2. Пән мұғалімінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарының құрылымы: Ø Титулдық беті.
Ø Түсінік хат (осы курсты оқуды аяқтағаннан кейін оқушыда қалыптасатын негізгі білік пен дағдылары, оқу жоспарын бағдарламалық және оқу-әдістемелік жағынан жабдықталуы). Ø Оқу пәнін тақырыптық жоспарлау үлгісі.
3. Титул бетін рәсімдеуге талап. Титул бетінің үлгісі: Бекітемін Келісемін ӘБ отырысында қаралды
Мектеп директоры ОІ жөніндегі Хаттама №___________
_______________ орынбасары: ӘБ жетекшісі: ________
______________
Титул бетінде келесі мәлімет болуы тиіс:
1.Мекеме атауы
2. Құжат атауы
3. Пән атауы (оқу жоспарындағы атауға сәйкес болуы тиіс)
4. Сынып.
5. Мұғалімнің Т.А.Ә.
6. Оқу жылы.
4. Түсініктеме хатты рәсімдеуге қойылатын талаптар: Түсінік хатта көрсету қажет: 1. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құруға негіз болған құжат (тар). (Авторлық бағдарлама, әдістемелік құрал, оқулық және т.б.) 2. Сынып
3. Мектептің оқу жоспарына сәйкес аптасына сағаттар саны (қандай компонент екенін көрсету). Жалпы сағаттар саны.
4. Оқу жоспарының оқу әдістемелік жағынан жабдықталуы. (оқу бағдарламасы. Оқулық. Мұғалімге арналған оқулықтар. Дидактикалық жинақтар. Жұмыс дәптерлері. Электрондық басылымдар. Басқа да әдебиет.)
5. Аталмыш курсты оқу аяғында оқушыларда қалыптасуы қажет негізгі біліктер мен дағдылар немесе осы курс бойынша түлектердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар..
Сабақ жоспарын жазу үлгісі Күні: Сыныбы: Пән мұғалімі: Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты: Білімділік: 1. Оқушылардың оқу қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру.
2. Білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау.
3. Әр пән бойынша білім-білік дағдысын қалыптастыру.
4. Оқушының өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік бағалау әркеттерін ұйымдастыру.
5. Жаңашылдық ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу.
6. Алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.
7. Сөздік қорын дамыту.
8. Сөйлеу мәдениетіне төселдіру.
9. Суреттеп, сипаттап, әңгімелеуді меңгерту.
10. Тақырыпты толық меңгеру.
11. Тақырыптың ғылыми негізін арттыру.
12. Шығармашылық қабілетін дамыту.
13. Көркемдік ерекше талдауға үйрету.
Дамытушылық: 1. Есте сақтау қабілетін дамыту.
2. Сауатты сөйлесу дағдысын қалыптастыру.
3. Танымдық әрекетін дамыту.
4. Ой-өрісін дамыту.
5. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.
6. Жан-жақты ойлау қабілетін дамыту.
7. Ойлау қабілетін дамыту.
8. Дүниетанымын дамыту.
9. Білім, білік дағдысын, іскерлікті дамыту.
10. Сөздік қорын дамыту.
11. Шешендік өнерге бейімдеу.
12. Өмірге деген көзқарасын дамыту.
Тәрбиелік: 1. Азаматтыққа тәрбиелеу.
2. Өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
3. Тіл мәдениетіне тәрбиелеу.
4. Еңбек мәдениетіне дамыту.
5. Мәдениеттілікке тәрбиелеу.
6. Эстетикалық тәрбие беру.
7. Экологиялық тәрбие беру.
8. Ұлттық өнерге тәрбиелу.
9. Тазалыққа тәрбиелеу.
10. Имандылыққа тәрбиелеу.
11. Мейірімділікке тәрбиелеу.
12. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
13. Төзімділікке тәрбиелеу.
14. Экономикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.
15. Әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.