Мектептегі әдістемелік қызмет – педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру мен үздіксіз білім беру жүйесінің тұтас құрамды бөлігі. Қазіргі уақытта оқыту мен тәрбиелеуде жаңа әдіс, тәсіл, форманы тиімді және тез қолдану қажеттілігі әдістемелік жұмыстың ролін едәуір арттырып отыр. Мектептегі әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесі негізінде құрылады. Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру ережесі Қазақстан Республикасының „Білім туралы” Заңының 5-бабы 25-ші тармақшасына сәйкес және білім беру ұйымдары мен тиісті инфрақұрылымдарда оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру үшін әзірленген. Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі. Ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқару) шаралар, педагогикалық ұжымның білімдік мүмкіндігін дамыту және арттыру, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу. Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі: Әдістемелік жұмыста үлкен роль атқаратыны – әдістемелік бірлестік. Онда әр мұғалімнің әдістемелік шеберлігі шыңдалады, әріптестерінің тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік туады. Оқу – тәрбие жұмысының көрсеткіші артса әдістемелік жұмыс нәтижелі болды деп есептеледі. Бұл жағдайда әдістемелік бірлестік жұмысының тиімділік жағына көп көңіл бөлу керек:
1. Өз еңбегіне қанағаттанушылықтың артуы - яғни мұғалімнің шығармашылық еңбегіне деген ынтасының күшеюі.
2. Ғылыми тұрғыда ұйымдастырылған әдістемелік жұмысқа уақыттың тиімді жұмсалуы.
Әдістемелік бірлестіктің жұмысының есебі мен оны жүйелеуді бірлестік жетекшісі «жұмыс дәптері» (жоспар) арқылы жүргізуге болады. Ол дәптер үш бөлімнен тұрады:
Нұсқаулық (инструктивный)
Әдістемелік (методический)
Талдау (аналитический)
Сонымен қатар бұл жұмыс дәптерінде оқушының үлгерімі, білім сапасы және мұғалімнің қызметіне ақпараттық-талдау мониторингі де бар.