдиодты куб – бүкіл аумағы бойынша жарықдиодтар орналасқан куб. Және де әр жарықдиод
бөлек басқарылады. Жарықдиодты куб арқылы әр түрлі сәулелі шоу және анимациялар құруға болады.
Жарықдиодты куб өзіне программаланған әр түрлі жарық анимацияларын көрсетуге мүмкіндік береді.
Күрделі сызбалы 3D жарықдиодты кубтары әр түрлі ауқымды жазулар мен сөздерді де көрсете алады.
Жарықдиодты куб – кеңістікті құрылымдар мен графиканы көрсетуге мүмкіндік беретін аз рұқсаттылықты,
ауқымды монитор. Әрине, оның көмегімен видео көруге болмайды, бірақ презентациялар мен шоуларды
безендіргенде, сауықтар мен көрмелерде, дизайн мен жарнамада қолдануға жақсы шешім.
1-сурет. Жарықдиодты куб 4x4x4
615
Жарықдиодты кубты құрастыру кезінде көздің көру қабілеттілігінің инерциялығы қолданылады,
себебі барлық диодтарды қосу үшін өте үлкен мәнді ток қажет болады.
Мысалы, бір жарықдиодын жарықтандыру үшін шамамен 20 миллиампер өлшемді ток қажет.
Осыдан шығатыны 256 жарықдиодын бір уақытта қосу үшін 5,12 миллиампер ток қажет. Мұндай
мәнді токты тұрақты т.рде қамтамасыз ету қиын. Сондықтан кубтың әр бөлігін уақыттың әр түрлі
моментінде қосу туралы шешім шығардық. Осылайша тұтынатын токтың мәні 0.78 A (64
жарықдиодының әрқайсысына 20 мA) құрайды. Бұл талапты қамтамасыз ету оңайға түседі. Жақсы
транформаторды қолдану жеткілікті болады.
Кубтың барлық жиодтарын іске қосу керек болсын деп елестетейік. Ол үшін біз кубтың әр түрлі
қабаттарын адам көзінің реакциясынан жоғары жылдамдықтан жоғары болатын жылдамдықпен
қосумыз керек.
2-сурет. LED CUBE 4x4x4 Nano электрлік сұлбасы
Бұл жарықдиодты кубты Arduino-NANO микроконтроллері басқарады. Arduino-NANO 1Т
технологиясын негізделген біркристалды микроконтроллер. Бұл жарықдиодты кубта қолданылған
бөлшектер төмендегі тізімде көрсетілген:
-
1x микроконтроллер Arduino-NANO
-
1x микроконтроллер 74HC573
-
1x микроконтроллер 24C02
-
1x микроконтроллер ADC0832
-
1x микроконтроллер APM4953
-
512x LED диод
-
1x USB кабелі
-
4x LED Red диод
-
20x Резистор 100 Ом
-
11x Резистор 10 кОм
-
4x Резистор 1 кОм
-
2x Коденсаторлар 22пФ
-
6x Коденсаторлар 104
-
4x Коденсаторлар 105
-
1x Коденсаторлар 470UF/25V
-
2x Шоттки түзеткіші диоды
Қортынды: Біз бұл жобада LED – технологиясының құрылымын, түрлерін және де жасалу
әдістері мен қолдану аясын қарастырдық. LED, яғни жарықдиодтар күн өткен сайын люминесцентті
және дәстүрлі қыздыру лампаларының орнын басып келеді. Басқа жарықтандыру құрылғыларымен
салыстырғанда, жарықдиодтар p-n өтпе құру үшін қоспалармен араластырылған жартылайөткізгіш
материалынан тұрады. Ток р- облысынан жеңіл өтеді, яғни катодқа қарай, бірақ кері бағытта
жүрмейді. Егер оның жолында кемтік кездессе, ол фотон түрінде төменірек деңгейге түседі.
616
Алғашқы кездері LED тек қана индикация үшін қолданылған, ал бүгінгі күнде оны көптеген
техникада кездестіруге болады.
Біз бұл жобада LED технологиясының, соның ішінде LED-кубтың құрылымы мен жұмыс
принципін зерттеп, зертханалық стенд жасадық.
Жарықдиодты куб – бүкіл аумағы бойынша жарықдиодтар орналасқан куб. Және де әр
жарықдиод бөлек басқарылады. Жарықдиодты куб арқылы әр түрлі сәулелі шоу және анимациялар
құруға болады. Жарықдиодты куб өзіне программаланған әр түрлі жарық анимацияларын көрсетуге
мүмкіндік береді. Күрделі сызбалы 3D жарықдиодты кубтары әр түрлі ауқымды жазулар мен сөздерді
де көрсете алады. Жарықдиодты куб – кеңістікті құрылымдар мен графиканы көрсетуге мүмкіндік
беретін аз рұқсаттылықты, ауқымды монитор. Әрине, оның көмегімен видео көруге болмайды, бірақ
презентациялар мен шоуларды безендіргенде, сауықтар мен көрмелерде, дизайн мен жарнамада
қолдануға жақсы шешім.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Алферов Ж. И. // Физика и техника полупроводников. 1998. Т. 32. № 1.
2.
Алферов Ж. И. Физика и Жизнь. СПб. 2000.
3.
Берг А., Дин П. Светодиоды / Пер. с англ. под ред. А. Э. Юновича. М. 1979.
4.
Коган Л. М. Полупроводниковые светоиз-лучающие диоды. М. 1983.
5.
Копаев Ю. В. Лауреаты Нобелевской премии 2000 г. по физике — Ж. И. Алферов, Г. Кремер, Дж.
Килби // Природа. 2001. № 1.
6.
Лосев О. В. У истоков полупроводниковой техники: Избранные труды. Л. 1972.
7.
Nakamura S., Fasol G. The blue Laser Diode; GaN based Light Emitters and Lasers. Heidelberg. 1997.
8.
http://www.maxim-ic.com/solutions.cfm/ cpk/75/scpk/0/pl_pk/0/ln/en.
9.
http://www.maxim-ic.com/solutions.cfm/ cpk/75/scpk/1135/pl_pk/0/ln/en.
10. http://www.maxim-ic.com/solutions.cfm/ cpk/75/scpk/1136/pl_pk/0/ln/en.
11. http://www.zetex.com/frame.asp?page= http:// www.zetex.com/3.0/a1-7b.asp?link=spotlight.
12. http://www.national.com/parametric/ 0,,4824,00.html.
13. http://www.fairchildsemi.com/ whats_new/led_drivers.html.
14. http://www.mblock.com.tw.
REFERENCES
1. Alferov Zh. I. // Fizika i texnika poluprovodnikov. 1998. T. 32. № 1.
2. Alferov Zh. I. Fizika i Zhizn. SPb. 2000.
3. Berg A., Din P. Svetodiody / Per. s angl. pod red. A.E. Yunovicha. M. 1979.
4. Kogan K.M. Poluprovodnikovye svetoiz-luchayushhie diody. M. 1983.
5. Kopaev Yu. V. Laureaty Nobelevskoj premii 2000 g. po fizike — Zh. I. Alferov, G. Kremer, Dzh. Kilbi //
Priroda. 2001. № 1.
6. Losev O. V. U istokov poluprovodnikovoj texniki: Izbrannye trudy. L. 1972.
7. Nakamura S., Fasol G. The blue Laser Diode; GaN based Light Emitters and Lasers. Heidelberg. 1997.
8. http://www.maxim-ic.com/solutions.cfm/ cpk/75/scpk/0/pl_pk/0/ln/en.
9. http://www.maxim-ic.com/solutions.cfm/ cpk/75/scpk/1135/pl_pk/0/ln/en.
10. http://www.maxim-ic.com/solutions.cfm/ cpk/75/scpk/1136/pl_pk/0/ln/en.
11. http://www.zetex.com/frame.asp?page= http:// www.zetex.com/3.0/a1-7b.asp?link=spotlight.
12. http://www.national.com/parametric/ 0,,4824,00.html.
13. http://www.fairchildsemi.com/ whats_new/led_drivers.html.
14. http://www.mblock.com.tw.
Ташев А.А., Оган А., Аманкелді А.
Светодионый LED-куб 4х4х4 с управлением микроконтроллера Arduino-NANO
Резюме. Этот проект является структурой светодиодных технологий, рассмотрены виды и методы
получения, сферы применения. Разнообразие сложных графических 3D LED кубов может быть в диапазоне
слов и цифр. Светодиодные пространственные структуры куба позволяют выводить масштабные графические
изображения на 3D монитор.
Ключевые слова: схема, ардуино, резистор, светодиод, конденсатор, диод, печатная плата.
Tashev A.A., Ogan A., Amankeldi А.
4х4х4 LED cube by Arduino-NANO
Summary. This project is the structure of the LED technology, types and methods of making and considered the
scope of application. A variety of complex graphical 3D LED cubes can be in the range of words and notes. LED cube
space structures and less availability, allowing large-scale graphics monitor.
Key words: scheme, arduino, resistor, led, capacitor, diode, PCB.
617
ӘОЖ 004.6.056
Төлегенова М.Қ. студент, Тұрым А.Ш.
Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
molya_mole4ka@mail.ru
ӨЗІН ӨЗІ ҚОРҒАЙТЫН ЖЕЛІ CISCO ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ
Аңдатпа. Өзін өзі қорғайтын желі технологиясының құрылымы және жұмыс істеу қағидаттары
қарастырылған. Cisco компаниясының өзін өзі қорғайтын желі стратегиясының негізгі компонентері жайында
және оларды қолдану туралы мәліметтер берілген. Cisco Secure Network Foundation және Network Admission
Control шешімдері қарастырылған.
Түйінді сөздер: өзін өзі қорғайтын желі, қауіпсіздік, бағдарғылауыш, коммутатор, шабуыл, ақпарат
қорғау.
Ақпараттық қауіпсіздік компьютерлер, корпоративтік желілер қолданушыларының негізгі
мәселелерінің
бірі
болып
табылады.
Бұл
мәселелер
вирустық
шабуылдардан,
тыңшы
бағдарламалардан қорғанумен, (әдетте, жасырын мәліметтерді ұрлайтын компания қызметкерлерінің
тарапынан болатын) қорғалатын ақпараттың сыртқа кетуімен байланысты. Осындай мәселелерді
шешу үшін көптеген пайдаланушылар мен кәсіпорын басшылары жеке құралдарды жүйесіз сатып алу
және орнату нәтижесінде пайда болған әртүрлі шешімдерді жиі қолданады [1, 5].
Ауани жекеше желілер (VPN) үлкен офистар мен мобилді кызметшілерге бір-бірімен және бас
офиспен (тіпті хабарламаны жіберу үшін ашық Интернет желісі пайдаланылса да) толық
жасырындылық қамтамасыз етілген жағдайда әрекеттесуге мүмкіндік береді. Криптографиялық
қорғау құралдары қорғалынған деректерді рұқсатсыз кіруге талпынғандардың бәріне жолай ұсталған
ақпаратты түсініксіз етеді.
Желіаралық
экрандар
мен
шабуылдардың
алдын
алу
құралдары
(IPS)
тыңшы
бағдардарламаларды немесе хакерлердің ақпаратты ұрлау мақсатында корпоративтік желілерге кіруін
тоқтатуға көмектеседі. Сонымен қатар, желіаралық экрандар ішкі қызметкерлердің мағызды
ақпаратқа қол жеткізуін тоқтату кезінде де тиімді болып келеді. Маңызды ақпаратты басқа жергілікті
желіден логикалық түрде бөлінген өзіндік ауани жергілікті VLAN желісінде сақтауға және өңдеуге
болады.
Әрине, бұндай келіс аталған қорғаныш мәселелерін түбегейлі шешуге мүмкіндік бермейді.
Корпоративтік желілердің де, оларға бағытталған шабуылдардың да қазіргі таңда күрделілік деңгейі
арта түсті. Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тек бір әдіске ғана сүйену толық нәтиже беруі
мүмкін емес. Сондықтан, әрі қарай ізденіс «терең эшелондалған қорғаныш» идеясының пайда
болуына әкелді [1,2,3].
Cisco компаниясының мамандары өзін өзі қорғайтын желі үлгісі ретінде бір қарағанда мән-
жайға еш қатысы жоқ шынайы өмірден алынған (мәселен, адамның иммундық жүйесі сияқты)
мысалдарды іздей бастады. Бұл жүйелердің жалпы сұлбасы болып бейімдеу (адаптивтік) құралдарын
және алдан-ала (оздыра) қорғану құралдарын пайдалану табылады.
Бейімдеу қорғанышының негізгі мүмкіндіктері болып мыналар саналады: функционалдығының
үзіліссіздігі, шабуылдардың таралу мүмкіндігін кеміту, әлі белгісіз шабуылдарға тез арада қарсы
әрекет ете алу. Осы ұстанымды басшылыққа ала отырып Cisco компаниясы қауіпсіздікті қамтамасыз
етудің тиімді, қол жетімді және бірлескен шешімдерді ұсынып отыр. Бұл шешімдер бизнестің
ақпараттық тұтастығын қамтамасыз етуге, клиент ақпаратының жасырындылығын сақтауға және
эксплуатациялық шығындарды азайтуға көмектеді.
Қорғау жүйесінің негізі - «Өзін өзі қорғайтын желі» (Self-Defending Network, SDN). Ол
желіаралық экрандар, шабуылдың алдын алу жүйелері және антивирустық бағдарламалар секілді
қауіпсіздіктің барлық құралдарын біртұтас жүйеге біріктіреді.
Өзін өзі қорғайтын желі стратегиясы Cisco компаниясының болашағы зор стратегиясы болып
табылады. Бұл стратегия қауіптерді анықтау, алдын алу және ішкі мен сыртқы қауіптерге бейімделу
арқылы ақпаратты қорғауға мүмкіндік береді. Мұндай қорғаныш мекеменің желілік ресурстарының
зияттық мүмкіндіктерін тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Cisco SDN желі стратегиясының негізгі үш сипаттамасы бар: желінің барлық бөліктерінее
қауіпсіздікті бірлестіру, желі мен қорғаныштың әртүрлі сыңарларының арасында үдерістерді
біріктіру және жаңа қауіптердің пайда болу барысына қарай оларға желінің бейімделу мүмкіндігі.
618
Cisco желілік стратегиясы қауіптерді нақты уақытта автоматты түрде басқаруға арналған сәулеттік
тұғырнама негізінде қауіпсіздіктің заманауи мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Өзін өзі қорғайтын желісінің біріктіру, әрекеттесу және бейімделулік деген үш ерекше қасиетін
атап кетуге болады. Біріншіден, желінің әр нүктесі өзін ішкі және сыртқы қауіптерден қорғайтынына
кепілдік беретіндей етіп қауіпсіздіктің құралдарын желінің барлық элементтеріне ендіреді.
Екіншіден, мұндай желілік элементтер өзара ақпарат алмаса отырып бірілесе жұмыс істейді, сөйтіп
қосымша қорғанышты қамтамасыз етеді. Үшіншіден, жаңа қауіптерге бейімделу үшін желі әрекет ету
сипатына бойынша жаңа анықтау құралдарын қолданады [2, 5].
SDN желі оператордың қатысуынсыз шабуылдарға қарсы жедел әрекет ете алатын автономдық
жүйелер құруға мүмкіндік береді. Бірінші кезеңде (бірлескен қорғаныш) коммутатор мен
бағдарғылауыш секілді желілік құрылғылар құрамына қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмдерін
енгізу іске асырылады. Екінші кезеңге (ұжымдық қорғаныш) желілік қорғаныш элементтері арасында
байланыс орнату кіреді. Cisco SDN желісінің соңғы кезеңінде қауіптерден бейімделіп қорғану тетігін
(Adaptive Threat Defense, ATD) ендіру жүзеге асырылады. Бұл тетік Anti-X технологиясының
негізінде желінің қауіптерге деген қрсы жауап әрекеттерін күшейтуге мүмкіндік береді.
Қауіпсіздіктің орталықтандырылған инфрақұрылымының негізі болып мониторинг пен
қауіптерге қарсы әрекет ету жүйесі CS-MARS (Cisco Security Monitoring, Analysis, & Response
System) табылады [1, 4].
Cisco SDN желісінің маңызды компоненті болып Cisco Security Agent (CSA) қауіпсіздік
бағдарламасы саналады. Ол ұтқыр компьютерлерде, үстелдік компьютерлерде және серверлерде
жұмыс істейді. CSA бағдарламасы қолданушылар мен құрылғылардың іс-әрекетін бақылайды,
ауытқушылықтарды анықтайды және шабуылдарды (олардың ішінде антивирустық стандартты
сканер «өткізіп» жіберетіндерді де) бұғаттайды. CSA-ның негізгі ерекшелігі мен маңыздылығы
кәдімгі антивирустық бағдарламалар енді ғана белгісіз вирустың түрін анықтап, жаңа сигнатураны
құра бастаған кезде бұл бағдарламаның қауіптерді бұғаттай алатындығы болып табылады.
Мәселен, Cisco-ның қауіпсіздікке деген жүйелі келісі Рейли қаласының (Солтүстік Калифорния
штаты) Coastal Federal Credit Union кредиттік одағында Cisco өнімдерінің негізінде қауіпсіздік
инфрақұрылымын құру үшін қолданылған. Бұл қауіпсіздіктің жалпы деңгейін жоғарылатуға және
қатерлерді басқару үдерістерін жақсартуға мүмкіндік берді.
Cisco Secure Network Foundation шешімі қауіпсіздіктің қажетті тетіктерін барлық (сымсыз,
сымдық) пайдаланушылар бойынша қамтамасыз етеді. Бұл тетіктер бағдарғылауыштарға,
коммутаторларға және белгіленген Cisco қорғаныш құралдарына ендіріліп, операцияларды
жеңілдетуге және шығындарды азайтуға көмектеседі [5].
Бұл шешім заманауи желілерді қауіпсіздендіретін және болашақ қауіпсіздік бойынша
талаптарды ескеретін Cisco SDN желі стратегиясына негізделген. Пайдаланушылар шабуылдар
кезінде де жұмысын жалғастыра алады және заңнамалық актілердің ақпаратты қорғауға және
олардың құпиялылығын сақтауға қатысты талаптарын орындай алады.
Cisco Secure Network Foundation шешімі клиенттің ақпаратын желі ішінде немесе сыртында
орналасқан қолданушылардың рұқсат қол жеткізуінен қорғау үшін көптеген құралдарды
пайдаланады.
Cisco Secure Network Foundation шешімі негізгі екі құрылғылар негізінде құралған: еңдірілген
сервистары бар бағдарғылауыштар (Cisco Integrated Services Router, ISR) және Cisco ASA 5500
көпфункционалды қорғау құралдары (Cisco ASA 5500 Series Adaptive Security Appliance). Cisco ISR
құрылғылары үй офистарына немесе кіші және орта өлшемді желілерге арналған жеке сенімді және
тиімді бағдарғылау тұғырнамасында көптеген функцияларды біріктіреді. Cisco ISR құрылғысы
кеңжолақты DSL қатынас құру бағдарғылауыштың, жергілікті желі коммутаторының, сымсыз
қатынас құру нүктесінің және сымсыз жергілікті желі (WLAN) коммутаторының функцияларн
атқарады. Бұл функцияоналдық мүмкіндіктер қажеттілікке байланысты Cisco ISR құрылғысына
қосылады. Сонымен қатар, олар қауіпсіздіктің көптеген негізгі функцияларын қамтамасыз етеді,
олардың ішіне желіаралық қорғау құралдарының, шабуылдардың алдын алу жүйелері мен VPN
желілерінің мүмкіндіктері кіреді.
Cisco ASA 5500 Series Adaptive Security Appliance шешімі жоғары өнімділікті, біріктірілген
қорғау құралдарының тобы болып табылады. Бұл құрылғы белгілі және белгісіз қауіптерге жедел
қарсы іс-әрекеттер жасай алады және олардан қорғану талаптарына тез бейімделеді. Cisco ASA 5500
Series құрылғысы желіаралық Cisco Pix экрандарының, шабуылдардың алдын алу Cisco IPS
жүйесінің, желілік антивирустардың тиімді функцияларын қамтиды, сондай-ақ қамтамаларды
тексеруді және қашықтан қатынас құру немесе офисаралық өзарабайланыс үшін арналған VPN
619
құруды қамтамасыз етеді. Cisco ASA 5500 құрылғысы рұқсатсыз қатынас құрудан, вирустардан,
тыңшы бағдарламалардан және қауіпті (зиянды) қамтамалардан тиімді қорғайды. Бұл жинақы
қолдануға экономикалық тиімді, оңай орнатылады және жаңартуға мүмкіндік береді.
Өзін өзі қорғайтын Cisco желісінің маңызды тетіктерінің бірі болып желіге қатынас құруды
бақытау тетігі Cisco Network Admission Control (NAC) табылады. NAC тетігі түйіннің күй-
жағдайының қауіпсіздік саясатына сәйкестігіне байланысты түйінге қандай қатынас құру деңгейін
беру керектігін анықтайды. NAC тетігі, сонымен қатар, IT-әкімшілерге тексеруден өтпеген түйіндерді
карантин мен емдеуге автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді. Түйіннің қауіпсіздік саясатына
сәйкес келуін тексеру вирустар мен интернет-құрттардың таралып кетуін тоқтату үшін қорғаныштың
тиімді екінші шебі болып табылады. Сондай-ақ, NAC-ты осалдықтарды талдау жасау құралы ретінде
қарастыруға болады [2, 6].
NAC тетігі желілік ресурстарға қатынас құра алатын барлық ақырғы құрылғылардың желідегі
қауіптерден жеткілікті қорғанышын қамтамасыз ету үшін әзірленген.
NAC-тың біраз артықшылықтары бар. Қауіпсіздік мәселесін шешу үшін қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге арналған дәстүрлі шешімдер жеткіліксіз болып келеді. Cisco Systems компаниясы
қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді шешім ойлап тапты. Бұл шешімде вирустармен
күрестің, қауіпсіздік пен басқарудың ең жақсы аспаптары жинақталған. Бұл желілік ортада
орналасқан барлық құралдардың қауіпсіздік саясатын орындайтығына кепілдік береді. NAC шешімі
желіге қатынас құруға ниет білдірген барлық құрылғыларды талдауға және бақылауға мүмкіндік
береді.
NAC тетігі желінің инфрақұрылымын желіге қатынас құрғысы келетін барлық құрылғыларда
қауіпсіздік саясатының орындалуын бақылау үшін қолданады. Осындай жол арқылы мүмкін болатын
қауіптерден келетін зардаптар азайтылады. NAC-ты қолдану арқылы клиенттер желіге қатынас
құруға тек тексерілген, белгіленген талаптарды орындайтын ақырғы құралдарға ғана рұқсат беруге
мүмкіндік алады, ал қалған (яғни талаптарға сай емес құралдарға) қатынас құруға шектеу қоя алады.
NAC тетігі желі инфрақұрылымына еңдірілуге арналған бірегей технология болып табылады.
NAC ендірілгеннен кейін, ақырғы құрылғының желіге қосылуға әр талпынысы кезінде желілік
қатынас құру құрылғысы ақырғы құрылғының қауіпсіздік профилін автоматты түрде сұрайды. Содан
соң осы профильдік ақпарат желілік қауіпсіздік саясатымен салыстырылады және осы саясатқа
сәйкестік деңгейі желінің қатынас құруға сұранысына қатысты іс-әрекетті (шешімді) анықтайды.
Желі қатынас құруға рүқсат береді немесе бермейді, немесе осал түйіндермен қатынасы шектелген
желі сегментіне жіберу арқылы қатынас құруды шектейді. Талаптарға сәйкес келмейтін құрылғыны
карантинге жіберуге болады (мұнда ол құрылғыға саясаттың орындалуын қамтамасыз ететін
жаңартулар еңгізіледі).
NAC тетігі қауіпсіздік саясатының орындалуына мынадай тексерулер жүргізе алады:
- құрылғыда операциялық жүйенің авторландырылған нұсқасы жұмыс істейтіні;
- операциялық жүйеге кажетті бағдарламалық өзгертулер енгізілгені;
- құрылғыда антивирустық бағдарламалық қамтама орнатылғаны;
- антивирустық ресурстардың жұмыс істейтіндігі;
- дербес желіаралық экран, шабуылдардың алдын алу жүйелері немесе компьютердің
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басқа да бағдарламалық қамтамасы пішінүйлесімдірілгені және
дұрыс бапталғаны, т.б.
NAC-ті ендіру мынадай артықшылықтар береді:
- құрылымының күрделігіне немесе көлеміне қарамастан кез келген желінің қауіпсіздік жеңгейі
өседі;
- кәсіпорындардың жұмыс істеу тұраулылығы артады;
- белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін және басқарылмайтын ақырғы құрылғылар желінің
қолжетімділігіне және қолданушылардың өнімділігіне әсер етпейді;
- эксплуатациялық шығындар азаяды.
Cisco Clean Access-тің орналастыру кезінде масштабтаулық, тез орналастыру және икемділік
сияқты жағымды жақтары бар. Бұл шешім қорғаныштың негізгі үш міндетін атқарады:
- пайдаланушыларды, олардың құрылғыларын, желідегі рөлі мен аутентификациялау,
авторландыры нүктесін анықтай алады;
- сканерлеу мен анализ технологиясын немесе осалдылықтарды тексеру мен статустың
тереңірек сараптасы үшін арналған агент-бағдарламаларды қолдана отырып ақырғы түйіндердің
күйін бағалай алады;
620
- қауіпсіздік саясатқа сәйкес келмейтін ақырғы түйіндерді бұғаттау, карантинге жіберу және
жақсарту арқылы желідегі қауіпсіздік саясатын жүзеге асырады.
NAC Framework келесідей технологиялық қолдауды қамтамасыз етеді:
- LAN, WAN, VPN және сымсыз қатынас құру нүктелері үшін арналған желілік құрылғыларға
кең қолдау көрсету;
- Cisco Trust Agent үшін арналған тұғырнамалардың кең қолдау көрсету;
- Операциондық жүйелерге арналған негізгі бағдарламалық түзетулер мен антивирустық
жаңартулардан тыс операциондық жүйелер мен қолданбалардың мәртебесіне тексеру жүргізетін, әр
түрлі мамандардың өнімдерін біріктіруді кеңейту.
Сонымен, өзін өзі қорғайтын желілер ақпаратты ұрлаудан қорғау үшін кешенді қорғаныш
жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бұндай желілердің ішкі және сыртқы қауіптерді табуға, алдын
алуға, оларға бейімделуге мүмкіндігі жеткілікті [7, 8].
Үлкен деректер мен бағдарламалық-анықталатын желілер қазіргі таңда жақсы дамығаны
соншалық, оларды өзін өзі қорғайтын желіні құруды автоматтандырумен қатар біріктіруге мүмкіндік
бар. Бағдарламалық желілік қамтаманы құру жайында жаңа пікір пайда болды. Бұл үлкен деректер
технологиясына негізделген, автоматтық түрде шабуылдарға қарсы әрекет ете алатын (яғни өзін өзі
қорғайтын желілер) қабілеті бар бағдарламалық желілік қамтама құруға қатысты.
Сингапур InterConnect 2013-те үлкен деректер мен ақпараттық қауіпсіздікті дамытумен
шұғылданатын мекемелердің өкілдері өзін өзі қорғайтын желіге нарықтың әлі дайын еместігі туралы
айтқан. Бірақ, үлкен деректер стратегиясын әзірлеу жетекшінің айтуынша [8] «Қорғалынған желілер
құру үшін бағдарламалық-анықталынатын желілер (SDN) мен үлкен деректерді бірлестіру идеясын
жүзеге асыруға қажетті технологиялар бар, тек барлық мәселе осындай технологияны әзірлеу тек
қаржыға тіреледі».
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Рудометов Е. Самозащищающаяся сеть Cisco. http://www.rudometov.com /net/07_02_07_Cisco/Cisco.html
2.
Основные
элементы
стратегии
самозащищающейся
сети
Cisco.
http://www.nestor.
minsk.by/sr/2007/07/sr70720.html
3.
Организация
безопасности
интеллектуальной
информационной
сети.
http://www
.cisco.com/web/RU/netsol/ns340/ns394/ns171/ns413/networking_solutions_package.html
4. Жукова Н. Cisco: технология самозащищающейся сети. http://www.rb.ru/article/cisco-tehnologiya-
samozashhishhayushheysya-seti/5198044.html
5.
Кимо
Консалтинг.
Пять
важных
проблем
безопасности
для
СМБ.
http://www.kimo-
consulting.com/page.php?id=300&comments=1
6. Конроль доступа в сеть network admission control (nac) – обеспечение защиты сети
http://www.cisco.com/web/RU/netsol/ns466/networking_solutions_white_paper0900aecd800fdd66.html
7.
Предотвращение
хищения
информации
с
помощью
самозащищающихся
сетей
Cisco
http://www.cisco.com/web/RU/netsol/ns478/networking_solutions_white_paper0900aecd801dfec7.html
8.
Самозащищающиеся
сети:
есть
технологии,
но
нет
клиентов.
http://www.npsod.ru
/blog/market_news/6358.html
REFERENCES
1.
Rudometov
E.
Samozashchishchayushchayasya
set’
Cisco.
http://www.rudometov.com
/net/07_02_07_Cisco/Cisco.html
2.
Osnovnye
element
strategii
samozashchishchayushcheysya
seti
Cisco.
http://www
.nestor.minsk.by/sr/2007/07/sr70720.html
3.
Organizatsiya
bezopasnosti
intellektual’noy
informatsionnoy
seti.
http://www.cisco
.com/web/RU/netsol/ns340/ns394/ns171/ns413/networking_solutions_package.html
4. Zhukova N. Cisco: tekhnologiya samozashchishchayushcheysya seti. http://www.rb.ru/article/cisco-
tehnologiya-samozashhishhayushheysya-seti/5198044.html
5.
Kimo
Konstalting.
Pyat’
vazhnyh
problem
bezopastosti
dlya
SMB.
http://www.kimo-
consulting.com/page.php?id=300&comments=1
6. Kontrol’ dostupa v set’ network admission control (nac) – obespechenie zashchity seti.
http://www.cisco.com/web/RU/netsol/ns466/networking_solutions_white_paper0900aecd800fdd66.html
7. Predotvrashchenie khishcheniya informatsii s pomoshch’yu samozashchishchayushchikhsya setey Cisco.
http://www.cisco.com/web/RU/netsol/ns478/networking_solutions_white_paper0900 aecd801dfec7.html
8.
Samozashchishchayushcheysya
seti:
est’
tekhnologii,
no
net
klientov.
http://www
.npsod.ru/blog/market_news/6358.html
Достарыңызбен бөлісу: |