«Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мм «№3 орта мектеп» мкм



бет3/5
Дата28.04.2023
өлшемі158,63 Kb.
#87884
1   2   3   4   5
Қайран қазақ (9-сынып)

Қазағым, өзге ұлттан үстем едің,


Ержүрек, намысқой бір жұрттан едің.
Қазағым, құнсызданып кеткенің бе?
Қайда кетіп барады, қайран елім?

Көрші-қолаң, тумамен араласпай,


Кеттің ғой, тірі жанды танымастай.
Бұрындары жүруші ең тату болып,
Көрші тұрмақ, өзге ұлтпен араздаспай.

Қайран елім, қазағым, қайран жұртым,


Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың.
Деп жырлап, кетті емес пе, Абай бабаң!
Қайда кетіп барасың, дана халқым?


Мұқағалиға арнау (8-сынып)

Биік ұстар қазағымның намысын,


Тарлан едің тым ерекше шабысың.
Көк байрақтай көтереміз биікке,
Жаралған жан қазағымның бағы үшін.

Ақын едің өлең жазар жүректен,


Кезіңіз жоқ көңілді бір жүдеткен.
Сегіз қырлы азаматсыз дарынды
Ұлы жүздің Албан руын түлеткен.

Сонау тарих еңбегіңіз бұл күнгі,


Болар бізге ғибратты, ізгі үлгі.
Кең ғаламға мәлім еді есімің,
Құрметтісің, бізге үлгі әр ісің.
Сіздегі бар қасиеттер әр қилы,
Кейін қалған ұрпақтарға дарысын!

Тілім жайлы сыр шертемін (8-сынып)

Тілім жайлы ақтарыла сыр шертемін,


Қазақ тілін баршаңызға паш етемін.
Рухымды жандандырған туған тілмен
Бал тамызып жүректерді тербетемін.

Тілім менің таусылмайтын бақытым,


Тілім менің байлығым мен жақұтым.
Қадірлейік, құрметтейік бөбектей
Туған тілді мәпелейік өбектей.

Ана тілін ұмытқандар бар екен,


Қалай ғана жүрегі соғады екен.
Біліңдерші, достарым, ешқашанда
Ана тілсіз жалғаспасын ұрпақ мүлде.

Қанша тілде сөйлесе де ұлдарың,


Қазақ тілім, сенсіз өмір өмір ме?
Қолда барда қадірлейік, достарым,
Қазақ тілсіз ұрпақ өмірі түнек де.

Өмір сынақ алаңы (8-сынып)

Өмір деген сынықтардан тұрады,


Кей кездері құлатып та алады.
Ақ пен қара қатар бірге болады,
Тартысатын өмір сынақ алаңы.

Сыналасың өмірде, шыңдаласың,


Соған қарап бір түрлі бұлданасың.
Анда-санда байқамай, жаңыласың,
Сыналған шақ мұң көрпе жамыласың.

Мейлі өзгелер қанша сені табаласын,


Адамдардың сөздері деп тығыласың.
Ой-санаңды армандарың мазаласын
Қос шырағың өткен шаққа қарамасын.

Өмір жалпы сынақтардан құралған,


Сынақ үшін қаталдық орын алған.
Оңай жетем деген ұғым құр арман
Әрекетсіз арман ету тым жалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет