Ал кейбір сын есімдердің зат есімдермен тіркесіп синтагмалық
қатынасқа түсуіне оның эмоциялық мағына элементтері де себеп-
ші болады. Бұған жоғарыда келтірген қоңыр сөзінің жағымды
мағынасын мысал ретінде көрсетуге болады.
Ащы
сөзі— дәмді
білдіретін сын есім, бірақ ол сөз
дауыс, айқай
сөздерімен семанти-
калық синтагма құрамына енеді де жағымсыз мағынадағы эмо-
цияны білдіреді. Салыстырыңыз:
Сөйткеніие ащы үн иіықты
(Ж. Молдағалиев). Бұл сөз
мысқыл, кекесін
сөз сияқты зат есім-
дермен тіркесіп келіп те жағымсыз эмоцияны білдіреді де зәрлі,
уытты сөздерімен мағыналас болады.
Сьірымның аузынан шыққан
ащы сөзді мен айттырған жоқпын
(М. Әуезов).
Тәкежан айлалы
қыр тауып, ащы мысқыл айтты
(М. Әуезов).
Ащы
сөзінің тура
лағынасының өзінде де жағымсыз мағынаны білдіру бар. Сондық-
ган да қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде
ащы
сөзінің бірінші ма-
гынасы ретінде «Тұзды, тұзы күшті, сор дәмі бар, тұщы емес» деп
анықтама берген (ҚТТС 1, 534) *. Ауыспалы мағынада қолданыл-
ғанда осы дәм мағынаны (тілмен татып білетін) білдіретін сема
жағымсыз деген мәндегі семаның (екінші дәрежелі) көлеңкесінде
қалып, сөйлеушілер арасында ойға алынбайды. Өмірдің ащысын
да, тұщысын да көп көрдік (А. Хангелдин) деген мысалымызда
ащы тұщы сөздері дәмді білдіріп тұрған жоқ.
Зат есімдер арасындағы синтагмалық байланыс олардың бай-
ланысу формасы мен синтаксистік қызметтеріне де байланысты.
Әрине бұл жерде синтаксистік синтагмамен бірге тіркескен сөздер-
дің категориялды мағыналары да негізгі қызмет атқарады. Пікі-
рімізді дәлелдеу үшін екі мысал талдап көрелік.
Достарыңызбен бөлісу: