Алматы облысы Жамбыл ауданы «Ұзынағаш ауылындағы өнер мектебі» мкқк мектептегі әдістемелік қызмет



бет4/5
Дата25.03.2023
өлшемі20,15 Kb.
#76139
1   2   3   4   5
1. Ақпараттандыру – апталық барысында бірлестік мұғалімдері ақпараттық технологияларды қолдану арқылы тәрбие сағаттары мен ашық сабақтар өткізіп, өзара сабақтарға қатысып, тәжірибе жинақтады. Осы бағытта әр бірлестік бойынша апталық барысында өткізілген үздік ашық сабақтарын атап айтуға болады: Соның ішінде халық биі пәнінен «Халық-сахналық бидің қол қалыптары», фортепиано пәнінен «Развитие творческих навыков на уроке фортепиано», қолөнерден «Ши тоқу. Шидің ерекшеліктері, тұрмыста қолданылуы» атты ашық сабақтар.
2. Озық тәжірибе мектебі – тиімді әдістерді жинақтау, қала, облыс, республика көлеміне тарату, баспасөз беттерінде жариялау, семинарларда ой бөлісу. Бұл бағытта қолөнер үйірмесінің жетекшісі Г.Есқожанова Республикалық мәдени-сараптамалық журналында «Өрелі «Өнер» мектебі» атты мақаласын жария етті. 2016 жылы хореография, фортепиано сыныбының мұғалімдері «Қазақ халық биі», «Халық сахналық биі», «Классический танец», «Арнайы фортепиано», «Специальное фортепиано» атты авторлық бағдарламаларын, 2017 жылы қолөнер үйірмесінің мұғалімдері «Шебер қолдар», «Бейнелеу өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Қолөнер» атты авторлық бағдарламаларын жариялады. Мектеп қабырғасында «Функционалдық сауатты тұлғаны қалыптастырудағы өнер мектептерінің маңызы» атты Облыстық семинар, «Қосымша білім беру жағдайында білім алушылардың шағармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында Республикалық семинарлар ұйымдастырып, бірлестік мұғалімдері де «Қазақ-сахналық биін оқытып үйрету әдістемесі», «Қыш өнері», «Сахна тілі», «Қазақ ән өнерінің негіздері», «Қазақ биіндегі ерлер биінің бөлімі» т.б. тақырыптарда шебер сыныптарын жоғары деңгейді өткізді.
3. Педагогикалық шеберлік, кәсіптік құзіреттілік – оқу мен тәрбие сапасын көтеруде біліктілікті арттыру курстарына, семинар, конференцияларға, шығармашылық есеп беруге қатысу; Бұл бағытта да ұстаздарымыз ҚР Білім және ғылым министрлігі «Шығармашылыққа баулу орталығы», ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында», ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталықтарында өз білімдерін жетілдіру курстарына барып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет