Алғашқы адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі Алғашқы адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі Адамдар өз білімдерін суретті хат – пиктография арқылы хабарлаған. Әрбір ұғымның өзіндік шартты таңбасы болған. Шұбар атты салу арқылы малдың індет ауруынан қырылғанын білдірген. Палеолиттік суретшілер сурет салуда ағаш көмірін пайдаланған. Суреттер үңгірдің қабырғасында бейнеленген. Шашын таңғаларлықтай сәндеген, белін буған әйелдерді жиі бейнелеген. Әр түрлі бояумен шауып келе жатқан аттарды, аңшылықтың түрлі көріністерін салған.
Қараүңгір мекенінен дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған қыш ыдыстар табылды. Ыдыстарға шұңқыр мен штрихтар түріндегі өрнектер салынған. Қарағанды облысынан табылған қыш ыдыс толқын тәрізді және геометриялық өрнектермен әшекейленген.
Ертедегі мүсіншілер сүйек пен мүйізден жүгіріп жүрген еліктердің және адамдардың бейнесін ойып жасаған. Cүйек пен мүйізден жасалған әйелдердің мүсіндері көп табылған. Еңбек құралдарын ойып әшекейлеу жиі кездеседі.
Қорытынды Алғашқы адамдардың түсінігі бойынша жер мен судың, орман мен таудың иелері болған. Сондықтан адамдар оларға кұрбандық шалып, пұттың шапағатына бөленуге тырысты. Алғашқы адамдар бүкіл табиғатты жанды деп ойлаған. Табиғаттан тыс күштер әлемді билеп тұрады, олар үрлесе, дауыл тұрады, қаласа, аңдар басқа жаққа ауып кетеді деп сенген. Адамдар оларды аруақтар (рухтар), ал орасан зор күш иесін құдайлар деп атаған. Аруақтардың мейіріміне ие болу үшін оларға сый-сияпат апаруың керек деп ойлаған. Ал сый-сияпаттың ең өтімдісі – тамақ деп есептеген.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан тарихы (Ерте заманнан қазіргі кезге дейін) 4-томдық.