Әлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік сөздер, бұларға осы тақырыптарға жасалған баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференцияда айтылатын сөздер, хабарламалар, баяндамалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-әлеуметтік шолулар жатады.
Академиялық шешендік, бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын дәрістер, ғылыми баяндама, хабарлама, шолулар құрайды.
Сот ісінде қолданылатын шешендікке прокурордың айыптау сөзі, айыпкердің қорғану сөзі кіреді.
Әлеуметтік тұрмыста жұмсалатын шешендікті мерейтойларда, салтанатты дастарқан басында айтылатын сөздердің "шешендік сөз" деген мәртебеге ие болу үшін оған қойылатын талаптардың бірі - оның ішінде көркем, әсерлі болуы. Ал көркемдік жалпы тілде, оның ішінде көркем әдебиетте, поэзияда жұмсалатын көріктеу құралдары мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, билер аузынан шыққан шешендік үлгілерде дәл өлеңдегідей өлшемді, жүйелі болғанымен, ұйқас ырғақ сияқты поэтикалық элементтер қатысады. Бұрынғы шешендік сөздерге тілге демеу, ойға дәлел ретінде мақал-мәтелдерді келтіру көріктеу амалдардың бірі болса, бүгінгі шешендердің аузынан шыққан сөздерде мақал-мәтелдерді келтіру көріктеу амалдардың бірі болса, мақал-мәтелдермен қатар, өзгелерден келтірілген сілтемелер орын алады. Сондай-ақ шешендік сұраулар да, ықшамдау тәсілімен келген сөйлемде де шешендік сөздерге эмоциялық реңк беріп, оның экспрессиясын күшейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |