Алматы қаласы іід-нің уақытша ұстау изоляторының бастығына Көшірмесі: Алматы қаласы іід кқжб-ның Бастығына



бет4/4
Дата18.10.2023
өлшемі27,43 Kb.
#118564
түріКодекс
1   2   3   4
Байланысты:
Проц.құжат (копия)

Ұстап алынған: Д.Бегдуллаевқа, ҚР ҚПК 131-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қандай құқық бұзушылық жасауға күдікті екені ауызша хабарланды, сондай-ақ қорғаушыны шақырту құқығы, үнсіздік сақтау құқығы және оның айтқандары сотта оған қарсы қолданылу мүмкіндігі түсіндірілді.
_______________________
(ұстап алынушының қолы)
ҚР ҚПК 64-бабы 9-бөлігіне сәйкес ұстап алынған Д.Бегдуллаевқа күдіктінің мынадай құқықтары түсіндірілді:
1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алу; 2) өзіне не үшін күдік келтіргенін білу;3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті; 4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалану; 5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғаннға дейін оңаша және құпия кездесу; 6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беру; 7) кудікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алу; 8) айғақ беруден бас тарту; 9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жузеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алу; 10) дәлелдемелерді ұсыну; 11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздіқ шараларын қолдану туралы өтінішхаты және қарсылық білдірулерді мәлімдеу; 12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беру; 13) аудармашысының тегін қөмегін пайдалану; 14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық кудалау органының рұқсатыен қатысу; 15) заңда қөзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласу; 16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасу; 17) өзінің қатысуымен жургізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттмаларға ескертулер беру; 18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіру; 19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғау; 20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыру; 21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алу, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіру; 22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіру; 23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестіқ шешімдердің қабылданғаны туралы өзінқылмыстық процесті жургізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алу; 24) өзінің қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардын жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беру.
Ұстап алынған Д.Бегдуллаевқа ҚР ҚПК 131-бабы 2-бөлігіне сәйкес, ол өзінің денсаулығының жалпы жағдайын және дене жарақаттарының бар-жоғын анықтау үшін дәрігердің куәландыруынан өту туралы тиісті өтінішхатты мәлімдеу құқығы түсіндірілді.
_____________________________________________________________
(ұстап алушының қолы)
Өзін жақсы сезініп отыр, дене жарақаты жоқ
(ұстап алынушының денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді көрсетіп, медициналық куәландыру өткізілген жағдайда оның қорытындысы қоса беріледі)
ҚР ҚПК 131-бабы 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес жеке тінту нәтижелерін көрсету алынған жоқ.
Хаттаманы толтырған:
Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІБ
ТБ-нің тергеушісі
полиция капитаны Тасбаев Ш.Б.
Хаттама көшірмесін алдым:
________________________________
______________________________________________
(қолы) (ұстап алынған адамның тегі, аты-жөні)
Ұстап алу туралы хабарлама прокурорға
«12» қазан 2020 жылғы шығыс №41/14-8800 нөмірімен жіберілді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет