«Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мм «№3 орта мектеп» мкм



бет1/5
Дата28.04.2023
өлшемі158,63 Kb.
#87884
  1   2   3   4   5

«Алматы облысы білім басқармасының
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«№3 орта мектеп» МКМ



ЖАУҚАЗЫН ЖЫРЛАР
Қонаев қаласы

«Алматы облысы білім басқармасының
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
«№3 орта мектеп» МКМ


ЖАУҚАЗЫН ЖЫРЛАР
(Өлеңдер жинағы)
9-сынып оқушысы
Советхан Қарақат
Жетекшісі: Д. Қ. Қоспаева


Қонаев қаласы


Қонаевқа арнау (9-сынып)

Уақыт деген жүйткіген жүрдек дөнен


Бұл өмірге кім келіп, кім кетпеген?
Қазақ халқы қашанда есіне алар
Қонаевтың есімін құрметпенен.

Өрге сүйреп өз елін өркендеткен


Осындай ұлы тұлға өлкемде өткен.
Оған деген халықтың махаббаты
Димаш деген сөзінде еркелеткен.

Қызмет қылып қалтқысыз халқына адал


Бүгін басшы атанды алтын адам.
Қара бастың қамын ол ойламады,
Байлық қуып ешқашан шалқымаған.

Маңайына шуақ пен төкті нұрын


Дәлелдеп талай мәрте тектілігін.
Парасатпен пайымды іс атқарып
Ізгілікке арнаған тек ғұмырын.

Қан жүгіртіп тірлікке, сан салаға


Үлгі болып жүріпті барша жанға.
Қоневтың тікелей қолдауымен
Бой көтерді жаңадан қанша қала.

Ешқашан аты өлмейді дана адамның


Дала қамын ойлаған, қала қамын.
Қанат жайған Қапшағай қаласы да
Қолтаңбасы емес пе сол адамның?

Көпшіліктің көңілін жайландырды


Ісіменен талайды қайран қылды.
Көз қуантып тұратын қарасаңыз
Шөлді жерді ол көлге айналдырды.

Ертеңі үшін елінің еңбек етті


Мәселені шешіпті ең керекті.
Кедейшілік болған жоқ тұсында оның
Шаруасын да ауылдың дөңгелетті.

Өнерліні өзгеше дәріптеді


Жақсылығын алдымен халық көрді.

Алматының айналған ажарына


Ғажайып ғимараттар салып берді.

Адамзатқа керек деп өнер-білім


Шамшырағы болыпты келер күннің.
Ғылымды да меңгеріп Димаш бабам
Танытыпты терең ой, кемелдігін.

Жан емес серттен тайып, арды аттаған


Әр сөзін оймен өлшеп салмақтаған.
Кешегі өткен Кеңестер дәуірінде
Болған екен беделді, ардақты адам.

Қаптап тұрған таулардың арасында


Тұлғасы оның ұқсайды дара шыңға.
Есімі оның мәңгілік жасай берер
Қазағымның киелі даласында.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет