Әдістемелік бірлестік қызметінің бағыты мен міндеттері Мектептегі әдістемелік бірлестік білім беру мекемесіндегі белгілі бір міндеттерді шешу үшін құрылған құрылымдық бөлім. Әдістемелік бірлестіктің жұмысы мұғалімнің кәсіби потенциалын тиімді қолдану және тиісті оқу пәндерінің оқыту әдісін жетілдіруді үйлестіріп дамыту және осының негізінде – білім беру үдерісін жақсарту.
Әдістемелік бірлестік:
оқушының оқу мүмкіндігін, білім беру үдерісінің нәтижесін, сонымен бірге пән бойынша оқудан тыс жұмыстарды талдайды;
білім беру үдерісін қажетті әдістемелік-бағдарламалық кешенмен қамтамасыз етеді;
пән мұғалімдеріне нақты әдістемелік көмек көрсетуді жоспарлайды;
әдістемелік семинарды және әдістемелік жұмыстың басқа да формаларын ұйымдастырады;
пән кабинеттерінің жабдықталуын жоспарлайды және талдайды;
мұғалімдерге кәсіби біліктілігін арттырудың әртүрлі формасын ұсынады;
іс тәжірибесі аз және жас ұстаздарға тәлімгерлер жұмысын ұйымдастырады;
Мектептегі мұғалімдермен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс-әрекеттері.
Мектептегі әдістемелік қызметтің басты мақсаты – мектеп мұғалімдерінің ақпараттық, кәсіби құзіреттілігін жетілдіру және оқыту сапасын арттыру, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесіне талап қоя білу, оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері: 1.Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.
2.Мұғалімдерді педагогикалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар-практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебі.
2018 – 2019 оқу жылында біздің мектебіміздегі әдістемелік қызмет әр түрлі бағыттарда жұмыстар атқарды: