Алматы қаласы Әуезов ауданы №100 Бөбекжай балабақшасы Тәрбиеші: Ахмадиярова Бейбіткүл Сериковна



Дата26.12.2023
өлшемі5,45 Kb.
#143613
Байланысты:
пікір



Алматы қаласы
Әуезов ауданы
100 Бөбекжай балабақшасы
Тәрбиеші: Ахмадиярова Бейбіткүл Сериковна


Cын-пікір
Мен Қызғалдақ тобының бүлдіршіні, Серғазы Қарақат Мұхитқызының анасымын. Мен қызымды тәрбиелеп отырған тәрбиешіміз Бейбіткүл Сериковнаға алғысымды білдіремін, әр балаға ерекше мейірімділікпен қарайды, барлық күшін салып үйретеді, оқытады. Қызым тәрбиешісін өте қатты жақсы көреді, балабақшаға қуана барады. Күнде бақшада үйренген жаңа ертегілер мен тақпақтарын айтып келеді. Балабақшада тәртіп мықты, тап таза екенін өзімізде күнде көреміз.
Апайымыздың мінезі ашық, кішіпейіл, іскер, адамгершілігі мол, ұйымдастырушылық қабілеттілігі жоғары екеніне көзіміз толықтай жетті. Өз жұмысына өте ынталы, ұқыпты, балалармен тіл табыса біледі. Ата-аналармен тез тіл табысып, жақсы қарым-қатынас жасай алды. Балабақша ішіндегі өткізілген мерекелік шаралар өте жоғары деңгейде өтеді. Апайдың мінезі салмақты, жұмысқа жауапты, қызыма жоғарғы деңгейде тәрбие беріп жүргеніне сенімдімін. Апайдың арқасында қызымның сурет салуға деген қызығушылығы артып, қалалық жарыстардан жүлделі орындар алып жүр.
Бейбіткүл Сериковна, сіздің мейірімділігіңіз бен шыдамдылығыңызға, балаларға деген махаббатыңызға, жауапкершілігіңізге, берген тәрбиеңізге айтар алғысымыз шексіз!


Алғыс білдіруші ата-ана: Жапатова А.Н.
2023жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет