Алматы, 2023 Эссе



бет1/9
Дата29.09.2023
өлшемі347,17 Kb.
#111690
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
680b8c496799be167b3e91f7a3b8cd3f 1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


ЭССЕ ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Орындаған: Темешова М.


Қабылдаған: Сурануранчиева З

Алматы, 2023



Эссе жазуға қойылатын талаптар және оны бағалау критерийлері


Жоспар:

  1. Эссе дегеніміз не?

  2. Шағын эссе және оның құрылымы

  3. Аргументті эссеге не жатады?

  4. Аргументті эссені жазудың алгоритмі қандай?

  5. Эссенің карта-схемасын қалай дайындау керек және онымен қалай жұмыс істеу керек?

  6. Эссені бағалау критерийлері



Эссе дегеніміз не?


Білім алушыны тексеру үшін ауызша және жазбаша түрде түрлі тапсырмалар қолданылатыны белгілі. Осы орайда оқушының немесе студенттің қаншалықты білімді игергендігін, тақырыпты меңгергендігін, ол бойынша өз ойын жүйелеп бере алуы мен талқылау жасай алуын бағалау, сыни ойпікірін анықтау, тақырыпқа қатысты көзқарасын білу мақсатында жазбаша жұмыстарын жаздыру тек жоғары оқу орындарында ғана емес, мектеп қабырғасында ды кеңінен қолданылады және бұл эсселер академиялық бағытта жазылуды талап етеді.


Қазіргі таңда жазылым дағдыларын қалыптастыру бағытында жазылым түрлері қалыптасқаны белгілі. Эсседен бастап ғылыми мақала жазу дағдысына үйрету үшін академиялық жазылым мен қазақ тіліндегі тілдік қатынастар арасындағы өзара байланыс ерекше. Себебі, академиялық жазылымның негізгі мақсатының бірі – студентті қатысымға, яғни, академиялық (ғылыми) бағытта қарым-қатынас жасауға үйрету. Осы бағытты үйрену үшін «академиялық жазылым» пәні қалыптасып, ол практикалық тұрғыда әлемдік әдебиеттерде кеңінен талқыланған. Сонымен, жазылым дағдысын қалыптастыру мен жазбаша тапсырма түрлерін беруде эссенің алатын орны ерекше.
Эссе (француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay" - талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" ойлау) – бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін және түсінігін білдіретін, сонымен қатар, пәнді анықтайтын трактовканы беруге тырыспайтын туынды. Л.П.Крысинның
«Толковый словарь иноязычных слов» деген еңбегінде эссе «жүйеленген ғылыми түрде емес,еркін үлгіде қандай да бір мәселені сөз ететін очерк» деп берілген. Ол – ауызекі сөйлеу тіліне бағытталған, ерікті түрде, көбінде пародаксалды мазмұндалатын автордың дара ұстанымын танытатын проза түріндегі философиялық, әдеби-сын, тарихи-библиографиялық, публицистикалық жанр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет