мүмкіндігін көрсететін элементтердің (сөздің —* О. М.) қарым-қа-
тынасы» (Слюсарева 86, 32) *). Н. А. Слюсареваның бұл еңбегінен
сәл бұрынырақ жарық көрген екінші бір еңбегінде осы тіл эле-
менттерінің функциясына байланысты сөз мағынасына талдау
жасай отырып, «К внутренней стороне значимых единиц относят
ся значение и ценность (значимость, Valer — по Соссюру), которые
в их совокупности составляет то, что приятно именовать «означае
мым», а в более современных терминах — «планом содержания»,—
деп жазған болатын (Слюсарева 81, 246)
Тіл білімінде значение, значимость (ценность) терминдеріне
анықтама бір ізді берілмейді, тіпті кей ғалымдар оларды ажыра-
тып қолданылуына қарсы да (Будагов 76, 99) *. Мағына (значе
ние), мән (значимость) Н. А. Слюсареваның еңбектерінде ерекше
мән беріліп, ажыратылады. Мэн (значимость, ценность) тіл систе-
масының ішінде болады. «Бұның бәрі мәннің өзіндік қасиеттері
ішкі системалық қатынастарына негізделеді деп қорытынды шы-
ғаруға негіз бола алады. Бірақ мән тілдік системадан тыс та қа-
лыптасады, пайда болады да
сөйлемдердің бөлшектерінде, хабар-
лау үстінде системаға негізделеді, соған бекітіледі де оның ажы-
рамас бір бөлшегі ретінде өмір сүреді»,— деп мәнді тілдік
системадан шығарады (Слюсарева 86, 247) *. Ал, мағына болса,
тілдік системадан тыс өмір сүреді деген. Осы екеуінің қосындысы
тілдің ішкі жағын, мазмұнын жасайды. «Мазмұн (содержание)
мен таңбалаушы, өз жолымен, екі бөлімнен тұрады: мағына мен
мән. Мағына ақыл-парасат арқылы ойлаумен байланысады. Оны
біз ұғым деп түсінеміз. Ал, мән болса, таңбаның системадағы ор-
ны арқылы анықталады, яғни оның басқа таңбалармен қатынасын
және оның реляциялық
(салыстырмалы, толық болмаған —
О. М.) қасиетін білдіреді»,— деп түсініктеме берген (Слюсарева
77. 108) *). Л. А. Новиков та осыған жақын анықтама берген (Но
виков 82, 97) *.
Н. А. Слюсареваның соңғы пікірімен
байланысты пікірімізді
жинақтайтын болсақ, біріншіден, сөздің (жалпы мағыналы тілдік
элементтердің) мағынасы екі элементтен тұрады: бірі — магына,
екіншісі — мазмұн; екіншіден мағына мен мазмұн тең емес, маз-
мұн тілдік системадан, тіл элементтерінің системадағы орнымен
байланысты анықталса, мағына тіл системасынан тыс, адам ойы-
мен, ұғыммен байланысты анықталады. Үшіншіден, Н. А. Слюса
рева қолданған мағына (значение) термині мен оқулықтарда қол-
данылып жүрген мағына терминдері бір мағынаға ие емес. Біздің
түсінігімізше, сөз мағынасы әрі интерлингвистикалық элементті,
әрі экстролингвнстикалық элементтерді қамтуы керек. Онсыз тіл
қатынас кұралы, сөз оның негізгі құрылымдық элементі қызметін
атқара алмайды.
1 Цитатаны орыс тілінде беруімізге себеп — көп терминдердің қазақ тілінде
баламасының болмауы, бар болса да орыс тіліндегі мағынасымен толық келмей-
тіндігі. Эрине, значимость — мән, означаемый — белгілеу,
план содержание тер-
минін мазмұн деп алуға болар еді, бірақ бұл терминдер қазақ тілінде әлі қалып-
таспаған және орыс тіліндегі мағынасын толық бере алмайды.
131
Тіл — қатынас құралы қызметін тек сөйлесу не жазу процесі
негізінде ғана атқара алады. Сөйлесу процесінде сөздер өзара
байланысады, нақтылы бір мағынаға ие болып, бір қырынан көрі-
нуі керек. Кез келген сөз бір тіркесте өзінің барлық мағыналық
«қырын» толық көрсетіп бере алмайды. Мысалы, орындыққа отыр-
ды дегенде орындық сөзінің мағына құрамындағы барлық сема
бірдей түсіндіріле бермейді. Яғни орындықтык 4 аяғы, арқасында
сүйеніші барлығы, бір адамға арналғандығы, отыратын жиһаз
екендігі бірдей түсіндірілмейді, тек отыруға арналған жиһазға
отырғандығы түсіндіріледі. Егер арқалы орындықты табуреткамея
салыстыратын болсақ, арқасында сүйенетін бөлшегі барлығы көз
алдымызға келеді. Сондықтан да кей тілшілердің сөз мағынасы
осы сөйлесу кезінде тыңдаушысы түсінген информацияға тең деп
те айтушылар бар. Бірақ бұл жерде екінші
бір сұрауға жауап беру
керек сияқты. Сөздер тіркеске түсіп бедгілі бір синтагмалық қа-
тынаста қолданылғанда жаңа мағынада қолданылады ма? Бұл
сұрау сөздердің полисемантикалық қасиетін анықтаумен байла-
нысты көбірек беріледі. Біздіңше, сөздердің сөйлеу процесінде бе-
рілген информациясы мен тіл элементі ретінде сақталынған мағы-
наларынын көлемі тек емес, соңғысының көлемі кең. Сондықтан
да қажетті жағдайда айтушы сөз мағынасының бір қырын ғана
негіз етіп (басқасы сол мағынаның көлеңкесінде) алады да, өз
мақсатында қолданады. Осы тіл элементі ретінде қолданылған
сөздін мағынасы арасында теқдіктің болмауы, тіл элементтерінің
мағынасында артықша семалардың болуы сөздердің полисеманти-
калық қасиетке ие болуының бірден-бір негізгі себепшісі болып
саналады. Сонымен бірге тілдегі өзгеру осы сөйлесу процесіндегі
ауытқулардан басталынады да біртіндеп
тілдік системаға еніп,
нормаға айналады.
Сөз мағынасының құрамындағы интерлингвистикалық және
экстролингвистикалық немесе лингвистикалық және бейнелік эле-
менттердің барлығын мойындаумен бірге біз олардың өте тьіғыз
байланысты екендігін де естен шығармаймыз. Сөзсіз синоннмдік,
антопимдік қабаттағы сөздердің мағынасын ажыратуда экстро-
лингвистикалык элементтердің ролі мол болады. Олардың магына-
ларына анықтама бергенде осы экстролингвистикалық (бейнелік)
мағынаға сүйенеміз. Салыстырыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: