Алматы «Жібек жолы» 2009



жүктеу 2.58 Kb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата06.03.2017
өлшемі2.58 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҐÀÐÀҐÀÒ 
ÒÅÐÅ 
ÁÀÐҒÀÍÄÀ
Əңгімелер жинағы
Алматы
«Жібек жолы»
2009

УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-44
Қ 41
Кітап Қазақстан Республикасының 
Тұңғыш Президенті қорының қаржылық 
демеушілік көрсетуімен шығарылды
Жас прозаиктердің əңгімелер жинағын құрастырған –
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры 
жанындағы Шығармашылық жастар кеңесінің мүшелері
        
Қ 41   Қарақат тере барғанда: Əңгімелер жинағы. – Алматы: «Жібек жолы» 
баспа үйі, 2009. – 160 бет.
ISBN 978-601-7152-63-5
Бүгінгі  уақыт  шындығы  қазіргі  қазақ  прозасында  соны  соқпақпен 
айшықталуға  бет  алды.  Замана  тыныстарын  бейнелеудегі  қаламгерлік 
ізденістерде  дəстүрлі  дүниетанымдық,  мифопоэтикалық,  өткір  са-
тиралық  əдіс-тəсілдер  өте-мөте  ықшам  формаға  қарай  бейімделуі  –
қазіргі  жас  жазушылар  шығармаларының  басты  көркемдік  ерекшелік-
теріне  айналғанын  бұл  жинақтан  мол  байқауға  болады.  Міне,  жас 
қаламгерлердің  əр  жылдарда  жазған  əңгімелеріндегі  осы  ғасырдың 
мақсаты мен мүддесі, арманы мен мұңдары, қайғысы мен қасіреттері ру-
хани дүниені ұлық тұтатын қалың жұртшылықтың патша көңіліне жол 
тартты. Сондықтан жалпы оқырман қауымның осы кітаптан алар рухани 
азығы аз болмауға тиіс.
Кітап сөз қадірін ардақтай білетін жұртшылыққа арналады.
 
 
 
 
 
УДК 821.512.122
 
 
 
 
 
ББК 84 Қаз 7-44
Қ
 
 
 
© ҚР Тұңғыш Президентінің қоры, 2009
ISBN 978-601-7152-63-5              © «Жібек жолы» БҮ, 2009
4702250201
430 (05) – 09

3
ҚАНАҒАТ ƏБІЛХАЙЫРОВ
1976  жылы  Алматы  облысы  Райымбек  ауданы  Жалаңаш  ауы-
лында  дүниеге  келген. 1999 жылы  əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 
университетінің  журналистика  факультетін  бітірген. «Қазақстан»  теле-
радио корпорациясында, «Заман-Қазақстан» газетінде, «КТК» телеарна-
сында қызмет еткен. Қазір қоғамдық жұмыстармен айналысады.
ҚАҒАЗ ҚАЛА
Өзім  жап-жаспын  жəне  болашақтан  өте  үлкен  үмітім 
бар.  Сол  себепті,  несиеге  болса  да  ел  қатарлы  баспана 
қарастырдым.  Анау-мынау  емес,  ақыр  алған  соң  осы  жөн 
ғой  деп  ең  қазыналы,  ең  таңдаулы,  ең...  ең...  ең...  қаладан 
ойып отырып, үш бөлмелі үй алмаққа нық бекідім.
Əңгімені  аш  ішекше  созып  қайтемін,  ұзын  сөздің 
қысқасын  айтқанда,  жиырма  бір  жасымда  берген  өтінішіме 
қырық  жетіден  еркін  асқанда  бір  бөлмелі  құжыра  келді. 
Қымбат қаланың қақ ортасындағы отыз қабатты үйдің жиыр-
ма тоғызыншы қабатынан тиген хан сарайыма əке-шешем, үш 
ұл, үш қызым, туған əйелім, əйелімнің бір сіңлісі мен əкпесi, 
менің  бір-бірден  іні-қарындасым  бар-барлығымыз  əне-міне 
дегенше  аспаннан  түскендей  топ  ете  қалдық.  Қабырғалары 
əлі  толық  сыланбаған,  немесе  сыланған  жерлері  көтеріліп 
кеткен, жə, оны да қойшы, жаңбырлы күндері төбе мен те-

4
резелерден су өтіп, əрқайсысымыз бір-бір шүберекпен соны 
құрғатып ойнаймыз демесеңіз, басқа алаңдайтын түк те жоқ. 
Бəріміз оңға да, солға да аунамастан қаз-қатар тізіліп жатып 
ұйықтаймыз. Екі-үштен кезек күтіп тұрып... ауысып-ауысып 
тамақ ішеміз... 
Қаланың  аптасына  алты-жеті  рет  соғатын  мінезі  қызық 
желі  кейде  бір  шындап  буырқанғанда,  біздің  отыз  қабатты 
үйіміздің  басы  балқурайдай  майысып  барып,  жерге  тиер-
тимес,  тиер-тимес  қалыпта  тербеліп  тұрады  да  қайта  ор-
нына  келеді.  Ə  дегенде  затымыздың  астында  қалып,  ауыр-
лауы  кез  болып  қалса  талып  қалып,  əтуеріміз  кетіп  жүрді. 
Кейін  уақыт  өте  келе  мұның  да  əдісін  тауып  алдық,  боран 
көтерілсе  болды  ұшқалы  отырған  торғайға  ұқсап  қомдана 
бастаймыз.  Үйіміз  шайқала  бастаса,  лып  етіп  жұмсақтау 
жерге  түсетін  болдық,  ең  бастысы,  теңселуден  талмайтын 
бесіктей баспанамызға да үйреніп қалдық. 
Содан  қойшы,  күндердің  бір  күні  қайдан  тапқанын 
білмеймін,  кіші  балам  қойдың  құмалағындай  ғана  бір 
қорғасынды  тастамай  ұстап  жүргенін  байқадым.  Еденнің 
үстімен  ары-бері  домалатып,  өзі  де  алақандай  бөлмеде  зыр 
қағып  жүрген  ұлымнан  əлгіні  алдым  да,  бұл  не  қылған 
пəле екен деп, айналдыра қарап шықтым, тістеп көріп едім, 
тісім  батпады.  Салмағы  тəп-тəуір-ақ  ауыр  екен,  лақтырып, 
қағып  алып,  лақтырып,  қағып  алып,  ерігіп  отырғанымда 
көзім  төбеде  жарбиып  тұрған  қара  шыбынға  түсе  қалды. 
Өз  үйімде  отырмын  ғой  қорқамын  ба,  бар  пəрменімді  са-
лып,  қолымдағы  қорғасынмен  əлгі  шыбынды  періп  кеп 
жібердім. Дəл тиді ме, тимеді ме, оны шыбын айтпады, ал, 
қорғасын  əлгі  жерді  тескен  күйі  үстіміздегі  көршіміздің 
үйіне  өте  шықты. «Ойпырмай,  мынау  ұят  болды-ау»  деп, 
əлгі  үңірейіп  қалған  тесіктен  сығалағанымша  болған  жоқ, 

5
қорғасыным төбенің тағы бір жерін тесіп, өз үйімізге қарай 
түсті.  Екі  тесікті  бірдеңе  қылып  бүтіндерміз,  ең  бастысы, 
қорғасыны  құрғырды  таптым-ау  дегенімше  болған  жоқ,  ол 
төбеден  сорғалаған  күйі  келді  де,  өзіміздің  еденді  де  тесіп 
өтіп, төменге кетті. «Қап, бір абыройсыз іс болды-ау» дедім 
де,  емпеңдеп  мен  де  ұмтылдым.  Бізден  төмен  тұратын 
көршіммен ауыз жыбырлатып амандасатыным бар еді, оған 
өйтіп-бүйтіп  бірдеңені  түсіндіріп,  үйіне  кірдім.  Қорғасыны 
түскір бұл үйге де аялдамапты. Əлі ештеңенің байыбына ба-
рып  үлгермеген  үй  иесін  ертіп  алып,  одан  төмен  тұратын 
қоңсыма бардым. 
– Сіздің үйге қорғасын түскен жоқ па? 
– Біздің үйге қорғасын қайдан түсуі керек еді? 
– Жоғарыдан, яғни, біздің үйден. 
– Сіздер не, үйлеріңізде қорғасын қорытасыздар ма?
Қысқасы,  біз  бұл  үйді  де  бір  сүзіп  шықтық.  Қорғасын 
бұл  үйге  де  келген,  бірақ  тоқтамаған.  Əр  үйдің  есігін 
қағып,  үйіне  басып  кіріп  жүре  беретін  əкім-қара,  неме-
се  қарақшы  емеспіз,  қорғасынды  подвалдан  бір-ақ  тосып 
алмақ  болып,  құлдыраңдап  төменге  тарттық.  Қашанғы  біз 
қателесе  бермекпіз,  үмітіміз  ақталыпты.  Құмалақтай  ғана 
қорғасынымыз  аман-есен  подвалда  жатыр  екен,  еденге 
құйылған цементке жартылай кіріп, бүп-бүтін қалпында бір 
жамбастай  қисайыпты.  Көрші  біткен  қорғасынмен  ойнаған 
мені  жазғыра  ма,  қатты  бір  қадам  жасасаң  өзіңді  де  осы 
подвалдан  бір-ақ  шығаруы  мүмкін  өз  едендеріне  кінə  арта 
ма, осыны ұға алмай аңтарылып ұзақ тұрды. Сосын, барлық 
тұрғындардың басын қосты да үйге ауыр заттар кіргізбеуге, 
айғайлап  сөйлемеуге,  қатты  жүрмеуге,  секірмеуге,  мүмкін 
болып  жатса,  еденді  мүлде  баспауға  серт  берісіп,  үйді-
үйлеріне тарады.

6
Айтпақшы,  мен  сіздерге  үйге  қақаған  қыста  көшіп 
кіргенімізді  айтпаппын  ғой:  қыс  бойы  жылудың  бол-
май  қалуы,  газдың  жиі  өшуі,  су  құбырларының  жарылып 
кетуі  сияқты  кез  келген  отбасын  айналып  өтпейтін  өзекті 
мəселелердің бізді де ешкімнен кем тұтпай, мазалап жүргені 
көңілге  кəдімгідей-ақ  мақтаныш  сезімін  туғызып,  адамға 
біз де енді ешкімнен кем емеспіз, ел қатарлы өмір сүріп жа-
тырмыз  деген  бір  тəтті  көңіл-күй  сыйлайды  екен.  Сондай 
күндердің  бірінде  балаларымыз  ойнап  отырып,  бойынан 
жылуы қашқан жылу жүйесіне тілдерін тигізеді ғой, сөйтсе 
бұл  үйге,  бұл  жылу  жүйесіне  əрең  жеткенімізді  тіл  қайдан 
білсін,  құрғырың  аяздан  тікенектеніп  тұрған  темір  құбырға 
жабыса  кетеді.  Бəріміз  тобымызбен  келіп,  олай  қараймыз, 
бұлай  қараймыз,  құбырдың  түрі  жаман,  тілді  өз  еркімен 
жіберетін  емес.  Амал  жоқ,  бір  білсе  осылар  білер,  бастары 
қазандай болып күні бойы кеңседе отыр ғой деп əкімшілікке 
хабарластық. – «Үй жылымаса жылымай-ақ қойсын. Енді сол 
жылу жүйесінің жанынан жүрмейік. Бізге баламыздың тілін 
қайтарып  беруге  көмектесіңіздерші». – «Бұл  біздің  міндет 
емес.  Оны  сонымен  айналысатын  өздеріңнің  жергілікті 
мекемелеріңе  айтыңдар»  дейді  əкімшілік.  Жер-көктен  іздеп 
жүріп,  жергілікті  мекеменің  басшысын  əрең  дегенде  қолға 
түсірдік. – «Бұл үйге жылуды келесі жылдан бастап беретін 
шығармыз» дейді ол. – «Оған дейін темірге баланың тілі емес 
күллі тұлабойы жабысып қалады ғой». – «Онда ең болмаса 
жазға дейін шыдаңдар, үш-ақ ай қалды ғой». Басшылардың 
алтын  уақытын  бөліп,  тілдескеніне  тəуба  айттық  та,  қағаз 
жағып, ыстық су құйып, əупірімдеп жүріп баламыздың тілін 
құбырдан сұрап алдық. Ұл байқұс бірнеше күн сөздің басын 
құрай алмай «быды-быды» деп былдырлады да жүрді. Тəп-
тəтті көңіл-күй сонда да сол алғашқы əсерден арылған жоқ. 

7
Негiзi, қалалықтар бiр үйде бiрнеше адам тұрғанын жақтыра 
бермейдi ғой. Ал, бiз үшiн сонша адамның қуықтай ғана бiр 
бөлмеде  өмiр  сүрiп  жатқаны,  əсiресе  осы  қыста  өте  жақсы 
болды.  Бiрiмiзге  бiрiмiз  тығылып,  бір  қырындап,  ел  түнде 
шешiнiп  жататын  болса,  бiз  керісiнше  үйдегi  бар  киiмдi 
киiнiп, көрпе ғана емес, кiлем-паласқа дейiн жамылып алып 
бір-ақ ұйықтаймыз… 
Мұның бəрін қойшы, нағыз қызық көктеммен бірге келді. 
Қыс  бітіп  күн  жылынғанда,  қара  жермен  бірге  біздің  үй  де 
ери  бастады.  Алдымен,  қақаған  қыста  құйылған  іргетастар 
жіпсіді, бірте-бірте үйдің күллі қабырғаларынан айғыз-айғыз 
болып тер ақты. Бойынан артық судың бəрі ағып болған соң 
үйіміз  кəдімгідей  аласарды.  Бірақ  алыстан  қараған  адамға 
байқамай шапанының түймесін жоғары түймелеп алып, бір 
етегі ұзын, бір етегі қысқа болып тұрған шал сияқты біздің 
үйдің де бір қабырғасы биік, бірі аласа болып қалды. Бұған 
да  шүкір,  енді  осымен  болған  шығар  деп  отырғанымызда, 
əбден  кепкен  үйлердің  қабырғаларына  сызат  түсіп,  əр-əр 
жерден қақырай бастады. Кəдімгідей, шəй ішіп отырып, те-
резеге қарағандай керегеге қарасаңыз, саңылаудан сізге қала 
қарап тұрады. Немесе, тура үйіңізбен үйі бір көршіңіз өзінің 
жарылған  қабырғасынан  сізге: «Бүгін  де  ыстық  болатын 
сияқты, ə?» – деп қояды. Ауа райы жылы болған соң бірте-
бірте бұған да көніп алдық. Енді жауынды күндері үйіміздің 
сыртындағы  əлем-жəлем  ою-өрнек  пен  түрлі  суреттері 
бар  мың  сан  бояуға  малынған  əшекейлер  көшіп  түсе  бас-
тады.  Көп  ұзаған  жоқ,  үйіміз  кəдімгі  қара  сылақпен  ғана 
қалды. Е, бұ да дұрыс. «Мынандай үйді қаншаға алдыңыз? 
Үндемей  жүріп,  үймек-үймек  ақша  жинап  алған  екенсіз 
ғой» деген сөздерді азырақ еститін боламыз деп шешкенбіз. 
Сол  сол-ақ  екен,  жиырмасыншы  қабаттан  аяқ  астынан  өрт 

8
шыға  қалды.  Газ  құбыры  ашық  қалған  дей  ме,  найзағай 
түскен  бе,  кім  білген,  өртіңіз  енді  анау-мынауға  бой  берер 
емес.  Ең  қиыны,  бар  бала-шағамызбен  шырылдап,  жиырма 
тоғызыншы  қабатта  біз  тұрмыз.  Хабарлай  салып,  бір  сағат 
болмай өрт сөндіргіштер, бір жарым сағат болмай сақшылар 
мен  жедел  жəрдем  де  келіп  үлгерді.  Бұл  уақытта  жиырма-
сыншы қабатыңыз өртке толықтай беріліп, өз міндетін түгел 
орындап  бітіп,  а-у-п  деп  шөге  кетті  де,  аяқ  астынан  біздің 
астымыздағы  үй  жиырма  жетінші,  біз  жиырма  сегізінші 
қабат  болдық  та  шықтық.  Үйді  айнала  шұрқырап  көрші-
қолаң  жүр.  Оларды  былай  бір  мыжып  өтіп,  олай  бір  мы-
жып  өтіп,  өрт  сөндіргіштер  мен  жедел  жəрдем  жүр.  Өрт 
пен халық бір-біріне қарсы келіп қалмасын деп, əр-əр жерде 
қара таяқтарын салбыратып сақшылар тұр. Алдымен өрттен 
де  қызыл  көліктер  тізіліп  келіп  тұрды,  сосын  құлаш-құлаш 
құбырларын  өрт  шыққан  жаққа  қаратып  қойып,  ақ  көбікті 
шашты  дейсіз.  Қайран  ғана  ақ  көбік  қанша  ышқынса  да 
тоғызыншы  қабатқа  жетер-жетпес,  жетер-жетпес  жерден 
қайта  қайтып,  босқа  ысырап  болды.  Өз  көбіктеріне  өздері 
малынып  жаны  қысылған  өрт  сөндіргіштер  енді  керегенің 
əр  тұсынан  сатырлатып  отырып,  сатыларын  қойып  шықты. 
Олардың  болымсыз  тірлігіне  анда-санда  бір  жалаңдаған 
тілін  шығарып,  мазақтап  қойып  от  шіркін  де  өз  жұмысын 
атқарып  жатыр.  Ол  тағы  бір  а-у-п  дегенде  біз  өзімізден-
өзіміз  жиырма  жетінші  қабаттың  тұрғындары  болдық  та 
қалдық.  Өрт  сөндіргіштер  де  қарап  отырған  жоқ,  енді 
сатыларға өрмелей бастады. Саты, шүкір деп айтайық, онын-
шы қабатқа еркін жетті. Қызды-қыздымен оныншы қабатқа 
шығып  алған  өртшілер  ары  қарады,  бері  қарады,  өздерінің 
бойынан  өрт  сөндіре  қоятын  ештеңе  де  таба  алмады.  Ең 
болмаса  қызыл  көліктердің  біреуін  неге  ала  шықпаған. 

9
Ойбай-ау,  мен  де  ақымақпын,  ə?!  Оларды  бұл  жерге  дейін 
көтеріп  шыға  алмайды  екен  ғой,  құбырдың  өзін  ғана  алып 
шыққаннан  еш  пайда  жоқ,  ал  бұлар  əрең  жеткен  оныншы 
қабаттың  тұрғындарында  өмірі  бір  машина  көбік  болған 
емес.  Енді  не  істеу  керек?  Реті  келіп  тұрған  осы  бір  тұста 
айта  кетейікші,  бұлардың  бастықтары  өз  пайдасын  білетін, 
бір ақылды адам еді, шетелден пəленбай миллионға, елбасы 
араласқан жерде ғана көрсетем деп, кран тəрізді, он бес-он 
сегіз  қабатқа  мойны  еркін  жететін  бір  өртсөндіру  машина-
сын сатып алып қойған. Бірақ оны бұл жерде пайдаланайын 
десе,  қара  бұқарадан  басқа  ешкім  көрмей  қалады.  Мемле-
кет  басшысы  мүлде  естімейді.  Қайдағы  бір  жиырма  тоғыз 
қабаттық үй үшін оны қозғап не керек. Бопты, пайдаланбай 
қоя тұрайын десе, жақын уақытта үкімет үйі сияқты қымбат 
ғимараттар  өртенетін  емес.  Техника  көз  алдында  текке  то-
зып барады. Шынымен-ақ, енді не істеу керек? «Басекең не 
десе  сол  болады  ғой» – деп,  құйрығын  бұлғаңдатып  қарап 
тұратындай,  өрт  жағымпаз  үкімет  емес, «құрсын,  не  болса 
сол болсын» – деп, көзін тарс жұмып алып отыра беретін де-
путат та емес, əне-міне дегенше, бізді өрт жиырма алтыншы 
қабаттың  тұрғындары  етіп  үлгерді.  Өрт  сөндіргіштер  енді 
бір  көліктің  құбырын  бір  көліктікіне  жалғап,  сатыға  саты 
қосып,  жаңа  ойын  түрін  бастап  кетті.  Минут  пен  секунд 
санап  біз  төменге  қарай  жақындап  келеміз.  Осындайда  құр 
тұрғанша деп мен бір ой ойлаймын ғой: біздің мына үйлер 
қандай мықты есеппен жасалған. Түгел өртеніп кетсе де бір 
машина күл шықпайды екен-ау. Бұрынғы өкімет жынды ғой, 
бес қабат үй салса да іргетасын бір жыл құяды, оны бір жыл 
кептіреді.  Сосын  əр  керегесін  зеңбіректің  оғы  өтпейтіндей 
етіп қалайды, шеге кірмейтіндей етіп сылайды, бір үйді бес 
жылда  əрең  салып  бітеді.  Өңшең  ақымақ!  Қазіргілер  ғой, 

10
қаңтардың  бірінде  іргетасын  құяды,  екісінде  қанша  қабат 
болса да керегесін көтереді, үшінде іші-сыртын сылап бітіп, 
төртінде қолыңызға кілтін береді. Қаңтардың бесінен бастап 
үйлі болдым деп күнде тойлап, басыңызды көтере алмай ал-
шиып сiз жатасыз.
Ойым əлдене солқ ете қалғанда үзіліп кетіп еді, аман-есен 
тағы  бір  қабатқа  төмендеп  алыппыз.  Өрт  сөндіргіштер  ғой 
өйтіп-бүйтіп  он  бесінші  қабатқа  жетіп  қалыпты.  Бұлардан 
күдерін  мүлде  үзді  ме,  жаңа  ғана  мен  жиырма  тоғызыншы 
қабатта тұрғанда жайнап тұрған табиғат жарықтық қабағын 
түйіп,  қатуланып-ақ  келе  жатыр  екен.  Ə  дегенге  келтірмей 
дауылдатып,  жауындатып,  арнайы  тапсырыспен  келген 
таңдаулы сарбаздардай есік демей, тесік демей шелек-шелек 
жаңбырды  бас-аяғымыздан  армансыз-ақ  құйды.  Тіпті,  бас 
сауғалап қажеті жоқ екенін бағана бір айтып едім ғой, ең бас-
тысы,  бірдеңенің  астында  қалып  қоймай  немесе  керегенің 
жарығына  қыстырылып  қалмай,  бір  жерден  мықтап  ұстап 
тұрсаң болғаны. Бұл сендерге аз дегендей, үйді алай бір ала 
қашып,  бұлай  бір  ала  қашып,  жауынның  тиюіне  лайықтап 
үйді  майыстырып  беріп,  жел  де  өз  парызын  өтеді.  Сақшы 
біткен  шапқылап  өз  көлігіне  қашты,  малмандай  болған  өрт 
сөндіргіштер  түкке  керегі  жоқ  құбырларын  жинап  əуре, 
түк  бітірмесе  де  бақырып-шақырып,  мені  көрдіңдер  ме 
дегендей  жедел  жəрдем  жүр.  Ұзын  сөздің  қысқасы,  айна-
ласы  он-он  бес  минуттың  ішінде  өрт  те  сөнді,  жауын  мен 
дауыл да демін алды. Дүние өз қалпына қайта келіп, абыр-
сабыр  басылғанына  анық  көздері  жеткенде  ғана  алдымен 
өрт  сөндіргіштер,  сосын  барып  жедел  жəрдем  жерге  түсті. 
Ə дегенде: «Ауа райынан хабар берген кім? Ақпаратты кім 
таратты?» – деп бірін-бірі қағып-соғып, жөн-жосықсыз жо-
сып кеткен сақшылар ауа райының ешқандай министрлікке 

11
қарамайтынын  естігенде, «Қой,  рас  па?»  деп  қатты-ақ  таң 
қалды. Сосын барып, сол маңдағы халықты қуып жүріп жи-
нап,  құжаттарының  бəріне  өрт  сөндіргіштер  бұл  жерге  өрт 
шықпай  жатып  келіп  алған.  Ал,  жедел  жəрдем  кешелі  бері 
осында.  Сақшылар  бұрыннан  осы  үйлерде  тұрып  жатыр. 
Кісі өліміңіз не, бұл маңда өрт те болған жоқ. Үй бұрыннан 
жиырма  алты  қабат  болатын  деп  жазғызып,  əрқайсысына 
жеке-жеке  қол  қойғызып  алған  соң  қиқулатып  кетті  де 
қалды. Мені ғой енді бұдан былай жиырма бесінші қабаттан 
тауып қаларсыздар... 
БƏРIН БАСЕКЕМ БIЛЕДI...
Бiздiң  ауыл  тым  үлкен  емес.  Бiрақ  мал-жанға  өте  бай. 
Ең  қызығы,  мұндағы  аң  да,  мал  да,  жан  да,  əркiм  пана-
лап  отырған  там  да – Басекемдiкi.  Асырып  айтты  демеңiз, 
астыңызға  жақсы  ат  тисе,  бiр  күн  мiнесiз  бе,  мiнбейсiз  бе, 
Басекем  көрдi,  алды.  Үстiңiзге  жақсы  шапан  iлдiңiз  бе, 
Басекемнiң көзiне түскенше ғана сiздiкi. Сiздi есiркеп, Басе-
кем үйiңiзге бас сұға қалса, «басқаларға көз болсын» деп ең 
тəттiңiздi  алдына  тартасыз  ғой.  Ұнамаса,  дастарханыңызда 
қала бередi – бала-шағаңыздың несiбесi. Ұнаса, құрыдыңыз. 
Басекем  «тойдым»  дегенше  тəттi  тасып  жүргенiңiз.  Мен 
«Басекемнiң  айбынын  асырам»  деп  отырып,  ауа  жайылып 
кеттiм-ау  деймiн.  Одан  да  ол  кiсi  басы-қасында  болған  бiр 
оқиғаны баяндап берейiн. 
Таң  ағарып  атып  қалған  кез  едi. «Шыбын-шiркей  оя-
нып  кетпей  тұрғанда  сиырларды  сауып,  мал-жанды  өрiске 
жiберейiк»  деп  қам  жасап  жатқанбыз.  Малдыбайдың  əйелi 
ауылды  азан-қазан  қылып,  Басекемдiкiне  қарай  тартты. 

12
Даусынан  шошып,  таудың  иығынан  күн  сығалады, «бүгiн 
шығам  ба,  жоқ,  қоя  тұрамын  ба?»  дегендей  өңi  қашып-ақ 
тұр. Тек мұндай айқайдың талайын көрген Басекем ғана еш 
сыр  берер  емес.  Екпiндеп  барған  Малдыбайдың  əйелiнiң 
айтқанынан ұққанымыз – туған күйеуi үш күннен берi жер-
көкте  жоқ  екен. «Басекем  бəрiмiз  ауылға  тұз  əкелемiз»  деп 
кеткеннен бері үйге келмептi. 
Басекем Сəндiбай мен Қалдыбайды – батысқа, Барлыбай 
мен  Жарлыбайды – шығысқа,  Мəндiбай  мен  Мəңгiбайды – 
солтүстiкке,  менi  Бəкiрге  қосып,  оңтүстiкке  аттандырып 
жiбердi. Бiз ауылдан көп ұзамай-ақ, бiр қаңқаға кез болдық. 
Екеумiз  де  жақсы  бiлемiз,  бұл – Мəндiбайдың  əйелiнiң  ар-
тынан келген сəйгүлiктiң сүйегi. Кезінде Басекем оған қатты 
қызыққан.  Қасынан  кете  алмай,  төңіректеп  ұзақ  жүрген. 
Əдетіне  басып,  бiр-екi  рет  қолқа  салғандай  болып  едi, 
Басекемнiң  мiнезiн  көп  бiле  бермейтiн  төркiнi  мықты  жас 
келiн ештеңенi түсiне қоймады. «Дiңкесi қатқан Басекем ендi 
не ойлап табар екен?» деп бəрiмiз iштен тынып жүргенiмiзде 
ол  мəлiмдеме  жасады.  Өзiнiң  айтуынша,  жануарға  ерекше 
ықыласы түсiп, бір көріп қайтайыншы деп жем əкелген екен, 
сəйгүлiк  Басекеме  қарап  тұрып  iшегi  түйiлгенше  күлiптi... 
Сосын... «жемiңдi  ұрайын,  Басеке,  одан  да  маған  бiр  үйiр 
байтал  берсеңшi»  дептi...  Бұл  сөздi «ауыр  алып  қалған» 
Басекем  бiраз  күн  үйiнен  шықпай  жатып  алды.  Ақыры, 
«қайтсек  көңiлiн  табамыз?»  деп  төңiректеп  жүргендерден: 
«Заманақырдың  малы  елiмiзге  жамандық  əкеледi.  Мен 
десеңдер көзiн жоғалтыңдар», – деп сəлем жолдапты. Басе-
кеме қарсы келiп өле алмай жүрмiз бе, көп болып, күңкiлдеп 
жүрiп,  сəйгүлiктi  ауыл  сыртына  алып  шықтық.  Бiздi  адам 
құрлы  көрмедi-ау  деймiн,  əлде  «айтарымды  Басекелерiңе 
айттым ғой, сендер менің теңім емессіңдер» деп ойлады ма, 

13
«о заманда бұ заман, мал сөйлеуші ме еді?..» деп бір-бірімізге 
таңдана  сыбырлап, «əлде  шынымен  сөйледі  ме  екен?»  деп 
үлкен үмітпен оған жаутаңдап, əгəрки ол: «Жігіттер, жібере 
салсаңдар қайтеді?» дей қалса, қоя бермекке бейіл көңілмен 
амалымыз  таусылып,  оны  шұрқыратып  құрықтағанда  да, 
қимай  қасында  ұзақ  күн  отырғанда  да,  тiптi,  көзiмiз  қиып, 
бауыздағанда да қайран жылқы бізге бiр ауыз тіл қатпады...
Сонымен, арада екi-үш күн өткенде жоқ iздеген сегiзiмiз 
ауыл сыртында тоқайластық. Сəндiбайлар Бəкiрдiң алдыңғы 
жылы  жоғалып  кеткен  құмай  тазысының  сүйегiн  тапқанын 
айтты.  Ақымақ  ит  ет  берсе  де,  сүт  берсе  де  Басекеме 
көнбей,  бұрынғы  иесiне  қашып  келе  беретiн.  Битiн  сығып, 
қанын  жалап  отырған  Бəкiрде  итке  берер  не  бар  дейсiң, 
тышқаншылап  кеткеннен  Ақтөс  қайта  келмедi.  Сабылып 
жүрiп,  сүйегiн  тауып,  бiрдеңенi  қиратардай  болып  Басе-
кеме  көрсеткенбiз.  Ол  ары-берi  қараған  болды  да,  аузына 
жөнi  түзу  сөз  түспедi  ме, «қаңғыған  немені  жылан  шағып 
алыпты»  дедi  де  қойды. «Желтоқсанның  басында  не  ғып 
жүрген жылан? Сіздің көмекшіңіз оған ішінде инесі бар қазы 
тастапты  ғой»  деуге  шынын  айту  керек  қой,  ұялғанбыз... 
Ал, Барлыбайлар былтыр ғана өзiмiз сияқты шауып жүрген 
Телiмбайдың  сүйегiне  жолығыпты...  Е,  деңiз...  негізі, 
Телiмбай  сiз  бен  бiздей  емес  едi.  Басекеме  аузын  ашқаны 
да,  ауа  жұтқаны  да,  елге  жаққаны  мен  айтқаны  да  ұнамай-
ақ  қойған. «Менiң  бiлгенiмдi  бiлсең  жетер,  қалғаны  бекер» 
дейтiн  оған  Басекем. «Өзiмiздей  көршi  ауылдарда  бəрiн 
халық  өзi  шешедi  екен»  деп  Телiмбай  езеурейтiн.  Соңы  не 
болды  дейсiз  ғой, «сен  онда  сол  ауылдарға  барып,  бірдеңе 
үйреніп  келе  қойшы»  деп  бəрiмiздiң  көзiмiзше  Телекеңнiң 
астына  ат  мiнгiзiп,  қалтасына  ақша  салып,  Басекем  бiр-ақ 
күнде  шығарып  салған. «Ертең  келем»  деп  Телiмбай  айта 

14
алмады. «Қашан келесiң?» деп бiз сұрай алмадық. «Жаның 
аман болса, түбi бiр келесiң ғой» дедi Басекем... 
Ұзын сөздiң қысқасы, иығымыз салбырап ауылға келдiк. 
Күллi  жұрт  бiздi  тосып  отыр  екен.  Бiрi  қалмай  жиналды. 
«Таба алмадық» дедiк бiз. «Əрине, таба алмайсыңдар. Оны 
өздерің  де  біліп  кеткен  шығарсыңдар?»  дедi  көпшiлiк. – 
«Енді не істесек болады?» деген жауабы жоқ сұрақты əркім 
өз  кəллəсінде  тербетіп,  үнсіз  ғана  тұрғанымызда  иттер  шу-
ылдасып  кеттi.  Дəл  менiң  тауыққорамның  алдында  ұли  ма, 
қыңсылай ма, жетi-сегiз төбет тыным таппай, шыр айналып 
шауып жүр. Тауық бiткен жақын маңнан қонатын жер таба 
алмай, қоқылдап аспанға шығып кетіпті. «Не де болса бара 
көрейiк» деп бəрiмiз тобымызбен солай жылжыдық. Барсақ, 
сiздерге өтiрiк, бiзге рас, Малдыбай ағам шалқасынан түсіп 
тауыққораның  төрінде  жатыр...  Ана  жаққа  кетіп  қалғанына 
да біраз уақыт болған сияқты ма, қалай өзі... 
Əйелдер  жылады.  Сосын, «бiздiң  жылағанымыз  кiмге 
керек?»  деп,  өздері  біліп  сабырға  келдi.  Сəлден  соң  құр 
тұрғанша  деді  ме,  сықсыңдап  қайта  жылады. «Бұл  ауыл-
да  жыламай  жүрген  кiм  бар?  Болды  қойыңдаршы»  деп 
бiр-бiрiне  қайтадан  басу  айтты.  Мұның  бəрiн  қойшы,  ол 
қалыпты  жағдай  ғой,  ендiгi  ең  қиыны,  қазаны  Басекеме 
қалай естiртемiз? «Мен тауып алдым» деуге ешкiмнiң баты-
лы бармайды, оны жақсы бiлесiздер. «Бiз тауып алдық» деп 
тауықтар мен иттер өмiрi мойындамайды, мұны да бiлесiздер 
ғой деймін. Бас əбден қатты. Күн ойландық, түн ойландық, 
ештеңе таба алмадық. Ақыры, осы ауылдағы жалғыз мектеп-
те  еңбекке  баулу  пəнiнен  дəрiс  берiп  жүрген  мұғалiм  бала: 
«Мен бiр мультфильм көргем. Ақсақ құлан туралы... Сонда 
ханға домбырамен естiрткен. Бiз де солай iстейiк те», – дедi. 
Бəрiмiз қуанып кеттiк. Дегенмен бұл ауылдан домбыра табу 

15
айдың  бетiнен  сүюден  қиын  еді. «Ескiлiктiң  қалдығы»  деп 
Басекем  қобыз-сыбызғы,  сырнайдың  бəрiн  өртетiп,  ауыл-
да  ешкiм  ойнай  алмаса  да  флейталарды  қаптатып  жiберген 
кез болатын... Əйтеуiр, бір уақытта ел iшi емес пе, бiр дом-
быра  табылды.  Жалғыз  iшегiн  дыңылдатып,  оны  бəрiмiз 
көрiп  шыққанымызбен, «жарықтық»  деп  еміренгенімізбен, 
«мен тартамын» деген ешкiм болмады. «Сен тарт, мен тарт-
пен»  тағы  бiр  күн  өтiп,  келесi  күнi  ең  үлкенiмiз – домбы-
ра,  қалғанымыз  оқтау  ұстап,  Басекемнiң  ауласына  бардық. 
Басекем  есiк  алдына  шыққаннан  домбыраны  қаңғырлатып, 
оқтауымызды  тырнағымыздың  сынғанына  қарамай  сабалап 
қоя  бердiк.  Тегi,  қайтер  екен,  дəл  осы  жолы  бетiне  айта-
йыншы,  Басекемде  күй  тыңдайтындай  қайбiр  мəдениет  не-
месе  күй  түсiнетiндей  қайбiр  сұңғылалық  бар  дейсiз.  Оған 
бiздiң  арамызда  домбыра  тарта  алатын  бiр  адамның  жоқ 
екенiн қосыңыз. Ұзаққа созбай у-шуды Басекемнің өзі тый-
ды. «Чо за мамбетство? Андағыларыңды мұражайға тапсы-
ратын  уақыттарың  жеттi  ғой.  Еһ,  сендер  ме,  сендер...»  деп 
терең күрсiнген Басекем бiз кеткен соң да шуы басылмаған 
тауыққораға  қарай  өзі-ақ  жүре  бердi. «Бұл  өлiмге  Басекем-
нен басқа ешкiм кiнəлi емес» деген бір сенім көңілімізде гүл 
жарып, сол гүлдің иісі мен көркі бойымызды балқытып, нық 
басқан  əр  адымымызбен  бірге  шындық  салтанат  құрып  бiз 
де  iлесiп  келемiз.  Басекем  Малдыбайды  ары  қарады,  берi 
қарады. Сосын «бұл кiм өзi?» деп бiзге бұрылды. Танып тұр 
ғой.  Өмiр  бойы  киiп  жүрген  көнетоз  қоңыр  шалбары  мен 
күн оңдырып жiберген көк шапаны-ақ «бұл Малдыбай ғой» 
деп шырылдап жатыр. Басекем оны естiсiн бе, «бұлар не дер 
екен?»  деп  аңысын  аңдып  тұр.  Талай  жерде  үстiнен  түссең 
де тайқып жүре беретiн Басекем, «Өзiңiз жазған заң былай 
дейдi,  сiз  былай  деп  тұрсыз»  десең, «онда  заңды  өзгерту 

16
керек  екен»  дейтiн  Басекем,  бұл  жолы  да  ұстатқысы  жоқ. 
Жалғыз  айтуға  жүрегiмiз  дауаламай,  бəрiмiз  бiр  ауыздан: 
«бұл  Малдыбай!»  деп  шу  ете  қалдық. – «Қойыңдар  қай-
қайдағыны айтпай! Бұл Малдыбай болса, мұнда не қылып жа-
тыр? Мен оны тұзға жiберiп едiм ғой» дедi Басекем. Қайтсiн 
ендi, осы арада «тұзы құрсын, тұзсыз да күнімізді көрерміз. 
Байымның аман жүргенi олжа едi ғой» деп қайран Күлпəш 
кемсеңдедi. «Жөні жоқ сықсыңдама, Күлпəш. Сен бiлесiң бе, 
мен бiлем бе, бұл Малдыбай емес. Малдыбай денелi, мығым 
жiгiт емес пе?» дедi Басекем. «Күлпəш Малдыбайды жақсы 
тануы  керек  қой...  Не  дегенмен,  жиырма  жыл  отасты,  бір 
қазаннан ас ішіп, бір төсекте қатар жатты дегендей…» деп 
осы  ауылдың  жасы  үлкенi  сөз  бастап  едi, «қойшы-ей  осы, 
жоқ  жерден  көсемсiмей.  Мен  жақсы  бiлем  ғой,  Малдыбай 
намысты жiгiт. Ешқашан ол тауыққораға кiрiп өлмейдi» деп 
Басекем  шорт  кестi.  Ал  ендi  бiреуiң  бiрдеңе  деп  көр,  жаңа 
ғана көңілде бүршік жарған гүл солып, басқа жер таба алмай 
қалғандай аяқтың астында салтанат құрып жүрген шындық 
аң-таң  болды. «Ең  болмаса  осы  қылмысын  мойындайтын 
шығар» деп үмiттенiп тұрғанымызда Басекем тағы да уысы-
мыздан  шығып  бара  жатыр.  Ол  аз  дегендей  маған  қарады 
да: «Сен не, қораңа елдiң сүйегiн жинайтын болғансың ба? 
Қане,  үстiңнен  iс  қозғалсын  демесең  мынаны  апар  да  көм» 
дедi. Сосын көпшiлiкке бұрылып: «Бiреу өлдi екен деп бəрiң 
құрығыларың келе ме? Бар, шаруаларыңды iстеңдер! Онысы 
несі-ей?!» – деп айғай салды. Көпшiлiк тарап кетудiң де ретiн 
таба  алмай,  айта  қояйын  десе  жiбi  түзу  сөз  де  ауыздарына 
түспей лажы таусылды. «Бопты енді» деп кете берейін десе, 
күнiне бiреуi өлсе де «мұным қалай?» дейтiн Басекем жоқ. 
Қысқасы,  бiзден  қайран  болмасын  сездi  ме,  көз 
жұмғанына үш-төрт күн болса да Малдыбайдың өзi қарғып 

17
тұрды. Əйелдердiң бiразы талып қалды, жүрегi əлсiздер (он-
дайлар бiзде өте көп болатын, жалпы бiзде бiр жаста – СПИД, 
екi-үш  жаста  нашақор  немесе  сiз  əлi  атын  естiп  көрмеген 
аурулар  таңсық  болудан  қалған)  ана  дүниеге  жүрiп  кеттi. 
Басқа дiнге өтiп үлгермегендерi «Аллалап», «О, боженi» мiсе 
тұтпағандар «О, май гад....» деп, жағаларын ұстады. Ал Мал-
дыбай болса, «ендi маған не iстеп аласың?» дегендей алшаң 
басып  барды  да,  Басекемнiң  жағасынан  ұстап  сiлкiп-сiлкiп 
жiберiп: «Мен  Малдыбаймын!» – деп  бар  даусымен  айғай 
салды. Қуанып кеттi ме, ауылдың маңындағы тау бiткен «иə, 
иə, ол Малдыбай» деп Басекемнен сүйiншi сұрағандай жары-
са қайталап жатты. Жаңағы сұмдықтан тiрi қалғанымыздың 
көзiмiз  жасаурап,  тамағымызға  өксiк  тығылып, «ақиқат 
өлмейдi  екен-ау»  деп  айналамызға  шын  сүйсiнiп,  сүйiнiп, 
жүзiмiз  бiр  қызарып,  бозарып,  сұрланып, «ендi  Басекем 
не  бетiн  айтар  екен?»  деп  масайрай  қарағанымызда,  Мал-
дыбай  марқұмның  бiр  əрекетiне  де  ең  болмаса  қабағы  дiр 
етпеген  қайран  менiң  Басекем: «Тəйт,  бəтшағар!  Қайдағы 
Малдыбайсың  сен?  Малдыбайымнан  садаға  кет.  Ей, 
бейбақтар,  сақ  болыңдар!  Бұл  сендердiң  көздерiңе  Малды-
бай болып көрiнiп тұрған шайтанның нақ өзi. Сенбесеңдер, 
оны Малдыбай тұздан келгенде өзiнен сұраңдар», – дедi де, 
бөгелместен  үйiне  қарай  жүрiп  кеттi.  Шарасы  таусылған 
халық «жаңа сен де қуанып едің ғой» дегендей тауға қарады, 
тау  «бірдеңені  қиратардай  қарғып  тұрып  едің,  енді  қайтер 
екенсің»  дегендей  Малдыбайға  қарады.  Малдыбай  ешкімге 
қарамастан екi иығын бiр көтердi де, бағана жатқан жерiне 
барып қайта қисая кеттi...

18

Каталог: files -> attachments -> biblioteka -> books
books -> Совет молодых ученых инновационное развитие и востребованность науки в современном казахстане
books -> Содержание № Название статьи Стр
books -> О. Е. Есенгазиев родился 10 декабря 1922 года в поселке
books -> Совет молодых ученых инновационное развитие и востребованность науки в современном казахстане
books -> Сборник статей (часть 4) естественно-технические науки алматы 2011 +62 (075) ббк 20+30 я7
books -> Поэма. Алматы: Издательский дом «Жибек жолы»
books -> Сборник статей (часть 2) общественные и гуманитарные науки алматы 2011 ббк 73 и 66
books -> Сборник статей (часть 1) общественные и гуманитарные науки алматы 2011 ббк


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет