Алматы экономика және статистика академиясы



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата12.03.2017
өлшемі1,42 Mb.
#9253
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

 
Ре
т с
ан
ы
 
Тапсырылатын 
кұжаттар түрі 
немесе 
құжаттардың 
аталуы 
Да
на
 с
ан
ы
 
Ж
ас
алға
н м
ерз
імі
 
Жасаушының  
аты-жӛні 
Та
пс
ырға
н м
ерз
імі
 
Та
пс
ырушы
 
жа
уа
пт
ы а
да
м
нын
 
ат
ы
-жӛн
і 
Қ
абылда
п 
(те
кс
ерушін
ің
 а
ты 
жӛн
і)
 








 
 
Құжатайналысы  графигінің  жасалынбауының  салдарынан  және  мұны  дұрыс 
ұйымдастырып,  тәжірибеде  кеңінен  қолданбаудың  әсерінен  есеп  жүйесі  бұрмаланып,  жеке 
адамдар қызмет бабын ӛз гіайдасына шешіп кетуі де мүмкін. 
Ұйым  басшысы  қүжат  мұрағат  қорының  жақсы  сақталуына  тікелей  жауапты  болады. 
Құжаттар 5 жылдан кем емес  уақыт ұйымдар мұрағатында сақталуы, ал еңбек ақы  себінің 
бет  есебі  құжаты  75    жыл  сақталынуы  керек.    Тиісті  құжаттардың  бухгалтериядан  немесе 
мұрағаттан  алынуы  арнайы  құзырдағы  органдардың  міндетті  түрде  жазбаша  берген 
қаттамасынын негізінде ғана орындалады. 
Ұйымдардың экономикалық келешегі кӛпшілік жағдайда коммерциялық ақпараттармен 
байланысты болуына қарай мына тӛмендегі құпиялар сақталынуы керек: 
- клиенттердің, қоюшылар мен сатып алушылар тізімі; 
- екіжақты жасалған немесе жасалынатын келісім-шарттар (контрактілер) жӛніндегі 
мәліметтер; 
- ӛнімдер мен тауарлар сату жӛніндегі бизнес-жоспар; 
- маркетингтік қызмет жӛніндегі іс-шаралар; 
- бәсекелестік пен ӛтімділік және ӛтеушілікті талдау; 
- еңбеккерлердің еңбек ақысын тӛлеу; 
- басқарушылық есеп ӛрісіндегі ақпараттар. 
 
Ӛзін-ӛзі бақылау сұрақтары: 
1. Бухгалтерлік қызметтің міндеттеріне нелер кіреді? 
2. Бас бухгалтердің қызметіне кімдер тағайындалады? 
3. Бастапкы құжаттар дегеніміз не?  Түрлерін атап ӛтіңіз? 
4. Есеп регистрлеріне нелер жатады? 
5. Түгендеу дегеніміз не? 
6. Түгендеу әдісі қалай жүргізіледі? 
 
Ұсынылатын әдебиеттер: 
3.
 
Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет. 

4.
 
Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп 
беру. Алматы  2005.  
5.
 
«Бухгалтерлік есеп стандарттары» Аламаты, 2000. 
6.
 
Кеулімжаев Қ.К. "Қаржылық есеп" Алматы, 2001. 
7.
 
Кеулімжаев Қ.К. «Корреспонденция счетов». Алматы, БИКО 2000 
8.
 
Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на 
предприятии» Алматы, 2002. 
9.
 
Тулешова  Г.К.  Халықаралық  стандарттарға  сәйкес  қаржылық  есеп  және  есептілік 
Алматы, ―Бизнес информация‖ 2005. 
10.
 
Палий В.Ф., Соколов Я.В., ―Бухгалтерлік есеп теориясы‖, М Финансы и статистика 
1998ж. 
 
5-тақырып.Кірістер және ақша қаражаттарының есебі тәртібі. 
1. Есеп принциптерінің теориялық жалпы сипаты 
2. Кассадағы ақша каражаттарының есебі 
3 Есеп айырысу счеттарындағы ақша қаражаттарының есебі.  
 
1. Есеп принциптерінің теориялық жалпы сипаты 
Есеп  теориясы  шаруашылық  фактілерінің  қалай  және  қандай  себептерден  пайда 
болғандығын,  бұларды  ары  карай  қалай  тіркеп,  қалай  қорытындылайгындығьш  ақылға 
сиятындай жолдармен түсіндіреді. Есеп теориясында қолданылатын әдістерді -принциптер 
деп атайды. 
Бухгалтерлік есеп теориясының негізгі мақсаты - бухгалтерлік есеп табиғатын зерттеу 
үшін  концептуалды  тұжырымдамалар  мен  принциптерді  ақылға  сиятындай  орнықты 
жолдарын кӛрсету больш табылады. 
Бухгалтерлік  есеп  принциптерінің  негізгі  мақсаты  мен  мәні  қаржылық  қорытынды 
есептін  маңызын  талдауға,  бухгалтерлік  есеп  стандарттарын  дұрыс  бағытта  қолдануға, 
сондай-ақ  есеп  объектілерін  бағалау  мен  ӛлшеу  нәтижесінде  орын  алған  шаруашылық 
операциялары мен қаржылық жағдайды бағалауға арналған. 
Материалдық принцип ұйымның есепті кезеңдегі табыстары мен шығындарын есептеу 
үшін  қажетті.  Материалдық  принципті  қолдану  арқылы  белгілі  бір  дәрежеде  «ақпараттар» 
мен «мәліметтер» арасындағы айырманы ажыратуға болады
.
 
Сату  принципі  -  түскен  пайданы  анықтау  мен  реттеп  отыруға  арналған  бухгалтерлік 
есептің  байырғы  принциптерінің  бірі.  Ӛз  кезіндегі  сату  үрдісі  ұйымдардағы  активтердің 
шеңберлі айналысын тұжырымдап, сатып алушылар алдындағы міндеттемелерді орындауға 
және жұмсалған ӛндірістік шығындардың орнын толтыруға бағытталады. 
 
2. Кассадағы ақша каражаттарының есебі 
 
Кассалық  операциялар  себін  жүргізудің  тәртібі  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 
банктің ережелерімен шектелген. 
 
Қолма-қол  нақты  ақшамен  есеп  айырысу  және  ақшаға  тән  құжаттарды  сақтау  үшін 
әрбір  ұйымның  кассасы  болуы  керек.  Ақша  және  ақша  қаражаттары  сақталатын  бӛлме 
қауіпсіздік  тұрғысынан  арнайы  жабдық-талып,  ақшаның  сақталуына  қауыпсыз  жағдай 
жасалуы керек. Ақшаның дұрыс сақталуына ұйым басшысы тікелей жауапты. 
 
Касса  –  деп  қолма-қол  нақты  ақша  айналысы  бойынша  барлық  операцияларды 
орындаушы және рәсімдеуші ұйымның жеке бӛлімшесін (құрылымын) айтады. 
 
Кассалық операцияларды екі жақты келісім-шарт жасау арқылы жұмысқа алынған кезде 
ӛз міндетін жауапты түрде атқарамын және кассалық операциялармен таныспын деп қолхат 
беруші  кассир  жүргізеді.  Кассир  кассаға  қабылданған  барлық  құндылықтардың 
(ақшалардың, ақша құжаттарының) сақталуына материалды тұрғыда жауап береді.  

 
Кассирдің  уақытша  атқаратын  жұмысы  басқа  адамға  жүктелген  жағдайда,  ұйым 
басшысы кассирдің ауыстырылуына байланысты бұйрық шығаруы керек. Мұндай жағдайда 
да кассирмен келісім-шарт жасалып, уақытша тағайындалған кассир қолхат беруге міндетті.  
  
Кассаға  кіріске  алынған  қолма-қол  ақша  арнайы  мақсаттарға  (еңбек  ақы  тӛлеуге, 
операциялық және шаруашылық мұқтажына, іс-сапар шығынына) жұмсалынады.   
 
Қолма-қол  ақшамен  касса  операцияларын  жүргізу  тәртібі  және  кассалық  тексеру 
құралын қолдану тәртібі бұрмаланған жағдайда, салық органдары тәртіп бұзушы ұйымдарға 
қаржылық  жағынан  жауапкершілікке  шақырып,  айып-пұл  салу  мүмкіндігі  бар  екенін  есте 
сақтаған жӛн. 
 
Ұйым кассасына қолма-қол ақша банктегі есеп айырысу счетынан,  валюталық счеттан 
түседі.  Сондай-ақ,  материалды  құндылықтарды  сатудан,  қызметтер  және  жұмыстар 
кӛрсетуден,  жұмсалынбай  қалған  авансты  қайтарудан  т.с.с.  түсетін  ақшалар  болады. 
Ұйымның  кассирі  арнайы  үлгіде  рәсімделген  чек  бойынша  банктегі  есеп  айырысу  және 
валюталық  счеттардан  ақша  алады.  Чек  кітапшасы  осы  ұйымға  қызмет  кӛрсетуші  банктен 
алынады. Чектің беткі жағына алынатын ақшаның сомасы, ал чектің келесі бетіне алынатын 
ақшаның мақсаты (еңбек ақы тӛлеуге, шаруашылық шығындарына т.с.с.) жазылады. Чектің 
жыртылып  алынған  бӛлігі  банкте,  ал  мұның  түбіртегі  ұйымда  қалатын  чек  кітапшасында 
қалдырылып отырады.  
 
Кассалық операциялар жүргізу тәртібі тӛмендегіше:   

 
кіріске  алынған  және  шығысқа  шығарылған  ақша  қаражаттарын  бастапқы 
құжаттармен рәсімдеу; 

 
бастапқы құжаттарды тіркеу регистрлары жорналына жазып отыру; 

 
кассалық  операциялардың    барлығын  да  екі  дана  етіп,  кассалық  кітапқа  жазып, 
кассалық  кітап  бойынша  күнделікті  қалған  ақша  қалдығын    шығарып  отыру  арқылы 
орындалады. 
 
Кассалық кітап  (үлгісі) 
 
Құжат 
нӛмірі 
Кімнен алынды, кімге 
берілді 
Счеттар 
корреспонден 
циясы 
Кіріс  
Шығыс 
 
Осы 
күнге 
қалған 
қалдық 
 
7 000 
 
27 
Маралбаевтан Г.С. 
 
500 
 
 
Сәрсенбаевқа С.М. 
 
 
700 
 
Осы күнгі жинақ 
 
500 
700 
 
Келесі күнге қалған 
қалдық 
 
6 800 
 
 
             Кассир Мади Г.                                            (қолы) 
 
Құжаттарды  тексердім  және  қабылдадым  (бір  кіріс  ордері  және  бір  шығыс  ордері)                      
Бухгалтер Иванова Т.М.                          (қолы)  
 
Егер келесі күнге қалған кассадағы, қолма-қол ақшаның сомасы шек қойылған (лимит) 
сомадан  кӛп  сомада  қалатын  болса,  онда  ұйым  мұндай  ақшаны  қызмет  кӛрсетуші  банкке 
ӛткізуге  міндетті.  Кассадағы  қалған  соманы  банкке  кӛшіру  осы  ұйымның  қызметкерлері 
немесе банктің уәкілі (инкассатор) арқылы орындалады. 
 
Кассадағы ақшалар есебі «Теңге түріндегі кассадағы ақша қаражат-тары» және «Валюта 
түріндегі кассадағы ақша қаражаттары» счеттарында (активті) жүргізіледі. 
 
Тӛменде 
кассалық 
операциялар 
бойынша 
мүмкін 
болатын 
счеттардың 
корреспонденциясы  берілді. 

 
Банктердегі есеп айырысу счеттарынан алынған қолма-қол ақшаны кіріске алу 
        Дт «Кассадағы нақты ақшалар-ұлттық және  шетелдік валютадағы ақшалар» 
        Кт  «Аккредитивтегі,  чектердегі,  карт-счеттардағы,  банктегі  басқадай  счеттардаға 
ақшалар» 
        Кт «Шетелдік және ұлттық валютадағы ағымдағы, корреспонденттік счеттағы ақшалар»  
счеттары бойынша корреспонденцияланады. 
Сонымен  қатар  «Кассадағы  нақты  ақшалар  –  ұлттық  және  шетелдік  валютадағы 
ақшалар» счетының дебетіне
-
 
берешектер қарызын жабудан түскен ақшалар; 
-
 
жұмсалынбай қалған ақшаларды кассаға қайтару; 
-
 
қолма-қол  ақшаға  сатылған  дайын  ӛнімдер  (тауарлар,  жұмыстар,  қызметтер)  үшін 
түскен ақшалар; 
-
 
түгендеу кезінде кассадан артық шыққан ақшалар; 
-   акциялар құнын тӛлеу есебіне жатқызу үшін алынған ақшалар т.б.  
ақша  операцияларына  байланысты  кассаға  кіріске  алынған  ақшалар  тиісті  счеттардың 
кредитінен жазылады.  
 «Кассадағы нақты ақшалар – ұлттық және шетелдік валютадағы    ақшалар» счетының 
кредитінен: 
-
 
еңбек ақы тӛлеуге, басқада тӛлемдер ӛтеуге; 
-
 
жауапты тұлғалардың жауапкершілігіне; 
-
 
аванстар беруге; 
-
 
банктегі  есеп  айырысу,  басқадай  счеттарға  тапсырылған  ақша  опера-цияларына, 
басқадай қолма-қол ақша жұмсау операцияларына байланысты (дивидендтер тӛлеу, займдар, 
қоюшылар т.б.) жұмсалған ақшалар тиісті счеттардың   дебетіне  жазылады. 
 
Ұйым  басшысының  бекіткен  мерзіміне  сай  кассирлік  қызмет  атқарушылар  ауысқан 
кезде,  кассадағы  барлық  ақшалар,  басқа  да  құнды  қағаздар  мен  құндылықтар  арнайы 
комиссияның  қатысыуымен  толығымен  саналып  тексеріледі.  Комиссияның  тӛрағасы  мен 
мүшелері  ұйым  басшысы-ның  бұйрығымен  бекітіледі.  Тексерудің  нәтижесі  бойынша  акт 
жазылады. Тексеру немесе түгендеу нәтижесінде кем шыққан ақша кассирден ӛндіріледі, ал 
артық шыққан ақшаның сомасы ұйымның табысына жазылады. 
 
Ақша  құжаттарының  есебі.  Ақшаға  тән  құжаттар  ұйымның  кассасын-да  сақталады. 
Бұларға: акциялар, нарықтық құнды қағаздар, қазыналық вексельдер, займдар, құны тӛленген 
ұшақ  билеттері,  сатылып  алынған  жолдамалар  (демалыс  үйіне,  сауықтыру  орындарын), 
лотерея  билеттері  жатады.  Ақша  құжаттарының  бухгалтерлік  есебі  кассалық  есептегі 
ақшалар есебімен бірдей жүргізіледі. 
 
3 Есеп айырысу счеттарындағы ақша қаражаттарының есебі.  
 
Ұйымдар  ӛз  қызметі  ӛрісіне  тән  қоюшыларымен,  сатып  алушылары-мен,  ӛз 
еңбеккерлерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен (бюджетпен және бюджет сыртындағы 
қорлармен) шаруашылықтық, қаржылық байланыстарға түсуі үшін қызмет кӛрсетуші банкте 
ӛзінің есеп айырысу счетын ашуға құқылы. 
 
Банктер  қатысушы  жақтардың  бірімен-бірінің  есеп  айырысуы  жӛнінде-гі 
арақатынастық операцияларды орындауға міндетті. 
 
Ұйымдар  жаңадан  ашылғанда  және  қайта  құрылғанда,  ӛз  таңдауымен  кез  келген 
банктен  ӛзінің  есеп  айырысу  счетын  ашып,  мұның  реквизиттерін  салық  органына 
хабарлайды. Яғни қызмет кӛрсетуші банк осы ұйымның ақша қаражаттарын сақтап, барлық 
есеп  айырысу  операцияларын  орындап,  несиелік  және  кассалық  оперциялар  қызметін 
атқарып отырады. 
 
Ұйымдар  қызмет  кӛрсетуші  банктен  ұлттық  және  шетелдік  валютадағы  есеп  айырысу 
және ағымдағы счеттар ашуына да болады. 
 
Есеп  айырысу  счеты  ұйымның  негізгі  счетының  қызметін  атқарып,  барлық  ақша 
операцияларын, бұларға ешқандай шек қоймай орындайды. 

 
Ағымдағы есеп айырысу счеттары кейбір ақша қаражаттары операцияларын жеке-жеке 
есепке  алу  үшінде  ашылады.  Ағымдағы  счеттарға:  валюталық  счеттар,  ссудалық  счеттар, 
мақсатты  операциялар  жүргізуші  счеттар,  басқада  есеп  айырысу  ерекшеліктеріне  қарай 
ашылған счеттар жатады. 
Есеп айырысу счетын ашу үшін мына тӛмендегі құжаттарды даярлап қызмет кӛрсетуші 
банкке тапсырылуы керек:  

 
счет ашуға берілген арыз; 

 
құрылтайшылық құжаттардың кӛшірмесі (нотариалдық куәландырыл-ған); 

 
ұйымды мемлекеттік тіркеуден ӛткізгендегі куәліктің кӛшірмесі; 

 
ұйымның 
салық 
есебіне 
тіркелгендігін 
растайтын 
салық 
органның                                      
анықтамасы; 

 
ұйымның  әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыз ету  қоры есебіне тіркелгендігін 
растайтын анықтамасы; 

 
нотариалды куәландырылған қол қоюдың және мӛрдің таңбалы белгісі мен үлгісі (2 
дана). 
 
Есеп  айырысу  счетының  ашылуы  банк  тӛрағасының  рұқсатымен  бекітіледі.  Есеп 
айырысу  счетының  ашылғандығы  жӛнінде  банктің  бас  бухгалтері  ұйым  жарғысының 
түпнұсқасына  ашылған  есеп  айырысу  счетының  нӛмірін  жазып,  мӛрмен  куәландырады. 
Банкпен  ұйымның  арасында  есеп  айырысу  және  кассалық  қызмет  кӛрсету  келісім-шарты 
жасалып, мұнда мына тӛмендегі міндетті жазулар жазылуы керек: 

 
есеп айырысу счетын ашу жӛніндегі тӛленген ақша; 

 
есеп айырысу – кассалық қызмет кӛрсетудің құны; 

 
қолма-қол ақша айналысының құны; 

 
банктік  счеттағы  ақша  қаражаттары  үшін  клиентке  тӛлейтін  пайызы-дық  сомалар 
жазылады. 
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың түрлері 
  
Ұйымның  есеп  айырысу  счетына  қабылданған  және  босатылған  ақша  қаражаттары 
және  қолма-қол  ақшасыз  есеп  айырысу  операцияларын  қызмет  кӛрсетуші  банк  мына 
тӛмендегі  құжаттарымен  рәсімдейді.  Бұларға:  қолма-қол  ақшаны  банкке  ӛткізудің 
хабарламасы,  ақша  чегі,  тӛлеу  тапсырма,  аккредитивтер,  тӛлеу  талабы,  инкассалық 
тапсырмалар жатады.  
 
