Алматы экономика және статистика академиясы Алматинская академия экономики и статистики


Тақырып 10   Еңбек бӛлінісінің қоғамдық формалары және экономикалық



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата07.04.2017
өлшемі1,24 Mb.
#11300
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тақырып 10   Еңбек бӛлінісінің қоғамдық формалары және экономикалық 

саясаттың бағыттары. 

 

1.

 



Ұлттық  ӛнімнің салалық құрылымы және  ұдайы ӛндіріс  

2.

 



ҚР-ғы ӛнеркәсіптің салалық құрылымы 

3.

 



Жаңа ӛнеркәсіптік саясаттың мақсаты мен басымдығы 

4.

 



Аймақтық құрылым мен бағыттар  

         Экономикалық    ӛнімнің  циклдік  ауытқуын  тежеудің  белгілі  мағынада  құрылымдық 

сипаты  бар  деуге  болады.  Экономикалық  ӛсудің  циклдік  ауытқуын  тежеу-ел 


60 

 

экономикасының  тепе-теңдігін  сақтауға  бағытталады.  Экономикалық  тепе-теңдіктің 



сақталуы  елдегі  экономикалық  экспансия  саясаты  жүргізу  шамасына  байланысты. 

Экспансионистік    саясат  халықтың  сатып  алу  қаьілетін,  мемлекеттік  шығындарды 

айналымдағы ақша массасын ұлғайту, салықты шектеуге ӛндірісті кеңейтуге бағытталған 

шаралар.    Нарық  субъектілерінің  басым  санының  экспансиясы  экономикалық  ӛсудің  ӛзі 

екені  белгілі.  Яғни,  егер  ішкі  ӛндіріс  орындарының  кӛбінде  ӛндіріс кӛлемі  ӛсетін  болса, 

онда жалпы ұлттық экономика тез ӛсетін болады. Жалпы алғанда бұл процесс экономика 

жүйесінің  ішкі  заңдылығымен  анықталады.  Бірақ  белгілі  бір  жағдайларда  бұл  сфераға 

мемлекеттің араласуы қажет болады. 

         Әлем  нарығына  тартылған  елдердегі  нарық  жүйесінің  даму  деңгейі,  ұлттық  ӛндіріс 

ӛнімділігінің ӛсуі, экономикалық кеңістіктің шектеулі болуы және ондағы тығыздылықты 

артуына,  кеңею  мүмкіндігінің  жойылуына  байланысты  жағдайлар  мемлекеттің 

құрылымдық саясатын анықтайды. 

 

1.

 

Ұлттық  ӛнімнің салалық құрылымы және  ұдайы ӛндіріс  

    Әлем  шаруашылығы  субъектілері  арасындағы  бәсекелестіктің  асқыну  жағдайында  әр 

елдің үкіметі  ұлттық ӛндіріс орындарының артықшылығын  қамтамасыз етуге ұмтылады. 

Дамыған  мемлекеттердің  әрекеттері    әлем  нарығындағы  басқа  әріптестерінің  мүдделері 

есепке  алынып  құрылады.  Бірақ  бұл  белгілі  бір  жағдайларға  байланысты  келеді.  Әлем 

нарығына  шыққан  әріптестер  ӛзара  тиімді  қатынастар  қалыптастыруға  ұмтылады.  Солай 

болғанда әлем нарығына тартылған елдердегі нарық жүйесінің дамуы да әлем нарығында 

экономиканың кӛп жағынан әріптесінен әрқашан мүмкін болғанша алда болуға ұмтылуы 

керек. Бүгін бәсекелестіктің табиғатына байланысты бұл іс жүзінде мүмкін болмай қалды: 

әр  экономика  субъектісінің  жетекші  болуға,  басымдылыққа  ұмтылуы  басқалардың 

тәжірибесін,  білімін,  басқару  технологиясын  қабылдауға  итермелейді.  Асыра  мол  нарық 

жағдайында,  қарқынды  түрде  асқындаған  бәсекелестік  кезінде  мемлекет  ӛзінің  қолдау 

саясатын  жалпы  экономикалық  ӛсу  мәселесімен  шектемей,  ұлттық  экономиканың  нақты 

түрлеріне бағыттайды.  

      Алдымен,    экономикалық  ӛсудің  жалпы  қарқынына  ықпал  жасау  үшін  мемлекеттің 

қабылдай алатын іс-шараларын қарастырамыз. Бұлар тікелей және жанама әсер ететін іс-

шаралар  болуы  мүмкін.  Бірінші  жағдайда  ұлттық  экономика  шеңберінде  ғылыми-

техникалық прогресті ынталандыру қадамдарын айтуға болады. 

      Әдетте  мемлекет  келесі  тәртіпті  ұсынады  бюджеттен  қаржыландыру  ең  алдымен 

ұлттың білімі мен біліктілігін кӛтеруге бағытталады, ал бұл білім беру жүйесін дамытуды 

қажет  етеді.  Нарықта  артықшылыққа  ие  болу  үшін  ғылымда  қолданбалы  нәтижелерге 

жету қажет, ал бұл жеке сектордың міндеті. 

 

2.

 

ҚР-ғы ӛнеркәсіптің салалық құрылымы 

 Құрылымдық  ӛзгерістер  ауқымындағы  экономикалық  саясат,  ең  алдымен, 

салааралық және ішкі салалық ӛзгерістерге ықпал жасау іс  -әрекеттер жиынтығы 

болады.  Осы  бағыттың  мақсаты-  ғылыми-  техникалық    прогресті    ынталандыру, 

ұлттық  экономиканың  бәсекелестік  шамасын  арттыру,  бірқатар  әлеуметтік 

мәселелерді шешу.  

     Осы  саясаттың  іске  асу  түрлері  –  белгілі  ӛндіріс  салалары  мен  түрлеріне 

таңдаулы  түрде  қолдау  болады.  Құрылымдық  саясатты  кең  және  тар  мазмұнды 

түрде  қарастыруға  болады.  Бірінші  жағдайда  экономиканың  барлық 

проблемалары 

қамтылады- 

салааралық,аймақтық 

және 


ұйымдық- 

институционалдық  пропорцияларды  қайта  құрып,  оптималдау,  екінші  жағдайда 

мемлекеттің  жанама  түрде  тек  қана  фирмалардың  кӛлеміне  әсер  етуі,  ӛндірістің 

ұсақ, орташа және ірі түрлерінің  оптималды құрамдық  үлесін анықтауы туралы 

сӛз  болады.  Инфрақұрылымды  қалыптастыру  да  кең  мағынада  құрылымдық 

саясатқа  жатады.  Құрылымдық  саясаттың  шектеулі  мағынасы  –  ол  ішкі  салалық 



61 

 

және салааралық пропорцияларға ықпал жасау. Ел экономикасында құрылымдық 



ӛзгерістер  кӛптеген  жағдайларға    байланысты  келеді.  Жаңа  ӛндірісаралық 

пропорцияларды  құру  үшін  белгілі  бір  ӛндіріс  түрлерінің  дамуын  жеделдету 

қажет  болады  және  құрылымдық  ӛзгерістердің  әлеуметтік  салдарын  жою 

мақсатында бұл процеске мемлекет араласады. 

ғасырдың  бас  кезінен  экономиканың  құрылымдық  дамуына  мемлекет  араласа  бастағаны 

белгілі.  Бірінші  және  екінші  дүниежүзілік  соғыс  кездерінде  әскери  ӛндірістің    дамуын 

мемлекет  қаржылай  және  басқа  да  іс-шаралар  арқылы  белсенді  түрде  қолдап  отырған. 

Соғыстан  күйреген  экономиканы  кӛтеруге  де  мемлекет  белгілі  құрылымдық  іс-шаралар 

арқылы  қолдау  кӛрсеткен.  «Қҧрылымдық  саясат»  деген  ұғым  тек  1940  жылдардан 

бастап кең қолданылатын болды. Осы кезде мемлекеттің экономика макропорцияларына 

ықпал жасау іс-шаралары жүйелі сипат алды. Экономикалық саясаттың бұл бағыты ГФР 

және Францияда белсенді болды.  

       

3.

 

Жаңа ӛнеркәсіптік саясаттың мақсаты мен басымдығы 

     Құрылымдық  ӛзгерістер  саласындағы  мемлекеттің  міндеттері  ӛте  күрделі  және  кӛп 

қайшылықты  болады.  Айталық,  алдыңғы  қатардағы  ӛндіріс  салаларын  тікелей  қолдау- 

бұл,тура айтсақ, бәсекелестік тәртіпті бұзу, ал нарықта барлығының тең жағдайда болғаны 

дұрыс.  Егер мемлекеттік қолдау бәсекелестік мүмкіншілігі шектеулі ӛндіріс салаларына 

кӛрсетілетін  болса,  бұл  іс  түсініктілеу    болар  еді.  Бұл  жерде  сӛз  ауыл  шаруашылығы, 

тоқыма тоқу, кӛмір ӛндіру, металл қорыту т.б. туралы болып отыр.  

     Жұмыстарды  қолдау  үшін  бюджеттен  субсидия  бӛлу  түрінде  артта  қалған,  қысқарған 

ӛндіріс  салаларына  негізінен  кӛмек  жанама  түрде  кӛрсетіледі.  Бірақ  тұрақты  дамыған 

ӛндірістердің  қайсысына  бірінші  кезекте  және  басым  қолдау  жасау  керек  екенін  бәсеке 

арқылы шешілуі қажет. Сонымен, әлсіздеу ӛндіріс салаларына кӛмек  мақсатты да шартты 

және бағытталған түрде беріледі. Ал қатардағы дамыған ӛндіріс салаларына қолдау жалпы 

ынталандыру шаралары арқылы жүргізіледі.  

      Ал  кәсіподақтар  болса  басқаша  кӛзқараста  болады-  олар  әрқашанда  жұмыссыздық 

мәселесін  шешуге  бағытталған  нақты  құрылымдық  жоспарлар  жасауды  және  олардың 

міндетті түрде  орындалуын талап етеді. 

      Бірақ  үкімет  кӛбінде  нарық  принциптеріне  негізделген  құрылымдық  даму  саясатын 

ұстануға  ұмтылады.  Батыс  елдеріндегі  құрылымдық  саясаттың  ұзақ  мерзімдік  дамуы, 

нарық  сұранымына  ықпал  жасайтын  кейнсшілдік  реттеу  моделінен,  ұсынымды  реттеуге 

негізделген  неолибералдық  модельге  біртіндеп  ауысқанын  кӛрсетеді.Бірақ  мұнда  кері 

қарай  жылжудың  да  байқалуы  мүмкін,  ал  нақты  ӛтпелі  экономика  жағдайында 

кейнсшілдік пен монетарлық әдістер диалектикасымен санасу ӛте маңызды.  

 

4.

 

 Аймақтық құрылым мен бағыттар  

Кез келген ұлттық экономика қалыптасқан ӛндіріс түрлерімен және ӛндіріс құрылымымен 

ерекшеленеді.  Ал  ӛндіріс  пен  шаруашылық  түрлері  ел  аумағында  орналасқан.  Тарихи 

түрде әрбір елдің экономикасы белгілі бір халықтың жер аумағын игеруге, ондағы табиғат 

жағдайына және ресурстарына байланысты болған. Мысалы, Қазақстанның шығысы мен 

орталық аймақтарында ежелгі замандардан бастап кен қазу, түсті және қара металл ӛндіру 

қалыптасқаны белгілі. Табиғат пен жер жағдайына байланысты Қазақстанда ежелден ауыл 

шаруашылығы  да  әртүрлі  қалыптасып  дамыған.  Уақыт  озады,  заман  ӛзгереді, 

экономиканың дамуын табиғат факторымен қатар басқа жағдайлар, айталық, техника мен 

оған  негізделген  ӛндіріс  технологиясы  анықтайды.  Сонда  да,  байыптап  қарасақ,  техника 

мен  индустриялық    технология  табиғат  байлығын  игеру  мүмкіншілігін  ғана    арттырады 

екен.  Ал  ӛндіріс  пен  шаруашылық    түрлерінің  аймақтық  қалыптасып  дамуын,    түптеп 

келгенде, табиғат ресурстарының, қазба байлықтың территориялық орналасуы анықтайды.  


62 

 

      Сонымен,  елдің  экономикалық  дамуына  табиғат  ресурстары  мен  факторларының  ел 



территориясындағы  әртүрлі  болып  орналасуы,  екіншіден,  жеке  ӛндіріс  факторының, 

әсіресе технология мен техниканың ролінің артуы. 

    Осыған  байланысты  экономикалық  реттеудің  ерекше  бағыты  –  аймақтық  экономика 

саясаты болып табылады. Аймақтық экономика- бұл ұлттық шаруашылықтың дамуының 

тепе-теңдігін  қалыптастыру  мақсатындағы  мемлекеттік  іс-шаралар  жүйесі.  Жекелеп 

алғанда, бұл саясат артта қалған  экономикасы нашар дамыған аймақтарды қолдау түрінде 

іске асырылады.  

     Аймақтық экономика саясаты «Аймақтық экономика» деп аталатын ғылым саласына 

негізделеді. Аймақтық экономика- елдің жеке аймақтарының табиғи 

-экономикалық  жағдаййларына  байланысты  ӛндіргіш  күштерінің  орналасуы  мен  әлеуметтік-

экономикалық  процестердің  дамуы  туралы  ғылыми  білім  саласы.  Аймақтық  экономиканың 

теориялық және практикалық қырлары осы күні әлі толық зерттелген жоқ. 

 

Тақырып 11. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты 

 

Қоғамдағы  дамудың  бастапқы  кезеңдерінде  шаруашылық  прогресі  кӛбінесе  теңсіздік  пен 

әділетсіздікке  негізделетіні  белгілі.  Осы  күні  қалыптасып  отырған  нарықтық  қатынастардың 

дамуы  бас  бостандығы  мен  еркіндікке,  әлеуметтік  әділеттілікке  жол  ашып  берді.  Еркіндік 

идеологиясын  насихаттайтын  қоғамдық-саяси  ағымдар  қалыптасты.  Осының  барлығы 

индустриялды  елдерде  әлеуметтік  теңсіздікті  азайту  заңдылығын  қалыптастырды.  Батыста 

және  Шығыстың  дамыған  елдерінде  орташа  дәлетті  әлеуметтік  топ  қалыптасып,  оның  үлес 

салмағы  артты.  Мысалы,  АҚШ-та  осы  күні  табысы  орташа  әлеуметтік  топтың  үлес  салмағы 

тұрғындардың  70%-ын  құрайды.  Жалпы  алғанда,  нарықтық  экономиканың  осы  күнгі  моделі 

біршама әлеуметтік теңестіруді кӛздейді деп айтуға болады. Бұл жерде, біріншіден, қоғамдық 

сананың  нарық  деген  –  оған  қатысушылардың  ӛзара  келісімге  келуі  екенін  ұғыну  деңгейіне 

жеткенін  кӛрсетеді.  Екіншіден,  нарықтың  әбден  толған  және  бәсекелестіктің  қатты  дамыған 

жағдайында тауар мен қызмет ӛндірушілер тұтынушылардың табысы жоғары болуына мүдделі. 

 

 

 

1. Әлеуметтік саясаттың мақсаты мен мәні.  

Сонымен,  осы  күнгі  дамыған  нарық  қатынастары  салыстырмалы  түрдегі  әлеуметтік 

теңдіктің  қалыптасуына  мүмкіндік  береді.    Бірақ  оларды  іске  асыру  белгілі  бір  принциптер 

тұтастығына негізделген мақсаттық шараларды қажет етеді. Осы шаралар әлеуметтік аспектісі 

болып табылады.  

Қоғамда еңбекке араласу мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды біріге қорғау міндетін атқара 

отырып қана экономикалық еркіндікке қол жеткізуге болады.  

Нарықтық  экономика  әр  адамға,  оның  қабілеттілігіне  қарай,  ӛзінің  экономикалық  ӛмірін 

құру үшін толық еркіндік береді. Бірақ бұл еркіндік қоғамның басқа мүшелерінің еркіндігі мен 

құқығына және мүддесіне қайшы келмеуі, кедергі болмауы қажет.  

Екіншіден,  принцип,  мемлекеттің  әр  түрлі  қоғамдық  топтар  мүдделері  арақатынасын 

анықтауына байланысты. Экономикалық саясаттың, оның ішінде әлеуметтік саясаттың алдында 

қоғамдағы әр түрлі мүдделер арасындағы ең оңтайлы үйлесімділікті табу міндеті тұрады. 

 

2. Нарықтық экономикадағы табыстар. 

Әлеуметтік  теңдіктің  деңгейі  ең  алдымен табыстар  жүйесіне  байланысты  келеді.  Соңғысы 

адамның белгілі бір ӛмір сүру деңгейіне қажетті материалдық игіліктерге жұмсалатын барлық 

қаржы-қаражат сомасы, табыстар, заңды түрде – экономикалық қызметтің нәтижесі. Табыстар 

қалыптасу  кӛзіне  қарай  жіктеледі.  Оларды  негізгі  және  қосымша  табыс  түрлері  деп  бӛлінеді. 

Дамыған елдерде адам негізгі табыс түріне ие.  



63 

 

Қосымша  табыстарға  негізгі  табыстан  тыс  түсетін  ақшалай  немесе  материалдық  кіріс 



түрлері  жатады.  Нарықтық  экономика  дамыған  сайын  қосымша  табыс  табу  мүмкіншіліктері 

кеңейе  түседі.  Осы  табыс  түріне  құнды  қағаздардан,  салық  салымдарының  тӛмендеуінен, 

мұрагерліктен түсетін табыстар жатады. Қосымша табыс табуға адамдар екі себепті ұмтылады: 

табыс кӛзін кӛп тарапты ету негізгі табыстың тӛмендеуінен сақтандырады және қажеттіліктің 

негізгі табыс түрінің ӛсуінен тұрақты түрде озып отыруына байланысты.  

Табыстар  формасына  қарай  ақшалай  және  материалдық  болып  та  бӛлінеді.  Ақшалай 

табыстар еңбекақы, жалақы, сыйлық, зейнетақы, жәрдемақы, материалдық қаражат түрлерінде 

болады, ал материалдық табыстар материалдық игіліктер түрінде болады. 

Табыстар құқықтық жағынан ашық және жасырын түрде болады. Біріншісі табыстың заңды 

түрі болса, екіншісі заңға сәйкес келе бермейтін түріне жатады. Тағы  номиналды және реалды 

табыстар анықталған. 

3. Ӛмір деңгейі. Әлеуметтік қорғаулар. 

Дамыған елдердің әлеуметтік саясат жүргізу тәжірибесінде бірнеше бағыттар қалыптасқан: 

әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерді әлеуметтік қорғау; еңбекақы саясаты; еңбек нарығындағы 

әлеуметтік шаралар; тұрғын үй саясаты және т.б. 



Әлеуметтік сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең бір маңызды бӛлігі.  Әр 

түрлі себептерге байлаанысты, мысалы, ӛндірісте жарақат алғаннан, жұмыскер жұмыс істеуге 

жарамсыз болып қалуы мүмкін. Бұл жағдайда ол табыс табу  мүмкіншілігінен айырылады. Ол 

белгілі  бір  заңдылықтарға  сәйкес  құрылады.  Әлеуметтік  сақтандырудың  заңдық  негіздері 

болады;  ауыр  ӛндіріс  жағдайында  істейтіндер  үшін  әлеуметтік  сақтандыру  тәртібі  міндетті 

түрде  қолданылады;  әлеуметтік  сақтандыру  қорларынан  тӛленетін  тӛлемдерге  мемлекет  ӛз 

үлесін  қосады;  әлеуметтік  сақтандыру  жүйесі  ең  алдымен  экономикалық  мүмкіншіліктері 

шектеулі қоғам мүшелеріне бағытталады.  



Практикада әлеуметтік сақтандырудың бірнеше тҥрлері бар. Мысалы, Еуропа елдерінде 

жұмыссыздықтан,  мүгедектіктен,  ӛндіріс  жарақатынан  сақтандыру,  сондай-ақ,,  ауырып 

қалуына,  бала  тууына  байланысты  және  басқа  да  кӛптеген  сақтандыру  формалары 

қолданылады.  



 

4.Жалақы тӛлемдерін мемлекеттік реттеу. 

Әлеуметтік саясатта халықты әлеуметтік қорғау механизмінің орны ерекше. Ӛтпелі кезеңде 

экономика  дағдарысқа  ұшырап,  қоғамда  жұмыссыздық  пен  кедейшілік  қалыптасқан  кезде 

халықты  мемлекет  тарапынан  жаппай  қаржыландыру  мүмкіншілігі  қысқарды.  Сондықтын, 

әлеуметтік  қамсыздандыру  механизмін  нарық  жағдайына  икемдеу  және  оны  реформалау 

мәселесі  күн  тәртібіне  қойылды.  Бүгінгі  күндері  тұрғындардың  кӛбі  әлеуметтік  қорғау  мен 

қамсыздандыруды  қажет  етеді.  Қазақстан  Республикасының  Статистика  және  сараптау 

комитеті  ай  сайын  қазақстандықтардың  тұрмыс  деңгейін  анықтау  мақсатында  арнайы 

статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізді.  

 

Тақырып 12. Экологиялық саясат 



 

Ӛткен ғасырда неміс биологы Эрнест Геккель (1886) экологияның ғылым саласы ретіндегі 

анықтамасын  бірінші  болып  ұсынған  еді:  «Бұл  табиғат  экономикасын  танып-білу,  сонымен 

бірге  тіршіліктің  органикалық  және  бейорганикалық  құрамалары  арасындағы  қатынастарын 

зерттеу. Бұл бір-бірімен байланыста болатын хайуанаттар мен ӛсімдіктердің антогонистік және 

антогонистік  емес  арақатынастарын  және  байланыстарын  зерттейтін  ғылым.  Дарвиннің 

анықтауынша, табиғат-тіршілік үшін күрес.» 

152 жыл бұрын экология ӛзінің бастапқы жағдайындағы табиғат тарихы деген атауына ӛте 

жақын болған. Геккельден кейін кӛптеген ғалымдар экологияны жаңаша анықтау қажет екенін 

түсінді.  Соңғы  онжылдықты  экология  саласындағы  зерттеулердің  қарқынды  жүргізілуіне 

байланысты оны табиғаттану ғылымы ретінде танитын кӛзқарас ӛзгерген екен. 


64 

 

Ежелден  қалыптасқан  дәстүр  бойынша,  экологтар  зерттеулерін  екі  бағытта  жүргізіп 



келген.  Біреулері  табиғаттың  ӛзін  ғана  зерттейтін  болса,  екіншілері  негізінен  адамның 

табиғатқа жасайтын ықпалын зерттеген.  

 

1.

 

Ұдайы ӛндіріс және табиғат ресурстарын экономикалық бағалау.  

Арнай  мамандығы  жоқ  адамдардың  кӛпшілігі  осы  күндері  жер  мен  суды  және  ауаны 

ӛндірісте  қолданылатын  табиғат  ресурстары  ретінде  түсінеді.  Ал  экология  ғылымы  жер  мен 

суды,  ауаны,  ең  алдымен,  тіршілік  кӛзі  ретінде  қарастырып  зерттейді.  Ал  табиғи  қазба 

байлықтар – мұнай, газ, таскӛмір, әр түрлі рудалар - әрине, ӛндіріс ресурстары болады.  

Су  мен  ауа  тіршілік  кӛзі  болса,  жерден  адам  ӛзінің  ӛміріне  қажетті  барлық  заттарды 

алады. Енді осы биосфера элементтерін жеке-жеке қарастырып кӛрелік. 

Су  ауа  мен  жердегі  барша  тіршілік  иелерінің  құрамында  болады.  Сусыз  тіршілік  жоқ, 

бірде-бір  тіршілік  иесі,  тіпті  ең  қарапайым  микроорганизмдер  де  сусыз  ӛмір  сүре  алмайды. 

Жалпы алғанда, кез келген биологиялық элемент биомассасының 80-90% судан құралады екен.  

Жұмыр  жерде  тіршіліктің  пайда  болуына  байланысты  судың  табиғаттағы  қайталама 

айналымы  күрделене  түсті,  оның  қарапайым  физикалық  булануына  күрделі  биологиялық 

булану  қосылды.  Ӛсімдіктер  мен  жан-жануарлардың  ӛмір  сүруіне  байланысты  судың 

биологиялық булануы пайда болған екен. Бұған қоса судың табиғаттағы айналымына адамзат 

дамуының ықпалы арта түсті. Адам әрқашан кӛлдің, теңіздің, ӛзеннің жағасына қоныстанды. 

Табиғаттағы  судың  айналысын  келесі  түрде  суреттепкӛрсетуге  болады:  жауын-шашын 

болып су жердің бетіне түседі, ол ауадағы ылғал ӛсімдіктердің булануынан және теңіз бетінің 

булануынан  пайда  болыпжиналады.  Жерге  жауын-шашын  болып  түскен  су  қайта  буланып, 

ауадағы  ылғалды  молайтады,  біршамасы  жер  асты  су  қорын  толтырады,  қалғаны  ӛзен  суына 

қосылып кӛлдерге немесе теңіздерге жетіп, қайта буланады, ауаға кӛтеріледі екен. 

 

2.

 

Ӛндіріс және шаруашылық қызметтің сыртқы әсерлері. 

Ауадағы  кӛмірқышқыл  газының  кӛбеюін  осы  күнгі  адамзаттың  ӛмір  сүру  әдісімен 

байланыстырады. Ауаны заводтар, электростанциялар және автомобильдер ластайды. Әр түрлі 

есептеулер негізінде келесі қорытынды шығарылған: жану процесстерінің нәтижесінде ауадағы 

кӛмірқышқыл газының мӛлшері жылына 0,7 ррм кӛбеюі керек еді, бірақ нақты ӛсуі 1959-1969 

жж.  Шамамен  жылына  0,2  ррм  болған.  Кӛмірқышқыл  газының  бірталайын  ӛсімдіктер 

фотосинтез  процессінде  пайдаланып  жояды  екен.  Атмосферадағы  және  жер  қыртысындағы 

кӛміртегінің негізгі қоры минералдарда және тау жыныстарында шоғырланған. Кӛмірқышқыл 

газы  ӛсімдіктердің  суда  ӛсуіне  кедергі  жасамайтын  фактор  болуы  мүмкін,  бірақ  ауада  ол, 

керісінше,  ӛсімдіктердің  ӛсуіне  тікелей  әсер  етеді.  Суда  кӛмірқышқыл  газы  сутегімен 

салыстырғанды 35 есе жақсы ериді.  

Азот  ауаның  78%-ын  құрайды.  Бірақ  мақұлықтардың  кӛбі  оны  тікелей  пайдалана 

алмайды. Дальвиш деген ғалымның еңбегінде табиғатта бір жылда 92 млн т азот пайда болып, 

оның 82 млн т шығындалатыны белгілі. 

Ауаның  ластануы  ӛндіріс  аймақтарында  және  ірі  қалалардың  жанында  ерекше  жоғары 

болады. Қалаларда шаң-тозаң, күл-қоқыс, күйе мен түтін ауадағы ылғалмен қосылып смог деп 

аталатын экологиялық жағдайды туындатады.  

Осы  күндері  судың  сапасы  ғана  емес,  тіпті  оның  кӛлемінде  жеке  мемлекеттер  мен 

аймақтарда, айталық Орталық Азия елдерінде, үлкен проблемаға айналған. 

 

3.



 

Экологиялық саясаттың құралдары мен мақсаты. 

Осы күндері табиғат ресурстарына ықпал жасайтын екі жағдайды атауға болады: Ғылыми 

техникалық прогресс және жер шары тұрғындары санының ӛсуі. XX ғасырдың бас кезінде жер 

бетіндегі адамдардың саны 1 млрд 800 млн, 1950 жылы шамамен 500 млн болған екен. Ал 1960 

жылы  ӛткізілген  санақ  бойынша  жер  шары  тұрғындарының  саны  3  млрд  жеткен  болса,  1970 

жылы 3,5 млрд болған кӛрінеді.  



65 

 

XX  ғ  азық-түлік  тапшылығы  дамушы  елдердің  кӛбінде  негізгі  проблемаға  айналды.  Бұл 



елдердің  барлығында  бірдей  халық  саны  ӛте  кӛп  емес,  мысалы,  Тропикалық  Африкада 

тұрғындардың саны 1 шаршы километрге шаққанда 20 адамнан аспайды. 



 

4. Экологиялық мәселелерді шешу жолындағы ҚР-ң мемлекеттік саясаты. 

Экология осы күні табиғаттың экономикасын танып-білу деген мағынаға ие болған. Бірақ 

табиғаттың даму заңдылықтары экономиканың даму заңдарына сәйкес келе ме, жоқ па? 

Ғасырлар бойы табиғат ресурстары, ауа, су, жер т.б.  «шексіз», сондықтан «тегін» ресурс 

ретінде  пайдаланылып  келген.  Тек  XX  ғ  70-ші  жылдарынан  бастап,  соңғы  25-30  жыл 

аралығында  ғана  ӛндірісі  ӛте  дамыған,  табиғаты  дағдарысқа  ұшыраған  Батыс  Еуропа, 

Солтүстік Америка және Жапония елдерінде экологиялық шығындар есепке алынып, олардың 

құны анықталып, ӛндіріс шығындарымен қоса есептелетін болған. 

Таза  ауа,  жер  мен  су,  қоршаған  ортаның  әсем  кӛріністері  табиғаттың  тегін  сыйлығы 

ретінде  саналып,  оларды  кім  кӛрінген  ӛз  білгенінше  пайдаланып  келді.  Максималды  пайда 

табуға  негізделген  экономика  және  одан  туындаған  ӛркениет  санаулы  ғана  қысқа  тарихи 

мерзімде табиғаттың тепе-теңдігін бұзып, ауа мен суды, жерді ластап, уландырды, адамзаттың 

ӛмір сүруіне қауіп тӛндіріп үлгерді.  

Осы  күндері  дамыған  елдерде  ӛндіріс  орындарының  табиғатқа  жасаған  теріс  ықпалын 

есепке  алу  және  бағалау,  айып  салық-салымдар  тӛлету  шаралары  қолға  алынған.  Бірақ 

табиғатты экономикалық түрде толық қорғау және сауықтыру мәселесі түбегейлі шешілді деп 

айтуға, дамыған елдердің ӛзінде де әлі ерте сияқты. 

Огбурн  деген  ғалымның  айтуынша,  осы  күнгі  бір  автомобильді  ӛндіріп  шығару  үшін 

3000-4000  тонна  кен  ӛңдеу  қажет  болатын  кӛрінеді.  Жер  қойнауындағы  минералдар  қорының 

кемуіне  байланысты  ӛнеркәсіп  ӛнімін  ӛндіру  үшін  болашақта,  мысалы,  XXI  ғасырда 

бұрынғыдан  да  кӛп  кӛлемде  табиғат  ресурстарын  ӛндіріске  тарту  қажет  болатыны  ӛзінен-ӛзі 

түсінікті.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

66 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет