Алматы облысы Панфилов ауданы Аққұдық ауылы


Мұғалім-дефектолог, психолог, логопед диагностиканы 12 бағыт бойынша жүргізеді



бет2/4
Дата28.11.2023
өлшемі20,42 Kb.
#130754
1   2   3   4
Байланысты:
1604942217 1 2

Мұғалім-дефектолог, психолог, логопед диагностиканы 12 бағыт бойынша жүргізеді: 
- Сенсорлы-перцептивті жағдай; 
- Зейіні; 
- Есте сақтауы; 
- Ойлауы; 
- Сөйлеу ерекшеліктері; 
- Өзін-өзі бағалауы; 
- Ерік-жігері; 
- Психомоторлық жағдайы; 
- Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы; 
- Оқу біліктілігі; 
- Еңбек біліктілігі; 
- Коммуникативтілігі;
Әр бағыт арнайы диагностикалық әдістермен тексеріліп, қорытындыланып тиісінше балл қойылады. Шығарылған балға сәйкес психологиялық-педагогикалық профиль тол- тырылады. Профиль – баланың даму деңгейін көрсететін құжат. Профиль баланың қатер даму зонасын анықтап береді.
Диагностика қорытындысы мектепішілік конси- лиумда талқыланады. Әр маман баламен жүргізілген алғашқы диагностикалық тексеру бағыты бойынша өзінің қорытындысын ұсынады. Консилиумда баланың дамуының мінездемесі, оның одан әрі дамуы, балаға түзете дамыту бағдарламасын құру бойынша мәселелері қарастырылып ортақ шешімге келеді. Тексерудiң нәтижелерiн талдау баланың одан әрi дамуының бол- жамын анықтап, әр оқушыға оқыту процесінде тиiмдi әдiстерді іріктеп, түзете- дамыту жұмысының мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Диагностиканың нәтижесі баланың тек өзекті даму аймағының даму деңгейін ғана анықтау емес, баланың жақын даму аймағы деңгейін бағалап баланың ықтимал мүмкіндіктеріне бағытталады.
Қорыта келе, баланы психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында баламен жүргізілген диагностикалық бағыт бойынша дефектолог диагностиканың нәтижесін негізге ала отырып, баланың жасына сай жұмыс түрін анықтап, балаға түзете-дамыту бағдарламасын құрады.
II. Түзете-дамыту бағыты бойынша:
Ақаудың құрылымымен оның айқындылық дәрежесіне байланысты түзету жұмысының мазмұны анықталады.
Баламен жүргізілген диагностиканың қорытындысы түзете-дамыту жұмысы бойынша мынадай бағыттарды айқындап берді: 
- сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру; 
- кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру; 
- пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру; 
-салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру; 
- зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту; 
- көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту; 
- психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру.
Айқындалған бағыттар негізінде балаға түзете- дамыту бағдарламасы құрылады. Түзете – дамыту бағдарламасы баланың танымдық қабілеттерін дамытуға, баланың дамуындағы бос орынды толтыруға бағытталады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін баланың жеке жас ерекшеліктері, қабылдау деңгейі ескеріліп, әр тақырыпқа тапсырмалар тізбегі даярланады. Баламен жеке жұмыс сабақтан тыс уақыттарда өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет