Алматы қаласындағы ауаның экологиялық жағдайы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі225,05 Kb.
#7479

УДК 628.517.2:669 

А.Б. Бектыбаева, Р.А. Казова  

 

АЛМАТЫ  ҚАЛАСЫНДАҒЫ АУАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ



 

 

Урбандалған  аймақты  сапалық  жағынан  бағалағанда,  қаланың  орналасуының  физика 



климаттық факторлары да ескеріледі. Алматы қаласы үлкен мегаполистің бірінде, теңіз деңгейінен 

биік  орналасқан.  Алматы  қаласы  өзінің  физика-географиялық және  табиғи-климаттық  сипатымен 

ерекшеленеді. Бұл қасиеттер оның экологиялық ерекшеліктеріне әсер етеді. Алматы қаласы Тянь-

Шань  тау  жүйесінің  бір  сілемі  болып  саналатын  Іле  Алатауының  солтүстік  баурайының  бөктері 

мен  Үлкен  және  Кіші  Алматы  өзендерінің  шатқалдарында  орналасқан.  Дүниежүзіндегі  ең  биік 

орналасқан қалалардың біріне жатады. Оның солтүстік нүктесі теңіз деңгейінен 670 м, ал оңтүстік 

нүктесі –970 м белгісін көрсетеді.  

Күрделі  ландшафты  географиялық  жағдайлар,  қаланың  қазіргі  заманғы  жоспарлы 

құрылысын  анықтады.  Тұрғызылған  территориялардың  көпшілігін  тұрғын  үй  кешендері  алып 

жатыр,  ал  аз  ғана  территорияны  алып  жатқан  бір  қабатты  ғимараттар,  кейбір  аудандарда  ғана 

орналасқан.  Өндіріс  территориясының  70  %-дан  астамы,  қаланың  орталық  және  солтүстік 

бөліктерінде  орналасқан.  Райымбек  даңғылынан  солтүстікке  қарай  өндірістік  және  аз  қабатты 

ғимараттар тұрғызылған. Соңғы он жылдықта түрлі ғимараттардың, тұрғын үйлердің, кешендердің 

салыну  тығыздығының  арту  тенденциясы  көп  байқалады.  Сонымен  бірге,  тау  ауасының  ағымы 

өтетін  қаламыздың  оңтүстік  бөлігінде  ғимараттар  да  көптеп  салынуда.  Іс  жүзінде  осыған  дейін 

құрылған  табиғат  қорғау  жобалары  мен  қаламыздың  оңтүстік  бөлігінен  негізгі  ауа  ағымының 

кедергісіз  өту  үшін,  ғимараттардың  салыну  жоспары  да    орындалмай,  іс  жүзінде  қалып  отыр.  Су 

қорғау  мен  өзен  жағалау  аймақтарына    құрылыс  нышандары  жүргізілмейді  және  кейбір  зиянды 

өнеркәсіптер  қала  ішінен  көшірілген  десек  те,  бұл  айтылған  мәселелер  бүгінге  дейін  өзекті 

мәселелер қатарында қалып отыр.   

Қалалық  электро  көліктер  жылжымалы  құрамымен  жабдықталуы  жағынан,  маршрутты 

жүйенің  дамуы  жағынан  артта.  Экологиялық  көзқарас  тұрғысынан,  көше-жол  жүйелерінде  орын 

алған  кемшіліктерге,  магистральды  көшелердің  үздіксіз  қозғалысының  және  қала  сыртындағы 

автожолдар мен айналып өту жолдарының бір жүйелі болмауын жатқызуға болады.  

Алматы қаласының бас жоспарының даму концепциясына алдын ала қоршаған ортаға әсерін 

бағалау  бойынша,  қаламыздың  қоршаған  орта  жағдайына  кері  әсер  ететін  факторларға  мыналар 

жатады: 

– қаланың орталық бөлігіндегі өндіріс кәсіпорындарының көп мөлшердегі концентрация мен 

қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативтік талаптардың орындалмауы;  

–  қала  құрылымындағы  өндірістік  білім  туралы  және  өндіріс  шығарындылары  бар 

аймақтарда тұрғын үйлердің орналастырылуы, өндірістерде толық жүйелендірілмеген; 

–  санитарлы-қорғау  зоналарының  әлсіздігі  немесе  мүлде  болмауы  және  осы  аймақтарды 

басқа  да  қалалық  қажеттіліктерге  қолданылуы,  өндіріс  территорияларының  қолданылу  тиімділігі 

мен оларды көгалдандыру жұмыстарының төменділігін айтуға болады. 

Алматы территориясының қоршаған ортасын негізгі ластау көзіне – өндірістік кәсіпорындар 

мен  көліктер  жатады.  Олардың  қатарына  үш  ірі  жылу  энергетика  орнату  стансиялары  (1-ЖЭС,2-

ЖЭС  және  ГРЭС)  мен  оншақты  қазандықтар,  «Поршень»,  АЗТМ,  «Кітап»  фабрикасының 

өндірістік комплексі, т.б. кәсіпорындар  жатады. Қоршаған ортаның экологиялық тұрақсыздығына 

автокөліктік ұйымдары мен автокөліктер көп әсер етеді [1].  

Ластаушы  заттар,  қоршаған  ортаға  түрлі  жолдармен  түседі.  Олардың    негізгілеріне  –

өндірістердегі  газды  және  шаңды  шығарындылар, өндірістік,  тұрмыстық  ақаба  сулар,  тұрмыстық 

қалдықтар  тастайтын  жерлер  жатады.  Осы  жолдар  арқылы  қоршаған  ортаға  аса  көп  мөлшерде 

ластаушы заттар шығарылады. Олардың арасында улылығы жоғары заттар да болады. 

 

Ауаның экологиялық жағдайын зерттеу нәтижелері



 

 

Автокөлік  мәселесі.  Қала  көшелеріндегі  автокөліктерден  бөлінген  зиянды  заттар,  қоршаған 



ортаға кері әсерін тигізуде.  

Қалаға  жылу  беретін  кәсіпорындардан  бөлінетін  зиянды  заттардың  алдын  алу.  Мысалы, 

Алматыда 1-ЖЭС, 2-ЖЭС, сол секілді ГРЭС, бұдан басқа140-тан аса ірілі-ұсақты қазандықтар бар. 


Қаладағы  тұрғын  үйлерден,  жылу  орталықтарынан  бөлінетін  тұрмыстық  қалдықтар 

мәселесі.  Негізінен,  қаладан  бөлінген  күл-қоқыстар  Қаскелең  бағытына  кететін  жолдың 

бойындағы  арнайы  жерлерге  апарылып  төгіледі.  Кейінгі  кездері  қоқыс  таситын  көліктердің 

көнеруіне байланысты, т.б. себептер бар, осы жағынан біраз қиындықтар туындауда. 

Су  мәселесі.  Осы  күні  қала  тұрғындары  ішіп  отырған  ауыз-су  120  м  тереңдіктен  алынып 

отыр.  Соншама  терең  алынып  отырғанның  өзінде  ауыз  судың  құрамында  әр  түрлі  органикалық 

заттардың  бар  екені  байқалады. Сол  секілді,  жерасты  суымен  бірге  жер  үсті  суының  да  көптеген 

шешілмеген түйіндері бар. Бұл бағытта да атқаратын жұмыстар шаш етектен. 

Жасыл желек мәселесі. Алматы қаласының жер-жағдайы, климаты өте ерекше. Оның үстіне 

аға ұрпақтың өз қолдарымен жасап кеткен демалыс орындары өз алдына. Мысалы, «Бауым бағы», 

Орталық  демалыс  бағы,  28-панфиловшылар  бағы  ауаның  тазарып  тұруына  белгілі  мөлшерде 

пайдалы әсерін тигізеді. 

Жасыл желек мәселесіне – ағаш отырғызу да кіреді. Ағаш та қартаяды, дауылдан құлайтыны 

да  бар.  Оларды  қадағалап,  осылардың  орнын  толтырып  отыру  керек.  Сонымен  қоса,  кейінгі 

кездері  бой  көтерген  «Ақсай»,  «Мамыр»,»Жетісу»  секілді  ықшам  аудандарды  жасыл  желекпен 

қамтамасыз  ету,  сол  маңайларға  әдемі  бақтардың  бой  көтеруіне  ықпал  етуде.  Енді  осындай  ойға 

алған  әрекеттердің  ілгері  басып  кетуі  үшін,  халықты  ынталандырып,  жеңілдіктер  ұсыну  да 

ойластырылды. 

Қала  салу  мәселесі.  Бұл  мәселені  сөз  еткенде  қала  сыртынан  қала  салу  емес.  Жыл  сайын 

жаңа  ықшам  аудандар  бой  көтеруде.  Сондағы  салынған  көп  қабатты  кешендердің  талапқа  сай 

болуын қадағалау. Себебі, Алматыдағы бұрын қаланған сәулетті құрылыстарда біраз қателіктерге 

жол  берілген.  Мысалы,  Абай  даңғылы  бойындағы  республикалық  ұлттық  кітапхана  тау  жақтан 

келетін самал желдің алдына кесе көлденең салынған. Осы сияқты басқа да құрылыс ғимараттары 

аз емес. Осыған байланысты қазіргі күнде қаланың ұлғаюына орай үлкен жоспар жасалып жатыр.  

Қоршаған  ортаны  қорғауға  өз  үлестерін  қосқан  шағын  және  орта  бизнеспен 

айналысушыларға жеңілдіктер бар.  

Мониторинг және кадастр, яғни үздіксіз бақылау жүргізіп отыру. 

Қоршаған  ортаның  сапасын  үздіксіз  електен  өткізіп  тұру  қажет.  Мұның  да  өзінің  әр  түрлі 

методологиясы  бар.  Осы  бағытта  қазір  халықаралық  герман  көмек  көрсету  қоғамымен  жұмыс 

жүргізіліп  жатыр,  олардың  өздерінің  бөлген  гранты  бар.  Сондай-ақ  немістің  «Консалтинг 

инженеринг»  фирмасы  жұмыс  істеуде.  Осындай  жұмыстардың  атқарылуымен  мониторинг, 

кадастрдың негізі салынуда. 

Оқу-білім, ағартушылық арқылы экологиялық мәдениет қалыптастыру. 

Жалпы,  мұндай  өтпелі  кезеңде  қаржы  тапшылығына  байланысты  «экология»  деген  ұғымға 

әр  адам  өз  тарапынан  үңілуі  керек.  Экологиялық  оқулықтарды  насихаттау,  тарату  керек.  Жоғары 

оқу  орындарындағы  осы  салаға  маманданып  жатқан  жастармен  жұмыс  жүргізіп,  тағылымдық 

семинарлар өткізу қажет. Сол сияқты бала бақшадағыларға қоршаған ортаны қорғау тақырыбында 

қызықты үйірме сабақтар өткізіп, тіпті теледидардан фильмдер де көрсетуге болады. Осының бәрі 

– экологиялық мәдениетті құрайды. 

Осы  күні  Алматыда  бірнеше  мыңға  жуық  автокөліктер  бар.  Мұны  екі  категорияға  бөлуге 

болады:  Кеңес  кезіндегі  шығарылған  ескі  көліктер,  қалғандары  шетелдік  көліктер.  Шынында, 

бұлардың  қай-қайсысы  болмасын  айналаға  орасан  зор  апат  әкелуде.  Осы  көліктердің  шығарған 

түтінінде  ғалымдардың  зерттеуі  бойынша  200-дей  химиялық  зат  болады  екен.  Оның  үстіне 

көптеген  көліктер  қорғасын  қосылған  жанармаймен  жүреді.  Зиянды  заттарды  бөлетінін 

есептемегенде, адам өміріне де әкелетін қаупі аз емес. Кейде тіпті көшеде жүрудің өзі мұң болып 

кетеді. Осындай себептердің жиынтығы мынаған әкеледі: 

1. Көліктерге арнайы түтін сорғыштар орнату, бұл химиялық заттарды бейтараптандырады, 

ұстап қалады;  

2. Ерекше қорғалатын аймақтарға автокөліктерді аз жіберу; 

3. Қала ішіндегі көліктердің жүру ережесін қайта құру.           

Алматы қаласының ауа бассейні  қатты ластанған және көптеген химиялық қосылыстардың 

ШРК  мөлшерінен  бірнеше  есе  асып  кеткен.  Атмосфераның  химиялық  құрамы  әрине,  жыл 

мезгілдері мен тәулік бойынша өзгеріп отырады.  

Ластаушы  заттардың  құрамында  –  шаң,  күкірт  диоксиді,  азот  диоксиді,  азот  оксиді, 

көміртегі  оксиді, күкіртті сутек, хлор, бензапирен, ванадий, темір, мыс, сынап, марганец, никель, 

мырыш,  хром,  қалайы  болады.  Қала  атмосферасының  құрамындағы  21  зиянды  заттың  рұқсат 



етілген  мөлшерден  асып  түскенін  көрсетеді.  Осының  бәрі  қаланың  ластанған  ауа  дәрежесінің 

жоғары екендігін көрсетеді. 

2006  жылдың  екінші  ширегі  бойынша  алынған  орташа  көрсеткіштер  мынаны  көрсетеді: 

формальдегид  мөлшері  –5,6  ШРК,  шаң-2  ШРК,  көміртегі  оксиді  –2  ШРК,  азот  диоксиді-2  ШРК, 

фенол –1,3 ШРК. Райымбек даңғылының бойында формальдагид мөлшері рұқсат етілген нормадан 

4 есе, шаң мөлшері 3  есе, ал азот диоксиді 2  есе асып отыр. Ал көміртегі  оксидінің максимальды 

бір жолдық концентрациясы 18 ШРК-ға, азот диоксиді 2 ШРК-ға жетіп отыр. 

Кестеде  анағұрлым  ластанған  Райымбек  даңғылы  мен  Наурызбай  батыр  көшелерінің 

қиылысы  бойында  жиналған  ластаушы  заттардың  (мг/м

3

)орташа  концентрациясы  2008  жылдың 



бірінші жартысы бойынша көрсетілген. 

  

1-кесте.  Ластаушы заттардың орташа концентрациясы (мг/м



3

) 

  

  Айы 



Жүзгін 

заттар 


Күкірт 

диоксиді 

Көміртегі 

оксиді 


Азот 

диоксиді 

Фенол 

Формальдегид 



  1 

    2 


     3 

     4 


    5 

   6 


         7 

ШРК 


  0,15 

   0,05 


    3,0 

   0,04 


0,003 

     0,003 

Сәуір 

  0,57 


  0,016 

   4,03 


   0,109 

0,0017 


     0,015 

Мамыр 


  0,40 

  0,017 


   3,64 

   0,11 


0,0017 

     0,019 

Маусым 

  0,35 


  0,017 

   4,57 


   0,12 

0,0018 


     0,0018 

Шілде 


  0,35 

  0,015 


   4,49 

   0,101 

0,0012 

      0,020 



Ластануға  аз  ұшыраған  Амангелді  мен  Сәтбаев  көшелерінің  қиылысынан  салыстыруға 

алынған көрсеткіштер локальды ластанудың төмендегенін көрсетеді. 

 

2-кесте. Ластаушы заттардың орташа концентрациясы (мг/м



3

  

Айы 



Жүзгін 

заттар 


Күкірт 

диоксиді 

Көміртегі 

оксиді 


Азот 

диоксиді 

Фенол 

Формальдегид 







ШРК 


0,15 

0,05 


3,0 

0,04 


0,003 

0,003 


Сәуір 

0,49 


0.013 

1,1 


0,084 

0,0007 


0,0072 

Мамыр 


0,26 

0,013 


0,18 

0,076 


0,00097 

0,0069 


Маусым 

0,28 


0,012 

0,53 


0,08 

0,0008 


0,008 

Шілде 


0,28 

0,012 


0,63 

0,058 


0,00059 

0,01 


    

Атмосфераға  шығарылатын  түрлі  ластаушы  заттар,  шығу  көзі  мен  шығарылу  масштабына 

байланысты үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа, негізгі ластаушы заттарды жатқызуға болады (шаң, 

күкіртті газ, көміртегі оксиді, азот оксиді). Бұл заттар атмосфераға көмірсутек отындарын жаққан 

кезде  шығарылады.  3-кестеде  әр  түрлі  ластаушы  көздерден  атмосфераға  шығарылатын  ластаушы 

заттардың ара қатынасы көрсетілген. 

 

3-кесте.  Атмосфераға жайылатын ластаушы заттардың арақатынасы 



 

Зат 


Пайда болу процесі 

Шығарындылардың үлесі, %. 





Көміртегі оксиді 

Отынның толық жанбауы 

5,2 

Күкірт оксиді 



Құрамында күкірті бар отынның 

жануы 


18 

Шаң 


Отынның жануы мен әр түрлі 

өндірістік процестер 

40 

Көмірсутек 



Отынның толық жанбауы, әр түрлі 

өндірістік процестер,мұнай өңдеу 

12 

Азот оксиді 



Отынның жануы кезінде 

атмосфералық азоттың тотығуы 

Басқа да заттар 



 

  



3-кестенің  анализі,  атмосфераны  ластайтын  заттардың  85%-ы  негізгі  ластаушы  газдар 

екендігін көрсетеді. 



Екінші топқа – ауыр металдар (қорғасын, кадмий, сынап) жатқызылады. 

Үшінші топты – ерекше зиянды заттар мен олардың қосылыстары (бенз (а ) пирен, ксилол, 

аммиак, т.б) құрайды. Олардың құрамы өндірістің ерекшеліктеріне байланысты болады. 

Соңғы  көрсеткіштер  бойынша  атмосфераға  шығарылатын  зиянды  заттардың  90%-ы 

көліктерге тиесілі екендігін көрсетеді.  

Қаламыздың  ауа  бассейнінің  орташа  тәуліктік  ластану  деңгейі  барлық  көрсеткіштер 

бойынша (фенолдан басқасы), нормативтік көрсеткіштерден асып кеткендігін көрсетеді. 

Қорытынды

 

1.

 



Алматы  қаласының  ауа  бассейні    айтарлықтай  ластанған  және  көптеген  химиялық 

қосылыстар ШРК мөлшерінен бірнеше есе асып кеткен. 

2.

 

Атмосфераның  компоненттік  құрамының    жыл  мезгілдерінде  және  тәулік  бойынша 



өзгеруі байқалады. 

3.

 



Ластаушы заттар үш топка бөлінеді: газдар, ауыр металдар және органикалық заттектер. 

      


                                                                   ӘДЕБИЕТТЕР 

1. Экологический кодекс Республики Казахстан от 9 января 2007 года №212-III - Алматы: Юрист, 2007.-

172 с. 

2. Казова Р.А., АсылбековаБ.К., Турсбеков Б.С. Моделирование влияния  приоритетных  поллютантов 



на степень загрязнения атмосферы./ Вестник КазНТУ. № 5  2007.-С.57-61. 

3.  Уалиева  З.А.,  Аль-Фараби  Мадижан,  Казова  Р.А.  Исследование  процесса  термообработки 

материалов. Новости науки Казахстана. Научно-технический сборник. №3. 2008. С.57-60. 

4.  Казова  А.М.  Твердофазные  взаимодействия  в  многокомпонентных  системах,  содержащих 

компоненты  техногенного  сырья  и вскрышных пород. // Материалы Международной научно-практической 

конференции «Комплексная переработка минерального сырья». Караганда.2008.С.425-427. 

5. Ирюков С.Ж., Нуркеев А.С., Казова Р.А. Физико-химические основы обезвреживания техногенного 

сырья  с  получением  керамзита.    //Материалы  Международной  научно-практической  конференции 

«Комплексная переработка минерального сырья». Караганда.2008.С.428-430. 

6.  Казова  А.М.  Пылегазовые  выбросы  производства  желтого  фосфора.//  Труды  Международной 

конференции «Охрана окружающей среды от промышленных пылей». Алматы. 2008. С.224-230. 

7.  Казова  А.М.,    Турсбекова  Г.Ж.,  Нуркеев  А.С.  Физико-химическая  методология  обезвреживания 

поллютантов.//Труды  Х-ой  Международной  научно-технической  конференции  «Новое  в  Безопасности 

жизнедеятельности» (охрана труда, экология). Алматы. 

8. Нуркеев С.С., Мусина У.Ш. Экология: Учеб. пособие. – Алматы: КазНТУ, 2005. – 485 с. 

9. Степановских А.С. Прикладная экология. Охрана окружающей среды. М.: ЮНИТИ. 2003-751с. 

10.  Научные  исследования  экологической  ситуации  в  Казахстане./  Национальный                доклад  о 

состоянии окружающей среды в Республике Казахстан в 2006 году. Алматы: МООС РК. 2006.-271с. 



 

Резюме

 

В статье расcмотрены экологические проблемы мегаполиса, в частности воздействие предприятий на 

атмосферу  Алматы.  Приведены  результаты  изучения  состава  и    свойств  аэрополлютантов,  выявлены 

источники  загрязнения  окружающей  среды.    Определены  средние  концентрации  аэрополлютантов. 

Выявлены  концентрации  газовых  выбросов    в  зависимости  от  периода  замера.  Показаны  соотношения 

компонентов выбросов. Приведен анализ экологического состояния биосферы. Резюмируется значительное 

загрязнение атмосферы города. 

Summary 

In  this  article  are  given  results  of  investigation  condition  of  atmosphere  of  Almaty.  The  contents  of 

pollutants,  sources  of  it’s  appearance  and it’s  properties  are  presented in this material. It  was  determined average 

concentrations of aeropollutants.  It was investigated  the gas   emissions independent to  period it’s measure. It is 

showed ratio of  components in emissions. Given analyses of ecological conditions of  biosphere. Resume of article 

is opinion that atmosphere of the city very soiling. 

 

КазНТУ им. К.И. Сатпаева                                                                              Поступила 03.07.12 г. 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет