Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы мектеп-гимназияның ашылу салтанатының сценарийі Өткізілетін орны: Қаскелең қаласы Өтетін мерзімі: 023 жыл қыркүйек ««Мектеп – мейірбандық мекені»
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың оқуға құштарлығын ояту, білім алуға жағымды көңіл-күй мен оң көзқарас қалыптастыру.
Мектеп алдының безендірілуі: 1.(Баннер)
2.Мектептің алды жалаушалармен, шарлармен безендіріледі.
3. Мектептің кіре берісіне лента тартылып, шарлар мен гүл шоқтары қойылады.
Басталу кезеңіне дейін:
1. Музыка ойнап тұрады.
2. Оқушыларды сапқа тұрғызу.
3. Келген қонақтарды қарсы алу, құрметті орындарына отырғызу.
Қонақтар: 1. Қарасай ауданының әкімі -
2.
3.
4.
Салтанатты жиынның өтілу барысы: · Мектеп тақырыбында музыка әуені ойнап тұрады
· Фанфар беріледі.
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ауыл тұрғындары, ұстаздар және оқушылар.Бүгін Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында үлкен мектеп бой көтеріп, оқушыларға есігін айқара ашып отыр. Білім әлеміндегі дәстүрлі мереке бастауы, баршамыздың асыға күткен салтанатымыз жаңа мектептің ашылуы құтты болсын, ағайын!
2-жүргізуші:_Бүгін_міне_шат-думан_қаламызда,_Қуанышым_сыймай_тұр_қойыныма._Сән-салтанат_құрыпты_зәулім_мектеп,_Жырдан_шашу_шашайық_тойымызға._1-жүргізуші'>2-жүргізуші: Бүгін міне шат-думан қаламызда,
Қуанышым сыймай тұр қойыныма.
Сән-салтанат құрыпты зәулім мектеп,
Жырдан шашу шашайық тойымызға.
1-жүргізуші: Бүгінгі таңда сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы.
«Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті.
Сондықтан да тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағын тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
2-жүргізуші: Ауыл қамын ойлап жүрген ағалар,
Біздер бармыз өздеріңді бағалар.
Қуанышты сыйлай білген сіздерге,
Шексіз риза ата-ана, балалар,- деп бүгінгі мерекеміздің қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
4.