Есеп  айырысу  құжаттары  арнаулы  жасалынған  стандарттық  үлгілер  талабына  сай 
жасалып, бұларға мынадай міндетті реквизиттер жазылады: 

 
есеп айырысу құжатының аталуы және құжат үлгісінің коды; 

 
есеп  айырысу  құжатының  нӛмірі,  айы-күні,  жазылған  жылы.  Жазылған  күн  –
цифрмен, ай – жазумен, жыл-цифрмен кӛрсетіледі; 

 
тӛлеудің түрі; 

 
тӛлеушінің  аталуы,  мұның  банктегі  счетының  нӛмірі,  салық  тӛлеушінің  тіркеу 
нӛмірі (РНН); 

 
тӛлеуші банктің аталуы және орналасқан мекен-жайы, мұның банктегі коды (БИК), 
корреспонденттік счеттың немесе субсчеттің нӛмірі; 

 
есеп айырысу құжатында тӛленуге тиісті салық сомасы жеке жолға жазылады; 

 
тӛленетін сома цифрлармен және сӛзбен жазылады; 

 
тӛлеудің кезектігі кӛрсетіледі;  

 
ӛкілетті  тұлғалардың  қойған  қолдарының  үлгісі  және  мӛр  үлгісі  кӛрсетіледі.  Есеп 
айырысу  құжаттарына  жазылған  цифрлар  мен  сӛздерді,  ӛшіріп,  кӛшіріп,  сызып,  қайта 
жазуға, тузетуші сұйықтарды пайдалануға болмайды. 
 
Есеп айырысу құжаттары есеп айырысуға қатысушы жақтардың барлығына жеткілікті 
данада  жазылып  банкке  тапсырылады.  Есеп  айырысу  құжаттарының  барлық  данасы  бір-
бірінен ешқандай ауытқусыз, толық жазылуы керек. Бұлардың екінші және келесі даналары 
кӛшірме түсіру қағазын пайдалану, кӛбейткіш техникалары, ЭЕМ арқылы кӛбейтілуі мүмкін. 

 
Банкке  қабылданатын,  ұйымның  дайындаған  есеп  айырысу  құжаты  рәсімделіп, 
орындауға  қабылданады,  егер  бұлардың  бірінші  (түпнұсқа)  данасы  қол  қоюға  құқығы  бар 
бірінші және екінші жауапты адамның қолдары қойылып, ұйымның мӛрі басылған жағдайда. 
Егер  ұйым  қызметінде  қол  қоюшы  екінші  жауапты  адам  қаралмаған  жағдайда,  бірінші 
басшының  қойған  қолы  жеткілікті  болады.  Заңды  тұлғаның  атынан  филиалдар,    ӛкілетті 
органдар,  бӛлімшелерде  орындалатын  операциялар  бойынша  жасалатын  есеп  айырысу 
құжаттарына осы заңды тұлғаның ӛкілетті жауапты адамы қол қойуына болады.  
 
Есеп  айырысу  құжатында  жазылған  соманың  аз-кӛбіне  қарамастан,  қызмет  кӛрсетуші 
банк  ұйымның  барлық  құжаттарын  қабылдауы  керек.  Қызмет  кӛрсетуші  банк  ұйымы  есеп 
айырысу  құжатын  қабылдаған  кезде  бухгалтерлік  есеп  жүргізуге  қойылған  арнайы 
талаптарға сай барлық құжаттарды мұқият тексеріп қабылдайды. Есеп айырысу құжаттарын 
рәсімдеуде жіберілген қателер болса, онда мұндай құжаттар банктің қабылдауына жатпайды.  
 
Тӛлеушінің  есеп  айырысу  счетынан  есептен  шығарылатын  ақша  қара-жаты  есеп 
айырысу құжатының тек бірінші данасының негізінде жүргізіледі. 
 
Қолма-қол  ақшасыз  есеп  айырысудың  негізгі  түрлеріне:  тӛлеу  тап-сырма, 
аккредитивтер, чектер және инкассо арқылы есеп айырысулар жатады. 
 
Тӛлеу  тапсырмасы  –  ұйымның    ӛз  есеп  айырысу  счетынан  басқа  ұйымның  есеп 
айырысу счетына белгілі бір сомадағы ақшаны аудару жӛніндегі бұйрығы. Тӛлеу тапсырма 
құжаты  арқылы  тауарлар,  жұмыстар,  қызметтер  құны  тӛленеді.  Сонымен  қатар,  салықтар 
және  әлеуметтік  аударымдар  аударылады,  сондай-ақ,  жеке  және  заңды  тұлғалардан 
еңбеккерлердің еңбек ақысынан ұсталатын ұсталымдар сомасын аударады, байланыс ұйымы 
арқылы басқада ақшалар аударылады. 
 
 
Ұйымдар  ӛздеріне  қызмет  кӛрсетуші  банктен  күнделікті  немесе  банктің  белгілеген  
мерзімінде,  ӛзінің  есеп  айырысу  счетынан  барлық  есеп  айырысу  құжаттарымен  бірге 
кӛшірме  алып  отыруға  құқылы.  Алынған  кӛшірме  мен  есеп  айырысу  құжаттары  негізінде 
ақша  қаражаттары  осы  ұйымның  есеп  айырысу  счетына  есепке  алынып  немесе  есептен 
шығарылады. 
 
Банк  кӛшірмесі  бірінші  және  екінші  қол  қоюға  құқылы  тұлғаларға  немесе  бұлардың 
бекіткен,  қолында  сенімхаты  бар  ӛкіліне  беріледі.  Банк  кӛшірмесін  рәсімдеуде  қате  кеткен 
жағдайда  клиент  20  күн  ішінде  жазбаша  түрде  кеткен  қатенің  себебін  ашып  банкке 
хабарлауға міндетті. 
 
Егер банк кӛшірмесі жоғалып қалған жағдайда, жоғалудың себебі кӛрсетілген клиенттің 
арызына сай банк басшысының рұқсатымен қайта жазылған (дубликат) кӛшірме беріледі. 
 
Банктен  алынған  есеп  айырысу  счетының  кӛшірмесі  алынған  күні  ұйым 
бухгалтериясында  осы  салаға  жауап  беруші  бухгалтер  ӛңделіп  алынған  банк  кӛшірмесін, 
барлық  бастапқы  құжаттармен  салыстырып  тексереді.  Бұдан  соң  әрбір  жазылған 
операциялар  тұсына  корреспонденттелінетін  счеттардың  атаулары  жазылады.  Тексерілген 
және  ӛңделген  банк  кӛшірмесі  бухгалтерлік  есеп  регистрларына  және  тиісті  счеттарға 
жазудың негізі болып табылады.  
 
Есеп  айырысу  счетының  дебетіне  мына  тӛмендегі  мүмкін  болатын  шаруашылық 
операциялары жазылады. Яғни тиісті счеттар:  
 
- сатылған ӛнімдер,  жұмыстар және қызметтер үшін түскен ақшалар «Алынуға тиісті 
счет» арқылы; 
 
-  тапсырыс  берушілер  мен  сатып  алушылардан  алынған  аванстар  счетымен 
кредиттеледі. 
 
Есеп айырысу счетының кредитіне: 
 
-  алынған  ӛндірістік  босалқылар,  орындалған  жұмыстар  және  кӛрсетіл-ген  қызметтер 
үшін қоюшылар мен мердігерлерге тӛленген  ақшалар; 
 
-  еңбек  ақы  тӛлеуге,  іс  сапар  және  басқа  да  мақсаттарға  жұмсау  үшін  кассаға  алынған 
ақшалар; 
 
-  еншілес,  тәуелді  және  бірлесіп  бақыланатын  ұйымдардың  жарғылық  капиталына 
салынған инвестицияларға берілген ақшалар; 

 
-  акциялар,  облигациялар  сатып  алуға  жұмсалған  ақшалар  және  банктегі  депозиттік 
счетқа салынған ақшалар; 
 
- қоюшылар мен мердігерлерге тӛленген аванстар; 
 
-  банк  несиелерін  және  қарызға  алынған  қаражаттарды  жабу  үшін  есеп  айырысу 
счетынан тӛленген ақшалар; 
 
-  еншілес,  тәуелді  және  бірлесіп  бақыланатын  ұйымдардың  қарызын  жабу  үшін  есеп 
айырысу счетынан тӛленген ақшалар; 
 
-  салықтар  бойынша,  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  бюджетке  тӛленген  ақша 
қаражаттары; 
 
-  мүліктерді  және жеке басты сақтандыру қарыздарды тӛлеу жӛніндегі  және жоғарыда 
айтылған  операциялар  мазмұнын  есепке  алуға  арналған  тиісті  счеттардың  дебеті  бойынша 
жазылады. 
Ӛзін-ӛзі бақылау сұрақтары: 
1. Жұмсалған шығындарды түскен  табыстар мен теңестіру сабақтасты-ғын кӛрсету. 
2. Ақша қаражаттарының экономикалық және шаруашылықтық маңызын қысқаша 
сипаттау 
3. Банктердегі арнайы счеттардағы операциялар жүргізу жолдары.  
 
Ұсынылатын әдебиеттер: 
1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет. 
2. Кеулімжаев Қ.К. "Қаржылық есеп" Алматы, 2001. 
3. Кеулімжаев Қ.К. «Корреспонденция счетов». Алматы, БИКО 2000 
4.Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии» 
Алматы, 2002. 
 
6-такырып. Қорлар және сатылған ӛнімнің ӛзіндік қҧны тәртібі.  
   1.Тауарлы-материалды босалқылар жӛніндегі ұғым. 
2.Материалдар қозғалысы есебін құжаттау 
3. ХҚЕ 2 «Босалқылар» стандарттарының негізгі принциптерін сипаттау 
 
   1.Тауарлы-материалды босалқылар жӛніндегі ұғым. 
 
Тауарлы  –  материалды  босалқылар  ағымдағы  активтер  сапасында  үш  негізден: 
босалқылардан, материалдар мен шикізаттардан және аяқталмаған ӛндірістен құралады. 
 
«Тауарлы  –  материалды  босалқылар»  сӛйлеміне  немесе  терминіне  экономикалық 
тұрғыдан сипаттама беретін болсақ онда: 
тауарлар деп – сату үшін басқадай ұйымдардың ӛндірген дайын ӛнімдерін, бұйымдарын осы 
ұйымның  сатып  алуын  атаймыз;  материалдар  деп  –  ұйымдар  меншігіндегі  ӛндірістік  және 
шаруашылықтық  әрекеттер  мен  қызметтерге  жұмсалынатын  материалдар  жиынтығын  және 
қаптаушы  заттар-ды  айтамыз;  босалқылар  деп  -  ұйымдардың  шаруашылық  және  ӛндірістік 
қызметіне  жұмсалынатын,  сондай-ақ  сатуға  арналған,  сақтауда  тұрған  құндылықтар 
жиынтығын  айтамыз;  аяқталмаған  ӛндіріс  деп  –  толығымен  арнаулы  технологиялық 
кезеңдерден  (циклдан)  ӛтпеген  дайын  ӛнімдер,  тауарлар,  жұмыстар  мен  қызметтер 
кӛрсетуге,  ары  қарай  ӛңдеуге  жататын,  қоймаға  жӛнелтіле  қоймаған  ӛнімдерге  жұмсалған 
шығындарды  айтады.  (Босалқылар  құрамына  кіретін  дайын  ӛнімдер  есебі  жеке  тарауда 
қаралды.) 
 
Тауарлы-материалды  босалқылар  (тауарлар,  шикізаттар,  материалдар,  отындар  ж.б.) 
еңбек  құралдарына  жатады.Бұлар,  еңбек  құралы  ретінде  еңбеккерлердің  жұмыс  күшімен 
қосыла  отырып,  ӛндірістік  процестің  қалып-ты  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  етеді.  Сонымен 
қатар, ТМБ ӛндірістік процес-тің объектісі түрінде  және сыртқа сату үшін де танылады. 
Ӛндірістік  процестің  ең  соңғы  нәтижесі  дайын  ӛнімдер  шығару,  жұмыстар  орындау  және 
қызметтер кӛрсету болып табылады.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет