Алматы 2023 Экономикалық жүйенің типтерін атау



бет1/2
Дата25.05.2023
өлшемі1,3 Mb.
#97134
  1   2
Байланысты:
Презентация1

Алматы 2023


Экономикалық жүйенің типтерін атау
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Мок -211
5-топша
Керімхан Саят
Әбдіқалықов Нұрсұлтан
Амангелді Нұрзила
Кенбай Фарида
Байдулла Аяжан

Жоспар

  •  
  • Экономикалық жүйе және оның элементтері.
  • Экономикалық жүйелер типтерінің жіктелуі.
  • Аралас экономикалық жүйе.

Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды.

  • Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды.
  • Экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар жатады.
  • Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды, мысалы: «капитализм»; «социализм» – деген ұғымдар саяси жүйеге жатады. Ал «нарықты экономика», «аралас экономика» деген сөздер экономикалық жүйеге жатады.
  • Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады.
  • Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.
  • Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?
  • Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)
  • Кім үшін өндіру керек?
  • Өзгерген жағдайларға бейімделе ала ма? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі).

Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
  • Меншік қатынастарының формалары бойынша:
    • Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.
    • Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
    • Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.
    • Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

    •  
  • Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:
    • Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – бұл жүйеде ауыл шаруашылығы натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.
    • Индустриалдық жүйе – бұл жүйе ірі машиналық өндіріске дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.
    • Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.

    • Меншік қатынастарының формалары бойынша әр жүйеге төмендегідей қысқаша сипаттама беруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет