Жазба жұмысын жазу барысында берілген сұрақты түсініп, оған нақты әрі дұрыс ауап беруге машықтану үшін шағын эссе жазып, үйрену керек. Шағын эссенің құрылымдық жүйесін жетік меңгеріп алу алдағы уақытта көлемдірек эссе жазуға жол ашады.
Шағын эссе студенттің сұрақты қалай түсінгенін және жауабын қалай жүйелі тұрғыда жаза алуын бағалауға бағытталады. Мұндай эссе түрлерін жаздыру тілдік деңгейді анықтауға арналған халықаралық IELTS, TOEFL сияқты тест түрлерінде кездеседі. Мұндай жазба жұмыстары міндетті түрде
алдын ала дайындықты талап етеді. Шағын эсселерді жазу үшін олардың құрылымын толық түсіну қажет. Ә!детте, шағын эсселердің құрылымы мынадай болып келеді.
Кіріспе (шамамен 60 сөз)Тапсырманы өз сөзімен қайта жазуӨзойынбілдіру Эссеніңмақсаты Тақырыпты түсінгені туралы сөйлемТақырыптыңөзектілігі Тезис Негізгібөлімгеөтушісөйлем(қажетболғанжағдайда)