Алматы-2021 ДӘрістің жоспары



бет1/7
Дата03.12.2023
өлшемі141,38 Kb.
#133486
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
13 тақырып. Тарих философиясы 2021

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ Дәрістің тақырыбы: «Тарих философиясы» Дәрістің мақсаты: философиядағы тарих мәні және мақсаты, тарихтың бағыттылығы және қозғаушы күштері жайында пайымдау. Алматы-2021

ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ

  • 1. Тарих философиялық пайымдау пәні ретінде. Тарих философиясының пәні.
  • 2. Тарихтың бағыттылығы, мәні және мақсаты мәселесі.
  • 3. Қазіргі заманғы өркениет – ерекшеліктері мен қарама-қайшылықтары.

Тарих философиясын нақтылы төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы түсінуге болады:

  • Тарихты философиялық тұрғыдан түсіну.
  • Уақыт түсінігі мен тарих түсінігі арасындағы байланыс. «Миф» уақыты.
  • Философия кезеңдері бойынша тарихты түсіну (Антика заманы Гесиод; Ортағасыр – Христиан діні, Эсхатология, А.Августин; Д.Вико; Ағартушылық концепция; Тарих философиясы – Г. Гегель; Тарихтың қозғаушы күштері – Марксизм; Тарихтың «сыни» философиясы - В. Дильтей, Г. Риккерт; белдеулік уақыт – К. Ясперс; К. Поппер - антиисторицизм).

Тарих философиясын нақтылы төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы түсінуге болады:

4. Тарихи процестегі революциялық пен эволюциялық бағыттары. Формация мен өркениет. Шығыс пен Батыс өркениеттерінің ерекшеліктері.

5. Өркениеттердің қақтығысы (С. Хантингтон). Біртұтас адамзаттың және әлемдік тарихтың қалыптасу процесі. Қазіргі заманғы өркениет – ерекшеліктері мен қарама-қайшылықтары.

6. Асан Қайғының «Жерұйық» мәселесінің философиялық мәні.

5. Тәуелсіз Қазақстанның философиясы.

Тарих философиясы

  • Тарих философиясы тарихи оқиғалар мен процестердің мәнін, мақсатын және бағыттылығын және қозғаушы күштерін философиялық тұрғыдан пайымдайды. Яғни тарих ғылымы өткенді хронологиялық тұрғыдан баяндаса, философия тарихи процесстердің себептері мен салдарын, даму заңдылықтарын және өткеннің бүгін және келешекпен байланысын зерделейді.

Мифтік уақыт. Ертедегілердің уақыт пен тарих жайлы түсініктері

  • Тарих философиясы өзінің бастауын антика дәуіріндегі Гесиод пен Фукидит, Геродот еңбектерінен алады.
  • Олар алғашқы болып тарихты, адамзат баласының басынан өткен оқиғалар, олардың себептері, одан адам баоасы қандай сабақ алу керек еді, олардың қайталануы т.б. мәселелерді зерделеді. Бірақ олардың көзқарастары әлі де мифологиялық таныммен байланысты және қарапайым өз заманының өзі көрген, куә болған оқиғаларын баяндаудан тұратын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет