Алматы экономика және статистика академиясы Алматинская академия экономики и статистики


Тақырып 4.Экономикалық саясатты қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата07.04.2017
өлшемі1,24 Mb.
#11300
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тақырып 4.Экономикалық саясатты қалыптастыру. 

 

Ақша  және  бюджеттік    салық  саясаты  экономиканың  дамуына  ӛз  әсерін  тез  уақыт 

аралығында  бермейді,  әсер  ету  ұзақтығы    әр  түрлі.  Мұндай  ұзақ  мерзімді  және  тұрақсыз 

кешуілдеу экономикалық тұрақтылық жағдайын қиындатады. 

Тұрақтылық саясаттың екі түрлі кешеуілдеуі кездеседі:Ішкі кешеуілдеу – бұл экономикалық 

шок және экономикалық саясат арасындағы уақыт бірлігі. Мұның пайда болуы экономикалық 

шоктың кемендігін және мұнда қабылданатын шараларды енгізу үшін уақыт аралығы қажет.  

 

1, 2. Экономикалық саясаттың құралдары және мақсатты арақатынасы. Я. Тинбергтің 

теңсіздігі.Экономикалық саясаттағы уақтылы факторы. 

Сыртқы кешеуіл – бұл экономикалық саясаттағы қолданатын шаралармен және нәтиже беру 

арасындағы  уақыт  мерзімі.  Оның  пайда  болуы  шығыс,  кіріс,  жұмыспен  қамтамасыз  ету 

деңгейінің ӛзгеруіне тез арада әсерін бермейді. Бюджет  – салық  саясатына ұзақ мерзімді ішкі 

кешеуілдер  тән.  Бюджеттік  шығыс  пен  салықтарды  қайта  қарау  үшін  президенттің  және  екі 

палаталы  АҚШ  Конгресінің  келісімі  қажет.  Мұндағы  заңды  қабылдау  процесі  ӛте  ұзақ. 

Мысалы,  экономикалық  ӛсу  деңгейін  реттеу  мақсатындағы  салықты  тӛмендету  ұсынысы 

Кенедидің енгізуі 1962 жылы болса, ол тек қана 1964 жылы қабылданған. Осыған байланысты 

бюджеттік-салық саясаты экономикалық тұрақтылықтың дәл емес құралы болып табылады.  

 

3,4.Экономикалық процестерді модельдеу тәсілдері.Экономикалық саясатты таңдау 

проблемалары

Ақша –несие саясаты ұзақ мерзімді сыртқы кемеуілдермен айқындалады.Оның 

механизмінің негізіне инвестицияларға пайыздық  мӛлшерді ӛзгерту арқылы әсер ету жатады. 

Кӛптеген кәсіпорындар инвестицияларын алдын-ала жоспарлайды.Осыған байланысты ЖІӚ 

деңгейіндегі ӛзгерісті жарты жыл уақыт аралығында күтеміз.Ұзақ және тұрақсыз кемеуілдердің 

болуы қаржы-несие және бюджет-салық саясатының жүзуге асуына кедергі жасады.Пассивті 

экономикалық саясат жақтастарының айтуы бойынша экономиканы тұрақтандыру саясаты кӛп 

жағдайда  экономикалық дестабилизацияға алып келеді.Бұл шараларды қабылдау  уақыт 

аралығында экономикалық жағдай ӛзгеруі мүмкін,мұндағы активті саясат экономикалық 

ынталандыруға алып келеді, «қызу» деңгейінде  тұрған, «суыған» экономиканың деңгейінің 

тӛмендеуіне алып келеді. Активті саясат  жақтастарының  айтуы бойынша, мұндай 

кемеуілдердің болуы мұның жүзеге асуына абайлықпен қарауды қажет етеді. 

 

 

 



Тақырып 5.  Мемлекеттік сасатты қалыптастыру және саяси  экономикалық шешім 

қабылдау және принциптері мен механизмі. 

 

Баға жүйесі және экономикалық тиімділік 

48 

 

Белсенді экономикалық іс-әрекеттерді кӛп бағаны бәсекелік күштер анықтайтын 



жеке нарықтарда жүреді.Еркін нарықтарда анықталған бағалар негізінде реттелетін 

экономикалық белсенділік жүйесі баға жҥйесі немесе нарық жҥйесі деп аталады.Нарық 

пен баға жүйесі экономикалық ресурстарын тұтынушылар жоғары бағалайтындар әдіспен 

пайдалануға ынталандырады.Конкуренттік баға жүйесі ресурстарын тиімді бӛлініп 

орналастырылуын қамтамасыз етеді,ал бұл экономиканың ӛндірістік мүмкіншілігіне 

қызмет атқаратынын білдіреді.Белгілі жағдайда жеке рыноктар бәсеке болғанның ӛзінде 

тиімді қызмет атқара алмайды.Бұл жағдайларда қоғамдық тауарлар және сыртқы 

әсерлер жатады. 

Ӛндірістің тиімді болмауы қоғамдық шығындардың ӛсуін және тұрмыс деңгейінің 

тӛмендеуін қалыптастарады.Экономикада технологиялық тиімділік және экономикалақ 

тиімділік деген ұғымдар бар,оларды ажырата білу керек.Технологиялық тиімділік –бұл 

ӛндірістен ӛнімнің ең жоғарғы кӛлемде шығарылуы.Экономикалық тиімділік-неғұрлым аз 

ӛндіріс шығындарының негізінде ӛндірілген ӛнім кӛлемі.Оптималды ӛндіріс кӛлемі ең 

тиімді түрде минималды деңгейде шығын жұмсап ӛндірілген ӛнім кӛлемін білдіреді. 

Егер экономикада ресурстар дұрыс емес,яғни тиімсіз бӛлінген болса,онда ӛндіріліп 

шығарылған жиынтық ұлттық ӛнім кӛлемі оның мүмкін болатын оптималды кӛлемінен 

кем болған.Экономикада ресурстар дұрыс,яғни тиімді бӛлінсе,онда ӛндірілген ЖҰӚ-нің 

кӛлемі оптималды болады,ал тұрғындардың тұрмыс деңгейі,немесе реалды табыстаы 

максималды болады.Сондықтан,қоғамда ресурстардың тиімді бӛлінбегені тұрғындардың 

тұрмыс деңгейін кемітеді,қоғамдық шығындарды қалыптастырады. 



Қоғамдық шығын дегеніміз –бұл қоғамның жоғалтқан,ала алмаған,бірақ алу 

мүмкін болған қосымша табысы.Енді осы алынбаған табыстың орнын толтыру үшін 

қоғамда реалды түрде бюджеттен қаржы жұмсауға мәжбүр болады.Сонда 

есептелген,түспеген табыстың үстінен нақты шығын,есепке алынатын шығын қосылады. 

«Қоғамдық ӛнім» деген ұғым мемлекет арқылы ӛндірілген материалдық ӛнімді ғана 

білдіре бермейді.Қоғамдық ӛнімнің екі сипаттамалық белгісі бар.Біріншіден бұл бәсекелік 

тауар жүйесінде тұтынуға келмейді.Қоғамдық ӛнімді жекешелендіру,нарық арқылы 

тұтынудан ажыратуға болмайды.Жеке меншікке негізделген,пайда алуға бағытталған 

бизнес фирмалары үшін қоғамдық ӛнімді ӛндіру тиімсіз болады.Қоғамдық ӛнім қоғамға 

ӛте қажет.Нарық жүйесі ӛндіріс ресурстарын нарық заңдарына сәйкес бӛледі.Бәсекелік 

баға жүйесі ресурстарды тауар ӛндірісіне бӛледі,қоғамдық ӛнімдерге  бӛлмейді. 

Нәтижесінде тұрғындардың тұрмыс жағдайы тӛмендейді.Осыған байланысты мемлекеттің 

ресурстарды бӛлу және оларды тиімді орналастыру процесіне араласу объективті түрде 

қажет деп дәлелденеді.Мемлекеттің негізгі экономикалық мақсаты –қоғамдық ӛнім 

түрлерін адамдарға қажетті мӛлшерде ӛндірілуін қамтамасыз ету.Қоғамдық ӛнімдер мен 

қызметтер ӛндірісіне қажетті ресурстар бюджет бӛлініп қаржыландырылады. 

Бюджет саясатын,бюджеттің кіріс пен шығыс статьяларын мемлекеттікң билік жүргізу 

тармақтары жасайды,талқылап бекітеді және іске асырады. 

Қоғамдық таңдау теориясы мемлекеттің,жеке түрде алғанда,мемлекеттік 

экономикалық саяси билік жүргізудің әртүрлі құрылымдарының экономикалық шешім 

қабылдау принциптері мен шешім қабылдау механизмі түсіндіреді.Мемлекеттің бюджет 

саясатын жасауы және бекітуі, бюджетті заң түрінде қабылдау процедурасы,оның ішкі 

мазмұны мен жалпы қисыны осы айтылған  таңдау теориясымен түсіндіріледі екен. 

   


Бұл жерде енді анықталатын мәселе-дауыс беру арқылы саяси-экономикалық 

шешім қабылдау әдісі ресурстарды тиімді бӛлу принципін қаншалықты іске асыра 

алатыны,макроэкономикалық деңгейдегі тиімділік  мәселесін қалай шеше алатындығы. 

   


Сонымен,дауыс беру арқылы мемлекет тарапында қоғамдық рерурстар қайта 

бӛлінеді және қажетті түрде орналастырылады екен.Бүл әдіс демократиялық принципке 

сәйкес саяси-экономикалық шешім қаблдау деп аталады. 

Нарықтық экономика жүйесінде қоғамдық таңдау принципі нарықтық сұраным 

арқылы ӛзінен ӛзі объективті түрде іске асады.Нарықтық сұранымның негізінде де 


49 

 

демократиялық еркін таңдау,дауыс беру принципі жатыр.Әрбір жеке тұтынушы ӛзінің 



қажеттілігіне сәйкес табысын-қолындағы ресурсын-тауардың бағасымен(сапасымен) 

салыстырып,қандай тауарды және қанша кӛлемде,кімнен,қандай бағамен сатып алу ӛзіне 

тиімді болатыны туралы шешім қабылдайды.Жеке тұтынушы осындай экономикалық 

шешім қабылдап ӛзіне ең пайдалы деген тауарларын алғанда,ол, біріншіден қоғамдық 

таңдау жасайды,екіншіден,ӛзінің жұмсаған табысымен дауыс береді.Сонымен, нарық    

жағдайында қоғамдық таңдау принципі толық демократиялық түрде тікелей іске 

асады,сондықтан экономикалық тиімділік мәселесі де толық шешіледі.Ал қоғамдық 

ӛнімдер мен қоғамдық игіліктерді ӛндіру мәселесі мемлекет тарапынан қоғам 

деңгейінде,оның ӛкілетті ӛкілдерінің таңдауымен және дауыс беруімен шешіледі екен. 

 

Орташа дауыс беруші концепциясы. 

Кӛптеген саяси- экономикалық  шешімдер кӛп дауыс жинау нәтижесінде 

қабылданады.  Кез келген мәселе бойынша айтарлықтай санаулы адамдардан құралған 

топта ортақ шешімге келу қиын процесс.»Орташа дауыс берушінің моделі» деп аталатын 

концепцияға жүгінсек,онда белгілі бір саяси- экономикалық мәселенің оңды шешімін 

тауып,оны заңды түрде бекіту үшін кӛпшіліктің мүддесіне ең жақын тұрған дауыс 

берушіні танып алып,мәселені соның мүддесіне сәйкестендіріп,анықтап,дауысқа салуға 

болады екен. Сонда,біріншіден,мәселенің ӛзі дұрыс анықталады,екіншіден,кӛпшіліктің 

мәселені қолдап,оған дауыс беруі онды шешім қабылдауын қамтамасыз етеді 

екен.Экономикалық саясаттың ең маңызды және ең қиын кезеңі – қабылданған шешімді 

тиімді түрде іске асыру және анықталған мақсатқа қол жеткізу болады. 

  

Кӛпшіліктің қолдауымен шешім қабылдау-негізгі демократиялық екені 



белгілі.Экономикалық демократия- бұл еркін экономикалық бәсекелестік .Осы 

экономикалық демократия негізінде ғана нақты да,тұрақты саяси-әлеуметтік демократия 

қалыптасады.Еркін экономикалық бәсекелестік жағдайын ұсақ және орташа кәсіпкерлік 

қалыптастырады.Осы күнгі экономикасы жоғары дамығын елдерде орташа әлеуметтік 

топтардың ұлес салмағы басым келеді,оларда кедейлер мен байлардың саны аз                     

( 10 %-тен), ал тұрғындардың басым кӛпшілігі (80 %)  орташа табыс алатындар 

кӛрінеді.Сондықтан дамыған елдкердің үкіметтері ӛздерінің экономикалық  саясатын 

қоғамдағы орташа әлеуметтік топтардың мүделеріне сәйкес жасап, оны кӛпшіліктің дауыс 

беріп қолдауымен заңдастырып,іске асыруға күш салады екен. Логроллинг- бұл ерекше 

экономикалық жағдайда кӛпшіліктің қарсы  болуына қарамастан дауыс беру процесінде 

әртүрлі бағыттағы мүдделердің қайшылықтарын реттеу арқылы ааазайтып,оларды ӛзара 

жақындастырып, ортақ шешім қабылдау әдісі,саяси процесте саясаткерлердің іс-әрекетін, 

шешім қабылдау принципін түсіндіретін концепция.Нарық жүйесі толық қалыптасқан, 

әлеуметтік құрылымы тұрақты,орташа топтың үлес салмағы басым қоғамда қос партиялық 

саяси жүйе қалыптасып, саяси әлеуметтік мәселелерді шешіп отырады 

екен.Макроэкономикалық даму ӛзара теріс қатынастағы екі әлеуметтік экономикалық 

прблема пайда болады.Олар 1) Инфляция проблемасы; 2) Жұмыссыздық . Экономиканың 

цикл түрінде даму заңдылығы осы екі прблеманың бірін алға шығарып,екіншісін сыртқа 

ығыстырып,орындарын ауыстырып тұрады. Қоғамда саяси экономикалық процеске 

қатысушыларды негізінен 4 топқа бӛліп қарастыруға болады.Олар: 1) сайлаушылар  

2)саясеткерлер  3) кеңсе қызметкерлері- бюрократия  4) ықпал жасаушы топтар- 

лобби.Сайлаушылар экономикалық саясатқа тікелей ықпал жасай алмайды.Олар нақты бір 

саяси экономикалық мәселенің шешіміне ӛэ пікірлерін екі түрлі әдіспен білдіреді: 1) 

сайлауға қатысып саяси белсенділік танытады. 2) Саяси енжарлық танытып,сайлауға 

қатыспауы мүмкін.  

  Саяси ықпал жасау тобы –лобби белгілі бір заңдардын немесе үкімет шешімінің 

қабылдануын немесе қабылданбауын қамтамасыз етеді.Қатты ұйымдастырылған және 

жан-жақты мәліметтелген ерекше мүдделі шағын топ қана саясеткерлерге қысым-ықпал 

жасап,оларды ұстанған пікірінен бас тартуға мәжбүрлейді.Нәтижесінде экономикалық 


50 

 

заңдар немесе шаруашылық құжаттар осы топтың мүддесіне сәйкес қабылданады.Лобби 



тобы негізінен рента алуға ұмтылады. Рента алушылар қоғамға пайда келтірмейді.Ықпал-

қысым жасау топтың іс-әрекеттерінің нәтижесінде кӛпшіліктің мүддесі аяқ-асты 

қалып,шағын,  бірақ  жақсы ұйымдасқан топтың  мүддесі жеңіске жетеді.Дамыған елдерде 

осындай күшті ұйымдасқан,саяси және экономикалық ықпал жасау мүмкіншіліктері 

жоғары топтарға қарсы кӛптеген экономикалық қоғамдық ұйымдар құрылып,олар сан 

жағынан кӛп,бірақ ұйымдастырылмаған, сондықтан әлсіз әлеуметтік топтардың мүддесін 

қорғайды. 

  

Мемлекеттік  трансформациясы.Тұрақсыз да құбылмалы әлемде мемлекеттің 

орнын анықтау оның тиімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету басты мәселе ретінде 

танылуда.Шетелдік және отандық кәсіпкерлердің мемлекетке сенім білдіруі 

экономикалық ӛсудің бір факторы ретінде қаралады.Әлем Банкі дүниенің 69 елінде 

жүргізулеріне сенсек,мемелекетке деген рейтингі мен тартылған инвестициялары 

арасында тікелей байланыс бар екні байқалады.Қоғамға қарсы қылмыс пен зорлық-

зомбалық ,сот жүйесінің теріс істері және істерімен әлсіздігі қоғамда »заңсыздық 

синдромы»  деп аталатын құбылысты қалыптастырады.Маңызды проблемаларының 

ішінен сыбайлас жемқорлықты ерекше бӛліп қарастыру қажет.Коррупцияның салдары 

чиновникке пара беруімен ғана шектелмейді.Оның әсері әлде-қайда кең.  

 

Мемлекеттік мекемелер жұмысын жаңаша ынталандыру. 

Әкімшілік  әлімжеттікке жол бермеу үшін және мемлект қызметкерлерінің 

тиімдірек жұмыс атқаруына жағдай жасау мақсатында мемлекет мекемелерінің жаңаша 

ынталандыру реформасын жүргізу қажет болады.Бұл реформаның негізгі 

принциптері:тімді тәртіп ережелерін  және шектеулерін жасау,бәсекелік ортаны 

қалыптастыру,азаматтардың ролін кӛтеру,мемлекет пен жеке сектор арасында әріптестік 

қатынасын қалыптастыру. 

Мемлекет тарапынан әкімшілік әлімжеттіктің мүмкіншілігін шектеу 

қажет.сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сырқы сауданы жеңілдету,ӛндірісте жеке 

меншік секторды дамыту кедергілерін жою және мемлекеттік меншікті жекешелендіру 

сияқты саяси-экономикалық іс-шарлар кӛмектеседі. 

Мемлект қызметкерлері арасындағы коррупцияға қарсы ресми тексерулер арқылы 

да күресуге болады,бірақ олар аз жүргізіледі. 

Мемлект қызметтер жүйесін реформалау, саяси қолдаыды шектеу, қызметкерлердің 

қызмет ақысын кӛтеру де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте кӛмектеседі, 

қызметкерлерді ӛз қызметтерін тәріп бойынша атқаруға ынталандырады. 

Сонымен, осы стратегияны қолдану сыбайлас жемщорлыққа қарсы күресті нығайта түседі. 

 

Тақырып 6. 



Нарықтық экономикада нарық механизмін қалыптасыру және оның мемлекттегә 

ролі. 

      1.Мемлекет экономикалық саясат субьектісі ретінде. 

      2.Мемлекеттік мекемелер жүйесін реформалау. 

 

 



Мемлекет экономикалық саясат субьектісі ретінде. 

Мемлекеттің билігі елдегі әртүрлі ӛндірушілер мен тұрғындар топтарының 

мүдделерін келістіріп, олрдың еңбек пен іскерлік әрекеттерінің белсенділігін біржақты 

мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалануы қажет. Экономтканың мемлекеттік реттелуі 

кейде иерархиялық жүйе ретінде құрылады.ең жорарғы мемлекеттік деңгейде Заң 

шығарушы және оны атқарушы билік тармақтары ажыратылып, олардың қызмет атқару 

шектері айқындалған.парламентте экономикалық саясаттың негізгі бағыттары 

талқыланады және қабылданып бекітіледі немесе қайта қайтарылады.қабылданған 



51 

 

экономикалық саясаттың ӛмірге енгізіліп,оның іске асырылуына атқарушы билік тармағы- 



үкімет жауап береді.үкімет ӛз кезегінде саясат мақсаттары мен тапсырмаларын іске асыру 

құқықтарын мемлекттің әртүлі мекемелеріне бӛліп береді. 

Қызметтерді бӛлісу принципі мемлекттің ұйымдық- саяси типіне 

байланысты.Соңғысы федерациялық немесе орталықтандырылған мемлекет болуы 

мүмкін.Федеративті құрылымда экономикалық саясаттың үш субьектілік деңгейлері 

анықталады: федералдық аймақтық және жергілікті . 

   

 Батыстың құқықтық жүйесі жағдайында мемлекетке жақын  тағы да бірталай 



құрылымдар қызмет атқарады,және оларда экономикалық саясаттың субъектілері ретінде 

танылады.Оларға «Қоғамдық –праволық»   деп аталатын мәртебесі ( статусы )  бар 

құрылымдар жатады. Олар жеке-меншік фирмалар сияқты толық ерікті емес,сонымен 

қатар ,мемелекеттің бысқару аппараты құрамына да кірмейді.Оларға мемлекеттік басқару 

құрылымдарының құзырынан белгігі бір қызмет түрлері алынып берілген. Мысалы,ГФР-

да осындай құрылымдар қатарынды аймайтық ( регионалдық) сақтандыру 

басқармалары,жергілікті емдеу мекемелерінің касса жүйелері бар.Швейцарияда- қоғамдық 

транспорттық қолдау агеттігі,ӛрт қаупсіздігін сақтау ұйымдары бар. 

  

Осындай институционалдық ұйымдар мемлекет пен жеке сектор  арасындағы 



аралық орындарды иеленеді.Олар экономиканың жеке-меншік секторы мемелекттің 

тікелей және белсенді реттеу роліне қарсы болатындығына байланысты 

құрылған.Экономиканы мемлекет тарапынан реттеу механизімінде олардың атқаратын 

қызметтері шектеулі. 

 

 

Мемлекеттік мекемелер жүйесін реформалау. 



Дамушы елдердің кӛбінде мемлекеттік қызметтер тӛмен деңгейде 

екен.Саясатшылар мемлекет мекемелерінің күнделікті жұмысына жиі араласады.Мекеме 

басшыларының еркін қимылдауын,ӛзіндік іс-әрекет жасау мүмкіншілігін 

шектецді,Сондықтан олардың жаупкершілігі де нақты емес. 

Кӛптеген елдерде мемлекеттік сектор қызмет кӛрсету саласында монополияға 

арналған.Бұл қызмет кӛрсету сапасын арттыруду ынта-жігерді әлсіретеді.Бұл жағдайда 

мемелекет мемемелерінің қызметіне нарық принциптерін енгіщзуді қажет 

етеді.Америка,Европа және  Азияның ондаған елдері жаңа технология процесстерін 

пайдаланып,телебайланыс пен электроқуатын ӛндіру саласына бәсекелестікті енгізген 

екен.Бұл-қызметтің ӛзіндік құнын тӛмендетіп,тез ӛсірген. Қызмет кӛрсету бойынша 

аукциондар мен тендер жүргізуде бәсекелестікті арттырады.Мұндай жағдай ӛндірісі 

жоғары дамыған елдерде кең тараған.Осы айтылғған әдіс дамушы елдерде де 

қолданылады(  мысалы,Бразилияда-жолдарды жӛндеуде)  

    


Түпкі нәтижеге бағытталған қызметтері мен мақсаттры нақты айындалған және 

жауапкершілігі жоғары деңгейде белгіленген мемелекеттік ұйымдар құру тенденциясы 

күшеюде.Бақылау-тексеру механизмі әлсіз және ресурстары шектеулі елдерге бұл жүйеге 

бірден кӛшу мүмкін емес Мемлекет мекемелеріне экономикалық еркіндік беру сыбайлас 

жемқорлықты асқындарап жіберуі мүмкін.Мемлекет секторының Шеңберінде алдымен 

қаржылық есеп жүргізу мен есеп беру тәртібі қамтамасыз етілуі тиіс,олардың мақсаттары 

мен міндеттерін нақты анықтап алу керек және қызмет нәтижелерін ӛлшеп-бағалау 

әдістерінің жетілуіне қарай әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың жауапкершілігін 

анықтап,экономикалық іскерлік еркіндігін кеңейтуге болады.  

  Осы күнгі мемлекет секторында жұмыс істейтіндердің саны бюджеттің 

мүмкіншілігіне сай келмейтіндігін және қызметкерлердің санын қысқарту  қажет екенін 

билік орындары жақсы біледі.Қызметкерлердің санын жай ғана қысқарту мәселені 

шешпейді,керісінше қызмет кӛрсету деңгейі бұрынғыданда тӛмен деп кету мүмкін.Мәселе 

қызметкерлердің санында емес, мекемелердің құрамында жатыр,мемлекеттік сектордың 

тиімділігін арттырып қызмет деңгейін кӛтеру үшін оның ұйымдық құрылымын жетілдіру 


52 

 

қажет.Қызметкерлердің жалақысы күрт қысқарған: еңбек ақының тӛменгі деңгейі ӛмір 



сүру деңгейінен әлде қайда тӛмен,ал ең жоғары жалақы алатындардың табысы олардың 

жеке сектордағы табысымен салыстыруға келмейді.Жалпылама ереже ретінде алғанда, 

кәсіби мемлекет қызметкерінің жалақысы кем дегенде ЖҰӚ-нің адам басына есептелген 

мӛлшеріне тең болу керек.Егер осы нормативті пайдалансақ,онда «Мамандардың»  

жалақысын екі есе кӛтеру қажет болар еді. 

  Еңбекақы коофициентінің шектік арақатынасы бүгінгі күні, бүл да 

дәлелсіз,кемітілген.Сондықтан,қалыптасқан жағдайда барлық қызметкерлердің жалақасын 

кӛтеру қажет.Жалақыны бұлай кӛтеру үшін штаттық қысқырту және тиімді кадр саясатын 

жүргізу қажет. 

  

Осы кезде жалақы қоры бюджеттегі жалпы шығын сомасының 15 %-ін 



құрайды.Бұл орташа және жоғары табысты елдердің еӛрсеткішінен аспайды.Бірақ бюджет 

тапшылығы жағдайында бұл шығынның ЖҰӚ-дегі үлесі күрт қысқарған.Бұл кӛрсеткіш 

кез келген халықаралық стандарттан әлде қайда тӛмен.Оның үстінен,жалақыға бӛлінген 

бұл сома саны тоқтаусыз ӛскен қызметкерлерге бӛлінеді. 

   

үгінгі күні,ӛкінішке орай, мемлекет мекемелерінің құрылымын және ауқымын 



нақты анықтау қиын. 

  Кадрларда таңдау және оларды мемлекет тарапынан жалпы басқару мәселесі 

мемлекеттік мекемелерді реформалаудың маңызды бағыты болып саналады. 

  

Дәрежелік жүйе шеңберінде ( Мысалы,Францияда) еңбекақы қызметкердің 



дәрежесіне сәйкес анықталады.Бұл жүйені іс жүзінде қолдану ооңай,қызметкерді оның 

атқаратын қызметіне қарай таңдап алуға болады.Ӛкінішке орай,бұл жүйе қызметкерді 

ынталандыруға келгенде әлсіздеу кӛрінеді.Иерархиялық қызметте жалақы жұмыс орнына 

қарай анықталса,мамандық қызметтерле дәрежелік жүйе қолданылады.Жалпы 

Қазақстанда қалыптасқан тәжірибе осы аралас жүйеге жақын деуге болатын сияқты. 

 

 

Тақырып 7.  Макроэкономикалық саясат кҧралдарына мінездеме    2 сағат 

 

Қазіргі 


таңдағы 

Макроэкономикалық 

саясат 

біршама 


ӛзгеріске 

ұшырады.Монетарлы  саясаттың  барлық  компоненттері  жалпы  әлемдік  экономикадағы 

құрылымдылық  қайта  құруда  жүріп  жатқан  ӛзгерістерге  байланысты  жаңғыртылуда. 

Ғылыми-техникалық  революцияның  дамуы  себепші  болған  ӛндірістің  шоғырлануы  мен 

орталықтандыруын  талап  етті,  соған  сәйкес  банктер  ӛз  операцияларын  несиелік 

ресурстарды  ірілендіру  жағына  қарай  түрлендіре  бастады,  яғни  қазіргі    банк  жүйесінің 

экономикадамуының  ӛзгермелі  жағдайына  бейімделу  қатар  жүреді,    монетарлы  саясат 

құрылымдылық қайта құрылүы кӛз алдымызда, белгілі бір мамандандырудың ссақталумен 

қатар, банк қызметінің шоғырлануы мен әмбебаптануы орн алады, несиелік мекемелер дің 

динамизмі  байқалады    Бюджет  тапшылығы  .дағдайында  үкімет  шығарған  шығынын 

салықтан  түскен  кіріспен  жабу  үшін  қарыз  алатын  болса,  мұны  ығыстыру  деген 

терминмен аатамыз. Демек,  Монетарлы саясат мӛлшерлемесін ӛсіруге түрткі болып, сол 

үшін жеке шығынды, яғни инвестицияны ығыстыруды  деп түсінеміз 

 

Жиынтық  сұраным  мен  ұсыным  құрылымы  экономикалық  саясаттың  сұранысты 



арттыруына  немесе  тӛмендетуіне  ықпал  ету  мүмкіндігі  бар  екенін  кӛрсетеді. 

Макроэкономикалық  саясатты  федеральды  қор  жүйесі  бақылайды.    Саясаттың  негізгі 

қызметі-  ақша  қорының  ӛзгеруінің,  проценттік  ставканың  жеңілдік  молшерін  айқындау, 

бан  кжүйесін  бабылау,  фискальды  саясатты  сьезд,  не  конгресс  бақылайды,  әдетте  бұған 

конгресс мемлекеттің атқарү бӛлімдері де  жауапты.  

Қарайтын мәселелері – салық мӛлшері мен мемлекет  шығыны.  Бұл жерде қаржы 

және  фискалды    саясаттың  экономикаға  әсері  сенімсіз.  Ендігі  кезекте  тұрақтандандыру 


53 

 

саясаты  экономикадағы  ӛсу,  инфляция  және  жұмыссыздық  мӛлшерінің  ауытқуын 



қарастырады 

 

 



1.

 

Экономиканы зерттеудегі макроэкономикалық ерекшеліктер  

 

Макроэкономика  жалпы  экономиканың  жедел  дамуы    немесе  оның  құлдырау  ы 

тұсындағы  жағдайы,    ӛндірілетін  ӛнімнің  ӛсуі  және  инфляция  мен  жұмыссыздық 

кезеңіндегі  тӛлемнің  балансы,  айырбас  курсы  туралы  түсінік  береді.  Сонымен  бірге 

макроэкономика  экономикалық  ӛзгерістерге,  оның  ішінде    экономикалық  қаржылық 

саясатқа, тұтынү жән еқаржы, доллар мен саудадағы балансқа, жалақы мен баға ӛзгерісіне, 

ақша  қорына,  мемлекеттік  бюджетке  баса  назар  аударады.  Қысқаша  айтқанда, 

экономиканың  даму  барысындағы  әр  алуан  пікір-таластарды,  бүгінгі  таңдағы 

ӛкономикалық  проблемаларды  да  кеңінен  қарастырады.  Тұрмысқа  қажетті  тауарлардың 

кӛлемін  ұлттық  экономиканың  әрекеттестігі,    шаруа  қожалықтары  мен  фирмалар 

жұмысын, нарық бағасын анықтайды. Нарық туралы сӛз болғанда, алдымен жалпы ауыл 

шаруашылығы ӛнімдері,  медициналық қызметтер мен бӛлшек сауда еске түседі. 

Макроэкономика  микроэкономикамен  тікелей  байланысты.    Жеке  ӛнеркәсіптің 

базасын зерттеу барысында микроэкономика басқа ӛнеркәсіптің бағаларын  назардан тыс 

қалдырмайды.   

Макротеотияны  зерттеу  үшін  Ұлы  экономистер  Джон  Мейнард  Кейнс,Нобель 

сыйлығының  иегері  Милтон  Фридмен,    Чикаго  университетінің  ғалымдары  Томас 

Сарджен  Джон  Тейлор  бірлесе  отырып  мемлекеттің  баға  жӛніндегі  саясатына  талдау 

жасайды 

 

2.



 

Макроэкономикалық саясаттың негізгі мақсаттары  

 

Макроэкономика  бүгінгі  таңдағы  экономикалық  проблемаларды  қарастырады. 

Макроэкономика  күні  бүгінге  дейін  шешімі  табылмай  жатқан  3  мәселе  бар.  Біріншісі  – 

тұрақты жұмыссыздықтың мерзімдерін қалай түсінуг еболады? 

 Макроэкономикалық зерттеулер тұрақты  жұмыссыздықтың ӛзекті мәселе екеніне 

назар  аударады.    Ендігі  ӛзекті  мәселе:    жұмыссыздықты  тежеу  барысында  қандай 

шараларды    қолдану  тиімділігі  жӛнінде  кейбір  экономистердің  пікірінше,  жұмыссыздық 

мәселесі  мемлекет  тарапынан  жұмыссыз  қалғандарға  компенсация  жүйесін  дұрыс  жолға 

қою арқылы немесе салықты қысқарту жолымен шешуге болады.   

Үшінші үлкен мәселе, ӛнімнің ӛсу мӛлшерін не анықтайтыны  жӛнінде  Бұл сұрақ 

тӛңірегінде  әр  ұрпақ  ӛкілі  ӛз  ойларын  ӛткен  жағдайларды,  әсірісе,  1930жылдардағы 

депрессияны талдай отырып дамуы тиіс.  Біреулері инфляцияны ӛсуінің себебін анықтау 

үшін  ақшаның  ӛсуін  тежеу    қажет  дейді.  Әйтседе  инфляция  ӛсуінің  себебін  анықтау 

мәселесі әлә де тиісті шешімін тапқан жоқ 

Тағы  бір  маңызды  мәселе  –  халықаралық  макроэкономика  аумағына,    әлемдік 

экономика тұтастығына, Нью- Йорктегі қор биржасының сәтсіздікке душар болуы себепті.   

Сол  секілді  ӛмірлік  маңызхы  бар  сұрақтың  бірі  –  еңбек  ақы  не  себепті  тек  бір 

орынға  «жапсырылып»    қалған?  Неге  ӛзгеруі  баяу?  Сайып  клгенде  тап  осы  сұрақтың  

жауабын іздеу – жұмыссызжықтың шығу тӛркінін түсінуге мүмкіндік береді 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет