Алматы-2021 ДӘрістің жоспары



бет7/7
Дата03.12.2023
өлшемі141,38 Kb.
#133486
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
13 тақырып. Тарих философиясы 2021

Ясперс, Тойнби

  • Ясперс үшін тарихтың өзі тұлғалардың шығармашылық қабылетінің нәтижесі. Тарихи тұлғалар алға ұмтылып, соңынын көпшілікті ерте жүреді. Тарихи тұлғалардың қатарына Ясперстің ойынша Христосты, Будданы, Конфуцийді, Пифагорды қосуға болады. Сондықтан тарихи процессті Ясперс адамның рухани өмірімен теңістірген. Ұқсас пікірді А. Тойнбидің ілімінде көруге болады. Табиғи өзгерістерге қарағанда тарихи өзгерістердің негізінде рухани процестер жатыр. Жекпе-жекке шақырғандай, әлемнің өзі адамдардың алдына мақсат қояды. Әрбір өркениет сол мақсатты орындауға талпынады. Бұл талпынысқа ілікпеген халықтар тарихтың тасасында қалыпқояды. Жалпы ХХ ғасырдың тарих философиясының қойған негізгі мәселесі тарихтың және тіршіліктің коммуникативтік мәні.

Сэ́мюэл Фи́ллипс Ха́нтингтон (1927-2008)

Әлемге әйгілі американдық саясаттанушы ғалым, өркениеттердің этномәдени бөлінісін зерделеген айтулы «Өркениеттер қақтығысы?» мақаласының авторы.

Сэмюэль Хантингтон "Өркениеттер қақтығысы"

"Өркениеттер қақтығысы" американ саясаттанушысы Сэмюэль Хантингтонның өркениеттік күйреу туралы тұжырымдамасы. Алғаш рет бұл тұжырымдама 1993 ж. Хантингтонның "Өркениеттер қақтығысы" мақаласында келтірілді, қысқа мерзім ішінде бірне шет тілге аударылып, қызу пікірталас тудырды. Кейінірек С.Хантингтон мақаласының негізгі идеялары оның "Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің шегі" (1996) атты кітабында одан әрі өрбітілді.

Хантингтонның өркениеттер жіктеуі

  • Өркениеттер объективті тұрғыдағы, тіл, әдет-ғұрып, дін, институттар сияқты ортақ белгілердің, сондай-ақ адамдардың субъективті өзара бірегейлігінің болуымен сипатталады. Осы орайда ол қазіргі әлемдегі келесідей өркениеттерді көрсетеді: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, индуистік, православиелік, славяндық, латынамерикандық және африкандық.

Өркениеттер қақтығысы

  • Автордың пікірінше, қырғи-қабақ соғыс аяқталып, кеңестік одақ қирағаннан кейін, қазіргі әлемдегі қайшылықтардың жаңа торабы жоғарыда аталған өркениеттердің арасында болады. Жаһандану процестері адамдардың дәстүрлі бірегейленуін ағынсудай шайып бара жатса, бұл түпкі ұлттық тамырға қайта оралуға талпынып, кері реакция тудыруда. Бұл әсіресе, діни фундаментализмнің қайта өрлеуінен көрініс табуда (исламдық, конфуциандық, шығыс- православиелік және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет